Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:40, реферат
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
1. Нарықтың тепе-теңдігі
2. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салық әсері
3. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау
Орындаған: Мадиярова А.
Тексерген: Рахматуллаева Д.
Алматы, 2013
Жоспар:
Нарықтың тепе-теңдігі
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
Неоклассикалық мектебінің
негізін қалаушысы ағылшын
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
1 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары – Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (2 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD > QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі:
P1
P1
QS QE QS' QS QE QS
2 сурет. Вальрас бойынша 3 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік тепе-тендік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (3 сурет). Егер ұсыныс нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 > Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі. Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді, өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мысалы – «өрмекші тәрізді» модель. Оны көрсету үшін сұраныс ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік (t-1).
4 сурет. Нарық тепе-теңдігінің «өрмекші тәрізді» моделі (үлгісі)
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3 ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 4-а)
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 4-б)
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр (сурет 4-в)
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша, нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс
қисық сызықтары бірдей
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады. (сурет 5-а)
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 5-б 512-в)
a) б) в)
5 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі
(наклон) болса да, сұраныс пен
ұсыныс қисық сызықтарының
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 6-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары – мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы мүмкін (сурет 6-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы.
а) б)
6 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының артығы – нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік1. 7-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ – сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.
Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 – 100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).
120
100 PE E
D
1 2 3 4 5
7 сурет. Тұтынушы артығы
Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (8 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 – 20 + (100 – 40) + (100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.
40 D
20
B 1 2 3 4 5
8 сурет. Өндірушінің артығы
Тұтынушы мен өндіруші
артықтарының талдауы парето – нәтижелілік
түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған
модель (үлгі) көрсеткендей, нарық тепе-теңдігі
механизмнің арқасында
1) баға белгілеу бағалардың
үстіңгі немесе төменгі шегін
немесе бағалар «коридорын»
2) сұраныс пен ұсынысқа
ықпал ету жолымен нарықты
реттеу тура немесе жанама
шаралар арқылы жасалады. Жанама
шараларға жәрдемақылар, дотациялар
(кәсіпорындарға берілетін
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салық әсері
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сүраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық (относительді) коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 % - ке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бағаның әсер
етуі арқылы сұранымнын сандық
өзгеру қасиеті оның
Егер "Е" көрсеткіші 1-ден көп болса, айталық 0,5 сұраным икемсіз. Бүл коэффициент сатып алатын тауар санының салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады:
Мұнда: Еd - сұраным икемділігінің коэффициенті
Xd (%) - сұраным көлемінің өсу проценті
Р (%) - бағаның төмендеу проценті
Әр түрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және баска тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, рынокта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті пайдаланатын қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдеріне (нан, қант, май, шәй, ет, түз т.б.) икемсіз сұраным болады. Баскаша айтканда, оларға деген сұраным бағаның өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоймайды. Мысалы, нанның бағасы 20 тиыннан 35 теңгеге дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жок. Сұраным бүл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше, бағалардың өсуінің әсерінен зергерлік бұйымдар, алтын әшекейлер, қымбат жиһаздар, жеңіл автокөлік және т.б. тауарларға төлем кабілеті бар сұраным күрт қысқарды. Ал бүл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды. Басқаша айтканда, күнделікті пайдаланатын тауарларға баға канша есе көтерілседе де біз оны тұтынуды азайтпаймыз, бүған сұраныс икемсіз болады, ал керісінше күнделікті тұтынбайтын тауарларға баға көтерілсе біз оған деген сұранысты азайтамыз, бұған сұраныс икемді болады.
Сұраныстың
бағалық икемділігін есептеуді
заттың бағасы өзгеруіне
Сұраныстың бағалық икемділігіне мынадай факторлар әсер етеді:
а) қарастырып
отырған тауардың субститут (
б) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;
в) бағаның өзгеруін күту.
Екінші сұрақта
біз сұраныстың табыстық
Табыстың сұраныс бойынша икемділігі мынадай формуламен анықталады:
Мұндағы Еі(Д) – 1 және 2-сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;
- сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алағашқы туындысы;