Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 13:12, реферат
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Монополия
2.2. Бәсеке түрлері
2.3. Монополисттік, жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің формалары
2.4. Олигополия
2.5. Курно дуополие
2.6. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы
және оның стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиет
В фирмасы үшін: К-QА – 2QВ =С. (4)-тендеуден А фирмасының реакция қисығы табылады:
Курно
тепе-тендіп: Q*A=K-C|3
Е нүктесі — Курно тепе-тендігі (реакция қисықтарының қиылысуы). Ек, нүктесі – бәсекелес тепе-тендігі.
Фирмалар келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы - осы фирмалардың өнім шығаруының жиынтық көлемін көрсетеді және бұған жоғары деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын болса, онда олар монополистер сияқты іс-әрекет жасайды, тепе-тендік Ем нүктесінде болады және Ем АВ сызығын тең екіге бөледі.
Суреттен көріп отырғанымыз, дуополия кезінде фирмалар жетілген бәсеке кезіндегіден өнім көлемін аз шығарады, ал монополиядан гөрі көп өндіреді. Сұраныс функциясын пайдалана отырып, дуополия кезіндегі баға жетілген бәсекедегіден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта аламыз. Ал пайданы есептеген уақьпта, жетілген бәсекемен салыстырғанда Курно дуополиясы фирмаға пайданы көбірек әкеледі, бірақ ол келісім нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.
Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды жасауға болады.
- Олиғополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:
Qм <Qоliq <Qc.
- Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен. бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:
Pm >Poliq < Рс.
- Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады.
Пм > Пoliq > 0.
2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы.
Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бүл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.
Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма (екі «ойыншы») іс-әрекет жасайды делік, олардың әрқайсысы өзінің пайдасын жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі — бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тандаулары керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегендегі және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.
Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бүтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші больт стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп үйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны тандап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының пайдасын - ПА деп, ал В фирмасының пайдасын – ПВ деп белгілейміз.
Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирмада 1-сгратегиянъі тандап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X; Ү) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегиянъг тандаған кезде ойын нәтижесі (Z; W) болады.
Ойынды көрсетудің басқа тәсілі матрица түрі болады:
10.1-кесте
|
Фирмалардың әр түрлі стратегияны тандағандағы алатьга пайдалары сандар жүбымен көрсетілген: сандар жүбындағы бірінші элементі - А фирмасының пайдасы, ал екіншісі - В фирмасының пайдасы.
Сонымен, нәтижелер матрицасы белгілі, бірақ бақ-талас қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бүл жағдайда, ойыншылардың ең ықтимал шешімін іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.
Келесі ойынды қарастырайық:
|
Егер А ойыншы бірінші стратегияны тандайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2; 2) болуы ықтимал. Бұл стратегия басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар өзінің шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратегиясының тепе-тендік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастьтрайық:
10.3-кесте
|
Тепе-тендік стратегиясы 2—2, бірақ бүл ойын нәтижесі 1—1 стратегияны тандағанға қарағанда нашар.
2-стратегия
әрбір ойыншы үшін максимин
стратегиясы болады. Бұл стратегия
қарама-қарсы мақсаты бар
Баға белгілеу процесінде олигополиялық фирма максимин стратегиясына сүйенеді. Фирма және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде белгіледі деп ұйғарып, осы екі фирманың пайдасының матрицасын қарастырайық:
|
Фирмалардың максимин
стратегиясы - тауардың багасын 40 теңгеге
дейін төмендету больтп табылады.
Екі фирма өзара келісіп, бағаны
50 теңге деп белгілесе, пайданы
баға 40 теңге болғандағыдан гөрі
көп алады. Бірақ бақталастық
және бір-біріне деген сенімсіздік
бағаны төмендетуге әкеліп соқтырады.
Егер фирма бағаны бір қалпында ұстап
тұрса, онда бақталас фирма бағаны төмендетіп,
нарықтағы өз үлесін көбейтеді де, пайдасын
жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан максимин
стратегиясының тиімділігі: пайданың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айта
аламыз және фирманың берілген стратегиясында
оның пайдасы белгілі бір деңгейден кейін
төмендемейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.
Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты талдау мынадай мүмкіндік береді:
Әр
уақытта мынаны естен шығармау керек,
шаруашылық өызметінің мұндай көрсеткіші
болған емес және өмірдің барлық жағын
қамту да мүмкін емес. шиеленіскен
бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы,
кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық
түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі
тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін
және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара
байланысты жүйені қалыптастыруды қажет
ететіндігін көрсетеді.
Қолданылған әдебиеттер:
Кәсіпорын экономикасы, Алматы, «Экономика»,2003.
Экономикалық теория, Астана,2002.
Алматы, «Санат»,1998.
Экономикалық теория, Алматы, «Экономика»,2003
Микроэкономика , Алматы, «Экономика»,2000.
Қазақстан экономикасы, Алматы, «Қазақ университеті»,1999.