Монополиялық бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 13:12, реферат

Краткое описание

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Монополия
2.2. Бәсеке түрлері
2.3. Монополисттік, жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің формалары
2.4. Олигополия
2.5. Курно дуополие
2.6. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы
және оның стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Файлы: 1 файл

6 микроэкономика.doc

— 236.50 Кб (Скачать)

Жоспар:

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

    2.1. Монополия

    2.2. Бәсеке  түрлері

    2.3. Монополисттік,  жетілмеген бәсеке.

                  Бәсекенің формалары

    2.4. Олигополия

    2.5. Курно дуополие

    2.6. Олигополия  кезіндегі фирмалардың стратегиясы

                және оның стратегиясы

    1. Қорытынды
    2. Қолданылған әдебиет

  БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ  ТҮСІНІК

 

Бәсеке  дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл  жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына  ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені  экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі  әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер  экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

  • өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
  • өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
  • бәсекеге төзімді өнім өндіру;
  • өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
  • пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес  дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің  «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп  отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл  цикл төрт фазадан тұрады:

  • жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
  • өндірістің өсуі -  өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
  • кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
  • ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
 

 

Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер  өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер  қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке» деп атауға болады:

  • бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;
  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
  • бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
  • бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
  • келісім бойынша өздері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.
 

Монополия 

Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.

Бәсеке  түрлері: ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес;  
салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.  
Бәсекенің формалары:  
1. Кәміл бәсеке-еркін бәсеке нарығы.  
2. Жетілдірілмеген бәсеке.Ол өзі 3 түрге бөлінеді:  
- монополия-тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.  
- олигополия-ірі фирмалар билейтін нарық.  
- монополистік бәсеке-біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.  
Табиғи монополия - бұл екі немесе бұдан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны аз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған монополия.  
Жасанды монополия - сөз байласу немесе бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған монополия.  
Кездейсоқ монополия - өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пай¬да болады, бұл капиталдың (қаржының) тиімді жұмсалун қамтамасыз етеді.  
Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері — өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.  
Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.  
Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.  
Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:  
1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.  
2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.  
3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;  
4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.  
5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.  
6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.
 

Монополистік, жетілмеген бәсеке. Бәсекенің формалары

     Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғасыр басында монополиялардын, пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдын. Шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.

     Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманын, монополиялық болмысы жасанды болады. XX ғасыр дейін монополиялар шектелген сфераларда болған.

Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, Бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды.Монополияланудың бірнеше формалары болады - картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, тағы басқа. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.

Монопсония — белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

Олигопсония — белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;

• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;

• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.

Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

 

     Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысынын қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекетгік мекемелерге, немесе, контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

Монополистік  бәсекенің бірнеше формалары  болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).

     Ғылыми-техникалық тіресу.Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

- жаңа  өнім дайындау; осы замандағы  жаңа технологиялық процестерді қолдану;

- ғылыми-техникалық  ақпаратты жинақтап пайдалану;  патенттерді сатып алып пайдалану.

     Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:

1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді:бәсекелес фирмадар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады. 2. Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар еңгізудің арқасында таза монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.

Информация о работе Монополиялық бәсеке