Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 21:13, курсовая работа
Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі болып табылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
I. НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ----------------------------------------------5
1.1 Әлеуметтік саясаттың экономикада алатын орны--------------------------5
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты--------------------------13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------15
2.1.Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың атқаратын қызметі-----------------------------------------------15
2.2.Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ахуалы, қабылданған бағдарламалар -----------------------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ------------------------------------27
ҚОСЫМШАЛАР-------------------------------------------------------------------------28
ІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
2.1 Қазақстандағы мемлекеттік
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады.
Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады.
Екінші жағынан әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін толық іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды. Халықаралық жіктеу әдісіне сәйкес тұрмыс деңгейін өлшеп-сипаттайтын көрсеткіштер құрамасы мынандай: жиынтық ұлттық өнімдегі (ЖҰӨ) тұтыну қорының үлесі; Ұлттық табыстың жалпы көлемі және халық санына бөлініп есептелген деңгейі; азық-түлік пен өндіріс өнімдері бойынша анықталған нақты тұтыну стандарты; еңбек жағдайы және еңбекпен қамту деңгейі; денсаулық сақтау және білім беру саласының жағдайы; әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру салаларының даму деңгейі; тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы; тұрғын үймен және тұрмыс қызметтерімен қамсыздандыру деңгейі; коммуникацияның дамуы; экология және адамның өмір сүру ортасының жағдайы және басқалар.
Енді тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ұстанып отырған әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын қысқаша қарастырамыз. Тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының ясы аясында 1997 жылы жүргізілген Зейнеттік реформа елдегі халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастырудың институционалдық алғышартын құрды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлуге негізделген, құрамына мемлекеттік бөлу және жинақтау кіретін әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі енгізілді. Осы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті түрлерін ынталандыру үшін қажетті шаралар да айқындалған.
Әлеуметтік саясатта келесі принциптер қолданылады: орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер арасындағы әлеуметтік саясатты жүргізу міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып анықтау; әлеуметтік нормативтерді есепке алып, әр деңгейлі бюджет жүйесін жасау; әлеуметтік нормативтердің негізі ретінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырулардың мемлекеттік стандарттары алынады; әлеуметтік қызмет көрсетуші мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелігіне алу немесе жекешелендіру; әлеуметтік қызмет көрсетуде монополиялық жағдайды жою, арнайы рұқсат беру қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2011 жылғы 2 тоқсанда 5,9% (972,6 мың адамды) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 2,3 пайыздық тармаққа төмен. Ауылдық жерлердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі қалалық жерлердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесінен 3 есеге артты және 9,5% (716,4 мың адамды) құрады. Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Осы құрылымдық даму стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
Әрине бұл Қазақстанның ұзақ
мерзімдік әлеуметтік –
Сонымен, бүгінгі күндері
Әлеуметтік нормативтер жалпы
мемлекет, өндіріс, әртүрлі әлеуметтік
топтар мен еңбек ұжымдары
деңгейінде анықталып,
2.2.Қазіргі кездегі Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ахуалы, қабылданған бағдарламалар
Әлеуметтік
саясатты жүргізудің негізгі мынадай
принциптері бар: баға көтерілгенде
компенсацияның түрлі формаларын енгізіп
және индексация жүргізу арқылы
халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей
отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық
жағдайында көмек беру; әлеуметтік
сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет
есебінен білім беру, денсаулық сақтау,
қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру
бағытында белсенді саясат жүргізу.
Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру
үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,
оны халыққа тарату және оны әр
адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты
қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің
жасаған бағдарлама, жобалары және
парламент, президенттің бекіткен заң,
жарлықтарын тікелей
Әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда елімізде бірқатар бағдарлама, құжаттармен қатар 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепсиясы» қабылданды. 2008 жылы «Әлеуметтік қызметтер туралы ҚР Заңы» қабылданды.
Қаржылық дағдарыс жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Осы тұста Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты әлеуметтік сала болып қала берді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Өткенді сараптасақ, соңғы он жылдағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуында алға басушылық бар. “2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ көлемі екі еселенді. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті . Әрине, экономикалық көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштердің болуына тікелей әсер етеді. Cондықтан да 1993 жылдардан бергі халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының артуын қалыпты құбылыс деп бағалаймын.
Кесте 2 Әлеуметтік саладағы экономикалық көрсеткіштер
Халық (2012 жылғы 1 наурызға, мың адам) |
16 718 | ||
Жұмыссыздық деңгейі (2012 жылғы 1 тоқсан, % (алдын ала деректер) |
5,4 | ||
Орташа айлық жалақы (2012 жылғы ақпан, теңге) |
92 338 | ||
Инфляция: |
|||
(2012 жылғы наурыз 2012 жылғы ақпанға, %) |
0,3 | ||
(2012 жылғы наурыз 2011 жылғы желтоқсанға, %) |
1,1 | ||
ЖІӨ (2011 жылғы қаңтар-желтоқсан, % (жедел деректер) |
107,5 | ||
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2012 жылғы қаңтар-наурыз 2011 жылғы қаңтар-наурызға) |
104,6 |
Қаржылық
дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның
әлеуметтік саясатының басым бағыттары
аймақтық халықты жұмыспен қамтамасыз
ету мен мамандарды қайта дайындауға,
әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысын
Бұл ауқымды әлеуметтік маңызы зор бағдарлама 2010 жылы да жалғасын тапты. Жалпы көлемі 131,8 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Жалпы алғанда 130 мың жұмыс орындарын ашу күтілуде. Сонымен өатра, әлеуметтік жұмыс орынары мен жастар тәжірбиесі бойынша 53 мың уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.
Кесте 3
Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары |
||||||||
№ |
Индикаторлар |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | ||
1 |
Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі1), % |
18,2 |
12,7 |
12,1 |
8,2 |
6,5 | ||
қала |
13,6 |
6,9 |
8,1 |
4,1 |
3,7 | |||
ауыл |
24,4 |
18,1 |
15,9 |
12,1 |
10,1 | |||
2 |
Табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халықтың үлесі1), % |
2,7 |
1,4 |
1,2 |
0,6 |
0,4 | ||
қала |
1,8 |
0,7 |
0,6 |
0,2 |
0,3 | |||
ауыл |
3,8 |
2,1 |
1,7 |
0,9 |
0,6 | |||
3 |
Кедейліктің тереңдегі 1), % |
3,9 |
2,4 |
2,3 |
1,3 |
1,1 | ||
4 |
Кедейліктің өткірлігі 1), % |
1,3 |
0,8 |
0,7 |
0,3 |
0,3 | ||
5 |
Үй шаруашылықтарының (тұтынуға пайдаланылғын) табыстары, орта жан басына шаққанда, теңге |
13 723 |
16 935 |
20 037 |
21 348 |
26 152 | ||
қала |
16 121 |
19 865 |
23 365 |
25 008 |
30 529 | |||
ауыл |
10 527 |
13 687 |
16 271 |
17 136 |
20 985 | |||
6 |
Тұтынуға пайдаланылған |
163,2 |
175,4 |
162,1 |
168,6 |
193,9 | ||
7 |
Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге |
19 152 |
25 226 |
32 9843) |
34 2823) |
38 7794) | ||
8 |
Нақты ақшалай табыстар индексі, % |
111,7 |
118,9 |
111,83) |
96,93) |
105,64) | ||
9 |
Жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары, теңге |
12 602 |
15 516 |
18 324 |
19 718 |
24 459 | ||
қала |
15 535 |
19 172 |
22 569 |
24 220 |
29 754 | |||
ауыл |
8 691 |
11 465 |
13 520 |
14 537 |
18 208 | |||
10 |
Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 2), есе |
7,4 |
7,2 |
6,2 |
5,3 |
5,7 | ||
11 |
Табыс концентрацияның коэффициенті (Джини индексі) |
0,312 |
0,309 |
0,288 |
0,267 |
0,278 | ||
12 |
Үй шарауашылықтарының орта мөлшері, адам |
3,4 |
3,4 |
3,3 |
3,4 |
3,4 | ||
қала |
3,0 |
2,9 |
2,9 |
3,0 |
3,0 | |||
ауыл |
4,1 |
3,9 |
3,9 |
4,0 |
4,0 | |||
1) 2006 жылғы деректермен салыстуру мақсатында 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген, күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректер көрсетілген |
||||||||
2) 1990-2000жж. – ресурстық баланс бойынша және ауыл шаруашылығының негізгі азық-түлігін тұтыну, 2001 жылдан бастап үй шаруашылықтарының іріктеп зерттеу мәліметтер. |
||||||||
3) Деректер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген халықтың атаулы (баға) ақшалай табысын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелді. |
||||||||
4) Нақтыланған деректер. |