Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:13, контрольная работа
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Негізгі бөлім
І. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері
1.1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері.
ІІ. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.
2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мынна түрде бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешені және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950 жылдары) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа жаңа әдісін ендіруге, жаңа өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті – «кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А. Маршаллдың бойынша - кәсіпкер – экономикалық процестерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Тарау – 2. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы.
Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтан да кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқы. Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның дефинициялануы мүмкін болатын салдарларды қоысп алады, үшіншісінде - өзінше тәукелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі және тәуекелсіздік құралдырымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариатпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.
Өндірістік тәуекел – кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асырумен байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері – межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б. төлеу.
Коммерциялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең тараған түріне-тауардың сатып –алу бағасының өсуін, сатып- алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын, айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлімінің төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның төмендеу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемегендігімен түсіндіріледі.
Жоғалту мөлшеріне байланысты тәуекелдің даулы облысы мен зонасын ерекше бөліп қараймыз.
Жоғалту болмайтын облысты тәуекелсіздік зонасы дейміз және оған нолдік жоғалту тән.
Облыстың жіберуге болатын тәуекелділік зонасы деп, сол шеңбердегі кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды яғни жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сыңдарлы тәуелділік зонасы – бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен күткен түсім мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сипатталады және ол шығын мен пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сыңдарлы тәуелділік зонасы жоғалту қауіптілігімен сипатталады, сондықтан да күткен пайдадан артықтау және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын жоғалтуына алып келуі мүмкін. Қарастырған соңғы жағдайда кәсіпкер атқарған іс-әрекеттен ешқандай табыс таба алмай ғана қалмайды, бірақ барлық жарамсыз шығындар сомасында тақырға отырады.
Қауіп-қатерлі тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік жағдайына сай мөлшеріне жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті, оны жауып, мүлкін саттырады. Сондықтан қауіп-қатерлі тәуекелділік категориясына мынандай тәуекелділік жатады: тікелей адам өмірін деген қауіптілік пен байланысты немесе қауіп-қатердің тууымен.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін - өзін-өзі сақтандыруды қолданады, тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирование жолымен басқа жеке тұлғаға немесе ұйымға береді, опциондар., сақтандырулар жүргізіледі. Тәуекелділіктің азайуына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді.
Хеджирование дегеніміз не? Хеджирование – бұл фьючерлік іс-әрекет жасағында тәуекелділіктен сақтандарылудың түрі. Хеджирование банктік, биржалық, коммерциялық практикада қолданылады. Биржада ол фьючерлік контракта ретінде жүзеге асады. Биржада хеджирование жасаған кезде іс-әрекетке қатысушылар өзін бағаның ыңғайсыз келісімінің өзгеруінен және басқа операциялардан сақтандыру мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп келешекте тауарларды алып келуді ескереді. Хеджированиенің кең тараған түрі – жедел валюталық іс-әрекетті жасау. Біздің елімізде хеджирование тіпті қолданылмайды, ал әлемдік практикада ол кең тараған.
Өзін-өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын кемітуі мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе шеккен зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшігімен жабады. Өзін-өзі сақтандыру логикаға жататын нәрсе, себебі сақтандыру мүлігінің құны бизнестегі барлық мүлік және қаржы параметерлерімен салыстырғанда аса үлкен емес.
Кәсіпорынды өзін-өзі сақтандырудың және бір түрі опциондарды шығару болып табылады. Опцион – алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға қарай, сатып алушының сатып алу құқығы. Опцион – мерзімі көрсетілген қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің құқығын пайдаланатынын хабарлауы керек.
Әлемдік практикада қымбат жұмыстардың басқа компанияларда жүзеге асқанында қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін аудару кең тараған, себебі барлық жоба сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі көтереді.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәеулді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
Жоғарыда атап кеткеніміздей кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
Информация о работе Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы