Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:22, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі» тақырыбындағы курстық жұмысты орындаудағы міндеттері келесідей :
Құнды қағаздардың жалпы экономикадағы қызмет етуі мен орнын анықтау;
Бүгінде жас буын алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру;
Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
Коммерциялық банктердің құнды қағаздар нарығында қызмет ету механизмін талдау;
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен оларды құру жолдарын талдау;
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебін құрастыру болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.
І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі..................................................10-15 бет.
IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы...................16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.............................22-25 бет.
ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері....................26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері............................31-32 бет.
Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.
Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.

Файлы: 1 файл

жулдыз курстық жумыс.docx

— 79.28 Кб (Скачать)

     Қазақстандық екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығын дамытудың басымды бағыттары : 

Инвестициялаудың ұжымдық  формалары арқылы халықтың жинақтарын нақты экономикаға тартудың механизмдерін  құру;

Бағалы қағаздар нарығы қатысушыларыны қызметін бақылау жүйесін дамыту.

  ІІІ. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері

 

3.1. Банктердің  бағалы қағаздар нарығында атқаратын  қызмет түрлерінің құқықтары  мен міндеттері

 

  Диллердің құқықтары мен міндеттері :

    Брокер-диллер клиенттің талабы бойынша оған өзінің соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есеп беруді, кірістер мен шығыстардың есеп беруін, шаруашылық қызмет балансын ұсынуы міндетті.

    Брокерлік келісім-шарт жасау кезінде брокер-диллер клиентке келесі қызмет түрін көрсетуге құқылы :

- Клиенттің инвестициялық шешіміне қажетті ақпараттар ұсыну ;

- Клиентке бағалы қағаздар мен мәміленің жүзеге асуы туралы ұсыныстар көрсету;

- Басқа да ақпараттық, аналитикалық және кеңес берушілік қызметтер көрсету.

    Брокерлік келісім-шарт жасау кезінде брокер-диллер клиент туралы және клиенттен алған ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен шарттардан басқаны құпия ұстауға міндетті.Клиент тапсырысы келесі реквизиттерді қамтиды :                 

- клиент тапсырысының үлгісін көрсету;

- клиент тапсырысының мерзімі туралы мәлімет;

- тапсырыстың нақты алынған күні мен уақыты;

- бұл тапсырысты алған брокер-диллер қызметкері туралы мәлімет;

- клиент талабы бойынша мәміле мақсатын көрсету;

- брокер-диллердің ішкі ережесіне сай бекітілген басқа да реквизиттер.                       

    Диллер клиенттердің бағалы қағаздар операциясын инвестормен бекітілген брокерлік қызмет көрсету келісіміне сәйкес жүргізеді.

Қажетті құжаттар берілгеннен  кейін клиенттің бағалы қағаздары  мен ақша қаражаттарының есебіне  сәйкес жүргізетіе шоттар ашады. Брокер-диллер бағалы қағаздар мен мәмілелерді өз шотынан және өз мүддесі шегінде, сондай-ақ клиент шотынан және клиент мүддесі шеінде жүзеге асыруы мүмкін. Диллер мемлекеттік бойынша аукционға инвестор шотынан және талабынан қатысады. Диллер инвестор тапсырысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру бойынша аукционға бұйрықты беруден мына жағдайда бас тартуға құқылы :

Егер инвестор аукционға  қатысу бүйрығын Алматы уақыты бойынша 10-нан кеш жіберсе, тапсырыстар  факсимильді байланыс арқылы жеткізілуі мүмкін;

Егер инвестор диллер шотына аукционға жіберілетін клиенттік  тапсырыс сомасын резервілемесе  бас тартуы мүмкін.    

келісім-шарт жасалған мерзім ішінде диллер инвесторды хабардар етуге  міндетті :              

- өз шотындағы  бағалы қағаздардың сандық мәліметтері туралы; 

- диллер мен инвестор арасындағы мүдделердің қақтығыстары туралы; -сонымен қатар оның қаржылық жағдайының нашарлау себептері немесе мұндай жағдайлар туындаған уақытта 3 күн ішінде өкілетті органдардың санкциялары туралы;

осы көрсетілен ескертулер жазбаша түрде құжатталып, клиентке пошта, электронды пошта, факсимильді, телексті, телеграфтық және басқа  байланыс жолдарымен 3 жұмыс күн  ішінде хабарлануы керек.    

Мәміле жасау кезінде  клиент тапсырысын орында жетістікке жету үшін барлық күш-жігерін салады.

Бағалы қағаздармен мәміле жасау кезінде қарсы тапсырыстардың ең жақсы бағасынан төмен бағамен  жасауға құқығы жоқ.Диллерге бағалы қағаз мәмілесі жөніндегі ұсыныс мүдделер қақтығысына әкелетін болса, беруге тыйым салынады. Оны бұзған жағдайда диллер инвесторға бұл бұзушылықтан туындалған шығындарды, мәміле сомасының 3% мөлшерінде айыппұл төлеуі керек.

    Диллер инвесторлар бағалы қағаздарының номиналды ұстаушы функциясын атқарады :

- Инвесторлардың бағалы қағаздар мен мәмілесін тіркеу;

- Бағалы қағаздарға құқықты растау;

- Бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз ету және олармен мәмілені жүзеге асыру;

- Төлем агенті функциясын атқару,

- Инвесторға номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздар туралы ақпараттар беру;

   Бағалы қағаздар мен мәмілелердің екі жақты және көпжақты тіркелуі саудаға қатысушылардың қары тапсырыстары болған кезде жүзеге асады.

     Инвестордың (клиенттің) құқықтары мен міндеттері :

Инвестор аукционға қатысу туралы клиенттік тапсырысты жергілікті уақыт бойынша сағат  10.00-нан  кешікпей және екінші нарықтағы мәміле орындалуы үшін сағат 17.00-ден кешікпей жіберуге міндетті. Тапсырыстар факсимильді  байланыс арқылы жіберілуі мүмкін.

Инвестор диллер шотына ақша қаражаттарының уақытылы түсуін қамтамасыз етуі керек.

Инвестор диллер субдепозитарийінде сақталған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді тек қана диллер арқылы іске асырады. (Субдепозитарий – номиналды ұстаушының клиенттердің бағалы қағаздарына есеп жүргізу  жүйесі).

Инвестор диллер субдепозитарий шегінде тек бір тұлғалық шот  иемденеді.

Қосымша келісім негізінде  инветор диллерге мемлекеттік бағалы қағаздар портфелін басқаруға құқын  беруі мүмкін.

Инвестор мына құқықтарға ие :

- Мемлекеттік бағалы қағаздарды кесімді (конкурентті) баға көрсетілуімен сату, сатып алу;

- Мемлекеттік бағалы қағаздарды ағымды (конкурентті емес) баға көрсетілуімен сату, сатып алу;

- Мемлекеттік бағалы қағаздардың шығару нөмірін көрсетумен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуға бұйрық шығару;

- Сатып алуға бұйрықты ақша қаражаттарының салу мерзімін немесе теңге салым сомасын көрсетілуімен беру;

- Жүзеге асыру алдында немесе оны орындамау алдында бұйрық беру.

     Ұйымдаспаған биржалық емес нарықта жасалған мәмілелердің уақытында өтелмеуі кезінде мерзімі өткен әрбір күннің төлем омасынан 0,5% мөлшерінде кінәлі жақ айыппұл төлейді. Клиенттер  және бағалы қағаздар туралы  жазбаша ақпарат коммерциялық  құпия болып табылады және  ол ашық жариялануға келмейді. Коммерциялық құпия шот иесіне  немесе бағалы қағазды ұстаушыға,  берушіге, қарыз берушіге жазбаша  келісім негізінде үшінші тұлғаға  жариялануы мүмкін.

     Банктің брокер-диллері өз атынан немесе клиент тапсырысы бойынша бағалы қағаздармен жасалған барлық операцияларды ішкі есеп беру ведомосіне операциялар жасалған күні жазуы керек. Осы мақсатқа жету үшін брокер-диллер ішкі есептеу жүйесінде бағалы қағаздарға жеке шот және ақша қаражаттарына аналитикалық шот ашады.

    Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығына қатысушы брокер-диллер ретінде ішкі есептеу ведомосі мен төмендегідей журналдарды үнемі жүргізіп отыруы тиіс :

- Жасалған мәмілелер журналы;

- Орындалған мәмілелер журналы;

- Диллерлік операцияларға есеп жүргізу журналы;

- Бағалы қағаздарға күнделікті есеп жүргізу журналы;

- Ақша-қаражаттарды күнделікті есептеу журналы;

- Орындалмаған операциялар журналы;

- Клиенттік операциялардың есебін жүргізу журналы;

- Клиенттерден бағалы қағаздар бойынша түскен табыстарды есептеу журналы;

- Клиенттердің жеке шоттары мен операциялар туралы журналы;

- Есеп беруді үлестіру журналы;

- Клиент туралы ақпараттар журналы;

Клиенттердің наразылығын  есептеу журналы.

  Диллерлік операцияларды  есептеу журналы міндетті екі  бөлімдерден тұрады:

1. Мәмілелер туралы жалпы ақпарат;

2. Портфель туралы жалпы ақпарат.

    Олар базалық көрсеткіштерді, әсіресе банктің бағалы қағаздар портфелінің баланстық құнын және операциондық табыс – шығынын есептеу үшін қажет.  Журнал мәліметтері банкке нарықтық баға негізінде есептелетін бағалы қағаздар портфелінің құнына және оның потенциалды табыстылығына әсер ететін нарықтық котировкалар ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.

     Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін банктерге негізгі Бас лицензиядан басқа бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының лицензиясы қажет. 50-жылдардың аяғынан бастап әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тікелей және жанама формаларда бағалы қағаздар нарығына белсенді түрде ене бастауы байқалды. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер бағалы қағаздар эмитенттері ретінде, инвесторлар ретінде және бағалы қағаздармен операциялар кезінде делдалдар ретінде де қызмет ете алады.

  Бағалы қағаздар нарығының  қызметтерін шартты түрде екі  топқа бөлуге болады : жалпы нарықтық  және өзіндік ерекшелігі бар  қызметтер. Жалпы нарықтық қызметтерге  келесілер жатады :

Коммерциялық – осы  нарықтағы операциядан табыс  алу қызметі;

Бағалық – бағаларды қалыптастыру қызметі;

Ақпараттық – сауда  субъектілері мен объектілері туралы нарықтық ақпаратты нарық қатысушыларына дейін жеткізіп тұру қызметі, және т.б.

  Қазіргі кезде коммерциялық  банктерсіз бағалы қағаздарды  сату өте қиынға түседі. Көптеген  компаниялар инвестициялык банктердің  көмегінсіз үзақ мерзімді ақша  қаражаттарын ала алмаған болар  еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі  тәжірибесінде мүндай банктер  компанияның бағалы қағаздарын  орналастырумен айналыспаса да, компаниялар қүрылып қызмет ете  алмайды.

    Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

    Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.

  Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “  ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың  жылдың  31 тамызында қабылданған  “ Қазақстан республикасындағы  банктер және банктік қызметтер  туралы” ҚР заңдарын басшылыққа  алады.     Заңға сәйкес  негізгі қызметтері былайша құрылған:

- уақытша  бос ақшалай  қаражаттарды жинақтау ( депозиттік  операциялар);

- экономиканы және халықты  несиелендіру ( активтік операциялар);

- қолма  – қолсыз  есеп айырысуларды  ұйымдастыру  және жүргізу;

- инвестициялық  қызметі;

- клиенттерге  басқа  да қаржылық қызметтерді  көрсету.

      Нарықтық экономиканың қазіргі реформалау кезеңінде инвестициялық қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді. Инвестициялық қызметті іске асыру барысында инвестициялық ұдайы өндірістің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету негізінде жаңа салалар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырды.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Kоммерциялық  банктердің инветициялық қызметін  дамытудың құқықтық заңнамалары

 

    Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын корғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы кағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардын мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

   Азаматтық кодекстің  нормаларына  сәйкес мемлекет  Президенті бағалы қағаздар нарығын  дамытудың құқықтық негіздерін  құрайтын заң күші бар жарлықтар  шығарды:

1. 1995 жылдың 30 наурызындағы  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкі туралы» № 2155 жарлықта  «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік  бағалы қағаздар шығаруға құқылы  және ол туралы жауапты» делінген.

2. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі  «Бағалы қағаздар және қор  биржасы туралы» № 2227 жарлықтың  эрекеті мемлекеттік емес бағалы  қағаздардың эмиссиясын тіркеуге  қойылатын талаптарға, оларды орналастыру  ережесі мен мезгіліне, акционерлерді  тіркеуді жүргізетін негізгі  жағдайларға бағытталған. Атап  өтетін басты жағдай, онда ?лттық  комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы  кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың  жағдайы жэне бағалы кағаздармен  жүргізілген мәмілені тіркеу  тәртібі бекітілген; сонымен бірге  кор биржасын құру және оның  қызметін ұйымдастыру туралы  ереже орын алған, бағалы қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың  құқығы бекітілген.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі