Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:22, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі» тақырыбындағы курстық жұмысты орындаудағы міндеттері келесідей :
Құнды қағаздардың жалпы экономикадағы қызмет етуі мен орнын анықтау;
Бүгінде жас буын алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни құнды қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру;
Мемлекеттік бағалы қағаздарды жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
Коммерциялық банктердің құнды қағаздар нарығында қызмет ету механизмін талдау;
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы орны мен оларды құру жолдарын талдау;
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар есебін құрастыру болып табылады.

Оглавление

Кіріспе...........................................................................................................3-5 бет.
І тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты.
1.1.Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы................................................6-9 бет.
1.2.Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі..................................................10-15 бет.
IІ тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері.
2.1.Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы...................16-21 бет.
2.2.Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.............................22-25 бет.
ІІІ тарау.. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.
3.1.Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері....................26-30 бет.
3.2.Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері............................31-32 бет.
Қорытынды.............................................................................................33-34 бет.
Қосымшалар.............................................................................................35-36 бет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................37-38 бет.

Файлы: 1 файл

жулдыз курстық жумыс.docx

— 79.28 Кб (Скачать)

     Брокер-диллердің ұйымдық құрылымы келесі бөлімдерден құралады :

Сауда бөлімшесі – бағалы қағаздар мен мәмілелерді жасасу функциясы басты болып табылатын  бөлім.

Бэк-офис – негізгі функциясы  бағалы қағаздар мен мәмілелерді  іске асыру және бұл брокерлердің, оның клиенттерінің бағалы қағаздары  мен ақшасына есеп жүргізу.

      Брокер-диллер мен инвестор арасында мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларын жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасалғаннан кейін олардың арасында міндеттер мен құқықтар пайда болады.

  “Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Заңға сәйкес екінші деңгейдегі  банктер мынадай инвестициялық операцияларды орындай алады:

инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің  тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды  қаржыландыру;

заңда көрсетілген тәртіппен  өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды ( бағалы қағаздарды басқару) және т.б.

    Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

       Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

Инвестициялық саясаттың  басты мақсаты– ұйымдастырушылық механизмді құру;

Баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін ( үлесін ) анықтау;

Инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;

Инвестициялардың құрамы мен құрылымы;

Бағалы қағаздар сапасының  деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;

Инвестициялар портфелінің  диверсификациялануына  қойылатын  негізгі талаптар;

Портфельдің құрамына түзетулер  енгізу механизмі;

Сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;

Пайдалар мен зияндардың есебі;

Компьютерлік қамсыздандыру  бағдарламалары.

      Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру ( андеррайтинг ), сондай–ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

     Бірінші категориялы брокер-диллер жеке дара немесе эмиссионды синдикат құрамында андеррайтер ретінде шыға алады.

     Андеррайтер - брокер-диллердің бірінші категориялы лицензиясы бар және андеррайтикалық қызметті сыйақыға жасайтын тұлға.

     Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

    Андеррайтикалық операциялардың мәні – эмитент пен андеррайтер мүдделерінің бірыңғайлығында. Егер бағалы қағаздар  эмиссиясын орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында әрі шет мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында жүргізілсе, онда эмисионды синдикат мүшелері бұл елде брокер-диллерлік қызметті жүзеге аыруға құқы бар шет ел ұйымдары да бола алады. Екі жақты мүдделердің өзара қызметі бағалы қағаздар нарығының артықшылықты тиімділігіне әкеледі, себебі мұнда эмиссияны дайындау сапасы жақсарады, эмитент өзінің экономикалық жағдайы мен болашақтағы жобалары туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар нарықта мамандардың экпертизасынан өткен бағалы қағаздар пайда болады.

     Андеррайтерлер потенциалды инвесторларға қате ақпараттарды беруге және зерттеулер бойынша дұрыс емес, қате нәтижелерді ұсынуға, эмисия проспектісін толық емес орналастырғаны жөнінде қате ақпаратты беруге құқығы жоқ.

     Андеррайтерлер бағалы қағаздарды сату үш негізгі әдіс арқылы жүзеге асады :

«Мықты міндеттемелер» (firm-commitment) немесе «сатып алынған мәмілелер» - андеррайтерлер эмитенттен бұл эмиссияның барлық бағалы қағаздарын басқа инвесторларға  қайта сату немесе бағалы қағаз портфелінде  сақтап қалу мақсатында сатып алады;

«Жақсы мүкіндіктер» әдісі, мұнда андеррайтер бұл эмиссияның бағалы қағаздарын орналастыру және толық орналастыра алмау эмитент  тәуекелін жария ету;

Бағалы қағаз эмиссиясын орналастырудың тағы бір әдісі «резервті  міндеттемелер» (standby commitments) , «барлығы немесе ештеме» (all or nothing) әдістері бағалы қағаздар нарығында брокер-диллерлік  қызметті тәжірибеде жүзеге асырады  немесе андеррайтингалық келісім-шартқа қатысушылар арасында келісілген қызметті жүзеге асырады.

     Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс – әрекет және басқа да пайда әкелетін іс –әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысущылары  - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы мәлімет коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне байланысты.

     Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын , салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде  - несие берушіден ( банктен ) болады.

 

   Банктердің инвестициялық  операциясы бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларды сипаттайды.

    Қазақстанда шаруашылық субъектілерінің тартылған қаражаттары келесі құрамдас бөліктерден тұрады: Екінші Деңгейлі Банктердің ( ЕДБ ) ссудалық портфелі, облигациялық қарыз бен лизингтік несиелер.

    Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсикацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Коммерциялық  банктердің  инвестициялық қызметінің  ерекшеліктері

 

2.1. Коммерциялық  банктердің ҚР мемлекеттік бағалы  қағаздармен операциялары

 

   Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар , оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық ( акциялар , облигациялар ) және коммерциялық болады ( вексельдер , чектер ) .

    Қордық бағалы қағаздар , әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді , олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік , немесе облигациялық  қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

     Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді . Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік  құқық немесе талапқа негізделген (акция , облигация) , ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар , талондар) .

    Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.

    Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Біріншісі нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы ( яғни биржада және тысқары жүруі ) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.

   Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

    Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқықтарын ратауы үшін тек мәлімдеу керек.

    Ордерлік бағалы қағаздар – оларды ұстаушылардың құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады. Атаулы бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.

    Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.

    Қазақтан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей беруге болады.

 

  Кесте №2- ҚР-дағы мемлекеттің  бағалы қағаздарының сипаты:

 

Шығару мақсаты

Орналастыру тәсілі

Айналыс мерзімі

Номинал құны

түрі

Ұлттық  банктің қысқа  мерзімді нотасы

Айналыстағы ақша массасын реттеу

Аукцион / сату

7 Күннен 90 күнге дейін

100 теңге

Ұлттық  банктің арнайы валюталық нотасы

Еркін өзгермелі  валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау

Ноталар портфелін  жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау

35 Күн

100 АҚШ доллары

Арнайы  валюталық мемлекеттік  облигациялар ( АВМЕКАМ)

Жинақтаушы  зейнет ақы  қорларының активтерін қорғау

Мемлекеттік облигациялар портфелін  жинақтаушы зейнет ақы  қорларымен айырбастау

5 жыл

100 АҚШ доллары

Мемлекеттің арнайы қазыналық  міндеттемесі (МЕАКАМ)

Ұлттық банкке Үкіметтің  қарызын қайта рәсімдеу

 

 

10 Жыл

1000 Теңге

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық-валюталық  міндеттемесі (МЕКАВМ)

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

Аукцион

3, 6, 9 және 12 ай

100 АҚШ доллары

Мемлекеттің индексацияланатын  қазыналық міндеттемесі ( МЕИКАМ)

       

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

Аукцион

3 Ай және одан жоғары

1000 Теңге 

 

Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі ( МЕОКАМ)

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

Аукцион

2 Және 3 жыл

1000 Теңге

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ)

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

Аукцион

3, 6, 9 Және 12 ай

100 Теңге

Мемлекеттік ішкі займдық  ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО)

Республикалық бюджеттің  ағымдағы тапшылығын қаржыландыру

Жазылу жолымен

364Күн

1000 Теңге


 

Мемлекеттің бағалы қағаздары  табыстылығына қарай үш түрге  бөлінеді:

Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға  жеңілдікпен ( номиналдық құнынан төменгі  бағамен ) сатылып, номиналдық құны бойынша  өтеледі.

   Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын  дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге  сатыа алсаңыз, онда мынадай  табыс аласыз :

 

        100-75=25 теңге немесе

 

         25 теңге : 75 теңге ( бастапқы салынған  инвестиция ) * 100% =33,3 %.

 

     Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс : 33,3% : 91 күн = 0,3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс :  0,3659% * 364 күн = 133,19 % тең.

Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне  қарай жылына 2 не 4 ретке дейін  төленеді.

Аралас, яғни купон және дисконт  түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор – банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон  мөлшерлемесі түріндегі табыстардан  құралады.

     Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің  инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер :  біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың  өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда. Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда.

   Корпоративтік   бағалы қағаздарға мыналар жатады :

Акциялар;

Облигациялар;

Депозиттік және жинақ  сертификаттары;

Ипотекалық куәліктер;

Депозитарлық қолхаттар.

    Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы  әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

    Акциялар – акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ  иесіне табыс ( дивиденд ) әкелетін және ол жойылған кезде акционерлік қоғам мүлкінің бір бөлігін иелену және республиканың заңнамалық актілерінде қарастырылған басқа да құқықтарын куәландыратын бағалы қағаз.

Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызмет жүйесі