Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 00:19, курсовая работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Оглавление

Кіріспе



І-ТАРАУ. Коммерциялық Банктердің қағаздар нарығындағы мақсаттары

1.1. Банктердің Бағалы қағаздар нарығындағы басты мақсаты

1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі



ІІ-ТАРАУ. Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері

2.1. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

2.2. Коммерциялық банктердің активтік операциялары

2.3. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есептің, шоттардың жаңа концепсиясы



ІІІ-ТАРАУ. Қ.Р-ғы Тұаран Әлем Банкі

3.1. Тұран Әлем Банкінің жетістіктері



Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Коммерциялык банктер КУРСОВАЯ.doc

— 176.50 Кб (Скачать)

Экономикалық мағлұматтарды  өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкін туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгатерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.

Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:

  • несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
  • бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша – бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
  • күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының конъюнктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-   монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.

Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл менгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда.

Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

 

 

 

 

2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

 

Пассивтік операциялар  – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті- пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:

-коммерциялық банктердің  бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

-банк пайдасынан капиталдарды  немесе қорларды ұлғайту және  құру;

-басқа да заңды  тұлғалардан несиелер алу 

-депозиттік операциялар

Пассивтік операциялар  айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік  береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құрылады.

Банктің ресурстары екі  топқа бөлінеді:

    • банктің меншікті қаражаттары;
    • банктің тартылған қаражаттары;

Банктің меншікті қаражаттары –банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:

- бантің жарғылық капиталы;

- банктің резервтік  капиталы;

- қосымша капиталы  және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

- сақтандыру резервтері;

- бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік  капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналарды құрайды.

Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік оепрациялардың 90 %-ға жуықтай ресурстарға  деген. Қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары болады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттрын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.

 

Активтік операциялар  – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, еилігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсатың бірегейлігі  банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар  өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп  тараған түрлеріне мыналар жатады:

-ссудалық (несиелік) операциялар;

-инвестициялық  операциялар;

-депозиттік  операцитяла;

-қаржылық  операциялар;

-басқа да  операциялар.

Банк активтік операцияларының  маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құралады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Банктік инвестициялық  операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс әкелу, екіншісі -өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық  операция жүргізетін бағалы қағаздары  екі топқа бөлінеді:

    1. Мемлекеттің бағалы қағаздары;
    2. Корпаративтік бағалы қағаздар.

Мемлекеттің бағалы қағаздарының ішінде ең көп тарағаны

мыналар:

-қазыналық вексельдер, орталық билік органдарының қысқа мерзімді міндеттемелерін білдіреді;

-қазыналық бондар, белгіленген пайыз әкелетін 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімдегі қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелердің ерекше түрі;

-қазыналық міндеттемелер (қысқа және орта, ұзақ мерзімді;

     Әр түрлі мемлекеттік билік  органдарының облигациялық займдары;

     Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға жататындар:

    • акциялар;
    • кәсіпорындардың, ұйымдардың және банктердің борыштық міндеттемелері (облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар және т.б).

      Осылардың ішінде ең көп кездесетіні акциялар   мен     облигациялар болып табылады.

Акция – бұл  акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын  және басқару ісіне қатысуға құқық  беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Тіркеуге алыну және қолдан-қолға берілуіне байланысты акциялар атаулы және мәлімдеуші акцияларға бөлінеді. Атаулы акцияның қозғалысы акционерлік қоғамның жүргізетін бағалы қағаздарды тіркеу кітабында көрсетіледі. Онда әрбір шығарылған атаулы акциялар туралы барлық мәліметтер тіркеледі. Сондықтан да, мұндай акцияларды біреуге беру мүмкіндігі шектеулі. Ал мәлімдеуші акциялар болса еркін қозғалыста жүреді. Оларды еркін сатып алып, сатуға болады.

 

2.3.  Екінші деңгейлі  банктердегі бухгалтерлік есептің шоттардың жаңа жоспарға өту концепциясы

 

Әлемдік тәжірибенің  банк ісіне араласуына байланысты Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі халықаралық  есеп айрысудың негізінде жасалынған бухгалтерлік есеп шоттарының жаңа жоспарын ұсынды. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейі банктердегі бухгалтерлік есептің шоттарының жаңа планға өтуі 1996 жылы кезеңдер бойынша жасалынуы керек еді. Коммерциялық банктердің халықаралық есеп айрысудың стандартына өту мыналарды қамту керек: өтудің жоспарлануы, оның организациясы, координациясы, мотивациясы мен процесті орындауды бақылау. Сондықтан процестің алғашқы қадамы өтудің жоспарын құру болып табылады. Шоттардың жаңа жоспарға өту концепциясы мынадай түрде көрінеді.

Екінші деңгейлі банктердегі  бухгалтерлік есептің шоттардың жаңа жоспарға өту концепциясы

  1. Банкте бар есептің жүйесіне шоттардың жаңа жоспары мен бухгалтертерлік есептің халықаралық стандарттарының көз қарасы бойынша анализ жасау.
  2. Шоттардың жаңа жоспарға өту және халықаралық стандартқа байланысты банктің барлық деңгейлері мен бөлімдерінде негізгі дизайнерлік және басқа топтар құру.
  3. Шоттардың жаңа жоспарына және халықаралық бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес барлық есептік процесске методология мен есептің методикасын жасау.
  4. Ескі жоспар бойынша есептік процеске жасалынған методика негізінде шоттарының жүйесін жаңа шоттар жоспарына негізделген консолидандырылған баланс алу үшін құрамыз.
  5. Ұлттық банктің сілтеулері мен соңғы өтудің формалды аяғына дейін жаңа және ескі шоттар бойынша финанстық отчет алу.
  6. Жаңа жоспар мен Халықаралық стандартқа байланысты банкті басару нұсқаулары немесе дизайнерлік топтардың орындаулары, бұйрықтардың құжаттық фиксациясы ішкі аудит және отчет үшін қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. Қ.Р-ғы Тұаран Әлем Банкі

3.1. Тұран Әлем Банкінің жетістіктері

 

Қазіргі таңда коммерциялық банктердің саны көп, солардың араларынан суырылып ірілік танытып, бір қадам алға озық шыққан «ТұранӘлем Банкі». ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. Ол Қазақстан халқына соңғы 6 жыл көлемінде кеңінен таныс. Осы уақыт мерзімінде қаржы-қаражат жүйесіндегі бірнеше қиын да қызық бел-белестерден өтті. Банк негізінен жаңа қоғамның, халықтың мүддесі үшін мүлтіксіз қызмет көрсетіп келеді.

Жұртшылық арасына банк салымшылардың қатарын көбейту үшін еркін айналымы валюта мен ұлттық теңгеге негізделген депозит және салымшылардың талабы мен мүмкіндіктеріне қарай қызмет көрсету түрлерін кіргізген. «Золотая осень», «Радуга», «Зимушка-Зима, «Солнышко» және т.б. депозиттері клиенттер арасында жақсы танымал. Банк қызмет нарығындағы «Тұран Әлем Банктің көш басында жүруі мен қаржылық тұрақтылығы әлгі аталған депозит түрлерінің өсуіне бірден-бір сенімін туғызды. Әрі депозит базасының ұдайы артып отыруының арқасында Тұран Әлем Банкі республика халық шаруашылығының түгелге жуық салаларында жұмыс істейтін нысандарға, көптеген сауда жобаларына несие қаражатын тартуға белсене араласты.

Елбасының «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшінсінде, «Шет ел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы түрлеуі және барған сайын арта түсетін қарқына қол жеткізу»- делінген. Осы тұрғыдан алғанда Тұран Әлем Банкінің қазіргі қадамдарын сол жоғары талап деңгейінен шығу жолындағы түбегейлі талпыныс нәтижесі деуге болады.

"Тұран Әлем Банкі"АҚ нарықтың барлық сегменттеріне   қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ активтері 12 млрд., ал банктің меншікті жиынтық капиталы 1.6 млрд. АҚШ долларына жетті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

2006-2015 жылдарға есептелген  жаңа стратегиясында банк өзін  қызметкерлері мен олардың отбасылары, өзі қатысатын елдердегі клиенттері мен акционерлері алдында әлеуметтік жағынан жауапкершілікті ұйым ретінде мәлімдейді.

ТұранӘлем банкі дамуының басымдық бағыттары жеке тұлғалар мен  кәсіпкерлерге қызмет көрсету, бөлшек сауда бизнесінің үлесін банктік портфелде оның бөлек бизнеске бөлінуі есебінен 50 пайызға дейін көбейту, қызмет көрсету сапасы мен технологиялық модернизацияға инвестицияны арттыру болып табылады.

             2008 жылы ТӘБ ТМД-дағы ең ірі  жеке меншік банктердің бірі болуды жоспарлап отыр. 2015 жылы Қазақстандағы ТӘБ активтерін 34 млрд., капиталды - 3.8 млрд., таза пайданы - 615 млн АҚШ долларына, бөлімшелер санын 286-ға дейін, қызметкерлер санын 6963 адамға дейін арттыру көзделіп отыр.

Қазақстанда және ТМД-ның басқа да рыноктарында бөлшек сауда, шағын және орта бизнес пен корпорациялық қызмет көрсетуде көшбасшылық ұстанымды нығайтып және Қазақстанда кем дегенде – 25 пайыз, Ресейде – 2 пайыз, басқа да өнімін ұсынатын елдерде – 5 пайыз нарық үлесін иемдену жоспарланып отыр.

Информация о работе Коммерциялық банктер