Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 00:19, курсовая работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Кіріспе
І-ТАРАУ. Коммерциялық Банктердің қағаздар нарығындағы мақсаттары
1.1. Банктердің Бағалы қағаздар нарығындағы басты мақсаты
1.2. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі
ІІ-ТАРАУ. Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
2.1. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
2.2. Коммерциялық банктердің активтік операциялары
2.3. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есептің, шоттардың жаңа концепсиясы
ІІІ-ТАРАУ. Қ.Р-ғы Тұаран Әлем Банкі
3.1. Тұран Әлем Банкінің жетістіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- біліктілік талаптары, яғни заңды тұлғаның штатында білікті мамандардың болуы, яғни арнайы біліктілік куәліктері бар мамандар. Бұл талап негізінен, әлемдік тәжірбиеден алынған. Көптеген нарықтық экономикасы дамыған елдерде нарыққа тек арнайы емтихан тапсырған және анықталған білім деңгейі бар мамандар жіберіледі.
1-кесте
Лицензияланатын қызмет түрі |
І категориялы маман. брокер-дилер |
ІІ категориялы маман. мәміле тіркеу |
ІІІ категориялы маман. бағалы қағаз-р портфелін басқару |
Брокер-дилер І кат. брокер-дилер ІІ кат. Бағалы қағаздарпортфелін басқару. Реестр жүргізу кастодиан қызметі |
3 кем емес 3 кем емес
- - - |
3 кем емес 2 кем емес
- 3 кем емес 3 кем емес |
- -
3 кем емес - - |
- ұйымдық-құқықтық формасына талаптар. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет көрсету үшін заңға сәйкес, заңды тұлға ретінде тіркеуден өтуі тиіс.
2-кесте
Лицензияланатын қызмет түрі |
Заңды тұлғаның ұйымды түрі -құқықтық түрі |
Ескерту |
Брокер, дилер І және ІІ кат. Бағалы қағаздар портфелін
басқару. |
Кез-келген түрі Кез-келген түрі Кез-келген түрі Кез-келген түрі ААҚ, ЖАҚ |
- - - - Тек қана ІІ-деңгейлі банктер жүргізеді |
Күнделікті меншікті капиталды есептеп отырады және ол минималды мөлшерден түскен жағдайда ұлттық банкке хабарлауы тиіс. Ал ұлттық банк сол банктің іс-әрекетін бақылап отырып, клиентке өз міндеттемелері бойынша жауап бергенін қадағалайды. Сондықтан, әр банк өзінің меншікті капиталының кварталдық есебі мен балансын ұлттық банкке тапсырып отырады.
Брокер-дилер І категориялы – 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес
Брокер-дилер ІІ категориялы – 6 000 АЕК кем емес
Реестр жүргізу қызметі - 30 000 АЕК кем емес
Кастодиан қызметі – 2 миллиард тенге
Бағалы қағаздар портфелін басқару – 1) 20 миллион тенгеден кем емес.
1) сигнализациямен қамтылған күзет және өрттен сақтандыру құралдары бар ғимарат;
2) басқа да Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылармен байланыса алатын телекоммуникациялық құралдар;
3) бағдарламалық қамтылу;
4) ішкі құжаттарының болуы.
Лицензияның 2 түрі бар:
Тұрақты лицензия орталық депозитарий мен сауданы ұйымдастырушыларға, қор биржасына беріледі, ал уақытша қалғандарының бәріне беріледі. Олардың қызмет ету мерзімі – 3 жыл.
Брокер-дилер келесідей қызметт
Брокер-дилер қызмет көрсету туралы келісім шартта:
Брокер-дилер қызметін көрсетуде міндетті түрде:
Брокер-дилер егер бағалы қағаздарға нарықтық баға өзгеріп, клиент шығындалса жауапкершілік тартпайды. Ал шығындалу брокер-дилердің қателіктерінен болатын болса, онда материалдық шығынды брокер-дилер мүлігімен жауап береді.
Брокер-дилерге бағалы қағаздармен мәмілеге отыру туралы тапсырмаларының түрлері:
Брокер-дилердің бағалы қағаздармен операциялары клиенттің жазбаша немесе электронды байланыспен кейіннен түп нұсқасын әкелу арқылы берген тапсырма негізінде жасалады. Брокер-дилер тапсырма алғаннан кейін, егерде электронды вариант болса, 1 банктік күн ішінде тапсырманың берілгендігін нақтылау негізде хабарлауы тиіс.
1999-2000 ж брокер-дилерлік қызметке лицензиясы бар банктік және банктік емес ұйымдардың саны азайып, 2001 жылы тұрақтанды. 2001 жылы банктік емес брокер-дилерлік ұйымдар саны көбейді және жалпы Қазақстанда 51 ұйым болды.
II-ТАРАУ. Коммерциялық банктердің опрециялары мен қызметтері
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Олардың міндеті ақша айналымы мен капиталл айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.1
«Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралың Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
Осы операцияларға байланысты коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айландыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтердің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалу мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қауіпі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өңдірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді.Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Инфрақұрылым жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдірілуін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиентің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрінде бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесінін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигацияларды шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін тандауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру мендетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың (бойдақ-жесірлердің, жасы толмағанлардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарлардың мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарылуы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.