Экономикалық жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3-4
I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.
1.. Экономикалық жүйе түсінігі..................................................................5-6
1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері..............................................7-10
1.3 Экономикалық жүйенің модельдері.................................................11-12
ІІ-бөлім. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.
2.1 Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі.................................................................................................13-15
2.2 Өтпелі экономика сипаты мен міндеттері........................................16-17
2.3 Қазақстан Республикасының рыноктық экономикаға өтуінің ерекшеліктері............................................................................................18-19
Қорытынды.....................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................22

Файлы: 1 файл

экономикалык жуйе (курсовая) (1).doc

— 104.00 Кб (Скачать)

     Үшіншіден, Қазақстанның территориялық – географиялық жағдайы- өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.

     Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.

     Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кең-байыту, металлургиялық, химиялық және химия- мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар көп болды.

     Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде ғана аяқтала  бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен  өндірісті көтеру өнеркәсіптегі  сияқты ауыл шаруашылығында шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.

     Реформалау  практикасы көрсеткендей, Қазақстан  Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканы қалыптастыру – республиканың өзіндік жағдайын, өзінің модель құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан әрі қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, рыноктық экономиканың өзіне тән моделін құрады. 
 
 

Қорытынды 

     Экономикалық  жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

     Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

  1. Меншік типтері бойынша;
  2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

     Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төменгідей типтерге бөледі:

       а)дәстүрлі экономика;

       ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;

       б) нарықтық экономика;

       в) аралас экономика..

     Экономикалық  жүйеге қатысты қазіргі кезде  Қазақстанға бұл жүйенің аралас экономика тән. Аралас экономика  нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса мемлекет нарықтағы салық салумен, шығынмен, реттеумен тікелей реттеп отырады.

     Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған  аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД  елдерінде сияқты эволюциялық –  реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы бірнеше мақсаттары бар. Рынокқа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған – аралас экономиканы құрудың бірден – бір құралы. Қорытындылай келе, күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.  
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Әубәкіров Я. Л.       “Экономикалық теория негіздері”.

2. Жатқанбаев  А. А.   “Аралас экономика”.

3. Жунусов  К. Н.       “Нарықтық экономика негіздері”.

4. Қожамқұлов  Т.       “Саяси экономия негіздері”.

5. Мәдешев Б. Н.       “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”.

6. Мәуленов  С. және басқалар “Экономикалық теория”.

7. Осипова Г. М.         “Экономикалық теория негіздері”.

8. Сахариев С.            “ Жаңа кезең экономикалық теориясы”

9. Симкина Л. Г.         “Экономическая теория”.

10. Шеденов Ө. Қ. және т. басқалары “Жалпы Экономикалық теория”.

11. Экононмика: Учебник/под ред. доц. А.С.Булатова/ М. 1996г.

Информация о работе Экономикалық жүйе