Экономикалық жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Мен бұл тақырыпты таңдағаным, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3-4
I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.
1.. Экономикалық жүйе түсінігі..................................................................5-6
1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері..............................................7-10
1.3 Экономикалық жүйенің модельдері.................................................11-12
ІІ-бөлім. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.
2.1 Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі.................................................................................................13-15
2.2 Өтпелі экономика сипаты мен міндеттері........................................16-17
2.3 Қазақстан Республикасының рыноктық экономикаға өтуінің ерекшеліктері............................................................................................18-19
Қорытынды.....................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................22

Файлы: 1 файл

экономикалык жуйе (курсовая) (1).doc

— 104.00 Кб (Скачать)

           Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде “швед моделі” жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ті мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.  
 

1.3 Экономикалық жүйенің  модельдері 

     Елдер өздерінің тарихымен, экономикалық даму деңгейімен, әлеуметтік және ұлттық жағдайларының бөлектегімен ерекшеленетіндіктен, шаруашылықты ұйымдастырудың өзіндік ұлттық модельдерін әр жүйеде жасақтаған. Айталық, әкімшілдік - әміршілдік жүйеде кеңестік, қытайлық және басқа да модельдер бар. Қазіргі жүйедегі әртүрлі модельдер ең танысалдарын атап өтейік.

     Американ  моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жеңілдіктер мен қосымша төлемдер есебінен өмір деңгейінің жарамды дәрежедегі әл – ахуалы реттеледі. Әлеуметтік теңдік мәселесі бұл жерде мүлдем көтерілмейді. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен көшілікті жеке жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға негізделген.

     Жапон моделі еңбек өнімділігінің өсуінен халықтың өмір деңгейінің (соның ішінде жалақы деңгейінің) белгілі дәрежеде қалыс қалуымен ерекшеленеді. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен әлемдік нарықта оның бәсекеге бейімділігінің оқыс көтерілуіне қол жеткізіледі. Мүліктік бөлінуге кедергі қойылмайды. Мұндай модель тек ұлттық сананың өте жоғары деңгейде дамып, нақты адамның мүддесінен ұлттық мүдде жоғары қойылғанда, халықтың белгілі бір материалдық құрбандықтарға елінің өркендеуі жолында өзін қиюға әзір болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

     Швед  моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. Мұнда мемлекеттің меншігінде негізгі қордың 4% -ы ғана, оның есесіне 80 – ші жылдарда мемлекеттік шығындардың үлесі ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейінің 70 пайызын құрағанымен қоймай, осы шығындардың жартысынан астамы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Әрине, мұндай жағдай тек салық салудың жоғарғы өлшемі орын алғанда ғана жүзеге асуы мүмкін. «Қызметтік әлеуметтендіру» деп аталатын мұндай модель өндірістік іс - әрекеттердің бәсекелік нарықтық негізде қызмет атқаратын жеке кәсіпорындарға, ал өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету іс - әрекеттерінің (бұған жұмыспен қамту, білім алу, әлеуметтік сақтандыру да кіреді) және инфрақұрылымның көптеген құрамдарының (көлік, ҒЗТҚЖ – ғылыми – зерттеу және тәжірибелі құрастыру жұмыстары) – мемлекетке міндеттелуі мүмкін болғанда ғана іске асады.

     ГФР – ның әлеуметтік нарықтық шаруашылықтары. Бұл модель гитлерлік кезеңдегі концерндерді тарату және  шаруашылықтың барлық түрлеріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты даму мүмкіндігін беру негізінде қалыптасты. Бұл ретте ерекше қолайлы жағдаймен миттельштанд деп аталатын орта және ұсақ кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар қамтылады. Мемлекет бағаға, техникалық өлшемге белсенді түрде әсер етеді. 
 

ІІ-тарау. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері 

      2.1 Әкімшілдік - әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің объективті қажеттілігі 

          Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе – қоғамның экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшудің салдары мен өтпелі эконмиканың мән – жағдайы. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан әртүрлі күйді кешумен түсіндіріледі. Баршаға белгілі нәрсе – еңбек құрал – жабдықтарының даму деңгейіне қарай қоғам дамуын жіктеп бөлудің төменгідей түрлері бар: тас дәуірі, қола және темір дәуірі.

      Ағылшын ғалымы әрі философы Давид Юм еңбек құрал – сайманының идамуы негізінде қоғамды – ең қарапайым, көне, феодалдық және капиталистік деп бөлген. Американ социологы әрі экономисі Уолт Ростоу “Экономикалық өсу сатылары” теориясын ұсынды.

     І  – дәстүрлі қоғам, мұнда өндірістің дамуы әлсіз сипатқа ие;

    ІІ  – қарқынды өрлеу үшін экономикалық жағдай жасау сатысы;

    ІІІ – қарқынды өрлеу кезеңі, мұнда  экономикалық прогрестің күші өседі 

      Және қоғамда билік жүргізе бастайды;

    ІV –  толыққандылыққа қарай қозғалу, мұнда жаңа техника кең көлемде таралады;

    V –  тұтынушының жоғары жаппай дәуірі.

       Осы қысқа ғана шолу көрсеткендей, бұрынырақта, қазірде қоғамның әртүрлі даму күйі еңбек құрал – сайманының даму деңгейімен ғана емес, сондай – ақ өндіріс процесіндегі адам қатынасының сипатымен, яғни өндіріс әдісімен байланыстырылады. Қоғамды өндіріс әдісімен бөлу мәселесін тереңірек зерттеген К. Маркс болды.

      К. Маркс өндіріс әдісін беске бөліп қарайды:

- алғашқы қауымдық;

- құл иеленушілік;

- феодалдық;

- капиталистік;

- коммунистік.

      Қазіргі Батыс экономикалық теория мектебі адамзат тарихындағы қоғам күйін үшке бөліп қарайды: аграрлық, индустриалдық және постиндустриалдық (ақпараттық). Ғалымдардың қоғамның даму деңгейі бойынша классификациялық бөлшектеу ұсынысының әртүрлілігіне қарамай – ақ, оларда жекелеген ортақ элементтер баршылық. Бұл өтпелі экономика үшін алғашқы салдарды тұжырымдауға көмектеседі.

      Ғалымдардың есептеуінше өтпелі  экономика теориясы адамзат қоғамының  үш ірі негізгі күйінен бастау  алуы керек.

    -біріншіден, мұндағы дәстүрлі экономика ( нарықтық емес) еңбек құрал – жабдығы қарапайым. Бұған алғашқы тұрмыстық қауым, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісі еніп, мұнда тауар айырбасы тұрақталған, локальді сипат алып, яғни өнімді айырбассыз тікелей үлестіру белең алады;

    -екіншіден,  нарықтық экономика, бұл индустриалды  даму дәуірін (капитализм) қамтиды;

    - үшіншіден,  постиндустриалды қоғам экономикасы,  бұл нарықтық типтегі эконмикадан  кейін жүзеге асады.

      Рыноктық қоғам еркін бәсекедегі  “таза” капитализм дәуірін қамтиды. Дәстүрлі экономикалық қоғам өазіргі әлемнің Азия, Африка және Латын Америкасы бөлігінің 140-тай елінде өмір сүруде, ал ондағы өндіріс, бөлу және айырбастау дәстүрге, салтқа, жекелеген ғұрыптарға негізделген және аралас экономикалық қоғам негізінен индустриалды дамыған елдерді қамтиды.

      Белгілі ғалым – экономистер  көзқарастары бойынша, әлемдегі  индустриалды дамыған елдерді  екі белгісімен ажыратуға болады:

  1. Өндіріс құрал – жабдығына деген меншіктің түрі бойынша;
  2. Экономикалық қызмет үйлестіру және басқару әдісі бойынша.

      Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш күшпен бірігуі өндіріс әдісін

құрайды, яғни қоғамның экономикалық құрылуы, оның экономикалық базасы. Экономикалық немесе өндірістік қатынастар отбасылық, діни, құқықтық, мәдени, саяси, әлеуметтік қатынастармен қосылып, қоғамның қондырмасын құрайды. Базис пен қондырма бірігу жағдайында болады. Базистің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтары қоғамның жаңа күйге көшуіне объективті қажеттіліктер тудырады. Бұл кезде қондырма қоғамның бір күйден басқасына көшуіне көмектесуі мүмкін немесе өтуге кедергі жасайды.

      Адамзат қоғамы өзінің бүкіл  тарихында өндіргіш күштер деңгейі  мен өндірістік қатынастар сипаты  арасындағы объективті туындаған  қайшылықтардың әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына, төменгі өркениет баспалдағынан жоғарғысына ауысуы. Меншік түрлерінің ацысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік қатынастар пайда болды. 
 

    1. Өтпелі  экономика сипаты мен міндеттері
 

     Өтпелі экономиканың типтерін өту процестерінің сипаты мен ауқымы бойынша айырады. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екіші дәуірге өтуімен индустриалдыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттыққа); екі өркениеттіліктен (шығыс пен батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту.

     Жоғарыда  аталған дәуірлер шеңберінді локальдық  өтпелі пройестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі модельдегі рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі экономиканың локальды нышаны мен типтеріне қатты әсер етеді:

     а) Экономиканың инерциондығы (инерциолыгы).

     Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрыңғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады

     Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі  экономиканың инерциолыгы ескеріліп, ескі әміршілдік-  әкімшілдік басқару  элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ацыстыруға бет – бұрыс  жасалды;

     ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез- келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс.

     б) өтпелі экономикадағы ескі  және жаңа экономикалық элементтер, түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде  кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т. б.;

     в) өтпелі экономиканың тарихшылығы:

1) өту  белгілі тарихи мерзім кезінде  жүзеге асады;

2) өтудің  өзі белгілі мемлекетте болады.

г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық әлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.

     Қоғамның  бір жүйеден екіншісіне табиғи- эволюциялық  процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Өтпелі процестің табиғи – реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локальдық типінде байқалуы мүмкін.

     Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған  аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД  елдеріндегі сияқты эволюциялық  – реформаторлық сипат алады. Нарықтық экономикаға өтудіңҚазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру. Мемлекеттен алу – мемлекеттің экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз.
  2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы.
  3. Рыноктық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы.
  4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
  5. Бағаны либерализациялау, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу.
  6. Экономиканың қаржы – экономикалық тұрақтануы.
  7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік ұорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
 
 
    1. Қазақстан Республикасының  рыноктық эконмикаға өтуінің ерекшеліктері.
 

     Рыноктық  қатынастардың Қазақстан Республикасындағы  қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі; ұлттық, әлеуметтік – демографиялық, ғылыми – техникалық, ұйымдық – климаттық және географиялық сипаттарымен

     Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекетілігіндегі жүзеге асырады.

     Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы  рет әлемдікпрактикада әкімшілдік - әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды.

Информация о работе Экономикалық жүйе