Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 08:37, курс лекций
Өнімнің өзіндік құны — оны өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындардың әрқалай формада көрсетілуі. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорын өндірістік -шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
1.3 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның әдістері
2. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі
3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру.
4. «Қазгермұнай» БК-ның соңғы 20011 жылғы өндірістік шығындар деңгейінің құрылымы.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
V Есептер
Мазмұны
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
1.3 Өнімнің
өзіндік құнын
2. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі
3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру.
4. «Қазгермұнай» БК-ның соңғы 20011 жылғы өндірістік шығындар деңгейінің құрылымы.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
V Есептер
Өнімнің өзіндік құны және баға белгілеу
Кіріспе
Өнімнің өзіндік құны — оны өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындардың әрқалай формада көрсетілуі. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорын өндірістік -шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге
жұмсалған барлық шығын. Өндірілген
өнімнің өзіндік құнына
барлық жұмсалған шығындар: шикізат,
материал, электр энергиясы, амортизациялық
жарна, еңбекақы т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын
шығынының жиынтық
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы.
Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды.
Ресурстарды үнемдеуге көптеген техникалық-экономикалық факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді. Өндірістен тыс факторлар – кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады. Ішкі өндірістік факторлар – кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары
өндіріс үдерісімен
Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді.
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқа ша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
Сонымен, кәсіпорын
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек
кезеңдерінде бұл шығындардың
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.
2.
Пайда болу және бағытталу
сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация;
1.3 Өнімнің
өзіндік құнын
Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.
2. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі
Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құн ын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады.
Әрине, өткізу бағасын орнатқан кезде төмендегідей басқада элементтерді ескеру қажет:
Мысалы, кәсіпкер өз шығындарын (тікелей және жанама) жабқысы келеді, және 20% табыс алғысы келеді:
Толық өзіндік құн
Табыс
Сату бағасы
Бұл жағдайда кәсіпкер сатудан 20% табыс ала алмағанын көруге болады. Табыс тек қана 16,8%-ды құрайды (ол 4,18 және 25,07 арасындағы қатынаспен есептелген) және табыс нормасы ( маржасы) деп аталады.
Бұл жерде есептелген баға, тек өнімді өткізуге қажетті бағаны ғана көрсетеді.
Осындай сападағы нанды фирма 22 теңгеге сата отырып ( толық өзіндік құннан жоғарырақ), фирманың жақсы табыс табуы қиынға соғады. Сондықтанда фирма өзіндік құнды осы өнімге ұқсас өнім өндірушілердікінен жоғары болмайтындай етіп, түсіруі қажет болады. Егер өзіндік құн құрылымын қарастыратын болсақ, фирманың өндіретін наны басқа бәсекелестердікіне қарағанда дәрумендендірілген. Фирмаға осы ерекшелікті ескеру қажет, осы ерекшелікті тұтынушыға жеткізу үшін фирма сәйкесінше ақпараттық және жарнамалық компанияның қызметін қолдану қажет, бұл компанияның көмегімен фирма өзінің өнімінің басқа өндірушілер өнімімен салыстырғанда қосымша қаситтері бар екенін жария ете алады. Оған тұтынушыларды өзінің өнімінің бағасының жоғары болуының себебі әртүрлі дәрумендермен байытылғандығына байланысты екенін сендіру қажет.
3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру.
Жоғарыда аталғандай еркін бәсекелестік жағдайында кәсіпорын (фирма) өндірген өнімге баға автоматты түрде орнатылады. Оған нарықтық баға қалыптастыру заңдары әсер етеді. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер максимальді мүмкін пайда алуға тырысады. Осы жерде Өнім өндірісі көлемін өсіретін, оның толықтырылмаған нарықтағы қозғалысына әсер ететін факторлардан басқа, осы өнімді өткізу және оның өндірісіне шығындарды төмендету, өндіріс шығындарын төмендету мәселесі туындайды.