Инфляцияның жалпы экономикалық мәні мен мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 13:31, реферат

Краткое описание

Ол айналымға ақшаның қажеттен артық түсуіне де байланысты.Мұндай жағдайда ұлттық валюта тауарлар бағасымен шет елдердің валюталарымен салыстырғанда құнсыз болады.Баға кейбір тауарларға сұраныстың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін,дегенмен бағаның бұлайша өсуі инфляция соқпайды.Инфляция тауар бағаларының жалпы дәрежесінің көтерілуіне байланысты болады.Басқаша айтқанда , инфляция жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе
1.Инфляцияның жалпы экономикалық мәні мен мазмұны.
1.1 Инфляцияның түрлері.
1.2.Инфляцияның негізгі себептері.
2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
2.1. Инфляцияның альтернативті көздері.
2.2. Филлипстің қисық сызығы.
3.Инфляцияның қалыптасуына қарсы жасалатын шаралар негізі.
3.1. Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшелігі.
3.2.Инфляцияға қарсы саясат.
3.3. Қазастан жағдайындағы инфляция ерекшелігі және инфляцияға қарсы
саясат
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Инфляция жұмыссыздық.docx

— 65.25 Кб (Скачать)

   Стагфляцияның пайда  болуын Кейнстік мектептің экономистері  бірінен соң бірі келіп отырған  ұсыныстың болмай қалуымен,үзілуімен  дәлелдейді.Бағалар мен жұмысты  болудың өзара байланыстарының  бұдан бұрынғы талдауы, өзгермейтін  тұрақты ұсыныс жағдайында,жиынтық  сұраныстың дәрежесі өзгеріп  тұратындығына негізделген болатын.Жиынтық  ұсыныстың төмендеуі [қисық сызықтың солға жылжуы] инфляция мен жұмыссыздық дәрежесінің бірдей бір мерзімде өсуәне әкелетін.Нәтижесінде стагфляция пайда болады және Филлипстің қисық сызығы жылжиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Инфляцияның   қалыптасуына қарсы жасалатын шаралар негізгі.


     Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары,оған шалдыққан елдердің үкіметін,белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті.Алдымен экономистер,ең басты сұраққа жауап іздейді.Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше,сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі.

         Осы заманда инфляцияның экономикаға  тигізетін негізгі әсері,ол елдердің  ұлттық экономикасының дамуын  тежеп,тіпті дағдарысқа әкелуі  ықтимал.Сондықтан нарықты экономикада  инфляцияға қарсы жасалатын шаралар  толыққанды уақытында белгіленіп,іске  асырылуы қажет.Инфляцияға қарсы  саясатты талдауда,оның екі бағытын көрсеткен жөн.Бірінші бағыт [қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар]-белсенді бюджеттік саясатты жақтайды.Яғни,мемлекеттік шығындар мен салықтарды икемді пайдаланып,төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайтын болады.Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп,салықтар деңгейін жғарылатады.Нәтижесінде сұраныс қысқарады,инфляцияның қарқыны төмендейді.Алайда,солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып,экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады.Бұл инфляцияның тежеудің қоғамдық бағасы.

         Экономикалық құлдырауы кезінде,  сұранысты ұлғайту үшін,арнпйы  бюджеттік саясат жүргізіледі.Егер  сұраныс жеткіліксіз болса,мемлекеттік  қаржыландыру бағдарламасы жүзеге  асырыла бастайды,салықтардың деңгейі  төмендетіледі.Төмен деңгейлі салықтар,ең  алдымен табысы аз топтарға  салынады,әдетте олар табысты  жедел пайдаланады.Сөйтіп,қызмет  көрсетулерге және тұтыну тауарларына  сұранысты ұлғайтады.Сұранысты бюджеттік  қаржылар арқылы ынталандыру,60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей,оны күшейтеді.Дегенмен,бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

         Екінші бағыттың авторлары-экономикада   пайда болған кемшіліктерді ақша-несие саясаты арқылы реттуді ұсынады.Реттеудің бұл түрлері үкіметтің тікелей бақылауынан тыс,дербес орталық барк арқылы жүргізіледі.Ол айналымға ақша санын және қарыз пайызының ставкасын өзгертеді.Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құрамы ретінде қолданылады,басқаша айтқанда,экономистердің ойынша,өкімет төлеу қабілеті бар сұранысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Инфляцияға қарсы саясат.


Инфляцияға қарсы  саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. 20-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық эканомикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

      Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады; жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақлау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстар мен бағаның өсүін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақлауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалар өсінің максималдық шегі пайдаланған. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байлансыста болады. Бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: Жалдамалы жұмыстың табыстары тікелейреттеледі, ал пайда жанама түрде баға арқылы реттеледі.

 Әдетте, бақлауды пайдалану  үшін бағалар мен жалақыны  белгілі уақыт мерзімі бойынша  « тұрақты» етіп ұстап отыру  туралы заң қабылданатын. Жаламалы  жұмыскерлер үшін табыстар саясаттың  дискриминациялық дәрежесі жоғары  болады, өйткені мемлекет органдары  және өндірушілер бағадан гөрі  жалақыға бақлау жүргізуді ұнатады. Практика жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақлау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, зкономикада еңбек өнімдерінің өсу автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолюті төмендейді.

      Табыстар  саясатының бір вариантына әлеүметтік  контракт жатады. Бағаның өсуі  мен жалақының арасында тұрақтыкомпромисс  орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтардың арасындағы келіссөз ұйымдастырылады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсылыстарының айтуы бойынша,кәсіпкерлер мен кәсіподақар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен-барынша көп пайда табу-бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркі менорындамайды.

     Заң жүзінде  бағанның өсуіне шектеудің қойылуы,  бағаларын жоғарлату пайдалы  болатын тауарлардың көлеңкелі  нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың  өсүіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету.осыдан басқа, бағаға әкімшілік бақлау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардыңеркін жылжылуынакедергі болады. Нәтижесінде, эканомикада тапшылық жинақтала түседі,тұтынуды нормалау қажеттілігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлермен жумыскерлер үкіметтің Инфляциямен күресуге күші де, қуралдары да жеткілікті деп сенсе, онда бул саясат  Инфляциялық күтімдерде сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің-тауар өндірушілерінің және ресурстар иелерінің- бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Эканомикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Содықтан, бағаға бақлау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.

    Бағаға ықпал  жасаудың жанама әдістеріне монетарлық  және фискалдық саясаттың»дефляциялық»  шаралары жатады.Алғашқыда олар  циклға қарсы саясат көлемінде  қолданған болатын.Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне,есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндеті резервтеренің нормасына бірте-бірте шектеу енгізеді.

   Айналымдағы ақшаның  көлеміне шек қоюдан басқа,мемлекет  фискалдық әдістер арқылы жиынтық  сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік  сатып алуға және инвестицияларға  шек қойып,жеңілдіктерді жойып,немесе,тікелей  және жанама салықтарды өсіріп,амортизиялық реттейтін ережелерді қатайды.

    Инфляцияны төмендету  мақсатымен валюта саясатының  инструменттері пайдалануы  мүмкін:шетелдерден  келетін ақшаға шек қою,ұлттық  валюта курсын көтеру.

    «Дефляциялық»  шаралардың тежеу жасайтын әсері  алдымен эконмикалық өсуді баяулатты  және жұмыссыздықты өсірді,ал  бағалардың төмендеуі елеулі  болмады.Стагфляцияның пайда болуы  дефлияция саясатының кейбір  инструменттерінен бас тартуға  мәжбүр етті.

   Стагфляциямен күресудің  неоклассикалық бағытының балама жолдары бар.Оның мәні:инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін,экономикадағы осы жіне басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

    Филипстің қисық  сызығына рестриктивтік шектеу  монетарлық және фискалдық саясатты  қолданып қалайда қайтып келудің  қажетіне тырысу керек емес,жиынтық  ұсыныстың қисық сызығына тікелей  ықпал ету қажет.Осы үшін қаржылық  және ақша саясатын азғана  өзгертіп,қатал стандартты,мақсатта қаржыландыру мен несиелендіруді,табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады.Соңғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

   Үкімет үшін инфляцияға  қарсы саясат жүргізудің екі  бағыты болады;оны бірте-бірте  ұзақ мерзімді көздеп жүргізу  немесе оны шұғыл жүргізу [«естен тандыру терапиясы»].Барлық жағдай елдің көлеміне,оның экономикасының болмысына,әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына,өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдануына, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси жағдайға және т.б байланысты болады.

     Қазақстанда инфляцияның дамуы «сұраныс пен ұсыныс» инфляцияның әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырды.Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:

   Біріншіден, бюджеттік  тапшылықты қаржыландыру үшін  Орталық банктерден келген несиелерж

    Екіншіден,Орталық  банктің коммерциялық банктерге  несиесі-қайта қаржыландыру үшін  несиелер;

    Үшіншіден,ТМД мемлекеттеріне несие-олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.

    Аталған несиелердің  көздері, негізінде ақша массасы  өскен және инфляция жандана  түскен ақшалай түрдегі базаны  кеңейткен болатын.

      Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыыда инфляцияға қарсы шаралар тек «естен тандыру терапиясының» монетаристік әдістері қолданылды.Бұлар күткен нәтиже бермеді.

     Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық  процестер шаруашылықтың жалпы  құлдырауымен, жкономикалық байланыстардың  бұзылуымен,тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты.Сондықтан ресурстарды жалпы немдеу және бюджет  тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

    Құнсызданудың  [инфляцияның] жағымсыз әлеуметтік  және экономикалық салдары көптеген  елдер үкіметтерін белгілі экономикалық  саясат жүргізуге мәжюүр етеді.Бұл  жерде экономистер ең алдымен  мына сұрақтың жауабын табуға  ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

    Бұл екіұшты  мәселе әр түрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен.Мысалы,АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады.Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемдеу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады [табыстарды индексациялау және т.б.]

   Инфляцияға қарсы  саясатты сипаттағанда,екі әдістемені  бөліп айтуға болады,.Бірінші  әдістеме шеберінде [оны осы  күнгі Кейс теориясының өкілдері  зерттейді.] белсенді бюджет саясаты  жүргізіледі-сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.Инфляция жағдайында мемлекеттік шығындарын қысқартып,салықтарды көтереді.Осының нәтижесінде сұраным қысқарады,инфляция қарқыны төмендейді.Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады.Бұл экономикада дағдарыс  жағдайын қалыптастырып,Орталық банк жұмыссыздықты арттрып жіберуі мүмкін.Ол қоғам үшін инфляцияның тежеудің құны болады.Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағатталады.Егер сұраным жеткіліксіз болса,онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады,субьектілеріне салынатын салық қысқартылады.Бұл бірден жәтиже береді:сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды,жалпы экономикалық өсу басталады.Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей,сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляциясы күшейту мүмкін екн.Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

     Екінші әдістемені  жаңа классикалық бағыттағы экономистер  ұсынады.Олар бірінші орынға ақша  несие арқылы реттеу әдісін  қояды.Бұл әдіс экономика жағдайында  жанама түрде икемді ықпал  жасайды.Бұл саясатты үкіметке  тікелей бағынбайтын Орталық  банк жүргізеді.Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесемін реттейді,сонымен экономикаға ықпал жасайды.

    Басқаша айтқанда,мемлекет  сұранымды шектеу мақсатында  инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі  қажет.Жаңа классикалық экономистердің  айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады,инфляция бақылаудан шығып кетеді.Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді,инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия,қағаз ақша, т.б) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру,қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

   Батыс елдерінде  жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және  қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын  қолдану қажет. Бүл шаралар  жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою  мақсатын көздейді. Ол үшін кез-келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп,тұрғандардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, манаполямен күресу т.б.)нарықтын тиімді қызметін атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауыны қамтамасыз етеді.

  Екіншіден, салықтарды  арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды  қысқарту арқылы бюджеттапшылығы  реттеу іс-шаралары жүргізіледі.  Бюджет тапшылығын орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырыды

  Үшіншіден, ақша  айналымынреттеу іс-шаралары,нақты  айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің  өсуіне шек қою, бұл инфляцияның  өсуін қадағалауға мүмкіндік  береді.

  Төртіншіден, сыртқы  факторлардың әсерін әлсірету. Жеке  алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың эканомикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселесондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

   Қысқа мерзімдік  саясат инфляция қырқынын уақытша  төмендетүге бағытталды.Бұл мақсатта  мемлекет өз иелігіндегі меншік  бөлігін жекешелендіріп, бюджетке  қосыммша түсім түсіреді; акциаларды сату арқылы Инфляциялық сұранымдарды қысқартады;көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін,бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Инфляцияның жалпы экономикалық мәні мен мазмұны