Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 12:37, курсовая работа
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп және тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Депозиттерді сақтандырудың тиімділігінің төмендеуі банктердің де, сондай-ақ салымшылардың да жауапкершілігін төмендетуге алып келетін салымдарды сақтандыру қорының енгізілуі серпінді моральдық тәуекел мәселесімен (dynamic moral hazard problem) байланысты. Салымшылар жоғары проценттік ставкалар ұсынатын жоғары тәуекелді қаржы институттарына қаражаттарын жауапкершіліксіз орналастырып банктің қаржы жағдайын қадағалап отыру ынтасынан айырылады. Салымдарды сақтандыру негізінен тәуекелді банк қызметін ынталандырады. Банктік міндеттемелерге кепілдік беру салымдарды алу қаупін азайтады және банктерге қаражаттар шығынынан қауіптенбестен резервтердің көлемін төмендетіп және өздеріне жоғары тәуекелдерді қабылдауға мүмкіндік береді, яғни сақтандыру жоғары тәуекелді банктерге жасырын субсидия болып табылады. Осылайша депозиттерді сақтандыру банк жүйесінің статикалық тұрақтылығының жоғары дәрежесін қамтамасыз етсе де, бұл тұрақтылық бұзылуы мүмкін, өйткені депозиттерді сақтандыру банктерді жоғары тәуекелдерге итермелейді.
Соңғы жылдардағы әлемдік тәжірибе толық кепілдік беру банк жүйесінің қаржы тұрақсыздығына ұшырау ықтималын ұлғайтатынын көрсетіп отыр. Моральдық тәуекел мәселесі едәуір дәрежеде соңғы екі онжылдық ішінде жүйелік банктік кризистердің туындауына септігін тигізді. Дамымаған құқықтық базаның әсерінен үкімет тәуекелді қызметтің алдын алу үшін пруденциальдық банктік қадағалауды пайдалана алмағандықтан мұндай кризистер бірқатар елдерде болып өтті.
Бірқатар сарапшылар салымдарды сақтандыру жүйесі туындататын бұрмалаулар оны қолданудың артықшылықтарынан асып түседі. Салымшыларды қорғаудың қымбат емес және өте тиімді жолдары бар болса, салымдарды сақтандыру жүйесіне қарағанда соларды қолданған жөн.
Сонымен қатар мынадай мәселе тұр: «Салымдарды
сақтандыру қандай болуы тиіс: мемлекеттік
пе, әлде жекеменшік пе?» Көптеген елдерде
банк салымдарын сақтандыру мемлекеттік
болып табылады, ал сақтандыру қызметін
жекеменшік компаниялар жүргізеді. Жекеменшік
салымдарды сақтандыру жүйесі егерде
дұрыс қаржыландырылса экономикалық тұрғыдан
тиімді, саяси тәуелсіз және икемді болады.
Бірақ жекенменшік сақтандыру институтының
қаражаты жетпеген жағдайда, бәрібір мемлекеттің
араласуының қажеттілігі туындайды. Сонымен
қатар, сақтандырудың жеке меншік жүйесі
қатаң реттеуді және қадағалауды талап
етеді. Мемлекеттік сақтандырудың тартымдылығы
мемлекеттік бюджет жүйесі өміршең болып
және халықтың сенімін тудырарлықтай
болса, салымшылар тарапынан үлкен сенімге
ие болатындығында. Салымдарға кепілдік
берудің мемлекеттік жүйесі көптеген
елдерде қолданылады, тек бірқатар елдерде
мемлекеттік және жекеменшік сақтандыру
жүйелері аралас қолданылады.
3.2 Қазақстан Республикасы
1999 жылдың мамырында Қазақстан
конгресінде Президент Н.
Салымшылардың мүдделерiн қорғаудың
деңгейiн арттыру екiншi деңгейдегi банктерде
депозиттерге кепiлдiк беру жүйесiнiң тиiмдiрек
жұмыс iстеуi нәтижесiнде мүмкiн болды.
Осы мақсаттарға орай 1999 жылдың 5 қарашасында
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының «Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке
тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне)
міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы –өзгертіліп,
2006 жылы Қазақстан Республикасының 2006
жылғы 7 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерде депозиттерге
мiндеттi түрде кепiлдiк беру туралы"
Заңы қабылданды, ол мәжбүрлеп таратылатын
банктiң салымшылары болып табылатын жеке
тұлғаларға депозиттердi қайтарып беру
жөнiндегi сөзсiз кепiлдiктердi айқындайды.
Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсынымдарына
сәйкес кепiлдiк берген өтеудiң ең төменгi
мөлшерi өстi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы
жеке тұлғаларының салымдарына ұжымдық
кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушылар
33 екiншi деңгейдегi банк болып табылады,
халықтың банк секторына деген сенiмi артты,
мұның өзi банктердiң депозит базасының
ұлғаюына себепшi болды, 2004 жылдың басынан
бастап жеке тұлғалардың банктердегi салымдарының
көлемi 73,8%-ға ұлғайып, 2006 жылдың 1 қаңтарына
596,8 млрд. теңгенi құрады. Осы кезеңде салымдарды
қорғау жүйесi депозиттердi сақтандырудың
негiзгi халықаралық стандарттарының барлығына
дерлiк, атап айтқанда ХВҚ және Қаржы тұрақтылығының
форумы ұсынған стандарттарға сәйкес
келедi.
Қордың негізгі міндеті салымшылардың мүдделерін қорғау, атап айтқанда қатысушы-банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымдар бойынша төлемдерді қайтарудың кепілділігі, төлемді қайтару үшін Қордың резервін құру туралы мәселе ең маңыздысы болып табылады. Кепілдік беру ережесіне сәйкес бұл резерв қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарын аудару есебінен құрылады. Қазіргі кезде барлық қатысушы банктер үшін сақтандырылған депозиттер сомасының 0,250% мөлшеріндегі бірдей міндетті күнтізбелік жарна ставкасы белгіленген. Бұл қаражаттан басқа, қажеттілік туындаған жағдайда Қор өзінің жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеге дейін пайдалануға құқылы, сондай-ақ қатысушы банктердің қосымша жарналарын және Үкімет займдарын, Ұлттық банктің немесе басқа ұйымдардың займдарын тартуға құқылы. Займды өтеу таратылатын банктің активтерін қайтару және кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктерден төтенше жарналары есебінен жүргізіледі.
Қазақстанда кепілдік беру жүйесі қалыптасу сатысында, осыған байланысты бұл кезеңде сақтандыру объектісіне тек жеке тұлғалардың теңгемен, АҚШ долларымен және евромен салынған мерзімдік салымдары кіреді. Осылайша ең бірінші кезекте халықтың көпшілігі кіретін және банк қызметінен малғұматы аз санатқа енетін салымшылар болып табылатын ұсақ салымшылардың мүдделері көзделген. Қордың салымды өтеуінің ең жоғарғы сомасы 1 млн. теңге, мұндайда 1 млн. теңгеден асатын салымдар бойынша өтеу сомасы Ережеге сәйкес мынадай схемамен есептеледі:
• 200 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 100%;
• 200 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 200 000 теңге + 200 000 теңгеден астам соманың 80%;
• 400 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 360 000 теңге + 400 000 теңгеден астам соманың 60%;
• 600 000 теңгеден 800 000 теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 480 000 теңге + 600 000 теңгеден астам соманың 40%;
• 800 000 теңгеден 1 млн. теңгеге дейінгі салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 560 000 теңге + 800 000 теңгеден астам соманың 20%;
• 1 млн. теңгеден астам салымдар (депозиттер) негізгі борыш және есептелген сыйақы (мүдде) бойынша - 600 000 теңге + 1 млн. теңгеден астам соманың 10%.
Банктер салымдарға кепілдік беру бойынша барлық шығыстарды банк клиенттерінің салымдары бойынша сыйақы төлемдерін азайту есебінен емес, Қорға күнтізбелік және басқа жарналарды банктің жалпы шығыстарына жатқызу есебінен аудару арқылы жеке жүргізеді.
Қордың отандық банк жүйесінде салымшылардың
сенімін қайтару жөніндегі
Сақтандыру институты әлемдік тәжірибеде
70 жылдан астам жұмыс істеп келеді, кепілдік
беру жүйесі әлемнің жетпіс елінде қолданылуда,
оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция,
Ұлыбритания елдерінде жұмыс істеуде.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бұл салада
көш бастаушы болып отыр.
Қорытынды
Қызметтің негізгі мәселелері тиімді депозиттік саясаттың жеткілікті дәрежеде дайын еместігі мен жүзеге асырылмауы және оның әлемдік экономика деңгейіне – банк жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.
Коммерциялық банктердің қаржы тұрақтылығын нығайту мақсатында тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат тиімді банк саясатының құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады, ал оны қалыптастыру үш кезеңмен жүргізіледі:
• зерттеу кезеңі;
• жоспарлау кезеңі;
• шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі.
Зерттеу кезеңінде банк
депозиттердің қандай түрлері тартымды;
депозиттердің, салымдардың әр түрлеріне
Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша талдау және табысты бағалауды жүзеге асырып, түрлі тәуекелдерді жоспарлап, ұсынылатын қызметтердің ассортиментін және т.б. кеңейтеді.
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңінде белгілі кезең (жоспарлы) ішінде қандай депозиттер көлемі тартылатыны шешіледі. Мұнда қаражаттарды депозиттерге тартудың рәсімі (банк қызметкерлерінің клиенттермен табысты жұмысы, салымдардың түрлері, мерзімдері, артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары) роль атқарады.
Осылайша, депозиттік нарық – қызығушылық тұрақты өсіп келе жатқан қаржы рыногының маңызды және ажырамас бөлігі.
Сонымен қатар, депозиттік рыноктың тұрақты нығаю үрдісі бар:
• банктердің сенімді тұрақтылығына (басқа қаржы институттарымен салыстырғанда);
• проценттік ставкалардың
бәсекелестігімен (басқа салымдармен
• ұсынылатын қызметтердің үлкен тізімімен;
• банк қызметі саласындағы заңның дамуымен (депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу, «Банктік құпия туралы» заң және т.б.).
Банктер арасында салымшылар үшін, сондай-ақ сенімді, тиімді банк мәртебесі үшін бәсекелестік күресі күшейе түскендігі байқалады. Қайта қаржыландырудың ставкасының (бұл күндері 11,5%) артынша одан әрі проценттік ставкаларды төмендету жалғасын табуда.
Банктердің дамуының экономикалық негізі олардың жоғары дербестігі мен өзінің депозиттік және кредиттік саясатын жүргізудегі серпінділігі болып табылады. Осыны ескерегенде банктердің алдында екі міндет тұр:
1. Уақытша бос қаражаттарды
2. Коммерциялық банктердің жеке
депозиттік саясатын әзірлеу үшін қызметтеріне талдау
Депозиттік операциялардың дамуын талдауы депозиттік саясатты (салынатын теңгенің орташа сақтау мерзімін табу және т.б.) жүргізуде кредиттерді беруде оң нәтижелерге жеткізетін математикалық есептеулердің қажеті бар екенін дәлелдеді.
Осы қарастырылып отырған кезеңдегі депозиттік рыноктың даму үрдісін бағамдау мынадай қорытынды жасауға алып келді, инфляция қарқыны бәсеңдеді, бұл банктердің салымдары және депозиттері бойынша табыстылығына қолайлы болды: жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарының ағынын ұлғайтты, ал бұл өз тарапынан инвестициялық ахуалдың оң қалыптасуына жағдай туғызды.
Бұл күндері жеке және заңды тұлғалардың теңге бойынша да, сондай-ақ валюта салымдары бойынша да тұрақты өсу байқалады. Бұл айғақ банктер таңдап алған депозиттік саясаттың дұрыстығын көрсетеді, дегенмен ол әлі толық жетілді деп айту ерте. Біздің банктердің оны жетілдіру қажеттігін түсінгені бұл мәселенің негізгісі, өйткені қазақстандық банктер жинақтаған тәжірибенің және банк жүйесінің зор әлеуетінің бұл мақсатқа жеткізетіні анық.