Депозивтік операция

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 12:37, курсовая работа

Краткое описание

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп және тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Файлы: 1 файл

депозиттік операциялар.docx

— 54.84 Кб (Скачать)

Жеке  тұлғалар үшін ашылған талап етілгенге  дейінгі есепшоттар бойынша міндетті түрде проценттер белгіленеді, бірақ  ол бойынша табыс мерзімдік салымға  қарағанда әрдайым елеулі мөлшерде төмен болады.     

Мерзімдік салымдар бойынша проценттік ставка мөлшерін белгілеу кезінде негізгі фактор қаражат орналастырылған мерзім болып табылады: неғұрлым мерзімі ұзақ болса, соғұрлым процент деңгейі жоғары болады. Ең елеулі мәселе табысты төлеу жиілігі болып табылады: неғұрлым жиі төленсе, соғұрлым проценттік ставка деңгейі төмен болады.     

Салымшыларды  өз қаражаттарын банкке орналастыруға қызықтыру мақсатында банк проценттерді есептеудің және төлеудің әртүрлі жолдарын қолданады.     

Табысты есептеудің дәстүрлі түрі шартта көзделген процентке орай салым  бойынша есепайырысулар және төлемдер белгілі кезеңділікпен жасалады және салымның нақты қалдығының есептеу  базасы ретінде қолданылатын жай  проценттер болып табылады. Әдетте жай проценттер мерзімдері 1 жылға  дейінгі салымдарға есептеледі.     

Жай проценттердің формуласы – S = P*(1+in), мұндағы    

S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;    

Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;     

і – проценттік ставка;    

n -  салым мерзімі.    

Табысты есептеудің басқа түрі күрделі проценттер (процентке процент есептеу) болып табылады. Мұндай жағдайда есептеу кезеңі өтісімен салым сомасына процент есептеледі және алынған көлем салым сомасына қосылады. Осылайша келесі есептеу кезеңінде проценттік ставка табыс базасына есептелген жаңа өскен сомаға қолданылады. Күрделі проценттерді егер салым мерзімінің әрекеті аяқталуы бойынша табысқа нақты төлем жүргізілетін жағдайда пайдалану тиімді.      

 Күрделі проценттердің формуласы  - S = P*(1+i) n, мұндағы    

S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;    

Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;     

і – проценттік ставка;    

n -  салым мерзімі.    

Салымшыларға қаражаттың салымда  сақталудың нақты уақытының прогрессивті өсуіне байланысты проценттік ставканы қолдану тартымды болып табылады. Табысты есептеудің мұндай тәртібі  қаражаттың сақталу мерзімін ұлғайтуды  ынталандырып және салымды инфляциядан  қорғайды.     

Кейбір банктер инфляциялық  шығындардың орнын өтеу мақсатымен проценттерді алдын ала төлеуді  ұсынады. Мұндай жағдайда салымшы қаражатты  белгілі мерзімге орналастыруда  дереу оған есептелетін табысты  алады. Егер шарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда банк салым бойынша проценттерді қайта есептейді және артық төленген сомаларды салым сомасынан ұстап  қалады.     

Қаражат орналастыру мақсатымен банк таңдайтын  салымшы үшін процент көлемін  есептеу тәртібі негізгі фактор (басқа талаптар  тең болғанда) болып табылады. Есептеу кезінде  бір банктер жыл ішіндегі толық күндерге орай (365 немесе 366), ал басқалары сол шамада алынған санды (360) басшылыққа алады, ал бұл табыс көлемінде көрініс табады. Әдетте, елдегі инфляция деңгейі жоғары болса, банктер есептеу кезінде дәл проценттерді, ал инфляция деңгейі төмен болса кәдімгі проценттерді (жылдың шамамен алынған санымен) қолданады.    

 

 

 

 

 

 

 

 2  Қазақстан Республкасы депозиттік ресурстары  

2.1 Депозиттердің банктік  ресурстарды қалыптастыру көзі  ретіндегі мәні 

 

 

    Депозиттер  банк ресурстарын қалыптастырудың  маңызды көзі болып табылады. Олардың  банктегі құрылымы жлжымалы және ақша рыногының конъюнктурасына байланысты қойылған. Дегенмен банк ресурстарын  қалыптастырудың бұл көзіне бірнеше  кемшіліктер тән. Әңгіме негізінен  салымдарға қаражатты тарту кезінде  елеулі материалдық және ақшалай  шығындар туралы, жеке аймақ шеңберінде бос ақша қаражатының шектеулі екендігі жөнінде болып отыр. Сонымен қатар, салымдарға (депозиттерге) қаражатты  жұмылдыру банктің өзіне ғана емес елеулі дәрежеде клиенттерге (салымшыларға) байланысты. Соған қарамастан, кредиттік  ресурстар рыногында банктер  арасындағы нақты күрес оларды депозиттер тартуға жағдай туғызатын қызметтерді  дамыту жөнінде шаралар жасауға  мәжбүр етеді.     

Уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру  – бұл коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық бірінші қызметі. Банк пассиві  жеке капиталдан және тартылған қаражаттан тұрады. Жеке капитал – банктің  барлық ресурстарының бар болғаны 10%-ін құраса да, банктің кредиттік  ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Басқа кәсіпорындарға қарағанда қаржы ресурстарының  құрамында жеке капиталдың төменгі  деңгейде болуы мынамен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржы рыноктарында басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша сомаларын  депозиттер түріндегі сомаларды  қаржы делдалы ретінде жұмылдырады. Мұндайда олар оны тиімді басқарады, яғни олардың сақталуын қамтамасыз етеді және пайда табу үшін заемшыларға  несие береді. Екіншіден, банктер  тартатын депозиттер жылдам жылжымалы, жоғары өтімді және басқа кәсіпорындардың  материалдық объектілерге орналастырылған  активтеріне (жабдық, үй-жай және т.б.) қарағанда рынокта жылдам сатыла алады.     

Бұл міндеттемелер коммерциялық банктерге  жеке капиталы мен тартылған ресурстар  арасындағы аз қатынасқа қарамастан басқа кәсіпорындармен салыстырғанда  өз міндеттерін жүзеге асыруға және қалыпты қызмет етуге мүмкіндік  береді. Жеке капитал – бұл банктің  қорғанатын-кепілдік қоры. Осылайша жеке капитал банктің маңызды, міндетті түрде қажетті қоры болып табылады. Оның банк қаражатының құрылымында  банктің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі  және оның тиімді жұмыс істеуіндегі  ролі үлкен болып табылады.      

Банктер өздерінің белсенді операцияларын  жүргізу үшін тартылған қаражаттың есебінен ақша қорларының 90%-тен астамын  пайдаланады, яғни банктер өздерінің  клиенттерінің уақытша бос ақша құралдарын жинақтайды. Әдетте осы  қаражаттың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер деп жинақтау ақшаларынан  басқа барлық мерзімді және мерзімдері белгіленбеген банк клиенттерінің  салымдарын атаймыз. Банктердің ақша құралдарын салымдарға (депозиттерге) тартып оларды табысты орналастыру мақсаты  жөніндегі жұмыстарды депозиттік операциялар  деп аталады. Дәл осылардың негізінде  коммерциялық банктердің кредиттік  қорларының негізгі бөлігі құрылады.     

Депозиттік  операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:    

• депозиттік операциялар банктік  табыс табуға немесе келешекте табыс  алу жағдайларын жасауға көмектесуі тиіс;    

• банк балансының оперативтік өтімділігін  ұстау мақсатымен икемді депозиттік саясат жүргізілуі тиіс;    

• депозиттік операцияларды ұйымдастыру  барысында банк балансының өтімділігін  өте жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін  мерзімді  салымдарға аса көңіл аудару қажет;    

• депозиттік операциялар мен мерзімдері және сомалары бойынша несиелер беру жөніндегі операциялар бойынша өзара байланысы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету қажет.  
    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2 Қазақстан Республкасындағы  депозиттік ресурстар  
     

Қорландырудың сыртқы көздері болмағандықтан, депозиттердің  қорландырудың негізгі көзі ретіндегі  ролі елеулі болып қалуда.    

2010 жылы банк жүйесіндегі депозит  базасының өсуі байқалды. Мәселен,  резиденттер депозиттерінің көлемі 2010 жылдың 11 айында 13,3%-ға 7451,3 млрд. теңгеге  дейін көтерілді, бұл ретте  заңды тұлғалардың депозиттері  13,4%-ға, жеке тұлғалардікі 13,2%-ға өсті. 2010 жылдың 11 айында шетел валютасындағы  депозиттер 8,1%-ға 2640,6 млрд. теңгеге  дейін төмендеді, шетел валютасындағы  депозиттер 30,0%-ға 4810,7 млрд. теңгеге  дейін ұлғайды.     

Банктерді қорландыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың  мүдделерін қорғау базасын қалыптастыру кезінде ішкі қаржы көздерінің тұрақтылығын көтеру мақсатында 2010 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-н ірілендіруді 11 млрд. теңгеге ұлғайтты. «Қазақстанның  депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның  жарғылық капиталы енді 121 млрд. теңгені  құрайды. Бұл шара банктердегі халықтың да, заңды тұлғалардың да депозиттерінің одан әрі тұрақты өсуіне ықпал  ететін болады.  

2010 жылдың қортындысы бойынша 2011жылдың 1 қаңтарында клиенттердің салымдары 821,4 млрд. теңгеге немесе 13,7% - ға өсті. Клиенттер салымдарының негізгі үлесін заңды тұлғалардың салымдары құрады. Заңды тұлғалардың депозиттер үлесі – 67,0% ,ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі – 33,0% ды құрады. Заңды тұлғалардың салымдары жыл басынан 12,5%-ға, жеке тұлғалардың салымдары 16,2%-ға өсті .           

     

Қай мерзімде болмасын заңды тұлғалардың  депозиттерінің үлесі жеке тұлғалардың  депозиттерінен артық. Бұл өз кезегінде халықтың әл ауқатының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.     

Егер  алдыңғы жылдары клиенттердің шетелдік валютасындағы салымдарының өсу  динамикасы байқалса, онда 2010 жылы валюталық  салымдардың үлесі 10,5 пайыздық тармаққа 47,7%-дан 37,2%-ға дейін қысқарғанын  атап көрсету керек. 

       Заңды тұлғалардың жəне жеке тұлғалардың  салымдары құрылымында ең үлкен  үлес салмағын мерзімді салымдар алады 

жəне жиынтық салымдардың 67,9% құрайды.  
       Клиенттер салымдарының үлесі 47,9%-дан 63,7% -ға дейін  өсті, айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың үлесі 4,3 пайыздық тармаққа өсіп, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14,7% болды. Бұл ретте арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары үлесінің елеулі азайғаны байқалады, ол 2010 жылы 14,3%-дан бастап 0,2%-ға дейін қысқарды, тартылған заемдардың үлесі 4,7 пайыздық тармаққа төмендеп, жыл аяғында 6,4% құрады.    

Есепті  жылда ЕДБ міндеттемелері 1 821,6 млрд. теңгеге немесе 14,5% азайып, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 715,2 млрд. теңге құрады. Бұл ретте банк секторының шетелдік валютамен номинирленген  міндеттемелері 53,8%-дан 44,3%-ға дейін  қысқарды.    

Депозиттік  нарықтың жалпы көлемінің өсуіне біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының кепіл беру мөлшерінің талап  етілетін салымдарға қарағанда жоғары болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін мерзімді депозиттер бойынша банктердің ынталандыру құралдарын пайдалану, оның ішінде пайыз мөлшерлемесінің  талап етілетін салымдармен салыстырғанда  жоғары белгіленуі жатады.     

Депозиттік  нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі  факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ доллорына қатысты  нығаюы, халықтың салымдарынан ұжымдық  кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсуі ықпал етуде.  
  
  
  
  
  
  
  
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Депозиттерді басқаруды  жетілдіру механизмі 

3.1 Депозиттерді сақтандырудың  әлемдік тәжірибесі     

 

Халықтың жинақ ақшасы кез келген мемлекеттің ішкі инвестицияларының  негізгі көзі болып табылады. Мемлекет оны екі негізгі жолдармен: бағалы қағаздар рыногы және қаржы мекемелері арқылы жұмылдыруға тырысады. Бағалы қағаздардың ролі өсе түскен қазіргі кезде халықтың жинағын тартуда банктер алда келе жатыр.     

Мұндайда елдің барлық қаржы  жүйесінің арқауы болып табылатын  банк жүйесін нығайту өте маңызды.     

Банк  жүйесінің қызметтері сан-алуан – ол ақша-кредит саясатын, тәуекелдерді бағалау, есепайырысуларды жүргізу жұмыстарын атқарады. Сонымен бірге, бұл жұмыстар банктерді өз қызметтерінде тәуекелдерге итермелейді. Тәуекелдер мәселелерінің алдын алу мақсатымен бірнеше елдерде банктердің өзіндік қауіпсіздік жүйесі жасалған, атап айтқанда банк жүйесіне салымшылардың мүдделерін қорғау жөніндегі құрылым енгізілген, бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың бірі болып табылады. Бұл құрылым - халықтың банктердегі салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі.    

Дегенмен, халықаралық тәжірибе көрсеткендей депозиттерді сақтандырудың дұрыс  жасалмаған жүйесі банк секторының тұрақтылығына  жағдай туғызбайды, қайта қаржы жүйесінің  тұрақтылығына қауіп төндіреді. Депозиттерге кепілдік беру әлеуметтік мақсаттарды (ұсақ жеке салымшыларды қорғау) және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету (банктерден салымдарды жаппай алудың және дүрбелеңнің алдын алу). Мұндайда, көптеген елдерде соңғы кездері  алапат толқын тәріздес, өзінің табиғаты бойынша тиімсіз банктік салымдарды жаппай алудың қаупіне қарағанда  тым жоғары тәуекелді және спекуляциялық  операциялардың нәтижесінде туындайтын банкроттық мәселесі маңызды болып  отыр. Мысал ретінде 1990 жылдардағы Швеция, Мексика, Чили және Норвегия, сондай-ақ банктік бақылауы және реттеуі тиімсіз көшпелі экономикасы бар басқа елдерде болып өткен  банктік кризистерді келтіруге болады. Көптеген банктердің төлем қабілетсіздігімен қоса қабат жүретін жүйелік банк кризистері Болгария, Венгрия, Латвия, Литва мен Румыния елдерінде орын алды.      

Салымдарды  жаппай алудың алдын алу және кризиске ұшыраған банк жүйесін тұрақтандыру үшін бірқатар елдер салымдарды мемлекеттік  қорғау туралы жария етіп депозиттерді сақтандыруды жедел енгізбекші болып  көрді.     

Бірақ кепілдік берілетін салымдар жағдайы  ауыр банктерде болып, ал оларды бақылаудың жоқтығы кризисті және оның салдарларын  ұлғайта түсті. Егер депозиттерге кепілдік беру күшті банктік кризис жағдайында сақтандыру жүйесінің бір қалыпты  жұмыс істеуіне әсер ететін, бір  жағынан тиімді банктік қадағалау, екінші жағынан – тиісті қаржыландырумен  қолдау көрсетілмеген кезде бұл  жүйе банкроттыққа ұшырайды.     

Информация о работе Депозивтік операция