Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:57, реферат

Краткое описание

Банкроттық — қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс-әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ...............
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме
I.II Банкротқа ұшырау жолдары
ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ...........................................................................................................
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
ІІІ. БӨЛІМ. БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ......................................................................................
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................

Файлы: 1 файл

Банкроттық реферат копия.doc

— 102.00 Кб (Скачать)

    Банкроттық  кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының  шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.

    Банкроттықтың  пайда  болуының  негізгі  себептер келтірейік:                                                                      

    1. Шаруашылық жүргізу  жағдайын  жасаудың объективті себептері:

    - экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын   базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;

    - инфляцияның аса жоғары деңгейі;

    -  фирманың құнды қағаздарының  нарықтық құнының төмендеуі;

- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.

    2. Шаруашылық жүргізуге тікелей  қатысты субъективті себептер:

    -   банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;

    - жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс   зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;                                                                

    -   өндіріс көлемінің төмендеуі;

    -   ұқсас, бірақ сапасы жоғары  өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;           

    -   ақталмаған жоғары шығындар;

    -   өнімнің төменгі рентабельділігі;

    -   өндіріс циклінің өте көлемді  болуы;                      

    -   үлкен қарыздар мен өзара төлей  алмаулар;

     ескі басқарма   басшьшарының   нарықты   құруға   бейімделе   алмауы,   сұранысы   жоғары   өнімдерді шығаруда    іскерлік    көрсетпеуі,    инвестициялық,     бағалық,   қаржылық   саясаттың   тиімдісін   таңдай алмауы.

    Кәсіпорындардың   жаппай   банкроттыққа   ұшырауы жағымсыз әлеуметтік  қиындықтарға  соқтыруы  мүмкін, сондықтан    нарықтық    экономикасы   дамыған    елдерде, оларды   толық   күйреуден   қорғау   мен   алдын   алудың белгілі механизмі қалыптасқан.

    Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:

    - банкроттықты құқықтық реттеу;

    - кәсіпорынның    банкроттығы    жайында   акті жүзеге   асыруға   шешім   қабылдау   процесте нормативтік-әдістемелік,  экономикалық,  ұйымдық қамтамасыз етілуі;                                              

    - перспективалы  тауар  өндірушілерді  қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;

    - қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;

    - банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;

    - кең   ауқымды   қоғам   үшін   банкроттар   жайында ақпараттардың   жариялылығын   қамтамасыз   ету, төлем    қабілеті    жоқ    кәсіпорындардың    тізімін жүргізу.

    Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

    Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы  туралы шешімі ерікті немесе еріксіз  түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің  сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.

    Банкроттық  жайында кредитордың өтінішпен  сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.

    Кредитордың    борышкерге    қойған    талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.

    Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.

    Кәсіпорынның  банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенден-пияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің темендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.

    ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА    ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ

    ІІІ.І  Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны       болдырмаудың қаржылық ағымдарын  талдау

    Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып   табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының қажетті   көлемдерін  және  мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

    Қаржы  қаражаттарының  қозғалысын  немесе кар ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:     

    -   кірістер;

    -   шығындар (немесе «төлемдер»);

    -   олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);              

    - нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топтастырылған    «сальдо»),  шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.

    Егер  болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

    Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.

    Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі  елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

    Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты кез-келген  кезде  қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады.

    Төлем  қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табы тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді. 

    ІІІ.ІІ Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін     қалпына келтіру шаралары

    Қаржылық  ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.

    Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың  барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:

    а)  қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін  сату;

    ә) басы  артық тауарлы-материалдық  қорлардан құтылу;

    б)  жарғылық капиталды өсіру;

    в)  айналым  қаражаттарын толтыру  үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды  алу;

    г)  шығындарды қысқарту бағдарламасын  жасау және жүзеге асыру;

    ғ) активтерді басқаруды жақсарту;

    д)  қайтарылмайтын   немесе   қайтарылатын   негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

    Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

    Үшінші  бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдамдығы банкроттықтан сақтайды. 
 
 
 

                                                 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

    Мемлекет  пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

    Мемлекеттік кредитжалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.

    Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілігінде және ақылығында. Алай»да бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәспорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

    Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

    Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

    Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.

    Қарыздар  бойынша Қазақстан Республикасының  атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

Информация о работе Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау