Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 20:57, реферат
Банкроттық — қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс-әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді.
КІРІСПЕ.................................................................................................................
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ...............
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме
I.II Банкротқа ұшырау жолдары
ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ...........................................................................................................
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
ІІІ. БӨЛІМ. БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ......................................................................................
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ...............
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме
I.II Банкротқа ұшырау жолдары
ІІ БӨЛІМ.
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ
САЯСАТЫ.......................
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
ІІІ. БӨЛІМ.
БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ
АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ........................
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау
III.II
Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның
төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Банкроттық — қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс-әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін, яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егер де төлем қабілетсіздігін айқындап сотқа борышқордың өзі арыз жазса, банкроттық "ерікті" деп аталады, ал арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе, банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.
Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР "Азаматтық Кодексінің" 52-57-баптарында, "Банкроттық туралы" заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес банкрот ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңды тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады.
Қазіргі
уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды
мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған
нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың
жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы
елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы
мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық
қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды
жалпы күйреуден қорғауға бағытталған
белгілі бір механизмдер қалыптасқан.
Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің
біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу
жатқызылады.
І БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ
I.I Банкрот туралы жалпы түсініктеме
Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген банкроттық туралы соңғы заңның күшіне енгеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты. Әрине, бұл уақыт оның жағымды (күшті) және осал (әлсіз) тұстарына баға беруге, тәжірибеде қолдану кезінде байқалған ол қылықтарын атауға мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.
Банкроттық институты ең алғаш орта ғасырларда сауда құқығы институты ретінде пайда болып дами бастады. Ол сол замаңғы тауар-ақша қатынастарының қарқындалуымен тікелей байланысты болды. Бұл институттың субъектілері - саудамен айналысатын жеке тұлғалар болған. Ал жеке кәсіпкерлерді олардың бірлестіктері - сауда серіктестіктері алмастырған кезде, арнайы заңның күші сауда құқығындағы заңды тұлғаларға да таратыла бастады.
Дәрменсіздік (банкроттық) мәселелерін реттейтін алғашқы заңдардың шығу тарихы XV ғасырдың ортасына жатқызылады. Ол кездің заң шығарушысы негізінен қылмыстық сипаттағы қатаң нормаларды қолдана отырып тауарлық айналымға әсер етуді көздеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, дәрменсіз борышкерлерге қолданылатын ең қатаң шаралардың өзі банкроттық қатаң болуды тия алмады.
Бірте-бірте азаматтық-құкьқтық сипаттағы нормалардың саны ұлғайып, дәрменсіздікке байланысты заңнамалардың мақсаты әжептеуір өзгеріске түсіп, олар барған сайын өркениеттілік сипатқа ие бола бастады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы банкроттық туралы заңнамалар-банкротқа ұшырағаңдардың мүлкін олардың кредиторларына үлестіріп беру үшін оны қолма-қол ақшаға айналдыруды негізгі мақсат ретінде көздеді. Сонымен қатар, бұл заңдар адал борышкерлерді коммерциялық сәтсіздіктерден пайда болған міндеттемелері мен қарыздарынан құтқара отырып, бәрін қайта бастауға мүмкіндік беруді де мақсат етті.
Сонда қарап отырсақ, заң - ол әрқашан да, тіпті прецеденттік құқық қолданылатын мемлекеттерді қоса алғанда дәрменсіздікті құқықтық реттеудің бірден-бірқайнар көзі болып табылған.
Отандық құқықтық жүйеде банкроттық институтының пайда болуын ел экономикасының 1990 жылдары нарықтық қатынастарға көшуімен байланыстыруға болады. Нарықтық экономикада банкроттық рәсімдерінің рөлі мен оның құқықтық реттеу мәселелерінің маңызы өте зор:
- біріншіден, нарықтық қатынас жағдайында банкроттықты экономиканы сауықтыруға бағытталған және де кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін қорғайтын құрал ретінде қарастырсақ;
- екіншіден, банкроттық - нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс;
- үшіншіден, өтпелі кезең тұсында банкроттық көптеген мәселелердің (өндірістің өсуі, төлемсіздік, т.б.) өз шешімін табуына әсер ететіндіктен, ол ұлттық өндірісті қорғаудың құрамды бөлігі болып табылады.
Жалпы алғанда, банкроттық мәселелерін қарастырғанда анықтауға жататын ең басты сұрақтардың бірі – банкроттық ұғымының түсінігі. Түп негізі Италиядан шыққан банкроттық термині - тікелей аударғанда "бұзу" деген мағынаны білдірген.
Г.Шершеневич банкроттық деп меншік иесінің барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіздігін көрсететін, арнайы куәландырылған оның мүліктік жай-күйін қарастырған.
Сондай-ақ Т. Мухамбетов пен А. Нукушевтің көзқарастары бойынша банкроттық ұғымынан ықтауда заңдылық (құқықтық) және экономикалық (қаржылық) бағыттарды ұстанған.
Бүгінде көбіне сол құқықтық бағытты көп кездестіреміз. Оның себебі - банкроттық заңының ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жалпы банкроттық мәселелерін жүйелендіретін бірден-бір нормативтік акт болуынан да шығар. Бұл бағыт бойынша қысқаша айтқанда банкроттық - ол тек сотпен ғана қуатталған дәрменсіздік.
I.II Банкротқа ұшырау жолдары
Ал экономикалық бағыттың өзі макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме - нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме - фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.
Ал ресейлік экономистер банкроттықты анықтау үшін, алдымен оған ұшырау себептерінің екі категориясын (ішкі және сыртқы) ашып көрсетеді. Олар ішкі себептеріне – экономикалық, саяси, демографиялық алғы шарттармен басқа да факторларды жатқызса, ал керісінше сыртқы себептеріне - халықаралық нарықта бәсекелестіктің күшеюі, ғылым мен техниканың дамуы және тағы басқаларын жатқызды.
Банкроттық ұғымын "өтеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы - конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.
Бірінші жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі" өлшемі бойынша борышкердің дәрменсіздігі туралы тұжырым тек салық немесе басқа да міндетті төлемдерді және несие берушілердің несиелерін борышкердің кері қайтара алмауы – оның қажетті мөлшерде тиісті мүлкі болмағандықтан деген болжамдардан тұрса, ал екінші жағдайда, яғни "төлемсіздік" өлшемін қолданған кезде борышкерді дәрменсіз деп табуға оның төлем қабілеттілігі жөнінде қандай да болмасын болжамдар емес, керісінше нақты мүліктік жағдайы ескеріледі.
Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі) - ол "дәрменсіздік" екендігі айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының заңнамасында банкроттық ұғымының анықтамасы "Банкроттық туралы заңның 1-бабында және де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52-бабында берілген. Яғни банкроттық - бұл борышкердің сот шешімімен танылған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де банкроттық қатынастарын реттеуге байланысты баптар (21,52-57) қарастырылған.
Осы кодекстің 52-бабында: "Борышкердің дәрменсіздігі деп - жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі", — деген анықтама берілген.
Заң
талаптарына сәйкес кредитордың борышкерге
талаптары борышкерді банкрот деп тану
туралы хабарландыру жарияланған кезден
бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей
мәлімделуі тиіс (71-бап 1-бөлігі). Бірен-саран
жағдайларда кейбір кредиторлар осы норманың
талабын сақтамастан, заңмен берілген
екі ай мерзім өтіп кеткеннен соң, өз талаптарымен
конкурстық басқарушыға өз өтініштерін
қанағаттандыру туралы жүгініп жатады.
Осы жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлардың
талаптарын қанағаттандырудан, не оны
қараудан бас тартқан жағдайда кредиторлар
тарату балансын бекіткенге дейін конкурсты
басқарушыға талап қойып сотқа жүгінуге
құқылы. Сондықтан да банкроттық ісі көлемінде
қаралуға тиіс кредитолардың шексіз талаптарының
шеңберіне заңмен нақты шек қойылуы тиіс.
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.