Бағалы кагаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:09, реферат

Краткое описание

Менің рефератымның тақырыбы: «Бағалы қағаздар». Жалпы рефератым бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсам: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер. Негізгі бөлімде бірнеше тарау қарастырылған. Рефератымда бағалы қағаздар мен оның түрлері және облигациялардың түрлері, бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.

Оглавление

І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздар нарығы
2. Бағалы қағаздардың түрлері
3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Үшіншіден, инфляциялық  үдеріс мемлекеттің  берешегі проблема-ларын  шиеленістіреді.

 

 

 

3.  Инфляцияға  қарсы саясат шаралары

 Инфляция кезінде  мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы  болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе  инфляцияға  бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде  жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың  қосымша  көздерін іздестіреді және т.с.с.

2) инфляцияны төмендету  немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі  шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институттық, моральдік-адамгершілік сфераларының  әр түрлі жақтарына  әрекет етуді қамтиды десекте  олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын  жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың  біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі  шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат мемлекеттің шығындарын  азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауырпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-кредит  және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты  – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен қосарлас  бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі  әдістерін кіріктіреді:

    1. Орталық банктің қолма – қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы  айналыстағы  ақша массасының  ауқымын азайту.
    2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға  қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған  кредиттер үшін  қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
    3. Кредит мультипликаторын  қысуға және коммерциялық банктердің  кредиттік экспансиясын  шектеуге жету үшін  Орталық банктің  коммерциялық банктерге  резервтік талаптарын арттыру.
    4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің  кредиттерін  тікелей қысқарту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осы рефератымды қорытындылай келе мен инфляцияның бізге қайдан келгені, не мағына беретіндігі, инфляцияның түрлері, инфляция құбылысы қаржылық факторларға тәуелділігі, инфляциялық факторлар және инфляцияға қарсы шаралар туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырдым.

       Инфляция  – ақша жүйесінің дағдарысты  жай-күйі.

Инфляция – бұл  ақша  айналысы заңының  бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы  өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

Бірінші бөлімде мен  инфляцияның тарихына шолып кеттім және де инфляция және оның түрлеріне  толықтай мағынасын ашып жаздым.  

Екінші бөлімде инфляциялық  факторлар және әр факторларына тоқталып мағынасын ашып қарастырдым.

Соңғы үшінші бөлімде  инфляцияға қарсы саясат шаралары жөнінде  және әр саясатқа толық сипаттама  беріп, мағынасын ашып жаздым. Мысалы, дефлециялық саясат, кірістер саясаты  және тағы басқа.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Ресми газет №21,22  Алматы 2004ж.

 

  1. 2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

  1. Р.Аимкулов, А.Оспанов «Мемлекеттік бюджет» дәріс конспектілері. Семей 2004 жыл .

 

  1. С.Әкімбеков, А. Баймұхаметова, У.Жанайдаров «Экономикалық теория» оқу құралы  Астана 2002 жыл .

 

  1. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М. Есқалиев, Е.Жатқанбаев, С.Досқалиев «Экономикалық теория негіздері» оқулық  Алматы 1998 жыл .

 

  1. Н.Әпсәләмов, Қ.Исабеков, Ө.Сұлтанов «Экономикалық теория негіз- дері» оқу құралы Алматы 1998 жыл .

 

  1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 жыл .

 

  1. Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл .

Информация о работе Бағалы кагаздар