Бағалы кагаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:09, реферат

Краткое описание

Менің рефератымның тақырыбы: «Бағалы қағаздар». Жалпы рефератым бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсам: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер. Негізгі бөлімде бірнеше тарау қарастырылған. Рефератымда бағалы қағаздар мен оның түрлері және облигациялардың түрлері, бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.

Оглавление

І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздар нарығы
2. Бағалы қағаздардың түрлері
3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Боналар-мемлекеттік қазынашылық,муниципалдық органдар, мекемелер,  фирмалар шығаратын және ұстаушылар сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.

Бүгінде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: ұлттық банктің  қысқа мерзімді ноталары, қаржы министрлігінің бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ; МЕУКАМ, МАОКО және басқалар), муниципалдық бағалы қағаздар.

Ұлтттық банктің  қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 1 жылға дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады.Олар ақша-кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕККАМ) сатып алу-сату операциясы болып табылады,ал МЕККАМ-ды сатып алу-сату келісімшарты мен рәсімделеді.Айналыс мерзімі -3,6,9,12 ай

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық  міндеттемелер (МЕОКАМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады,республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар рыногында еркін айналыста болады.Олардың айналыс мерзімі -1 жылдан жоғары, 5 жылға дейін қоса алғанда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы.

Бағалы қағаздардың  эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды,облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар, облигацияларын шығару) шығаруы мүмкін.

Бағалы қағаздарды айналысқа шығару эмиссия – бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне-инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.

Бағалы қағаздардың:

1. акционерлік қоғам  құрған кезде және акцияларды  оның құрылтайшылары арасында  орналастырылған кезде;

2.  акциялар шығару  жолымен акционерлік қоғамның  бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;

3. облигациялар және  басқа борыштық жолмен мемлекет, заңи тұлғалар, жергілікті қаражаттар тартқан кезде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы рефератымды қорытындылай келе мен бағалы қағаздар мен оның түрлері және облигациялардың түрлері, бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы туралы және тағы бірнеше мәселелерді қарастырдым.

«Бағалы қағаздар» ұғымы  бірқатар есеп айырысу-шаруашылық операцияларын: чектерді, коносаменттерді, варианттарды қамтиды. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар.

Рефератымның бірінші  бөлімде мен бағалы қағаздар және олардың қаржы рыногындағы маңызды  орын алатындығы, бағалы қағаздарға не жататындығы жайындағы мәселелерді  қарастырдым.

 Екінші бөлімде  бағалы қағаздардың түрлері мен  қызметі және барлық түрлеріне  толықтай тоқталып, мағынасын ашып  жаздым.

Соңғы үшінші бөлімде  бағалы қағаздардың шығарылымы мен  айналысы және оның эмиссиясы, бағалы қағаздардың айналысқа шығару эмиссиясы туралы мәселелерді  қарастырдым. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Ресми газет №21,22  Алматы 2004ж.

 

  1. 2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 

 

  1. Р.Аимкулов, А.Оспанов «Мемлекеттік бюджет» дәріс конспектілері. Семей 2004 жыл .

 

  1. С.Әкімбеков, А. Баймұхаметова, У.Жанайдаров «Экономикалық теория» оқу құралы  Астана 2002 жыл .

 

  1. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М. Есқалиев, Е.Жатқанбаев, С.Досқалиев «Экономикалық теория негіздері» оқулық  Алматы 1998 жыл .

 

  1. Н.Әпсәләмов, Қ.Исабеков, Ө.Сұлтанов «Экономикалық теория негіз- дері» оқу құралы Алматы 1998 жыл .

 

  1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 жыл .

 

  1. Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: “Инфляция және оның түрлері”

 

 

 

                     Орындаған: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары

 

І.   КІРІСПЕ 

ІІ.  Негізгі бөлім                                             

1. Инфляция және оның түрлері

 

2.  Инфляциялық факторлар

                                      

3.  Инфляцияға қарсы шаралары

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                          

 

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                     

 

                                                                                                      

 

 

 

 

 

                                                 КІРІСПЕ

         Менің рефератымның тақырыбы: «Инфляция және оның түрлері» болып табылады. Жалпы рефератым бірнеше бөлімдер қарастырылған, атап айта кететін болсам: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер. Негізгі бөлімде бірнеше тарау қарастырылған. Рефератымда инфляцияның бізге қайдан келгені, не мағына беретіндігі, инфляцияның түрлері, инфляция құбылысы қаржылық факторларға тәуелділігі, инфляциялық факторлар және инфляцияға қарсы шаралар туралы  және тағы бірнеше мәселелерді қарастырамын.

Рефератымның мақсаты  – инфляцияның мәні мен маңызын ашу, және оның негізгі түрлері,  қағидаттары, бағыттары, факторлары мен инфляцияға қарсы шараларын таныстыру болып табылады.

Бірінші бөлімде мен инфляцияның тарихын шолып кетіп және де инфляция және оның түрлеріне толықтай мағынасын ашып жазамын.  

Екінші бөлімде инфляциялық факторлар және әр факторларына тоқталып мағынасын ашып қарастырамын.

Соңғы үшінші бөлімде инфляцияға қарсы саясат шаралары жөнінде және әр саясатқа толық сипаттама беріп, мағынасын ашуға тырысамын

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1.  Инфляция және оның түрлері

 

 «Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың  орта шенінде пайда болды  және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865 ж.ж.) қағаз долларының («гринбергтердің») қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ, Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда  бірінші дүниежүзілік  соғыстан кейін  кеңінен таралды, ал бұрынғы  кеңестік экономикалық әдебиеттерде  ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

Инфляция – ақша жүйесінің  дағдарысты жай-күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

  • айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
  • қолайсыз төлем балансы;
  • үкіметке сенімнің жоғалуы.

Инфляцияның іс-әрекетін  қаржы проблемаларымен  байланыстырып  отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға  тәуелді болып келеді:

  • белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
  • инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
  • мемлкеттік берешектің көлемі.

Инфляцияның ішкі және сыртқы  факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополиялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекет қаржысының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарынң өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны  экспортқа шығаруға бағытталған  мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару  инфляцияның  сыртқы факторлары болып табылады.

Сөйтіп, көп факторлы үдеріс ретінде  инфляция – бұл  ақша  айналысы заңының  бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы  өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі. Инфляциялық үдерістің  қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынадай критерийлер бойынша ажыратады:

Бағалар өсуінің  қарқыны  бойынша:

  • баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік  тәуекел болмайды;
  • өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
  • Әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

Бағалар өсуінің теңгерімділік  дәрежесі бойынша:

  • Теңестірілген және теңестірілмеген инфляция; 

Теңестірілген инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңестірілмеген инфляция кезінде олардың бір-біріне  арақатысы өн бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;

Болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

  • Күтілген және күтілмеген;

Шығу немесе пайда  болу орнына қарай:

  • Импортталған және экспортталған;

Сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға  шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның  өзара байланысын инфляцияның екі тұрпатй бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Инфляциялық  факторлар

Нарықтық экономика  кезінде қаржы инфляциялық үдеріске бірқатар фарторлар арқылы айтарлықтай  әсер етеді ( инфляциялық үдерістерді  күшейте түседі).

Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуіне әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының  көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен салықтық түсімдер қажеттіліктен артта қалып қояды. Мұның өзі сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа  ұрындырады. Бұл белгілі бір салық нысандары  мен әдістеін қолдануды қажет етеді.

Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі  арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы  бағаның  көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындарының  неғұрлым өсуімен байланысты). Бұл инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы  қаржыландырудың ауқымын реттеуді, мемлекеттік бюджет бюджет тапшылығын жабудың әдістерін қарастыруды қажет етеді.

Инфляция да қаржылық катынастарды өзгеріске ұшыратады.

Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы  ресурстарын  құнсыздандырады және салықтық түсімдерді  арттырудың  қажеттігін тудырады.

Информация о работе Бағалы кагаздар