Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:16, реферат
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Ғасырлар бойы тексеріліп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалім ешуақытта да оқу мен тәрбиеде жоғары сапаға жете алмайды. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие үдерісінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
І. Кіріспе.......................................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саналылық және белсенділік принципі.........................................................................6
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі........................................................................................8
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі.............................................................................10
2.4 Беріктік принципі.............................................................................................................14
2.5 Түсініктілік принципі......................................................................................................15
2.6 Ғылымилық принципі....................................................................................................17
2.7 Көңіл-күй принципі.........................................................................................................18
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі......................................................20
ІІІ Қорытынды...........................................................................................................................22
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................23
- Оқу материалдары, оқу әдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының ұнамды көңіл-күй молшылығын пайдалану.
- Оқушыларды жаңа материалды жарқын көңілмен қабылдауға дайындау.
- Қызығушылыққа кедергі болар жәйттерден сақтаныңыз, ол үшін жаттанды материалдарды кемітуге, құрғақ сөзді жұмыстарды қысқартуға, сабақ қарқынын бәсеңцетуге, жұмыс ұйымдастырудағы келеңсіздіктерге, мадақтау мен бағалауда бір формаға танылып қалмауға, бала толғаныстарының еленбеуіне жол бермеңіз.
- Балалардың шынайы табыс толғанысын басынан кешіп, оның нәтижелерімен қуантудың қамын жасау.
- Жақсы орындалған жұмыстан алған қанағат сезімін бекіту.
- Қатынас тілінің шабытты, бейнелеу мәнерлілігі, сөз көркемдігі, әсемдігі мен тазалығына мән беріп, қадағалау.
- Тосын, еліктіргендей тәсілдермен балаларды оқу тапсырмаларына қызықтырып, олардың көңіл көтеріңкілігін қамтамасыз ету.
- Мүмкін болғанынша дәрістер мен сыныптан тыс сабақтарды табиғат аясында өткізу.
- Сабақ барысында, сыныптан тыс оқу жұмыстарында жағымды көңіл-күй шарттарын жасау үшін ән-күйді пайдалану.
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі
Бұл принциптің негізіне дәстүрлі философияның ақиқат пен танымдық қызметінің дерек көзі - тұрмыс және іс-әрекет екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмірдің өзінен тәжірибемен бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан әулетті, белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие үдерісінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
Оқудың өмірмен ұштастық принципін іске асыру негізі - теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тәжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:
- Мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық-тарихи үдеріспен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дәлелдеу. Оқу желісін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дәрежеде алып барыңыз.
- Тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы "білім - бұл бай, қуатты тіршілік көзі" қағидасымен тәрбиелеңіз.
- Балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек әдістері жөнінде әңгімелеуге бірде жалықпаңыз.
- Оқушыларды өз білімдерін тәжірибеде тексеріп, қолдануға табандылықпен үйретіңіз. Қоршаған дүниені білім көзі және сол білімді қолдану саласы ретінде пайдаланыңыз.
- Өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде-бір мұғалім сабақ бермеуі тиіс.
- Мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдаланыңыз. Оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тәрбие жұмыстарының жалғасына айналдырыңыз, бұл үшін "оқу пәні - өндіріс" байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалаңыз.
- Оқушылармен бірге "тұрмыстық қажет" сипатындағы мәселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландырыңыз. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпаңыз.
- Оқуды ауыл, қала, обылыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастырыңыз. Аймақтың келешек дамуына орай кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп барыңыз.
- Мәселелі ізденіс және зерттеу тапсырыстары теорияны тұрмыспен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды әрқилы жолдармен пайдалануға тырысыңыз.
- Балаларды еңбекке, қоғамдық және жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін өз бойыңыздан көрсете біліңіз.
- Қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекті оқушылардың дербес бақылаулары мен ой толғаныстарына ұштастырып, балалардың дүние болмысын тануға деген құштарлығын өршітіп, оларды көп білуге, түсініксіздер әлемін ашуға ынтықтырыңыз.
- Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін оқу және тәрбие мақсаттарына бағындыруды ұмытпаңыз.
- Оқу үдерісіне еңбекті ғылыми ұйымдастыру (НОТ) принциптерін енгізіп барыңыз. Балаларға еңбекті ғылыми тұрғыдан алып барудың теориясы мен тәжірибесін игертіп, оның өнімді де үнемді әдістерімен қарулануына көмектесіңіз, өз іс-әрекетін жоспарлау мен сараптауға үйретіңіз.
- Оқушылардың біртекті нақты қызметтегі табыстарын дамыта түсіңіз әрі бекітіңіз, оны басқа әрекет түрлерін орындауға, пайдалануға дағдыландырыңыз. Ұсақ-түйек табыстардан тұрақты ауқымды жетістіктерге ерісудің жолдарын керсетіңіз.
- Балаларда өз нәтижелерін ұдайы жақсартып баруға ұмтылыс тәрбиелеңіз, олардың сайыскерлік қабілетін дамыта түсіңіз.
- Оқушылардың ақыл-ой әрекетін білімнің 80-85% игеруге жәрдемін тигізетін істермен байланыстыруға тырысыңыз.
- Балалардың қандай да бір нәрселерді жетілдіру, жаңалау және өзгеріске келтіру ықылас-ынталарына қолдау көрсетіңіз, жағдайлар болып жатса, жас өнертапқыштар жарыстарын өткізіп барыңыз.
- Оқушыларды алғашқыда өздері қалаған ғылым, техника, өнер салаларында өзбетінше білім игеруге ынталандырыңыз; оқудың тұрмыспен байланысын өзіндік білімденудің көзі ретінде пайдаланыңыз.
Біз дидактикалық принциптерді қарастырып, олардың іске асу ерекшеліктерін әңгіме арқауы еттік. Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, түрде жүзеге асып барады. Оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі болмайды, әңгіме тек олар-дан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дәрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара тығыз ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндікжақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні - баланың тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дәмыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салаулары мен еңбек нәтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің сақталғаны.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиги сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық талаптар төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік және бірізділік; 4) беріктік; 5) түсініктілік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен тәжірибенің байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Астана., 1998ж
2. А.Е. әбілқасымова. «Қазіргі заманғы сабақ» Алматы., 2004ж
3.