Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:16, реферат
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Ғасырлар бойы тексеріліп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалім ешуақытта да оқу мен тәрбиеде жоғары сапаға жете алмайды. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие үдерісінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
І. Кіріспе.......................................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саналылық және белсенділік принципі.........................................................................6
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі........................................................................................8
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі.............................................................................10
2.4 Беріктік принципі.............................................................................................................14
2.5 Түсініктілік принципі......................................................................................................15
2.6 Ғылымилық принципі....................................................................................................17
2.7 Көңіл-күй принципі.........................................................................................................18
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі......................................................20
ІІІ Қорытынды...........................................................................................................................22
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................23
- Оқылғанның бәрін саналы, терең және берік игертуге тырыспаңыз, оқушы ең басты деген ақпараттарды игеруге күш салсын, бұл бұдан былайғы оқуды жалғастырудың негізі.
- Күні ілгері үнамды сеп-түрткілер қалыптастырмай, жаңа материалды өтуге кіріспеңіз. Бала санасына күштеп енгізілген білім үзақ сақталмайды.
- Оқу логикасын сақтаңыз, өйткені өзара қисынды байланысқан білімдер берік игеріледі.
- Өтілген материапдарды қайталау мен бекітуде оқушы жадын ғана дамытып қоймастан, оның ой-өрісі мен сезімдерінің белсенділігін көтеруге тырысыңыз.
- Білімдерді түсіндіру және бекіту жүмыстарын жүргізумен бірге жаңа мысалдар енгізіп, нақтылаушы қорытындылар келтіріп, жарқын көрнекі қүралдар пайдаланып, олардың ауқымын кеңейтуге көңіп аударыңыз.
- Материалдарды қайталауда алғашқы танысу сабағындағыдай емес, жаңажүйелердіпайдалануғатырысы
- Оқу беріктігін қамтамасыз ету үшін қызықты баяндау тәсілдерін, көрнекі қүралдарды, техникалық оқу жабдықтарын, дидактикалық ойындарды қолданыңыз.
- Жаңа материалды ету барысында оны бүрын игерілгендерімен байланыстырыңыз, еткендерді жаңа материалдарға қоса қайталаңыз. Оқу тапсырмаларыңыз бірдейіне жеңіл әрі біртекті болмасын: олар балаларды тез шаршатып, даму барысына кедергі болуы мүмкін. Жаттығуларыңыздың бәрі мән-мағыналы болуына назар аударыңыз. Белсенді ой мен саналы шешім іздестіруді, нәтижелерді беріпген шарттармен салыстыруды қажет еткен жаттығуларды орындау тиімді келеді.
- Жаттығу апдын нені және қалай орындауды, жүмыс нәтижесіне қандай талаптар қойылатынын жете түсіндіріңіз, ернек, үлгі жүмыстарын жүргізіңіз.
- Жаттығулар барысында оқушыларды шаршатып алатындай ауыр жүктемелерге душар етпеңіз.
- Оқушылардың дамуындағы езгерістерді анықтау үшін ғылыми негізделген нақтамалық тәсілдер түрін, шараларын және бақылау әдістерін қолданыңыз'. тек осылай ғана оқу нәтижесінің тиімділігін көтеруге, оның нәтижелілігін мақсатты бағдарлап баруға болады.
- Оқушы еңбегін бағалаумен байланысты жағдаяттарды естен шығармаңыз: қалаған іс-қызметке саналы және жауапкерлі қатынас қалыптастыруға мән беріңіз, өз еңбегінің желісі мен нәтижелерін бақылап баруға үйретіңіз.
- Білімдерді бекітудің маңызды формасы - оқушылардың өзіндік қайталаулары. Мұндай жұмыстарға қолдау-қуаттау беріп, жиі ұйымдастырылуына жәрдем етіңіз. Балалардың сабақтан қалуына, дәрістерден бас тартуы мен онда жұмыссыз отыруына тиым салыңыз, себебі бұл білім және ептіліктердің берік игерілуіне нұқсан келтіреді.
2.5 Түсініктілік принципі
Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тәжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан - оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан - дидактикалық үдерісті оқушылардың даму деңгейімен сәйкестендіре ұйымдастыру және іске асыруға тәуелді. Бала өзініңойлаудеңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады.
Түсініктілік принципін іске асыруды, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі түсінімді оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:
- Өтілуге тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс.
- Оқушы санасы қандай да пәнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпаңыз.
- Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау етіңіз. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеңіз және оқытуда ескеріңіз.
- Оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын.
- Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алыңыз. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтарға біріктіріңіз.
- Оқу үдерісін тиімді қарқында жүргізіңіз, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа және үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастырыңыз.
- Оқу жұмысы белгілі дәрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балаларжұмысорындауға дағдылана алмайды. Оқушылар әрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім әр оқу жағдайына сәйкес оқу желісін тиянақты әрі нақты белгілеп барғаны жөн.
- Педагогиканың және психологияның жаңа жетістіктерін пайдаланыңыз: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жәрдемімен қалыптастырып барыңыз, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда - іріленген білім топтарын (блоктарын) пайдаланыңыз.
- Сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолданыңыз. Жаңа және күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстырыңыз, ал бекіту жұмыстарына - орташа және төмен оқушыларды тартыңыз.
- Жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.
- Жайлап асыгыңыз! Оқу үдерісін қажетсіз жеделдетіп, тез табысқа кенелемін деп ойламаңыз: түсініктілік кедергілерін төмендетудің педагогикалық мүмкіндіктері шектеулі.
- Оқушының бір сәттік ой жарқылын оның білім топтағаны деп есептемеңіз, бұны тек жалпы танымға бастама ретінде пайдаланып қалуыңыз мүмкін.
- Түсінікті болу мұғалімнің анық баяндауы мен сөйлеуіне тәуелді: ұғымдарды дәл және бір мағыналы өрнектеуге тырысыңыз, өмір мен әдебиеттен жарқын деректер және мы-салдар келтіре, оқытыңыз.
- Баян сөзіңіз ұзаққа созылып кетпесін. Нені өзіңіз түсіңдіресіз, балалар нені өз бетінше түсінуі мүмкін екенін сезінуге тырысыңыз. Оқушылардың өздері жеңіл игеруі мүмкін материалдарға уақыт бөліп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Оқудың бастапқы кезеңінде білім қорының бәрін түгелдей пайдаланбастан, балалар игергендей басты мәліметтерді ғана
ұсынып, кейін бекіту барысында өтілгендерді толықтыратын, нақтылайтын жаңа мысалдар мен деректерді келтіріңіз.
- Оқушылардың танымдық іс-әркетіне басшылық жасаңыз: жаман мұғалім шындықты балалар түсінбейтіндей етіп, ақтара салады, жақсы мұғалім оларды іздеп табуға үйретеді, іздестіруін жеңілдетеді.
- Түсініктілік оқу жеңілдігін білдірмейді, мұғалімнің міндеті оқушының еңбегін үздіксіз жеңілдетуде емес: балаға бағдар беру, түсініксіздер мәнін түсініктілер арқылы ашу, өз бетінше талдау бастамасын көрсету, қолдау-қуаттау - осының бәрі түсінікті оқытудың шараләры.
- Түсініктілік оқушының еңбеккерлік қабілетімен байланысты: еңбектену қасиетін дамыта отырып, және қандай да нақты қызметке дағдыландыруда қарқынды және бірте-бірте ұзаққа созылған ой әрекеттерін орындауға үйретіңіз. Жұмыс қабілетін көтерумен - оқу түсініктілігіне кедергі болар жәйттерді азайтамыз.
2.6 Ғылымилық принципі
Ғылымилық принциптің талабы - оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Бастапқы мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тәуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер, тәжірибелер бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді ашып көрсеткен:
- Оқуды педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық тәжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізіңіз. Оқу желісіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың соңғы тәсілдерін ендіріңіз.
- Бастапқы оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу әдісін де орынды пайдаланыңыз,бастауыш мектепте дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбаңыз, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мән-мағынасын тусінуге жәрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз.
- Әрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғымды, түсінікті жүйелі қайталап отырыңыз, пәнді оқыту барысында қолданып, пайдаланыңыз, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады.
- Ғылыми таным әдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамытыңыз, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отырыңыз.
- Жаңа идеялар қабылдауды бір сәттік міндет деп білмеңіз - әрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары және қатынастары аумағында қарастыра, талдаңыз.
- Оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін естен шығармаңыз, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шәкірттеріңізге кең жария етіңіз.
- Жаңа ғылыми терминологияны қолданыңыз, ескірген терминдерден сақ болыңыз, ең соңғы ғылыми жетістіктерден хабарыңыз болсын.
- Ғылыми ақпарат ағымының күннен-күнге артуына байланысты басты назарды өзекті мәселелерге аударатын болыңыз, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйретіңіз, жаңа мәселелерді ұжым болып талқылауды қолдап-қуаттаңыз.
- Балалардың зерттеу-ізденіс оқу жұмыстарына қолдау көрсетіңіз. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тәжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстырыңыз, шығармашылықты қажет еткен мәселелерді шешуде ал-горитмдерді пайдалануға жаттықтырыңыз. Мәселелермен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстаңыз.
- Танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беріңіз.
- Қате ұғымдардың себебі болар біртекті және жалған сөздерден сақтаныңыз. Әсіресе мектептің бастауыш және орта сатысында мұғалім ақпараттарына оқушының қисынсыз,өзінше қате түсініктеме беруіне жол қоймаңыз. Әлбетте, бұл бала қиялын, ой өткірлігін дамытуға шек қоюдан емес. Әрқандай маңызды нәрсені жол жөнекей, қара дүрсін талқыға салмай, ғылыми тұрғыдан сараптау қажет.
2.7 Көңіл-күй ескеру принципі
Көңіл-күй ескеру принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-әрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нәр алады, ой өрісі сәуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам және жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзі болымсыз іс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дәріс жұмысына дайындау қажет. ¥намды қатынас болмаған жерде оқу үдерісі өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту - бос әурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жеккөрушілік жайлаған баланы оқыту оның сана-сына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектептегі оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Олар бала еліктегендей ғажайып кейіп, перілерден бірде кем болмаған ұлағатты тұлға бейнесін жасайды. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып отырса, олардың бәрі балалық шақтың балдәурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталады. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:
- Әр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей әрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ әрі абстракт келсе, ұнамды көңіл-күйдің болуына пайда етудің мүмкіндіктерін іздестіріп бағу.
- Сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен әзілдесе, оларды жігерлендіретіндей сөз тауып, сабақты бастау.
- Демократиялық қарым-қатынас мәнерін ғана ұстану.
- Балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару.
- Сыныпта қапелінде болып қалатын дау-дамайды әрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы және намысқа тиер сөздерсіз шешу.
- Күдер үзгендей әрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген әзіл-қалжыңды пайдалану.
- Сабақтың әсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу әрекетін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу.
- Кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тәрбие үдерісінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап.
- Әрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сәттерден ұнамды қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту.