Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:53, реферат

Краткое описание

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

Оглавление

І. Кіріспе.
1. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы және өсімдіктер дүниесі.
2. Жануарлар дүниесінің дамуы.
3. Қызыл кітап- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің асыл қазынасы.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

жануарлар мен осимдиктер.docx

— 33.15 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

Қазақстандық  қазіргі  заман «Болашақ» академиясының  колледжі

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Орындаған:

                                                                                               Тексерген:

 

 

Ақтау қаласы 2013ж.

Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы және өсімдіктер дүниесі.

2. Жануарлар дүниесінің дамуы.

3.   Қызыл кітап- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің асыл қазынасы.

ІІ. Қорытынды.

ІІІ. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

     Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

 Неогенде Торғай бұғазының  суы тартылып, құрғағаннан кейін  екі жағы қосылған. Осы кезде  полтава флорасы шығысқа қарай  тарап, Жайсан көліне дейін  жеткен. Керісінше, шығыста өскен  өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның  нәтижесінде Қазақстанда торғай  флорасы деп аталатын өсімдік  түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек,  т.б. жатады.

  Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.

 Қазақстан табиғатының байлығы  мен жануарларын қорғау максатында  Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле  Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,  Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан өсімдіктері  жамылғысының қалыптасуы және өсімдіктер дүниесі.

  Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

    Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.

Адамда өзінің іс - әрекетімен өсімдіктерге оң және теріс әсер етеді. Қорғау объектісі  ретінде өсімдіктер дүниесін су, топырақ, жерасты және жерүсті деп бөлуге болады.

 Сулы өсімдіктер суқоймалар  мен оларда өмір сүретін жануарлардың  өміріде үлкен рөл ойнайды,  бірақ адам оларды сирек қолданады.

 Топырақты өсімдіктер дүниесі  – бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтардың  жеке түрлері топырақтың құрылу  процесі мен құнарлылығына әсер  етеді.

 Жер үстіндегі 500 түрі бар  өсімдіктер дүниесі (соның ішіндегі  өсімдіктердің 300 мыңнан астам  түрі) адам пайдаланады және адамның  әсеріне шалдығады.

 Қазіргі уақытта қайта орнына  қайтарылмайтын өсімдіктіер планета  бетінен жойылып кеткенін айту  қиын. Алайда көптеген фактілер 30 мыңға жцық түрлі өсімдіктердің  жойылғанын көрсетеді. Біздің  елімізде 20 мыңға жуық түрі есептелген. Соның ішінде 60 пайызы шабындық  жерлерде өсетіндер болып табылады. 530-дай түрі қазіргі кезде сирек  кездеседі. 

 Үлкен аудандардағы адамның  іс-әрекеті нәтижесінде жабайы  өсімдіктер мәдени өсімдіктермен  алмастырылады, яғни адам өз  көзқарастарында өсімдіктер дүниесін  құрастырып отырады. Өсімдіктер  дүниесіне үй және жабайы жануарлар  әсер етеді. Желінбеген өсімдіктер қозғалмаған түрде қалады немесе жануарлармен тапталып қалады. Жүйесіз жайылымдарды пайдалану жайылымдардың дегенерациясына әкеледі және ылғалды және жел эрозиясына ұшыратады.

 Өсімдіктер дүниесінің өсуіне  өндірістік қалдықтар да үлкен  әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаға  түсіп, олар нәтижесінде өсімдіктерде  шөгеді. Өсімдіктердің өсуі 2 есеге  дейін кемуі мүмкін. Кейбір өндірістік  қалдықтар жоғарғы токсикалылығымен  ерекшеленеді және өсімдіктердің  құрғауына әкеледі. Бидайдың түсті  металлургия орналасқан аудандарында  өнімділігі 40-50 пайыз, ал ал олардың  құрамындағы ақуыздың мөлшері  25-35 пайызға төмен. Өсімдіктерді  жою және бүлдіру жиі байқалады.  Мысалы, шабындық жерлердің, басқа  да өндірістік қалдықтармен, қоқыстармен  ластанған жерлер бар. Өсімдіктер  дүниесіне сонымен қатар гүлдерді  жаппай жинау, жүйесіз келулер  мен табиғат аясында демалулар  да әсер етеді.

Жануарлар дүниесінің дамуы

        Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

 Мұз басу дәуірінде Қазақстанға  материктің солтүстігінен суыққа  төзімді жануарлар ауысқан. Олардың  кейбір түрлері таулы аудандарда  әлі де сақталған. Оларға тундра  кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз  дәуірінен кейін Қазақстанға  Орталық Азия жануарлары мен  құстары өткен. Оларға құр,  тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян  жатады. Кейін олар дала және  шөл зоналарына ауысқан.

Жануарлар дүниесі де биосфераның  құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен  энергия айналымында негізгі  рөл аткарады. Қазіргі кезде жер  бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам  түрі белгілі, олардың ішінде тек  жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп  тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта  мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы  жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.

     Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

    Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.

Қызыл кітап- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің асыл қазынасы.

"Адамзаттың табиғатсыз күні  жоқ, оны айтуға табиғаттың  тілі жоқ" деп, табиғаттың  тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ,  табиғаттың да тілі бар. Оны  да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай  аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл  қызыл түс?

       Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

      Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.

Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап  бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен  мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

     Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

        Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.    

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз  жануарларға арналған Қызыл кітабы  жарық көрді. Оған буылтық құрттардың  — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің  —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің  — 85 түрі тіркелген (барлығы  96 түр). Қазір бұларға қоса жеке  облыстардың Қызыл кітаптары  жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет  Алматы облысының жануарларға  арналған Қызыл кітабы шықты.  Бұл кітапқа облыс аумағында  сирек кездесетін жануарлар тіркелген.  Соңғы жылдары шығып жаткан  жануарларға арналған Қызыл кітаптарда  жеке түрлер 5 категорияға бөліп  беріледі:

I—жойылып кету қаупі төнген  түрлер;

Информация о работе Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер