Ақшаның шығу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 20:52, реферат

Краткое описание

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Файлы: 1 файл

Ақшаның шығу тарихы.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

    Ол кезде Индияда ,Цейлонда ,Африканың кейбір аудандарында  ақша ретінде «каури»деп аталған  ерекше  қабыршақ  қолданылды. Олар сирек кездесетін ,оларды өндіруді  көптеген  еңбекті талап етті, сондықтанда  олар  өте қымбат бағаланды.Рим қазынасы  тіпті азайған кезде,күштілігімен танылған  калигулла жарық шығарды : «Менің нұсқауыммен  теңіз жағалауынан жиналған  ұлу қабыршағы  ақша болып табылады».Алайда  алтын күш иесі императордың бұл жарлығының құл-талқаны шықты: ешкім де бұл ұлу қабыршағын  алмады, себебі олар  ақша емес еді.

   Қазіргі әлемде мұндай  мысалдар көптеп кездеседі.Кейбір  елдерде ақша белгілері  зомбылық  курспен шығарылады  және олар ешқайда  материалдық бағалылықтармен  қамтамасыз етілмеген. Бірақ  бұл ақша белгілерінің курсы толыққанды шетел валютасына қарағанда  жедел төмендеуде.Тұрғындар одан құтылуға тырысады, сөйтіп толыққанды шетел  ақша белгілерін ала  бастайды.

 

                              Ақша айналымының заңы . 

Ақша тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары.  

 

  Тауар айналымына қызмет  жасайтын ақша айналымы,ақша айналымы экономикалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады және мынандай формуламен анықталады:

                 

                                  Аа = ∑ С/А

Мұндағы ∑ С – тауар бағасының сомасы;

                  А-  бір есімдегі ақша бірлігі  айналымының саны.

Рынок жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың  стихиялы өзара іс -әрекетімен –  айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен,ақша айналымының жылдамдығымен- анықталады.

    Алайда ақша айналым  құралы ретінде ғана қызмет  жасап қоймай ,төлем құралы қызметін  де атқарады. Сондықтан да  жоғарыда қарастырған айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аа) , кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендегідей түрге ие болады.

                             

                                  Аа = С-Н+Т- Е /А

 

Мұндағы Аа – айналымда болатын ақша саны ;

С  - өткерілуге жататын тауар  бағасының сомасы;

Н  - несиеге өткерілетін тауар  бағасының сомасы;

Т   - мерзімі келген төлемдер;

Е   - өзара есеп айырсу;

А  -  бір өлшемді ақша бірлігі  айналымының шапшаңдығы.

       Тауар массасы  мен айналымда  болатын ақша  бірлігі санының арасындағы тепе  теңдіктің бұзылуы ,тауарды қамтамасыз  ете алмайтын ақша бірлігінің  пайда болуы инфляцияны білдіреді – ақшаның сатып алу  қабілетінің төмендеуі ,құнсыздануы.Бұл тауар бағасының жасырын немесе ашық өсуіне алып келеді.

       Экономикалық  тұрғыдан инфляция  дегеніміз  не?Инфляция (латынның inflatio-қампиған деген сөзі ) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік – экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуін көрсетпейді. Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.

       Инфляция  - кешенді  себептермен туындайды  және  олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу үшін қағаз ақшалар шығарылады,мемлекеттін өндірістік емес шығындар (әсіресе әскери шығындар ) деңгейінің  жоғарылығы  тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын және еңбекгі шығынымен тікелей  байланысты; тауар тапшылығы , оның сұранымдары ұсынымнан алшақтауға  алып келуі және осының негізінде – бағаның өсуі ;бірқатар өндірушілердің  монополиялық  жағдайда  болуы,олардың өзінің  өніміне тұтыну сапасын арттырмай –ақ  немесе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жұзеге асырылуы;жалақы өсуінің еңбек  өнімділігі  өсуінен  алшақтығы және басқада бірқатар  себептер .Бұл себептер мемлекеттік  тапшылықтың тұрақты  ұдайы  өндірілуін  және артық  ақша эмиссиясының (эмиссия –айналымға ақша мен бағалы қағазды шығару )құны пайда болуына көмектеседі.

     Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны  көзқарасы  тұрғысынан инфляцияны  төмендегідеі түрге бөлуге болады: а)баяу,ә)қарқынды б)ұшқыр .Баяу инфляция  кезінде бағалар баяу (жылына 10 %- дан аздау )өседі.Инфляция 2-3 % болған жағдайда ,нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.Мысалы,1992 жылы инфляция Францияда -2,7 % , Германия мен АҚШ- та – 3,8% болды.Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам,ырғи-ырғи (жылына 20- дан 200 % -ға дейін )өседі.Мұндай инфляцияға жол бермеу керек ,себебі ол өте ауыр әлеуметтік – экономикалық  салдарға ұшындырады (тұрғындардың  өмір деңгейі  төмендейді,кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).Ұшқыр инфляция кезінде  айналымдағы  ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%)өседі.Қоғамның экономикалық  тарихында ұшқыр инфляцияның таңқаларлық  мысалдары баршылық  (инфляция Боливияда 1985 жылы – 3400% Аргентинада 1990 жылы -2000% болған.

       Шетел ғалымдарының  ойынша , « баяу инфляция » экономиканы «көңілдендіруге » әсерін тигізеді,және күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп,жұмыссыздар армиясын жоя бастайды.американ экономисі А .Манның айтуынша,бағаның қалыпты әрі ұзақ көтерілуі шаруашылық  жағдайын  жақсартады  және тұтыну қабілеттілігін  арттырады.Шынында да инфляцияның бірінші кезеңде,қағаз ақша  қарқынын қамтамасыз ету олардың эмиссия қарқынынан (сұлама  инфляция айтамыз ) қалған  кезінде ,арнайы инфляциялық коньюктура  пайда болып,тауар бағасының өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып ,тауар айналымын ынталандырады.Алайда ақшаның құнсыздануынның  деңгейіне  қарай  инфляция өндіріс  пен айналым процесін ұйымдастыруды  тезірек бұзатын әсерлерге («қарқынды»инфляция ) тап болады.Сөйтіп ,несие – қаржы және валюта жуйесінің («гиперинфляция») толық  бұзылуына алып барады.

      Рыноктық инфляциялық  тепе –теңдігінің қандай түрді   қабылдауына байланысты  инфляция  типтерін ашық және басылыңқы  деп айырамыз.Ашық инфляция еркін  баға құрылымы  экономикасына  тән және тауар мен қызмет  көрсетуге үнемі бағаның өсуін  байқатады.Егер макроэкономикалық тепе –теңдік сұраным жағына  қараай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса,онда бұны ашық инфляция дейміз.Ашық инфляция  жекелеген тауар нарығына бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяулатады.Демек,ашық инфляция нарық механизмін  кәдімгідей өзгеретін, оны аса бұзбайды.

     Басылыңқы инфляция,оны  кейде жасырын инфляция деп  те айтады.Ол бағаны реттейтін   экономикаға тән,яғни жалпылама  мемлекеттің бағаны бақылаумен  жүзеге асатын инфляция.Сондай- ақ  ол тауар тапшылығы ,өнім сапасының төмендеуінде,ақшаның қорлану мәжбүрлігінде,көлеңкелі экономика  дамуында,бартерлік іс- әрекетте байқалады.

    Басылыңқы инфляция  мемлекеттің тауарлық бағаны  сұраным мен ұсыным тепе-теңдігімен  төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтады.

    Қазақстан Республикасында  1992 жылы дейін жасырын инфляция басым болып,ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын  ұшқыр инфляцияға айналды.Республикада 1993 жылы инфляция 2260 % құраса,1994 ж -1258,ал 1995 жылдың аяғында «теңге» тұрақтана бастап,инфляция төмендеді және 56-58 % - ға қысқарды.Инфляция 1996 шы  жылы 30 % -дың маңында болса,1997 жылы – 20% құраса,ал 2000 жылдың аяғында 7 %-ға тұрақтады.

    Шетел экономистері  сұраным мен ұсынымға байланысты  инфляцияны екі типке жіктейді: а) сұраным инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе жиынтық ұсынымының азаюымен  болатын ұсыным  инфляциясы .Сұраным инфляциясының мәнін бір фразамен былай  деуге болады.

 «Тауардың өте аз мөлшеріне  өте көп ақша жұмсалмақ  » .Сондай –ақ , сұраныс инфляциясы  нарықтық  байланыстық монополизмнің бұзылуынан және әкімшілдік- әміршілдік  басқарудың ұзақ  билеуі кезінде болды.Олар бұл жағдайда өзінше  ерекше түрді қабылдайды.Мысалы,біздің экономиканы алатын болсақ,ұзақ жылдар бойы табиғи емес  ең төменгі жұмыссыздықты жүзеге асырып келеді.Бұған көптеген  рентабелді емес кәсіпорындар мен артық жұмыс орнын сақтау ,еңбекті көп қажет ететін  өндірісті консервациялау арқылы қол жеткізіліп,ол еңбек өнімділігіне  теріс әсер етті.Қай кезде де жалақының бір бөлшегі еңбекпен келмесе,онда ол сұраным инфляциясына  айналады және бағаны арттыруға итереді.

    Валюта  - бұл ақша  бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады.

«Валюта »  ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары ,Ресей рублі,Жапония иені,Ағылшын фунт  стерлингі және т.б)және оның әртүрлі типтері – алтын,күміс,қағаз; ә) шетел мемлекеттің ақша белгісі,шетел ақша бірлігі түріндегі  несие мен төлем құралдары  және халықаралық  есептеуге қолданылатын- шетел валютасы; б) халықаралық ақша есептеу бірлігі және төлем құралы .

     Валюта қолдану саласы  мен тәртібіне қарай былай бөлінеді :а ) еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) және  ол кез- келген шетел валютасына  белгілі баламамен шексіз айырбасталады; ә)барлық валюталық операция бойынша ішінара қайтарымды конверсияланатын; конверсияланбайтын қайтпайтын тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын және басқа шетел валютасына айырбасталмайды.Еркін конверсияланатын валютаға; АҚШ доллары,ГФР маркасы, Ағылшын фунт стерлингі,Швейция франкі және Жапон иені жатады.Жыл сайынғы валюта нарығындағы айналым Лондонда 187 млрд доллар,Нью-Йоркта -129,Токиода -115,Цюрихта- 57 млрд долларға жетеді.Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді.Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсақ ,ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын,тұйық валютаға жатады.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынның ғалым – экономистері  теңгенің  конверсиялануына қол жеткізуді қарастыруда.Олар экономикалық  дағдарыстан шығу менрефоманы тереңдету жолдарын іздестіруде.Шетел мамандарының ойынша,қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей себептермен түсіндіріледі:а) валюталық курстың жоғарылығы; ә ) ішкі бағаның рационалды болмауы; б ) тауардың конверсияланбауы.Соңғысын тек қана тұтыну рыногын баланстандыру жолымен жоюға болады.

     Рыногтық экономика  жағдайында ұлттық валютаға теңге рыноктың қалыптасуына және онда бәсекенің болуына  көмектеседі,ішкі бағаны нақтылайды, отандық өндірісті әлемдік  деңгейде көтеруді  қамтамасыз етеді, дәйекті  сыртқы экономикалық мамандануды жүзеге асырады.Осы кезде капиталдың халықаралық  ынтымақтасуының жаңа түрі жүзеге  пайда болып,елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.

     Ұлттық валюта теңгенің  енгізілуі Қазақстан Республикасы  – егеменді мемлекетінің барлық  атрибуттарының  толық безендірілуінің  соңғы қадамы  болады.Қазақстанның  көп ғасырлық  тарихында алғашқы рет өзінің ұлттық ақша бірлігі- теңгеге ие болады.Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылады.

    Барлық елдерде валютаны  конверсиялау жетістік ретінде  қарастырылады,прогрессивті өзгерістер  нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғвндардың өмір деңгейін  көтеруге бағытталады.Ашық экономикалы қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен  байланыстыруда  интеграциялық  факторларды құрудың  басты тетіктеріне айналады.Өзінің тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті құрудың басты белгісі бола алды.

   Валютаны конверсияландыру  дегеніміз алдыменен – экономиканың  әлемдік рынокта бәсекелестік  қабілеттілігін  жасау,ал валюта  – қаржы жуйесін сыртқы сауда  мен валюта – несие  қатынастарын халықаралық  стандартқа сай құру. Қазақстан Республикасында өндірістің  тұрақты  құлдырауы  кезінде бюджет тапшылығының  барынша  аса ұлғауында және үздіксіз инфляцияда  теңгенің  қажетті конверсиялану  шарты  мыналар болмақ: а) өнімнің технологиялық профилінің импортты  ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын қалыптастыру; ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру; б )инфляцияның қарқының төмендету.Мемлекет кандайда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің  конверсиялануына  қол жеткізу мүмкін емес.Экономиканы көтеру керек,себебі ол сыртқы сауданың технологиялық прлфилінің  негізі болып табылады.Бұл ұлттық валютанын конверсиялану мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.

     Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының  экономикалық жағдайы тұрақсыздануда және оның тезірек  жөнделуі  үшін жылдар керек,себебі оның ар жағында нақты тауар массасы жоқ .Тіпті кез келген  әлем елдеріндегі алтын қорының болуы ұлттық валютаға  абсолюттік  кепілдік  бере алмайды.Халықаралық  валюталық қор,Бүкіләлемдік банк, Азиялық ,Еуропалық даму және қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды.Алайда шетелден келген көмек ұлттық  жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай.Жаңа технологиялы ірі инвестиция  бұл басқа шаруа,себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға көмектеседі.Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақатынасын анықтауды қалыптастыру әкімшілік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді  қарастыру керек.Кейінірек төлем одағының  дамуымен толыққанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін,себебі соның негізінде елдер біріктіледі.Нәтижесінде қандайда болмасын килирингтік валюта  болуы мумкін ,сонда біркелкі  ұлттық банк құрылады.Бір жағынан - экономикалық саясаттың жалпы бағытталуы  мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша – несие саясатын шектен  жүргізілген болса,екінші жағынан – барлық шаруашылық субьектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті  күшейтеді.

    Валюта қаржылық және  тауарлық конверсиялау жағдайында  жүзеге асады.Қаржылық –бұл шетел  мемлекеті валютасына конверсиялануы. Тауарлық  - бұл  кез келген  тауарды  шығу тегіне қарамай – ақ алу мүмкіндігі.

   Сондай – ақ валютаны  конверсиялануы бойынша – сыртқы  және ішкі деп жіктейміз.

Сыртқы конверсиялану – бұл  елдің ішінде ұлттық  валютаны қолдануға  шектеудің болмауы және  оның шетел азаматтарынада (резиденттер) солай болуы.Әрине,бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның кез келген валютаға ,тауар,массасына,әр түрлі  бағалы  қағаздарға мемлекеттік және жеке конверсиялану кепілдіген береді.

Информация о работе Ақшаның шығу тарихы