Ақшаның шығу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 20:52, реферат

Краткое описание

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Файлы: 1 файл

Ақшаның шығу тарихы.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

                                                 Ақшаның шығу тарихы

 

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы  хуннулар ақша орнына күміс пышақты  пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.

Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 – 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған. Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енді.

Монғол жаугершілігінің алғашқы  кезінде (1220 – 1250) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6 – 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

1271 ж. Масудбек реформасы ақша  айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды  ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14 ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі» Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың  атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері  Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы  Орта Азия және Қазақстан жеріндегі  халықтар арасында кеңінен белгілі болды.

 

16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері,  Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері  Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда  айналымында өз міндетін атқарып  келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың  басында Қазақ хандарының атымен  өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.

Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:

айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға  болады

құн өлшемі ретінде – ақшамен  нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді

қорлану қоры қызметін атқарады –  егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан  түскен ақшаны өзге тауарларды сатып  алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, андай  ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі  шешімін тапқан емес.Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі  грек ойшылы  Аристотель ұсынған қағидаға сүйене  отырып,ақшаны –белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған.Басқа  бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны -  мемлекет  бекіткен  тауарды  айырбастауға  қажетті құрал ретінде қарастырған.Үшінші  өкілдері ақша өзінің табиғаты  бойынша  алтын мен күміске жатандығын айтқан.

    Ақшаның пайда болуын  тусіндіру  үшін,(тауар құны қатынасында қорытындылатын,құнның даму көрнісінде көз салып,оның қарапайым терең байқалатын бейнесін,көзді  алатын  ақшалай  түріне  дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады )

    Тауардың айырбастау кезеңінде  құнның  көрінісі төмендегідей  түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ ,ол  алғашқы  қауымдық  қоғамда бірінші  ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы  алғашқы қауым тайпасынан малшылар  тайпасының  бөлінуі  арқылы пайда болады. Бір тайпалар малмен айналысса,ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін  экономикалық  негіз пайда бола бастады.Мұндай айырбас алғашқыдыа кездейсоқ ,бірегей сипатқа ие болады: Т /Т экв. 1 қойға == 1қан астық ,экв.

 Бұл мысалымызға  бірінші   тауар (қой) өзінің құнын  басқа тауарда ( 1 қап астық ) айырбасын көрсетсе , онда салыстырмалы құн түрінде болғаны,ал бір қап астық оның эквиваленті болып табылады,яғни эквиваленті түрде болғаны.

    Ақшаны қалай түсінуге  болады? Құн түрінің  дамуы  мынаны куәландыруды: ақша бұл  техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік  (балама ) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.Ақша  қандай қызметтер атқарады?

    Ақшаның бірінші қызметі  – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен  басқа барлық  тауардың құнын көрсетуге болады.Осы  қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген  тауардың құнын  ақшалай түрде көрсету үшін,нақты  ақшаны талап  ету керек емес.Тауар құнының  ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.Баға сұраным  мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін.Мондықтан тауар өз құнында да және сұраным мен ұсынымнын  да тәуелді.

    Тауар құны мен алтын  құнының  тәуелділігі ерекше  муделікті байқатады.Сұраным мен  ұсыным сай келгенде баға екі  мөлшердің  арақатынасымен анықталады: тауар құнымен  және  алтын құнымен.

    Егер тауар бағасы  тауар құнына  қарайлай өссе, онда  алтын құнның  тауар бағасына  деген байланысы  кері  пропорционалды  тәуелділікте болады. Алтын  құны  көп болса, тауар бағасы  төмен  болады  және керісінше – алтынның  құны  төмен болса,тауар бағасы жоғары болады.

   Сөйтіп тауар бағалары  негізінен  тауардың  өз құнына  тура  пропорционал ды  және  алтын (ақша ) құнына  кері пропорционалды  өзгереді.

    Екінші қызметі –  айналым құралы. Осы қызметті  ақша  қолма –қол  түрінде атқарады,себебі  олар нақты тауар айырбасына  делдалдық  жасайды.Тауарды ешкім сатқысы  келмейді, егер оның айырбасталуына нақты  ақша ұсынылмаса.Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра  отырып, ақша белгілері  атқарады.Егер   айналым шығындары өсіп кетсе  және есептеулер баяуласа және де алтынның  қоры шашыраса алтын айналмалы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша  резервтік(сақтық ) қор  ретінде  қажет.

   Үшінші қызметі – төлем  құрады. Бұл қызметті тауарды  – ақша несиеге  (төлемді ұзарта  отырып ) сатқан кезде , ақшаны қарызға бергенде, салықты,жер рентасын,жалақыны, диведендті,пәтер төлемін және т.б төлегенде атқарады.

     Несие қатынастарының  дамуымен  байланысты  жаңа айналым  құралы  - несие ақшалар пайда  болады: вексель,банкнот,төлем тапсырмасы,чек,пластикалық карточка,  « электрондық ақша »,Несие ақшалардың  болуы қолма қол ақшаларды қатыстырмай ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.

    Ақшасыз есеп айырысу   тауар  айналмалы  тұтынысының   қолма- қол ақша белгілерін  кәдімгідей қысқартады,сөйтіп әлеуметтік – экономикалық салдарға  алып барады: кассирлер мен күзетшілер  саны, сейфке сұраным,көлік құралдары қысқарады және ақша  белгілерін  басуға шығындар азаяды.Ең бастысы - өзара есептесу  процесі жеделдейді, ақша  бірлігі  тұрақтылығы  мығымдала түседі.

    Төртінші қызметі –  қорлану  немесе қазына жасау  құралы.Ақша айналысын тоқтатады  және жиналады.Сөйтіп станок, машина, жабдықтары  немесе ұзақ мерзімге  пайданалатын(теледидар ,тоңазытқыш және т .б) тауарларды  сатып алу үшін  қорланады. Ақшаның  қазына  түрінде  қорлануы әрбір тауар өндірушінің  белгілі  ақша резерві болу қажеттілігінен  туындайды,сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады.Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

   Ақшаның соңғы ,бесінші қызметі сол - әлемдік ақша түрінде болуы.

Әлемдік ақша алтын және  өнеркәсібі дамыған елдердегі  тұрақты валюта болып табылады.

     Әлемдік аренада ақшаның  айналым құралы емес, төлем құралының  ролі бірінші орында болады.Бұл  алдымен халықаралық несиенің дамуымен түсіндіріледі.Халықаралық аренада  ақша өзінен  - К.Маркстің  бейнелеп айтуындай, - « ұлттық шекпенін» алып тастайды және ең алғашқы түріне енеді -  игілікті металл қаймағы түрінде болады.

    Тарих  куәландырғандай , монетаның отаны ретінде Лидия мемлекеті болып есептелінеді.Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.д.д 7 –ші ғасырда ойып - өрнектелген  түрінде шықты.Ал монета термині Юнон –Монета храмы атымен байланысты  шыққан ,себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

   « Деньги »ұғымы түркілердің – күміс металды « теңге » деп атауынан шыққан.Ол 15 ғасырдың басында Әмір Темірдің ( хан ) басқару кезеңінде дайындалған.Ең алғашқы рет қағаз ақшалар 12 –ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал  13 –ші ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.

 

    Ақшаның  металдық және номиналдық  теориялары.

 

  Ақшаның металдық теориясын  «меркантилизм» мектебінің өкілі Томас Мэн (1571 -1641жж) жасаған.Осы теорияға сай – алтын мен күміс өзінің табиғатына қарай  және олардың табиғи қасиетінің күш қуаты бойынша – ақша болып табылады. Ақшаның металдық теориясының дамуы тарихи тұрғыдан 16-17 –шы ғасырларда болған.Ол Америкадан Еуропа елдеріне  алтын мен күмістің ағылуына байланысты  жүзеге асқан.Тауар өндірісі мен құн нысаны  түрінің даму тарихы көрсеткендей,ақша  - бұл тауар өндірісі  және  құн  түрі дамуының өнімі.Алтын мен күміс өз бетінше ақша емес ,олар қай уақытта да тауар өндірісіндегі адамдардың  өндірістік қатынастарын көрсеткен уақыттан бастап  ақша бола алады.Алтын мен күмістің  ақша болуы олардың  алтын және күміс болуында емес,бастысы – олардың қоғамдық еңбектің  өнімі болуында .Тауар  құны алтынмен өлшенеді, себебі  тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық .

   Несие қатынастары және  ақшасыз есеп айыруға көшу ,несие  ақшасының пайда болуы ақшаға  деген номиналистік  көзқарастың  кеңірек тарауына алып келеді.Ақшаның  номиналистік теориясының негізі  идеясы мынаған саяды : ақша  тауар өнімі  емес, оларға шартты белгі ғана  болып табылады,бағылылығын мемлекет бекітеді.Сондықтан ақша белгісінің алтынмен  ешқандай байланысы жоқ .Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж.Кейнс «Еңбекпен қамту,пайыздың және ақшаның жалпы теориясы »(1936 ж) кітабында мемлекеттің заңды төлем құралы ретінде ұсынатынын қарастырған . Алтын бағалылығын жасанды санаған және «алтын құштарлығынан» арылуға шақырған,мемлекет реттейтін қағаз ақшаны жақтаған.

    Американ экономисі Пол  Самуэльсонның ойынша : «Ақша – бұл әлеуметтік шарттылық».Демек, ақша номиналистік  теория өкілдерінің ойынша ,бұл зомбылық,бағалылықты жасанды төлем құралы ,яғни алтынмен байланысы жоқ .

    Бұрын айтқанымыздай,осындай  қортындының негізіне несие ақшаның пайда болуын жатқызамыз,себебі несие ақшалар  арнайы тауар болып табылады  және олар айырбас құнына ие болады.Сондықтан да мемлекет ішіндегі  түпкі төлемнің сауда саттығы кезінде алтын етілмейді.Әлемдік нарыққа қатысты айтар болсақ ,онда барлық төлем есептеулерінің  құралы тек алтын ғана болып табылады.

    Ең соңында  тарихтың  пайдалы сабақтарын еске алуға   тура келеді.Номиналистік  теорияның  алғашқы идеясы Ертегі Римде  пайда болған.Сол кездін өзінде  мынадай хабар өмір сүрген : егер  король немесе императордың ақшаны  ақша  деп дәріптеген  жарлығы болса ,кез –келген ақшаның түрі ,тіпті  алтын  монетаның  өзі  төлем  күшіне енеді.Осы хабарды  практикада Рим императоры  Гай Калигулла (37-41 б.ғ.д) жүзеге асыруға талпынды.Оған барлық өкімет билігі  қолында сияқты көрінді.Ол өзінің  жылқысын  сенат мәжілісіне  алып келді.Ол өзіне шын қызмет көрсететіндердің оның аяғын сүюді талап етті. Ешкім оған қарсылық жасай алмады.

Информация о работе Ақшаның шығу тарихы