Ақша түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:44, реферат

Краткое описание

Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі.

Оглавление

І.Кіріспе
1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Несие ақшалар.
1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.
1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері.
1.6 Ақша айналысының заңы.
2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары
2.4. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.
2.5 Қазақстандағы карточка жүйесі.
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Файлы: 1 файл

акша тусиниги.docx

— 79.59 Кб (Скачать)

Айналыста   жүре   отырып   ақша   әрі   айналыс  құралы,    әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды  сатудан түскен ақша қарызды   өтеуге  жұмсалуы  мүмкін.   Өз   кезегінде,   қарызды   төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым  артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні  түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен  қарыз алу үшін және тағы басқа  мақсаттар үшін қолданылады.

Ақша айналысын реттеудің  маңызды элементі — қолма-қол  ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның  қолданылуын шектеу, есеп айырысу  чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен  байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол  ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда  қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің  алғышарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс  кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек  несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен  жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол  және қолма-қолсыз деп қатаң түрде  шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.

Бұл екеуі өзара тығыз  байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында  қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу  шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына  айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне  ақша аударуына мүмкін.

Сонымен    бүкіл    ақша     айналысы:     қолма-қол    және     қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

  1. өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп 
    айырысулармен байланысты ақша айналымы;
  2. тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша 
    айналымы;
  3. ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, 
    қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

 

2.Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі.

 

2.1 Қазақстандағы  ақша реформалары.

 

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.

1992 ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом  шығарды.

1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен   күнбе-күн   екі   жақты   төлем   есебін   жүргізу туралы талап қойды.  Қолма-қол ақшасыз өзара есеп  айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.

Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен  нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға  мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке  ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу —  болмай қалатын процесс. Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.

1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.

1993ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда койылған міндет:

ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл   ең   маңыздысы    —   рубль   зонасынан   шығатын   мемлекеттер айналымнан   шығарылған   КСРО-ның   банкнотасын   толық   көлемінде оларды   жою   үшін   Ресейдің Орталық банкіне  қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.

Бұл міндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түркменстан, Әзірбайджан, Армения, Молдова тастап шықты.

Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993 ж үлгіде рубль шығарып,   оны өз  жерінде Қиыр  Шығыстан  енгізе  бастады.

Сол кезде рубль зонасында  үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.

1993ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтіледі.

Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін    түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып   шығаратын   шетелдік   фирмамен   келісімге   қол қойған. 1993   ж. наурызында   Англияда Харрисон және ұлдары     атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.

1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті            Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  1. 1993  ж.   15  қарашада сағат 8-де  Қазақстан мемлекетінде  ұлттық валюта — теңге енгізді.
  2. 1993   ж.   18   қарашадан   бастап   теңге   Қазақстан    Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы  болып тағайындалды.  Бір  теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота  және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша,  рубльдік  шоттардағы  жинақтар  мен салымдар  500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта — сом және теңге айналымда қатар жүрді.

Қазақстан Республикасының  жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының  Ұ лттық банкі теңгенің валюталық  курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.

Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені инфляцияның  қарқындауы және бұрынғы одақтас  республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.

1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына    алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды     және     басқа     мемлекеттік     бағалы қағаздарды   шығарғаннан   кейін   теңгенің құлдырауын   тежеуге   мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген 1993 ж. 2500   процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999 ж. сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі жерде олай болмайды...

ҚР-ның төңірегіндегі  елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде — ұлттық валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті. Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз туралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд. 250 млн долларға қысқарды.

... Біз Ресейден әкелінетін  кейбір импорттың тауарларға  салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда...

Информация о работе Ақша түсінігі