Ақша айналысы және ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 09:47, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма – қол ақша және қолма – қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесін қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма – қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, қолма – қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал жабдықтарын бөлуді көрсетті.
Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесін объектісі ретінде директивалық заңдармен реттеледі.
Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетеді.
Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді.

Оглавление

Кіріспе.............................................................................................................3
І. Ақшаның қызметі...........................................................................................6
1.1 Ақша айналысын басқару.......................................................................10
1.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі......................................12
1.3 Металл ақша айналысы...........................................................................14
ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері...................................................17
Несие ақшалары және олардың түрлері.................................................22
Ақша айналысы заңы...............................................................................25
Банкноталар мен қағаз ақшалар айналымы жүйесі, оның
сипаттамасы..............................................................................................27
Қорытынды………………………………………………………………...29
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………..31

Файлы: 1 файл

Ақша айналысы және ақша жүйесі (3).doc

— 172.50 Кб (Скачать)
le="text-align:justify">      Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

     Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын  толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

     Биметаллизмнің үш түрі болған:

1.      Қатар жүретін валюта жүйесі-онда   алтын  мен  күміс  монеталардың

- 17 -

арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

2.      Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.

3.      “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.

     Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

     Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған  қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

 

- 18 -

     Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

     Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.

     Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап, мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген  ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.

     Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.

     Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.

   

                                                    - 19 -

    Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:

      Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;

      Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;

      Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;

      Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.

     Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

     Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

     Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

 

 

- 20 -

     Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел  валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

     1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 21 -

     2.1. Несие ақшалары және олардың түрлері.

 

     Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.

     Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

     Банктің кассасынан қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

     Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.

     Қазіргі несие ақшаларының эволциясы: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары болып есептеледі.

     Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.

 

- 22 -

     Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы кәсіпорынға сатып алған тауар үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

     Аударым векселін көптеген субъектілер пайдалануы мүмкін: вексель беруші, вексель иемденуші және төлеуші. Вексель беруші ол вексельді толтырушы және ұсынушы жақ. Вексель иемденуші ол векселде көрсетілген соманы алуға құқы бар вексель ұстаушы. Жай вексель бойынша төлеуші вексель берушінің өзі болса, ал аударым вексельі бойынша төлеуші үшінші жақ.

     Вексель бойынша төлем авальмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Онда аваль бойынша есептелесін деген белгі вексельдің бет жағына, немесе авлонжеге жазылады. Авальберуші төлем төлеу жауапкершілігін өзіне алады.

     Несие ақшаларының келесі түрі – банкнота. Ол ХYІІ ғ. шегінде пайда болған. Коммерциялық вексельдің айналым шегі банкнота шыға румен ұзартылды. Банкнота әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.

     Банкнотаның негізгі коммерциялық вексель болғанымен онда өзгешеліктері бар. Олар бір бірінен несие беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша ажыратылады:

      вексель бойынша несие беруші сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота бойынша Орталық банк;

      вексельді айналысқа жеке кәсіпкер түсіретіндіктен вексельдің  жеке

 

- 23 -

      кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан,              ол қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді.

      Банкте сақталған бүкіл өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып саналады;

      Вексель мерзімді төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі шектелмеген міндеттеме.

     Несие ақшаларының келесі түрі чек. Чек банкке ақша салу және қолма қол ақшасыз есеп айырысу барысында пайда болды. Чек дегеніміз оған айырысу барысында шотынан қолма қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкім. Чекпен есеп айырысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек ж. Ұлыбританияда қолданылған.

     Чек, біріншіден, банктегі ағымдағы шоттан қолма қол ақша алғанда; екіншіден, тауар сатып алғанда және қарызды кезеңде; үшіншіден, қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда айналыс және төлем құралдары ретінде жүреді.

     Чектің белгілі бір формасы болады, яғни ол кітапша түрінде шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айырысу чектері кездеседі. Ақшалы чек: иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және иесі оны ұсынушы кісі; яғни ұсынушы чегі болып екіге бөлінеді. Аұшалы чек пен банктен қолма – қол ақша алады. Есеп айырысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып алынған чектің парақтары сатылып шыққан тауарлар үшін немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысқанда қолма – қол ақшаның орнына қолданылады. Чектен есеп айырысу, әсіресе, бір банктің клиенті арасында аралайды. Әр түрлі банктердің клиенттері өзара есеп айырысқан жағдайда тек орталық банкке толтырылады.

 

 

 

 

- 24 -

     2.2. Ақша айналысы заңы

     Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы  көрінісі. Ол - тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ақшан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                             

     Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.

Информация о работе Ақша айналысы және ақша жүйесі