В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі таңдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 15:06, курсовая работа

Краткое описание

Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Оглавление

Кіріспе

I.Негізгі бөлім

1.1.Ноосфераның дамуы және пайда болуы.
1.2. В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы.
1.3. НООСФЕРА: жарқын болашақ әлде трагедиялы шындық.
1.4. Табиғатты ақылды және саналы түрде басқару ұйымдары.


II.Қосымша бөлім

2.1. Ноосфераның даму «құпиясы»
2.2. Қазақстандағы ноосфераның даму қарқыны.
2.3. Ноосфераның бүгінгі таңдағы атқаратын рөлі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Ноосфера тур КЖ.doc

— 340.00 Кб (Скачать)

  

В.И.Вернадскийдің  ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі  таңдағы рөлі

 

Жоспары

 

 Кіріспе

 

I.Негізгі  бөлім

 

1.1.Ноосфераның  дамуы және пайда болуы.

1.2. В.И.Вернадскийдің  ноосфера  туралы  концепциясы.

1.3. НООСФЕРА: жарқын болашақ әлде трагедиялы шындық.

1.4. Табиғатты  ақылды және саналы түрде басқару ұйымдары.

 

 

II.Қосымша  бөлім

 

2.1. Ноосфераның даму «құпиясы»

2.2. Қазақстандағы ноосфераның даму қарқыны.

2.3. Ноосфераның  бүгінгі таңдағы  атқаратын рөлі.

 

Қорытынды

 

    Қолданылған әдебиеттер

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

3

  

Кіріспе

 

   Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Нооэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына, дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр. Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді. Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принципінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген.  
Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

4

  

 Қазіргі  кездегі экологиялық проблема  сыртқы саясаттың күрделі элементіне  айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың келесі жолы рекреацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда. Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі. Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық. Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді. Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқыту актуалды дамып жатыр. Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар, қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі – адам денсаулығына әсері. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

5

  

Соның нәтижесінде  әртүрлі ауру туғызатын бактериялар  көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады. Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон тұратын халық қатерлі ісік, қанның азаюы, ақ қан ауруларын көп тудырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынағы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына зиян келтіруде.  
Сонымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар медицинамен тығыз байланысты. Сондықтан, елімізде аурулардың аумаққа таралу заңдылықтарын зерттейтін медициналық география ғылымын дамытудың маңызы зор. Бұл ғылым саласы адам денсаулығына қоршаған ортаның табиғат жағдайларының әсер етуін зерттейді. Адам мен табиғат қарым-қатынасы өте күрделі. Бір жағынан адам табиғат қорларын тұтынушы болса, екінші жағынан, өзі өзгерткен ортада өмір сүріп, ондағы кері өзгерістердің зардабын тартушы ретінде саналады. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің деформацияға ұшырауына және еңбекте экологиялық мәдениеттің, экологиялық көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкеледі. Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табуы.            Табиғи ресурстардың толық құндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтармен ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады.  
   Жаңа оқыту жүйесінде адам экологиясына маманданғандар Қазақстан Республикасына өз білімдерін пайдалана ала ма деген сұрақ туындайды. Себебі, сол салада көбінесе басқа оқу орындарының бітірушілері жұмыс істеуі құпия емес. Экономистер, юристер, социологтар – соңғы кездерде әлеуметтік сферадағы экологтардың орнына жұмыс істеуде.  
Бұндай мамандар экологиялық тұрғыдан жан-жақты білімі жоқ. Сол себепті қажетті шешімдерді қабылдай алмайды. Сол үшін де ондай мамандарды сақтай отырып, негізгі позицияны, әсіресе шешім қабылдауды эколог мамандарға беру керек. Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға мүмкіндік болмады.

1949-1989 жылдарда  Семей сынақ полигонында 470 ядролық  жарылыс болды, оның 26 – жер  үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында  жасалды. Осылардың салдарынан  тұрғындардың денсаулығы, жануарлар  мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай қалдықтарының табиғи ортаға, адамға, жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген. Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі әртүрлі өзгерістер және психологиялық кеселдер түрінде пайда болады.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

6

  

1.1.Ноосфераның  дамуы және пайда болуы.

  

Ноосфера (гр. – сана және – орта, шар) – биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор.

Ноосфера – ақыл-ой сферасы  деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. 
    XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді. Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

 Ноосфера  ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің  пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

 Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

7

  

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті.

Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

 Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

 XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

1.2. В.И.Вернадскийдің ноосфера  туралы  концепциясы.

   Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясы бірнеше этаптардан өтті. Алғашқысы биосферада заттардың биологиялық айналымының пайда болуымен байланысты. Екінші этапта көп клеткалы организмдер түзілді, сөйтіп биосфераның құрылымы күрделене түсті. Бұл екі этап биогенез (грекше bios - өмір, genesis - шығу тегі) деп аталады. Үшінші этап адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты. Осының әсерінен қазіргі таңда биосфераның одан әрі дамуы және оның ақыл-ой қабаты - ноосфераға айналуы жүріп жатыр. В.И.Вернадский ноосфера туралы ілімді одан ары дамыта түсті. Ол ноосфераны биосфера дамуының бір этапы деп қарастырып, табиғат пен адам қарым-қатынасын ақылмен, жүйелі түрде реттеп отыруға шақырды. Өз идеяларын дамыта отырып В.И.Вернадский ноосфераны құрудың қажетті шарттарын ұсынды:

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

8

 

1. Адамзаттың біртұтас болуына, кез-келген құрылықтың немесе мұхиттың бір шетіндегі оқиға Жер бетінің басқа жерлеріне де әсер етеді.

       2. Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету үшін өзгеруі.

3. Адамдар теңдігі - ноосфераның қажетті талабы.

4. Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы өмір деңгейінің өсуі, сондай-ақ халықтың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға, шараларға әсер ету мүмкіндіктері.

5. Энергетиканың дамуы, өмір сүру деңгейін көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және пайдалану.

6. Қоғам өмірінде соғысты болдырмау.

В.И.Вернадский идеялары қазіргі таңда ғылыми ортада кең талқыланып жатыр. Олар адамзатты қорғау және экологиялық проблемаларды шешуде көптеген концепция мен теориялардың әдістемелік негізі болуда.

В.И.Вернадский ноосфера туралы өз концепцияларының революциялық, адамзат пен оның болашағының өткір мәселелері туралы ойларының бір-біріне қарама-қайшылықты жерлері бар екенін де білді. Сондықтан кейбір тұстары әлі де болса дау тудыруда. Мысалы, Ю.Одум (1986 ж) табиғи процестерді басқаратын адамның ақыл-ойы қабілетінің үлкен мүмкіндіктеріне қарамай, ноосфера туралы айту әлі ерте дейді. Өйткені адам өз қолымен жасаған кейбір істерінің соңғы нәтижелері қандай болатынын біле бермейді. Бұған біздің планетамыздағы пайда болып жатқан көптеген экологиялық проблемалар мысал бола алады. Кейбір ғалымдар қазіргі кезде ноосфераның пайда болуының тек алғы шарттары туралы ғана айтуға болады дейді.

Соңғы жылдары биосфера эволюциясының ноосфералық стадиясын зерттеу үшін антропогендік әсердің негізінде болатын болашақтағы қоршаған ортаның жағдайын математикалық модельдеу әдістері пайдаланылуда. Осындай үлкен тәжірибенің бірі Аризона (АҚШ) штатында жүргізілген «Биосфера-2» бағдарламасы болды. Оның көлемі 200 мың м3 жерді алып жатты. Мұнда әртүрлі биомдар орналасты: ылғалды тропикалық ормандар, саванналар, шөлдер, батпақ, мұхит, агроэкожүйе және тұрғылықты кешендер (8 зерттеуші). Ылғалды тропикалық ормандарда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300-ден аса түрі; саванналарда африкалық акациялар, астық және бұршақ тұқымдастардың 35 түрі; моллюска мен креветкалары бар үлкен маржанды рифтер болды. Кешенде онан басқа галаго маймылы, ілбісінді тасбақа, кесірткелер, бақалар және т.б. омыртқалылар да болды. Агроэкожүйеде зерттеушілердің азығы ретінде астық тұқымдастары мен күріш алқаптары егілді.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

9

  

Екі жылға созылған осы тәжірибе биогенді элементтердің (азот, фосфор, күкірт және т.б.) күрделі биогеохимиялық циклдарын, көмір қышқыл газының айналымының ерекшеліктерін (бар болғаны 4 күн болды) модельдеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ тәжірибе арқылы кешендегі «биосфералық» тепе-теңдіктің бұзылғаны: көмір қышқыл газының мөлшерінің көбейгені, оттегінің 21%-дан 16%-ға азайғаны, кейбір өсімдіктер мен жануарлар түрінің өлгені, мәдени дақылдардан алынатын өнімдердің төмендігі және т.б. белгілі болды. Мұндай жасанды экожүйелер ноосфераның моделі болып табылады. Осындай ноосфералық жұмыстар биосфераға түсетін қысымды азайтып, оның негізгі құрылымдарының сақталуына, табиғи ресурстардың сақталып адамзат дамуының болашағын көрсетеді.

Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған. Бірақ адам биосферасыз тіршілік ете алмайды. Адамзат тіршілігіне қауіп төңдірген жаһандық экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықты осы жағдайдан шығудың жаңа жолдарын іздеуге, орнықты даму концепциясын жасауға мәжбүр етуде. Концепция БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясында (Рио-де-Жанейро, 1992 ж) қабылданды.

Орнықты даму моделінің ұйғарымдары:

1. Өндірістің материалдық және энергия сиымдылығын төмендету, қалдықтарды мейлінше азайту, улы заттар айналымын азайту.

2. Экологиялық критерийлерді (қоршаған ортаға тигізген зиянның бағасы) ескеретін бағаның құрылуына ауысуды және салық пен айыппұл жүйесімен бірге жаңа экономикалық қауіпсіз қор және энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыру.

3. Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандардың дамуына жәрдем беру, өсімдік және жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресуде кешенді күрес жолдарын пайдалану және т.б.

4. Индустриалды дамыған елдердің дамып келе жатқан елдерге алдыңғы қатарлы технологияларды, осы елдерден алынған генетикалық материалдардың негізінде құрылған жаңа технологияларды беру.

5. Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру, орнықты дамудың біртұтас жаһандық бағытын анықтайтын халықаралық институттарды құру және т.б.

Адам және орнықты даму концепциясының ортақ мақсаттары көп. Олар 80-ші жылдардың соңында бір уақытта пайда болып, 90-шы жылдары қарқынды дами бастады. Бұл концепциялардың пайда болуы, дамуы БҰҰ

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

10

  

белсенді түрде  қатысуымен жүргізіліп келеді. Адам және орнықты даму концепциясының пайда болу себебі, адамзаттың экономикалық дамуы моделінің шекті екенін және оның тұйықтығын сезіну болды. Өйткені дамудың әлеуметтік және экологиялық аспектілерін ескермеу және көптеген басқа да ғаламдық сипаты бар факторлар жақын арада, болашақта адамзат өркениетінің тіршілігіне қауіп төндіретін құбылыстарға алып келеді. Кез-келген экономикалық дамудың негізінде экономикалық дамудың үш факторы немесе капиталдың үш түрі жатыр: еңбек ресурстары (адам капиталы), жеке капитал (капитал және жасанды капитал), табиғи ресурстар (табиғи капитал). Соңғы кезде экологиялық фактор экономикалық дамудың шектеушісі болып келеді. Қазіргі таңдағы экология-экономикалық дамуды экономикалық дамудың техногендік түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл типті экологиялық есепсіз, жасанды өндіріс жабдықтарын пайдалану негізінде құрылған табиғат бұзушы даму түрі ретінде сипаттауға болады. Техногенді даму типінің өзіне сай ерекшелігі ретінде:

- қалпына келмейтін табиғи ресурстар түрлерін тез және ысырапты пайдалану (бірінші кезекте пайдалы қазбаларды);

- қалпына келетін ресурстарды (топырақ, орман т.б.) олардың қалпына келу уақытына жеткізбей пайдалану;

- үлкен мөлшердегі қалдықтар мен қоршаған ортаның өзін-өзі тазалауына мүмкіндік бермей ластауды қарастыруға болады.

В.И. Вернадскийдің  «Ноосфера туралы бірер сөз» деген  мақаласы  1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды. Ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты, ноосфераның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б.Комменер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық  экологиялық өзара қарым – қатынастарды төрт заңға біріктірген.

Бірінші заң – барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар приципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігнің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа  араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға  әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ препаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылады. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

11

  

Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.

Ноосфераның екінші заңы – материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез-келген табиғи жүйеде бір ағзалардың элементтері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық  заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.) - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

Үшінші  заң – табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық  затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ . Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар – пестицидтер мен гербицидтер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін бола алатын экологиялық нәтижелері қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария мен Әмударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің  айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады. Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.

Төртінші  заң – тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс.

1.3.НООСФЕРА: жарқын  болашақ әлде трагедиялы шындық.

Ноосфера  жайында  айтқанда біздің көз алдымызда жарқын болашақ, адам мен оны жаратқан табиғат  арасындағы байланыстың бір арнаға түсуі, қоршаған ортаның ластану қарқынының мүлдем тоқтауы, Жердегі экологиялық жұмақтың орнағаны елестейді. Осындай қиял-ғажайып

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

12

  

армандар шындықтан  әлдеқайда алыс, мұндай армандар адамзаттың шындыққа тура қарауына және оны дұрыс қабылдауына кедергі болуда.

Ноосфера –  адамзаттың жарқын болашағы емес, қатерлі, қауіпті, трагедиялы шындығы. Ноосферадағы жасалу және бұзылу бастамасын бөліп қарау керек. 1944 жылы В.И.Вернадский өзінің соңғы жұмыстарының бірі «Ноосфера жайында бірер сөз» еңбегінде былай деп жазған: «Ноосфера –геологиялық тарихтағы биосфера эволюциясының соңғы түрі – біздің күндеріміздің жағдайы: Біз қазір биосфераның жаңа геологиялық және эволюциялық өзгерісіне өтудеміз. Біз ноосфераға кірудеміз». Енді сол жылдардан бері жарты ғасыр өтті, сол себепті де бұл тұжырымды бүгінгі күнге қарап айтсақ, биосфераның ноосфераға өтуі – тірі және өлі табиғат эволюциясының заңды құбылысы, бұл эволюцияның шыңы. Тірі заттардың пайда болуы, Homo sapiens-тің жаратылуы, ғылыми ойлаудың қалыптасуы мен еңбекке деген қабілеттің артуынан планетаның сыртқы бейнесі өзгеруде. Мұның барлығы Жер планетасында миллиардтаған жылдар бойы бірге келе жатқан  ұлы эволюция түрі ноосфераның объективті шартталған, заңды құбылыстары. Адамзат бүгінгі таңда планетаның түрін өзгертетіндей үлкен геологиялық күшке айналған. Мұндай жетістікке адамзат баласы өзінің ғылыми ойлау қабілетінің негізінде жетуде. Осылардың нәтижесінде биосферадағы болатын  өзгерістердің жүру қарқыны күшеюде. Осылай биосфера ноосфераға, ақыл сферасына, яғни табиғи үрдістерге тез қарқынмен әрекет ететін жүйеге айналуда. Қазір ноосфера жоғары интенсивтілікпен дамып, таза табиғатпен бәсекелесуде. Ноосфераның құрылуындағы негізгі факторлар – ғылыми ойлау мен адам еңбегі. Тану қабілетімен адамзат табиғаттың қалыптасу және даму заңдылығын анықтады, қоғамды және өзін-өзі тани бастады. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдаланып өндіргіш күшке айналды. Тек ғылыми ойлау биосфераны өзгерте алмайды, ол үшін тәжірибе, білім және милиардтаған жұмысшылар қажет. Тек қана ғылыми ойдың шындыққа айналып, шын мәнісінде жүзеге асырлуы ноосфераның қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі. Ғылыми ойлау мен материализмнің концентрациясы ғана планетарлық геологиялық күшке айналады. Адам санының біртіндеп арта түсуі арқылы оның табиғатқа белсенді әсері байқала бастады. Адам өзінің іс-әрекеті арқылы биосферада тарихи дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан заңдылықтарға да әсерін күшейте түсті. Қазіргі кезде адам биосферада болып жатқан барлық өзгерістерде негізгі шешуші рөл атқарып отыр. Биосфера эволюциясындағы ағзалардың алатын орны өте жоғары деңгейде.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

13

  

 Биосферадағы  тіршіліктің пайда болуы, оның  кеңінен тарала түсуі, құрамындагы  түрлі өзгерістер, ондағы заттар мен энергияның алмасуы ағзалардың тіршілік әрекетіне тікелей байланыста және айналадағы орта жағдайларының эволюциясымен біртұтастықта жүріп отырды. В. И. Вернадский "тірі ағзалар биосферадағы болып жатқан іс-әрекеттерді жүргізуші, әрі қоршаған ортамен материалдық жағынан, әрі энергиялық жағынан да онымен тікелей байланысты, қуатты геологиялық күш"— деп түсіндірді. Жер ғаламшары алғаш пайда болғаңда атмосферада бос күйіндегі оттегі болмады, ал оның есесіне құрамында азот, аммиак, көміртегі оксидтері, су буы, улы хлорлы, күкіртті сутегі қосылыстары басым болды. Атмосферадағы бос оттегі ұзақ уақыт ішінде тікелей ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде біртіндеп жинақтала түсті. Сонымен бірге атмосфераның жоғары қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен озон қабаты пайда болды. Биосфера эволюциясында шешуші орынды тірі ағзалар атқарып отырады. Мысалы, біздің заманымыздан 3 млрд. жыл бұрын хемосинтездеуші бактериялардың тіршілік әрекеттерінен марганец, темір кендерінің, фосфориттердің, күкірттің шөгіндісі пайда болады. Ең алғашқы тіршілік иелері жасыл, қошқыл-қызыл бактериялар, олардан соң көк-жасыл балдырлар пайда болады. Олар көмірқышқыл газын өздеріне сіңіріп, молекулалық бос оттегін бөліп шығарып отырды. Мұның өзі озондық қабаттың түзілуіне жағдай туғызды. Озон қабатының түзілуі тіршіліктің кеңінен таралуына және түр құрамының өзгеруіне тікелей ықпал жасады. Біздің заманымыздан 600-570 млн. жыл бұрын атмосферадағы бос оттегінің мөлшері қазіргі кездегі мөлшерінің 3%-дейі ғана болды. Бұл кезде көпжасушалы ағзалар пайда болды. Одан соң теңіздерде губкалар, құрттар, маржандар және желілілер тарала бастады. Біздің заманымыздан 350—400 млн. жыл бұрын тірі ағзалар теңіздерден құрлыққа шыға бастады. Бірте-бірте жалаңаш тұқымды өсімдіктермен бірге ірі жануарлар пайда болды. Палеозой заманының соңында (230 млн жыл бұрын) атмосфера құрамында оттегі газының мөлшері арта түсіп, климаттық жағдайлар өзгереді, мұның өзі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің өзгеруіне әкеп соқты. Жанатын қазба байлықтардың қабаттары түзілді, ал теңіздерде көптеген омыртқасыз жәндіктердің әк сіңген қаңқасынан шөгінді жыныстар (бор, әктас) түзілді. Кейбір балдырлардың қалдықтарынан кальций пайда болды. Ал балдырлар мен губкалардың қалдықтарынан кремнезем қабаттары түзілді. Өсімдік қалдықтарынан тас көмір қабаттары пайда болды. Ал мұнайдың пайда болуына су айдындарында тіршілік еткен ұсақ жәндіктер қатысты.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

14

  

Биосферадағы  эволюциялық жағдай бірнеше рет  секірмелі түрде (дүркін-дүркін төңкерістік сипатта) жүріп отырды. Кайнозой заманында жалаңаш тұқымды өсімдіктердің орнына жабық тұқымды өсімдіктер, ал салқын қанды жануарлардың орнына құстар мен сүтқоректілердің түрлері Жер бетінде кеңінен таралып, биосфераның қазіргі жағдайының қалыптасуына ықпалын тигізді. Осылай әр түрлі табиғи ортада бір-бірімен тығыз байланысы бар сан алуан биогеоценоздар пайда болды. Тірі ағзалар сыртқы ортаның түрлі жағдайларына бейімделіп, олардың арасында зат пен энергияның алмасуы күшейе түсті. Ағзалар тіршілігінің нәтижесіңде химиялық элементтердің биогендік таралуы жүзеге асып отырды. Сонымен қатар ағзалар биосферадағы газ алмасуға, шашыранды элементтердің жинақталуына, тотығу және тотықсыздану реакцияларының жүруіне септігін тигізді. Мұның бәрі де эволюция барысында Жер бетіндегі биомассаның бірте-бірте қазіргі деңгейіне жетуіне тікелей әсер етті. Эволюция барысында тірі ағзалардың тіршілік әрекеті биосферадағы болып жатқан өзгерістерге ықпал жасай отырып, өздері де оқшаулана түсті. Олардың арасында зат пен энергия айналымы да күрделенеді және олардың арасындағы қоректік тізбектер байланысы да арта түсті. Тірі ағзаларда сыртқы ортамен байланысты реттейтін арнайы жүйелер дамып, бірте-бірте ондай жүйелер күрделене түсті. Әсіресе жүйке жүйесінің күрделене түсуі сыртқы орта жағдайларына бейімділік қасиетін арттырды. Биосферадағы зат пен энергия алмасу жылдамдығы (элементтердің миграциясы) үнемі артып отырды. Адамның пайда болуы биосферадағы жағдайларға ерекше өзгерістер енгізді. Халық санының артуы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі аз уақыт ішінде биосферада елеулі өзгерістердің болуына, элементтердің биогендік миграциясының жедел жүруіне мүмкіндік туғызды.

Адамның пайда  болуы биосферадағы жағдайларға  ерекше өзгерістер енгізді. Халық санының артуы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі аз уақыт ішінде биосферада елеулі өзгерістердің болуына, элементтердің биогендік миграциясының жедел жүруіне мүмкіндік туғызды. Адам — биосфераның құрамдас бөлігі және онын жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

15

  

Адамның табиғи ортаға әсері бірте-бірте арта түсті. Ол өзінің ақыл-ойы арқылы да биосфераны көркейтуге ықпал жасап отырды. Өсімдіктердің  жаңа іріктемелері мен жануарлардың асылтұқымдарын шығару арқылы табиғаттағы  түрлер эволюциясының өзгеруіне және олардың Жер бетінде кеңінен таралуына тікелей немесе жанама түрде болса да әсер етіп отырды. Адамның табиғат заңдылықтарын бұзуы. Адамның өзінің іс-әрекеті арқылы табиғатта ұзақ уақыттар аралығында бір-біріне байланысты үйлесімді жүріп отыратын заңдылықтарға әсер етіп, кейде олардың бұзылуына жағдай жасады. Ормандардың бейберекет қырқылуы, жерді қалай болса солай пайдалануы, қырғын соғыс зардаптары, табиғатты талан-таражға салуы соған мысал бола алады. Бір кезде "табиғатты бағындыру" деген теріс көзқарас содан келіп шықты. Табиғат заңдылықтарын мұқият зерттеп білмеудің нәтижесінде табиғатта болатын тіршіліктің тепе-теңдігі бұзылып, оның өзі адамның күнделікті өміріне қауіп төндіруде. Әрбір халықтың табиғатпен тікелей қарым-қатынасы, оған деген қамқорлық сезімі, оның тарихи дәуірлерде қалыптасқан шаруашылық салаларымен тығыз байланыста болады. Халқымыздың ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысуы, әрбір түліктің өсіп-көбеюіне қажетті жерлерді таңдай білуі, жайылымдықтарды жыл маусымдарына сай дұрыс, әрі тиімді пайдалана білгендігін көрсетеді. Халқымыздың асыл перзентінің бірі Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазылған бір мақаласында малдың халық өміріндегі алатын орнына ерекше тоқталып, "мал оның күнкөріс көзі. Онын барлық мүддесі мал төңірегінде, игілікті өмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы" — деп өте орынды атап өткен. Сонымен бірге, оның табиғаттың "кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды" деген ойлары да көрегендік пен данышпандықты көрсетеді. Бір кезде халқымыздың көзінің қарашығындай қорғап келген жайылымдық жерлерінің қазіргі жағдайы қуанарлық емес. Көптеген жайылымға жарамды шұрайлы аймақтар егістік алқаптарға айналса, қалған бөлігі мүшкіл жағдайға ұшыраған. Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.  
Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

16

  

Бұл салада Қазақстан  ғалымдарының қосқан үлесі мол.  
Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын “Бетон-20”-дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, “Қазақстан орманы” деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты 4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.  Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарып қалу жолында Орталық Азия, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында халықаралық қор құрылып, игілікті істерді қолға алып отыр. Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін “Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.  
Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның құрамды бөліктерінің тіршілігіне, оларда жүретін қоректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті арқылы жасалған биоценоздар агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, қолдан жасалған жайылымдықтар мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштық мәні бар жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға ұшыраған алқаптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе саңырауқұлақтардан, вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайындалған биологиялық препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді болады. Бунақденелілерге жататын жарғақ қанаттылар отрядының өкілі трихограмма деген жәндік өз жұмыртқасын 16 түрлі зиянкес жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны орамжапырақ, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

17

  

 Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен аңдардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы, табиғатты тазартушы екендігі анықталып, қазіргі кезде оларды ретсіз атуға тиым салынды. Кейбір жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруіне де жол бермеу жағына басты назар аударылады.  Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы заңдылықтарды бұзбау үшін биология ғылымдарын жан-жақты әрі мұқият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой-сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш-қуатын және бар қабілетін барынша аша түсуіне жағдай жасау болып табылады. Ноосфераның негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын көтеру, жер бетіндегі барлық адамның теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың шығармашылық еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып табылады.

1.4.Табиғатты  ақылды және саналы түрде басқару  ұйымдары

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Аймақтық экономикалық комиссиялар, Халықаралық еңбек ұйымы, Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық реконструкция және даму банкі, Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық теңіз ұйымы, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым және т.б. қатысады. Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашқы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

    • Бірінші деңгейде қоршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортаның ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
    • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және
 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

18

  

  • үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар  мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері  тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламаның  түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін. ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлім құрылған. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы)

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

19

  

және басқа  да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық  ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгілеген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл. Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар. Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды  тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

20

  

тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді  жасау. Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдық жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бүлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар.Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым. Негізгі мақсаты – жаhандық (әлемдік) экологиялық проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам назарын аудару арқылы.Гринпис тек қана өз жақтастарының ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен қаржылай көмекті үзілді-кесілді қабылдамайды. Гринпис БАҚ назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған ірі акцияларымен белгілі. Greenpeace аймақтық кеңселері бірнеше мемлекеттерді қамтиды:

Орталық және шығыс Еуропа (Аустрия, Мажарстан, Словакия)

Скандинавия (Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция)

Жерортатеңіз аймағы (Израиль, Ливан, Мальта, Түркия)

Оңтүстік-шығыс Азия (Индонезия, Таиланд, Филипины)

Аустралия мен Океания (Аустралия, Папуа - Жаңа Гвинея, Соломон  Аралдары, Фиджи)

Greenpeace Ұлттық кеңселері.

Еуропа: Белгия, Ұлыбритания, Алмания, Грекия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ресей, Франция, Чехия, Швейцария

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

21

  

Азия: Үндістан, Қытай, Жапония

Солтүстік Америка: Канада, Мексика, АҚШ

Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия, Чили

Аустралия мен Океания: Жаңа Зеландия

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін  атап өте отырып, Қазақстан жаһандық қоғамдастықты ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу мен ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыруда батыл әрекеттер жасауға шақырады. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі және тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

2.1. Ноосфераның даму «құпиясы»

Ноосфераның даму «құпиясы» - әрбір адамның рухани және табиғаттың ақпараттық қызметіне байланысты. Ноосфераның негізгі түпкі төркіні «Дүниенің» ақпараттық қызметіне келіп тіреледі,  яғни дүниені құрайтын рухани заттар мен дүниенің даму заңдылығына байланысты. Абсолютті және мәңгілік дүниенің ақпараттық негізі діннен, яғни адамзаттың интуициялық деңгейде ойлауынан бастау алып, ғылыми, яғни логикалық ойлауға дейін жалғасуда. 2005жылы 24 ақпанда Песах Амнуэльдің «Ноосфера: бірінші сұрып» атты мақаласын былай деген еді: «Биосферадағы тірі санасыз табиғаттың дамуының шешімін биологиялық ғылым тапса да, ноосфераның дамуы әлде де болса жеті мөрлі құпия болып қалуда». Песах Амнуэльдің айтуынша алғаш рет ноосфераның пайда болуы  өнеркәсіп пен өндіріске байланысты, алайда бұл жорамал мүлдем дұрыс емес. Себебі, ноосфераның пайда болуы мен дамуы өндіріске де, өнеркәсіпке де, техникаға да байланысты емес, ол эволюция аренасындағы ойлау қабілетінің пайда болған кезінен бастап дамуда. Жердегі ноосфераның  даму тарихы  Homo sapiens –

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

22

  

саналы адамнан және дүниенің жаратылуынан басталады. Сондықтан ноосфераның дамуын анықтау үшін дүниені жаратылғанынан бастап  жетік меңгру керек.Осы тұрғыдан қарай отырып, ноосфера құрылымының даму заңдылығы «матрёшки» заңына ұқсас. «Матрёшки» заңына сәйкес материяның жаңа деңгейлі жүйесі алдындағы жүйенің негізінде құрылады мысалы, тірі ағзалар «жасушалардың» жиынтығынан құралады, ал жасушалар «химиялық қосындылардан», химиялық қосындылар –«молекулалардан», молекулалар – «атомдардан», атомдар – «ядро және элементарлы бөліктерден (электрондар)», ядро – «нуклондардан» (протондар мен нейтрондар), нуклондар – «элементарлы бөліктерден»  құрылады. Эволюция тірі ағзалармен тоқтаған жоқ және «матрёшки» заңы да шектелген жоқ.Тірі ағзалардың жынысты жолмен көбеюінің нәтижесінде Жерде әулет пайда болды. Эволюциямен бірге дамыған тірі ағзаның негізгі мысалы болып тарихы  Homo sapiens – саналы адамды айтуға болады. Адамдар әулетінен «ұрпақ» құрылды, ұрпақтан - «тайпа»,  тайпадан – «мемлекет», мемлекеттен – «біріккен мемлекеттер», біріккен мемлекеттер – бұл әлемнің бүгінгі таңдағы эволюциясы.Эволюция шыңы адамдар емес, адамдардың әлеуметі, адамдардың қоғамдық жүйелері.

Ноосфера –  адамның ақыл-ой, саналы сферасы  адамның пайда болғанынан бастап «матрёшки» заңына сәйкес дамуына байланысты: индивидуальді ноосферадан «әулет ноосферасы » құрылды, әулет ноосферасынан – «ұрпақ ноосферасы», ұрпақ ноосферасынан – «тайпа ноосферасы»,  тайпа ноосферасынан – «мемлекет ноосферасы», мемлекет ноосферасынан - «біріккен мемелекеттер ноосферасы» құрылды. Өнеркәсіптің қарқындап дамуы мен жердегі халық санының өсуі ноосфераның глобальді деңгейде қарыштауын көрсетеді. Бірыңғай эволюция, яғни биосфераның ноосфераға өту үрдісі бүгінде жүруде, болашақта да жүреді. Осы эволюция түрін ғылыми тұрғыда нақты былай айтуға болады, «адамзаттың ноосферамен бірыңғай даму жүйесі». Бұдан басқа эволюция болмайды, тек «адамзаттың ноосферамен бірыңғай даму жүйесі» өз етегін кеңге жаймақ.  Бүгінгі күнге қарай отырып адамзаттың ноосферамен бірыңғай даму жүйесінің «матрёшки» заңына сүйеніп дамуы мүмкін емес, себебі «матрёшки» заңында мемлекеттердің ноосферасының бірігуі, олардың көзқарастарының бір жерден шығуы айтылған. Алайда, бүгінгі күнде мемлекеттердің дүниеге деген көзқарастары  әртүрлі. Дүниеге деген көзқарас бірыңғай болмағандықтан, адамзаттың бірігуі, бір жүйе бойынша әрекет етуі мүмкін емес.  Осыған қарап, биосфера эволюциясы ноосфераның дамуы тығырыққа тірелді деген ойға келуге болады, бірақ та эволюция ешқашанда тоқтап немесе жаңадан басталмайды. Кез-келген эволюция түрінің.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

23

  

 тығырықтан шығатын жолын табиғат алдын ала қарастырып қойған. Эволюцияның басында адамзаттың дамуы екі ажырамас бағытта дамыды. Олар:

1.Физиологиялық ноосфера – жеке тұлға мен қоғам жүйесінің интуитивті ойлау қабілетіне жүгінуі.

2.Еңбекпен өндіру  ноосферасы - жеке тұлға мен қоғам  жүйесінің логикалық ойлау қабілетіне  жүгінуі. Логикалық өндіруде адамдар   ойланып, түсініп әрекет жасайды,  олар өздерінің жобаларын біріншінің негізінде екіншісін, екіншісінің негізінде үшіншісін жасайды, оның бәрі логикалық ойлау қабілетіне байланысты.

Жалпы адамзат  ноосферасындағы интуитивті-физиологиялық  бағытқа Құдайға деген табынушылық, дінге сенушілік сияқты әрекеттер жатса, ал логикалық өндіру ноосферасындаға негізгі сенім артатын, қаралатын мәселе - ғылым болып табылады. Ғылым –дүние жүзіндегі бүкіл адамзатты бір арна жинайтын, біріктіретін жүйе. Интуитивті-физиологиялық бағыты дін ноосферасындағы  айырмашылыққа байланысты эволюцияны тығырыққа тірейді, ал логикалық өндіру бағыты адамды осы тығырықтан алып шығады десек те болады, себебі дәл осы бағытта адамдардың ғылымға деген қызығушылығы, логикасы, дүниеге деген көзқарастары ұқсап бірі-бірін жаңа қырынан танып, өзара қарсы пікірлерді шешуге септігін тигізеді. Ноосфераның және әлемнің даму заңдылығы  мынадай, енді адамзаттың болашағы логикалық және ғылыми ойлау барысында анықталады. Егер де адамзатттың дүниеге деген көзқарасы бір жерден шықпаса, онда «адамзаттың ноосферамен бірыңғай даму жүйесі» жұмыс істемейді. Адамзатттың дүниеге деген көзқарасының  екіге айырылуындағы  негізігі шынайылық мәселелер болып материализм және идеализм айтуға болады. Негізінен ғылыми білімділікті пайдалана отырып, материализм және идеализм шешуге болады. Алдымен, адамзат материализм және идеализмнің өзара тығыз байланыста екенін ұғыну керек. Материализмде бірінші – ақпарат (ақпарат – ойлау, рух), екінші – материя. Материалист үшін табиғатта материядан басқа ештеңе жоқ. Алайда табиғатта ой, ойлау сферсы, ақыл сферасы ноосфера бар. Ноосфера дүниені материалды емесе құраушылардан құралған. Ноосфераның биосферадан да және әлемді құрайтын материалдық заттардан айырмашылығы бар. Мұнда физиканың, геометрияның, математиканың нақты заңдары жүзеге аспайды. Ноосферада Евклидтің геометриясы, 1+1=2 деп нақтыолай көрсететін математика заңдары іске аспайды.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

24

  

Ноосферадағы  басты мәселе қызығушылық, мұнда 1+1=2 болуы міндетті емес. Ноосфераны құраушылар физика заңына сәйкес бір-бірімен қосылып, тебіліп жатыспайды, онда идеологиялық және дүниеге деген көзқарасына байланысты әрекет жасалады. Ноосфераның құпиясын ашу – материалисттер мен физиктердің (әлемді материя ретінде қарастыратын) ісі емес. Материалисттер бұл құпияның ашылуына кері ықпал етеді.

2.2. Қазақстандағы  ноосфераның даму қарқыны.

Адамзаттың ғаламдық экологиялық ноосферасын дұрыс қалыптастыру үшін қоршаған орта туралы сапалы білім жүйесін жан-жақты дамыту керек.. Сондықтан да студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген. Бұл құжаттарда экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана жүзеге асыруға болатыны баса айтылды, яғни олар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін бұл салада оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы;  адам баласына туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім беру; халық арасында экологиялық пікірталас өткізу, экологиялық білім беруге мемлекет тарапынан қолдау көрсетті. Мұндай нақты міндеттер экологиялық білім беруді ұйымдастырудың жаңа принциптері мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің белсенді түрін пайдалану, оқыту технологияларының жаңашыл түрлерін оқу-тәрбие процесіне енгізу мәселелерін өзекті ете түсуде. Экологиялық білім беруде жоғары оқу орындары оқытушылары тарапынан инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады. Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде кейбір ғалымдар инновациялық процестерді зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Инновациялық-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы және өзіндік ерекшеліктерін П.И.Пидкасистый, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова,  Я.А.Пономарев, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман секілді біршама шет елдік ғалымдар зерттеген. Соңғы жылдары Қазақстандық ғалымдар педагогикалық инновация мәселесіне ерекше мән беріп еңбектерінде әсіресе оқу-тәрбие процеестерде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану туралы қарастырған. Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық білімдерін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану туралы ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

25

  

Демек, ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде көрсетілген инновациялық технологиялар арқылы студенттердің  экологиялық білімін арттыру  мәселесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға  мүмкіндік туғызды. Яғни,  жоғары оқу орны студенттеріне экологиялық білім беруде инновациялық технологияларды пайдалануға сұраныстың болуы мен осы салада теориялық, әдістемелік жолдарын зерттеу арасында және студенттерге экологиялық білім беру деңгейі мен қазіргі күнгі талаптар жүйесі арасындағы қарама-қайшылықтар туындап отыр. Мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда қажетті деңгейде қарастырылмауы «экологиялық білімді арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары» деген стратегияны дамыту Қазақстанда жүргізілуде. Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы қолдана бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану нәтижесінде және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі тұрақтылық, тепе-теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы, қалпы өзгеріп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның өзі енді, керісінше табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда. Ірі оқиғалар мен өзгерістерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар экологиялық мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта ХХІ ғасырдың басында істелетін шаралардың бірі экология бойынша білім беру жүйесіне көңіл бөлу.

Экологиялық білім  халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның мазмұны түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады. Қоғамдағы өндіріс орындарының артып, ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селқос қарау мен техникалық және экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі оганизмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынасардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу,   экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі.

 

2.3. Ноосфераның  бүгінгі таңдағы  атқаратын рөлі.

 

Ноосфера туралы екі  түрлі түсінік бар:

1)ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);

2)адамзат пен табиғаттың  ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

26

 

Теяр де Шарденнің  анықтамасы бойынша, ноосфера дегеніміз – планета эволюциясының болашағының бағыттарын бақылап отыратын коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады.В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады. Адам тарихи дамудың жемісі, барлық қоғамдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам-өндіргіш күштің басты негізі, өндірістің субъективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам, қоғамды өркендетуші де адам. Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясыңда болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Соңдықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол, үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т.б. талаптар, әлемде осы заманда ерекше күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т.б. сан алуан жағдайлар қоғамда да әр түрлі болып келгені белгілі.   Сондықтан өндіріс жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді. Өндірісте адам факторларының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімнің өсуі, мамандық дәрежесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынастарының өзгеруі, еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратьш қызметінің өзгеруі, адам факторының маңыздылығының арта беруі және т.б. Өндірістегі адам факторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші- тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс-құрал жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір бөлшек және жекеленген операциялар бойынша еңбек бөлінісі, бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болмаса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

27

қажет етеді. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға, топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің Адамның әлем экономикасында, осы дәуірде, өндіріс факторы ретіндегі дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгені өмір талабы. Әлем көлемінде, осы тұрғыдан келесі заңдылық, ол маманданған еңбектің салмағы өсті, берер нәтижесі және тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ҒТР-ға шешуші ықпал етеді. ҒТР қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары, технология мен өндірісті ұйымдастыру революциялық өзгерістерге ұшырады. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементерінің біріне айналып отыр. Қоғамның басты өндіргіш күші адамның өндіріс процесіңдегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуыньщ әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машина мен байлықтың технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамудың, былайша айтқанда, техникалық өндіріс әсерінің дамуының негізгі кезеңдерін төмендегіше бөлуге болады.

1.Қол  еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты техникалық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесіпің материалдық негізіне, ал еңбек құрылыстары оның жұмыс органдарына қуат беріп отырады.

      2.Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі, еңбек процесінің материаддық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.

      З.Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина-автоматтар құрайды. Адам "өндіріс қатынасында" творчестволық жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс техникасы адамның физикалық және технологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.

4.Ерекше  айта кететін жай автоматтандыру  процесі өз дамуында бірнеше сатыдан өтеді., ең қарапайым жайдан-күрделіге, бөлшекті комплекстіге және ең соңғы сатысы толық автоматтандыру процесі туындайды. Үстіміздегі 100-жылдың, 70-ші жылдарының орта шенінде ғылыми-техникалық революция ез дамуында жаңа бір сатыға көшті, оның ерекшелігі микроэлектроника кеңінен даму адцы. Экономиканың болашақ дамуында микропроцессорларды қолданудың өндіріс нәтижесінде қаншалықты ықпалы болатындығын есептеу қиын, дегенмен бүгіннің

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

28

  

өзінде  электронды есептеу техникаларының дамуында микропроцессорлық техника жаңа дәуірді ашып отыр. Микроэлектрониканы қолдану экономиканың саласында орын алуда: энергетика, ауыл шаруашылығын, транспорт, машина өндірісі, автомобиль өндірісі, қызмет көрсету саласында т.б. Қазіргі өнеркәсіп роботтарын, принципиалды жаңа автомат жүйелерімен бағдарламалық басқару станоктарын жасау. Осы микроэлетрониканы игеру негізінде ғана мүмкін болып отыр. Микропроцессорларды  игеру  өнімді жобалау  саласында автоматтандыруға жол ашты. 80-ші жылдарда жобалауды автоматтандыру (ЖАЖ) станок шығару өндірісінде авиация, медицина өнеркәсібінде кеңінен даму алды. Микропроцессорлар энергия тұтынуды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасызету салаларында да қолданылады. АҚШ шығарған әрбір автомобиль жанар майды жұмсаумен бөлінетін газдың зияндық дәрежесіне бақылау жасау мақсатында микропроцессорлармен жабдықталған.

 

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

29

  

Қорытынды

 

Адам – биосфераның  құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей  тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.  
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді. Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады. Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі Фактор болып есептелінеді. «Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леура және палеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927 ж) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. Пьер Тейяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

30

  

 еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.Ноосфера дегеніміз (гр. – сана және – орта, шар) – биосфераныңжаңа жағдайға көшкен деңгейі, адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор. Ноосфераның асқан қарқындылықпен дамуы ҒТП-ке байланысты. Ноосферадағы ақыл-ойдың дұрыс қалыптасуы үшін жастайынан экологиялық білім беру жүйесін, экологиялық мәдениет жайында ұғындыру керек. Сол кезде біздің ноосферамыз жақсы қалыптасып, дұрыс бағытта жұмыс істейтін болады.

Ноосфераның негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын көтеру, жер бетіндегі барлық адамның теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың шығармашылық еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып табылады.

    Эволюцияның басында адамзаттың дамуы екі ажырамас бағытта дамыды. Олар: физиологиялық ноосфера – жеке тұлға мен қоғам жүйесінің интуитивті ойлау қабілетіне жүгінуі,  еңбекпен өндіру ноосферасы - жеке тұлға мен қоғам жүйесінің логикалық ойлау қабілетіне жүгінуі. Логикалық өндіруде адамдар  ойланып, түсініп әрекет жасайды, олар өздерінің жобаларын біріншінің негізінде екіншісін, екіншісінің негізінде үшіншісін жасайды, оның бәрі логикалық ойлау қабілетіне байланысты. Жалпы адамзат ноосферасындағы интуитивті-физиологиялық бағытқа Құдайға деген табынушылық, дінге сенушілік сияқты әрекеттер жатса, ал логикалық өндіру ноосферасындаға  негізгі сенім артатын, қаралатын мәселе - ғылым болып табылады. Ғылым –дүние жүзіндегі бүкіл адамзатты бір арна жинайтын, біріктіретін жүйе. Интуитивті-физиологиялық бағыты дін ноосферасындағы  айырмашылыққа байланысты эволюцияны тығырыққа тірейді, ал логикалық өндіру бағыты адамды осы тығырықтан алып шығады десек те болады, себебі дәл осы бағытта адамдардың ғылымға деген қызығушылығы, логикасы, дүниеге деген көзқарастары ұқсап бірі-бірін жаңа қырынан танып, өзара қарсы пікірлерді шешуге септігін тигізеді. Ноосфераның және әлемнің даму заңдылығы  мынадай, енді адамзаттың болашағы логикалық және ғылыми ойлау барысында анықталады. Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай  келе  В.И. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:

  1. ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;
 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

31

  

  1. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар;
  2. биосфераның  бұл өзгерістері адам еркінінен тыс стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;
  3. тіршілік ортасы – биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы – адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге – ноосфераға өтуі табиғи процесс.

В.И. Вернадскийдің  «Ноосфера туралы бірер сөз» деген  мақаласы  1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды. Биосфера эволюциясында шешуші орынды тірі ағзалар атқарып отырады. Мысалы, біздің заманымыздан 3 млрд. жыл бұрын хемосинтездеуші бактериялардың тіршілік әрекеттерінен марганец, темір кендерінің, фосфориттердің, күкірттің шөгіндісі пайда болады. Ең алғашқы тіршілік иелері жасыл, қошқыл-қызыл бактериялар, олардан соң көк-жасыл балдырлар пайда болады. Олар көмірқышқыл газын өздеріне сіңіріп, молекулалық бос оттегін бөліп шығарып отырды. Мұның өзі озондық қабаттың түзілуіне жағдай туғызды. Озон қабатының түзілуі тіршіліктің кеңінен таралуына және түр құрамының өзгеруіне тікелей ықпал жасады. Біздің заманымыздан 600-570 млн. жыл бұрын атмосферадағы бос оттегінің мөлшері қазіргі кездегі мөлшерінің 3%-дейі ғана болды. Бұл кезде көпжасушалы ағзалар пайда болды. Одан соң теңіздерде губкалар, құрттар, маржандар және желілілер тарала бастады. Біздің заманымыздан 350—400 млн. жыл бұрын тірі ағзалар теңіздерден құрлыққа шыға бастады. Бірте-бірте жалаңаш тұқымды өсімдіктермен бірге ірі жануарлар пайда болды. Палеозой заманының соңында (230 млн жыл бұрын) атмосфера құрамында оттегі газының мөлшері арта түсіп, климаттық жағдайлар өзгереді, мұның өзі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің өзгеруіне әкеп соқты. Жанатын қазба байлықтардың қабаттары түзілді, ал теңіздерде көптеген омыртқасыз жәндіктердің әк сіңген қаңқасынан шөгінді жыныстар (бор, әктас) түзілді. Кейбір балдырлардың қалдықтарынан кальций пайда болды. Ал балдырлар мен губкалардың қалдықтарынан кремнезем қабаттары түзілді. Өсімдік қалдықтарынан тас көмір қабаттары пайда болды.

Ал мұнайдың пайда болуына су айдындарында тіршілік еткен ұсақ жәндіктер қатысты. Биосферадағы эволюциялық жағдай бірнеше рет  секірмелі түрде (дүркін-дүркін төңкерістік  сипатта) жүріп отырды. Кайнозой заманында  жалаңаш тұқымды өсімдіктердің  орнына жабық тұқымды өсімдіктер, ал салқын қанды жануарлардың орнына құстар мен сүтқоректілердің түрлері Жер бетінде кеңінен таралып, биосфераның қазіргі.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

32

  

жағдайының  қалыптасуына ықпалын тигізді. Осылай әр түрлі табиғи ортада бір-бірімен тығыз байланысы бар сан алуан биогеоценоздар пайда болды.

 Тірі ағзалар сыртқы ортаның түрлі жағдайларына бейімделіп, олардың арасында зат пен энергияның алмасуы күшейе түсті. Ағзалар тіршілігінің нәтижесіңде химиялық элементтердің биогендік таралуы жүзеге асып отырды. Сонымен қатар ағзалар биосферадағы газ алмасуға, шашыранды элементтердің жинақталуына, тотығу және тотықсыздану реакцияларының жүруіне септігін тигізді. Мұның бәрі де эволюция барысында Жер бетіндегі биомассаның бірте-бірте қазіргі деңгейіне жетуіне тікелей әсер етті.

Эволюция барысында  тірі ағзалардың тіршілік әрекеті биосферадағы болып жатқан өзгерістерге ықпал  жасай отырып, өздері де оқшаулана  түсті. Олардың арасында зат пен  энергия айналымы да күрделенеді  және олардың арасындағы қоректік тізбектер байланысы да арта түсті. Тірі ағзаларда сыртқы ортамен байланысты реттейтін арнайы жүйелер дамып, бірте-бірте ондай жүйелер күрделене түсті. Әсіресе жүйке жүйесінің күрделене түсуі сыртқы орта жағдайларына бейімділік қасиетін арттырды. Биосферадағы зат пен энергия алмасу жылдамдығы (элементтердің миграциясы) үнемі артып отырды.

Адамның пайда  болуы биосферадағы жағдайларға  ерекше өзгерістер енгізді. Халық санының  артуы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі аз уақыт ішінде биосферада елеулі өзгерістердің болуына, элементтердің биогендік миграциясының жедел жүруіне мүмкіндік туғызды. Адамның табиғи ортаға әсері бірте-бірте арта түсті. Ол өзінің ақыл-ойы арқылы да биосфераны көркейтуге ықпал жасап отырды. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың асылтұқымдарын шығару арқылы табиғаттағы түрлер эволюциясының өзгеруіне және олардың Жер бетінде кеңінен таралуына тікелей немесе жанама түрде болса да әсер етіп отырды.

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

33

  

Қолданылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Жалпы білім беретін орта мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған оқулық. Т. Қасымбаева, Л. Аманжолова, Ж. Әкімов, Р. Сәтімбекұлы

2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006

3.Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

4.Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.  
5. Экология негіздері. Ғ. Сағымбаев.  
6. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.  
7.Денсаулық журналы.  
8. Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.

9. http://www.sitc.ru/

10. http://nrc.edu.ru/

11. http://www.fund-intent.ru/

12. http://www.sciteclibrary.ru

13.Ю. В. Олейников. Экологические альтернативы НТР. Москва, Наука. 1987 г.

14.Ю. Г. Марков. Социальная экология. Новосибирск. Наука. 1986 г.

15. А. А. Горелов. Человек — гармония — природа. Москва. Наука. 1990 г.

16.Взаимодействие общества и природы. Сб. статей. Под ред. Е. Т. Фаддеева.

17. «В.И. Вернадский и современность» Издательство Москва «Наука», 1986г

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

34

  

Қосымша әдебиеттер:

 1. В.П.Казначеев, Учение В.И.Вернадского о биосфере и ноосфере, Наука, Новосибирск (1989).

 2. С.Гроф, К.ГрофНеистовый поиск себя, М.(1996).

  3. Е.А.Файдыш Измененные состояния сознания, М.(1993).

 4. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. - М., 1998.

5. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли / Л.Н.Гумилев. – М., 1994.

6.Жатқанбаев Ж. Биосфера / Ж.Жатқанбаев. – Алматы: Қазақстан, 1981.

7. Экологиялық құқық пәнін оқытудың жүйесі //"Қазақстан жоғары мектебі" журналы №1.–2008.

8.Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. - М., 1989.

9.Данилов-Данильян В., Лосев К.С. Экологический вызов и устойчивое развитие. - М., 2000.

10.Ермолаева В.Е. Ноосфера, экологическая этика и глубинная экология // Стратегия выживания: космизм и экология. - М., 1997.

11.Кузнецов М.А. Учение В.И.Вернадского о ноосфере: перспективы развития человечества. // Вопросы философии. - 1988. - №3.

12.Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. - М., 1990.

13.Петров К.М. Общая экология. Взаимодействие общества и природы.  1998.

 

 

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

35

  

Курстық жұмыстың мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................4

І.Негізгі бөлім.

1.1.Ноосфераның  дамуы және пайда болуы.........................................................7

1.2. В.И.Вернадскийдің  ноосфера  туралы  концепциясы...................................8

1.3. НООСФЕРА: жарқын  болашақ әлде трагедиялы шындық.........................12

1.4. Табиғатты   ақылды және саналы түрде басқару ұйымдары........................18

ІІ.Қосымша бөлім.

2.1.Ноосфераның  даму «құпиясы».......................................................................22

2.2. Қазақстандағы  ноосфераның даму қарқыны................................................25

2.3. Ноосфераның  бүгінгі таңдағы атқаратын рөлі.............................................26

Қорытынды.............................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер........................................................................................34

 

 

 

ОҚҚСТК – 1703002 – ЭР - КЖ

 Бет

36



Информация о работе В.И.Вернадскийдің ноосфера жайлы ілімі және оның бүгінгі таңдағы рөлі