СУ ТАСҚЫНЫ -
бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен
айдаған және кептелу кезінде
өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі
су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде
жерді айтарлықтай су басу. Өзендер
арнасына суды желмен айдау арқылы болған
су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны
көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың
қирауына, елеулі материалдық шығынға,
ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және
су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп)
адамдар мен жануарлардың опат болуына
әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі
себептері ғимараттар мен құрылымдарға
су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп
жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен
жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық
соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен
пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға
дейін созылуы мүмкін.
Су тасқынына
қалай дайындалу керек
Егер де
Сіздің аумағыңыз су тасқынынан
жиі зардап шексе, су басу
мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ
тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған
дөңестеу сирек су басатын
жерлерді, оған баратын ең қысқа
жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін
ұйымдасқан және жекелей көшіру
кезінде әрекет ету, сонымен
қатар кенеттен және буырқанып
келе жатқан су тасқыны кезіндегі
ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар,
салдарды және оларды жасау
үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын
еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын
құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің
тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы
чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды,
қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын,
су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны
кезінде қалай әрекет ету керек
Су тасқыны
қаупі және көшіру туралы дабылды
алғаннан кейін күттірместен, белгіленген
тәртіп бойынша өзімен бірге
қажетті заттар мен бұзылмайтын
азық-түліктің екі күндік қорын
алып апаттық су басуы ықтимал
қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз
аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз
(шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін
тіркеліңіз.
Үйден кетер
алдында электр қуаты мен газды
сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі
отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы
барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз
немесе қосымша жайларға орналастырыңыз.
Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды
заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға
орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді
жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті
болса бірінші қабаттың терезелері мен
есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз.
Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз:
күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа
байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық
дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар
келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық
шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына
көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын
мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан
тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу
кезінде белгіленген орындардан кетпей,
бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын
мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан
тек қана зардап шеккендерге медициналық
көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің
көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды
(шатырларды) су басу қаупі болу сияқты
себептер болған кезде ғана өздігінен
кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді
жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын
білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат
дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда
малтып жүрген және батып жатқан адамдарға
көмек көрсетіңіз.
Егер адам батса
Батып жатқан
адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз,
көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару
кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы
адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса,
оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап
алып, жағалауға сүйреңіз.
Су тасқынынан
кейін қалай әрекет ету керек
Ғимаратқа
кірер алдында қандай-да болмаса
бір заттың құлау немесе қопарылу
қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз.
Жайды желдетіңіз (жиналып қалған
газдан тазарту үшін). Жайларды
толық желдетпейінше және газбен
қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше
электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз
және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің,
газбен қамту, су және канализация құбырларының
жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың
мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына
көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды
кептіру үшін есіктер мен терезелерді
ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы
кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз.
Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін
пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды
ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
Су тасқыны кезеңінде
төтенше жағдайларды алдын алу бойынша
қолданылатын шаралар туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан
облысының аймағы 2010-2011 жылдар аралығындағы
қысқы кезеңі өте қатаң климаттық
жағдайларда, қардың қалың жаууында
және төменгі температураның ұзаққа
созылуында өтуде.
Шығыс Қазақстан
облысының аймағында ШҚ Гидрометео
Орталығының мәліметтері бойынша қар
қорының жинақталуы нормативтік мөлшерден
1-2 есе, кейбір жеке аймақтарда 2-3 есе артты.
Қардың биіктігі жазық аймақтарда 4-тен
72 см, ал таулы жерлерде 19- дан 125 см-ге дейін
ауытқып отырады. Су тасқынының
басталуы облыс аймағында наурыздан мамыр
айына дейін, кейбір жерлерде маусым айына
дейін сақталады.
Су тасқыны
кезеңінің алдын ала дайындалу
мақсатында ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев
2011 ж. 18 қаңтарда көктемгі кезеңде
алдын алу дайындығы бойынша
профилактикалық шаралар кешенін
өткізу туралы сұрақтары бойынша
отырыс өткізді.
Отырыстың
қорытындысы бойынша қала және
аудан аймақтарында көктемгі-қысқы
кезеңінде төтенше жағдайларды
тудырмау туралы және жеке
жауаптылығы туралы қала және
аудан әкімдері жазабаша ескертілді.
Төтенше жағдайлардың апаттарын алдын
алу бойынша тікұшақтар қолданылу
бойынша қызмет корсетумен, сонымен қатар
жарылыс жұмыстарын орындауға жарылыс
жұмыстармен айналысатын ұыймдармен келісім-шартқа
отырды. Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың
туындауында барлық потенциалды-қауіпті
жерлерді, гидроқұрылғыларды және сушаруашылық
объектілерді тексеруге облыстық басқарама
бастықтарының басшылығымен мамандардан
тұратын жұмыс топтары құрылды. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 ж. 12 мамырдағы
№ 690 «Сушаруашылығың құрылғылар мен жүйелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін
бекіту туралы» Қаулысына сәйкес облысытың
барлық сушаруашылық объектілері мен
гидротехникалық құрылғылардың иелері
оларады қаупсіз қолданылудың қамтамасыз
ету бойынша шаралар қолдануға міндетті.
2003ж 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы
Су кодексінің 32 бабының 2 тармағына
сәйкес меншіктер сушаруашылық құрылғыларының
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауын
жүзеге асырады:
1) Сушаруашылық
құрылығылар жұмысының тәртібін
сақтайтын уәкілетті орган («Суресурстарын
қорғау және қолдануды реттеу бойынша
Ертіс бассейн инспекциясы» ММ)
2) Сушаруашылық
құрылығылардың техникалық жағдайына
өндірістік қауіпсіздік саласындағы
уәкілетті орган («ҚР ТЖМ ШҚО
төтенше жағдайлар бойынша департаменті»
ММ).
Жеке коммуналдыққа
енетін су шаруашылық құрылғыларының
қауіпсіздігі бойынша қызметтерін қамтамасыз
ету үшін ШҚО Табиғат ресурстары және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
ішінде «Шығыс су қоймалары» мемлекеттік
коммуналдық қазыналы кәсіпорыны құрылады.
Табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар әсеріне тиетін қауіпті
учаскелер мен аймақтардың карталарын
ҚР ТЖМ ШҚО төтенше жағдайлар бойынша
департаменті түзетеді. Жолдарды тазартуға
жұмылдыруда жол ұйымдары мен шаруашылық
субъектілердің балансында тұратын жол
техникаларының тізімі Жолаушылар көлігі
мен автомобилдік жолдар басқармасымен
жаңартылады.
Барлық өзендер
мен суқоймалардың, қаркөшкіні
учаскелерінің жағдайына, сонымен
қатар көктемгі кезеңде тасыма
және тасқын суларды болдырмау
бойынша алдын ала шаралар
қолданылуына қала және аудан әкімдерімен
бақылауға алынды. Гидроқұрылғылардың,
дамбылардың, шлюздардың, таулы канал
бөліктерінің, суөткізгіш құбырларының
және жолдағы көпірлердің жағдайларына
тексеру жүргізілуде.
ШҚ Гидрометео
Орталығы 35 гидрологиялық посттар,
29 метеопосттарымен су тасқынының қауіп
қатер жағдайына болжамды және мониторингті
күнделікті жүргізіледі. Барлық гидропосттар
телефон, радиостанция, немесе электрондық
пошта арқылы жүзеге асырылады. Метеопосттар
автокөліктермен қамтамасыз етілген,
баяндама телефон, радиостанция, немесе
электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
ҚР ТЖМ
«Казселезащита» ММ филиалымен 24
маршруты бойынша қаркөшкінінің
қауіптілігіне тұрақты бақылау
жүзеге асырылады. Жарылғыш жұмыстарын
жұмылдырумен қаркөшкінін профилактикалық
түсіруі жүргізілуде. Сарымсақты жоталарындағы
34 морреналық көлдер мен таулы өзендердің
бассейндерінде селдік жағдайына 15 бақылау
посттарымен, жердің шайылуы мүмкіндігі
бар құбылыстарына 13 ошақтарымен, Ертіс
өзенінің опырмалы құбылыстарына 19 ошақтарымен
және оның құймаларына 12 посттарымен бақылау
іске асырылуда.
Төтенше жағдайларды
алдын алу және жою бойынша
облыстық идарааралық комиссия
отырысының 2011 ж 31 қаңтардағы №
1 Хаттамасына сәйкес, көктемгі сутасқыны
кезеңіндегі төтенше жағдайларды
алдын алу және жою мақсатында, облыстың
қала және аудан әкімшіліктеріне табиғи
және техногендік сипаттағы жанар-жағармай
материалдары төтенше жағдайларды алдын
алу және жоюға облыс әкімінің материалдық-техникалық
қорынан бөлінген.
2011 ж 18 қаңтарда
Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру
дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар
мен дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды ұйымдастыру басқармасы «Тасымал
суы, су тасқыны мен су басудың пайда болуы
және қауіп қатер төнуінде басқарма
органдарының, қалалар мен аудандардың
төтенше жағдайлар бойынша комиссиясының,
авриялық – құтқару қызметінің және
халықтың іс-әрекеті» атты тақырыпқа жаттығу
штабын өткізді.
Көктемде
барлық облыс аймағында су
тасқынының күрделі жағдайына
нақты қауіп төнгендіктен, 2011 жылға
Шығыс Қазақстан облысының территориясына
су тасқынға қарсы шаралар Жоспарының
бекітілуі бойынша облыс әкімдігінің
жобасы дайындалды.