Радияция проблема

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:34, реферат

Краткое описание

Шығыс Қазақстан облысының табиғи радиациялық фоны сағатына 18-22 микрорентген. Радиациялық ахуал радиоактивті заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, Семей ядролық сынақ полигонының тигізетін әсерлерімен, сондай-ақ табиғи факторлармен анықталады.

Файлы: 1 файл

Радиациялық ластану.docx

— 31.38 Кб (Скачать)

Сондай-ақ радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде мейлінше оқшау алаңдық сипаты кезінде (алғашқы  шаршы метрлер) топырақ пен грунтта  анықталған кейбір радиоактивті ауытқушылық  пен аз деңгейдегі гамма-сәулелену (сағатына 40 микрорентгеннен артық  емес), жер асты горизонттарында  радиоактивті ластанған грунттың, соның  ішінде радиоактивті қалдықтардың (РАҚ) санатына жатқызылатын біршама көлемімен  сипатталуы мүмкін екені анықталды. Осындай радиоактивті ластанудың үсті бейтарап грунтпен жабылуы мүмкін, бұл оны іздестіруді қиындатады, осындай ауытқуларда қандайда бір инженерлік-құрылыс жұмыстарын жүргізу басқа аумақтардың радиоактивті ластануына әкеліп соғуы мүмкін.

Радиометриялық  зерттеулермен радиоактивті грунттан басқа, қаланың солтүстік бөлігінде  МЭД  сағатына 3000 микрорентген және одан да артық деңгейде металл бұйымдар мен конструкциялардың көп мөлшері анықталды, олармен жақын байланыс немесе шаруашылық мақсатында пайдалану денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Әсіресе иесіз радиоактивті құбырлар қауіп төндіреді.

2006 жылдың басындағы  Өскемен қаласының аумағындағы  радиоэкологиялық ахуал мынадай  болды:

Өскемен қаласында 1990 жылдан бастап жүргізілген радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде түрлі  жүргінші гамма-түсірумен 57 шаршы шақырым  масштаб қамтылды.

1990 жылдан бастап  қаланың аумағында 411 ауытқу анықталды,  олардың 206-сы радиоактивті ластанған  грунтпен байланысты болды, 64 –  құрылыс материалдарындағы, темір  бұйымдардағы, конструкциялардағы  және т.б. радиоактивті ауытқуларды  көрсетті, 141-і иондалған сәуле  шашудың техногендік көзі болып  табылды, олардың қатысуы пайдаланылатын  аспаптар мен құрал-жабдықтардың  конструкциялық ерекшеліктерімен  байланысты.

2005 жыл бойынша  Өскеменнің аумағында 221 ауытқу  қалды, олардың 182-і грунттың  радиоактивті ластануымен байланысты, 39-ы құрылыс материалдарындағы,  темір бұйымдардағы, конструкциялардағы  және т.б. радиоактивті ластанулар. 1992 жылғы материалдар бойынша  ұйымдар мен кәсіпорындардан  иондалған сәуле шашудың 126 техногендік  көзі алынды және сақтауға  тапсырылды, қалған 15-ін сақтау және  пайдалану радиациялық-гигиеналық  талаптарға сәйкес келеді.

Өскеменнің тұрғын аймағының аумағында қазіргі  кезде 35 радиоактивті ауытқу бар, олардың 21 грунт пен топырақтағы радиоактивті ластануға жатады, алаңының сипаты бір шаршы метрден 8 гектарға дейінгі  аралықта, ал радиоактивті ластанған  грунттың көлемі топырақтың қабатындағы 1 метр тереңдікке дейін 85 000 текше метрді құрайды, оның 62 000 текше метр І-ші санаттағы  радиоактивті қатты қалдыққа жатады. Қоныс аймағының аумағындағы  радиоактивті ластанудан басқа 14 ауытқу бар, олар ғимараттардың құрылыс  конструкцияларында радиоактивті ластанумен және радиоактивті металл бұйымдармен  байланысты.

Солтүстік өнеркәсіп  аймағында қазіргі кезде 186 радиоактивті ауытқу бар, олардың 161 топырақ пен  грунттағы радиоактивті ластануға  жатады, ал 25 анықталған құрылыс материалдарында, конструкцияларда, металл бұйымдарда, өндірісте пайдаланылатын радиоактивтілігі жоғары материалдарда, немесе өндірістік қызметтің нәтижесінде ластанған. Радиоактивті ластанған грунтпен байланысты және солтүстік өнеркәсіп аймағында  орналасқан радиоактивті ауытқулардың жалпы санының 121-і өнеркәсіп кәсіпорының аумақтарында орналасқан және осы уақытқа дейін атүсті зерттелген.

Радиометриялық  зерттеулердің нәтижесі бойынша  Өскемен қаласының аумағында 1990 жылдан бастап анықталған радиоактивті ауытқулардың мен иондалған сәулелену  көздерінің кадастры, сондай-ақ қаланың  радиоактивті ластануының картасы  жасалды.

Судағы радонды  өлшеу.

Өскемен қаласының  ауыз суларының құрамындағы радонды  өлшеу бірінші рет 1991 жылы жер  асты суларының жай-күйіне сараптама  жүргізген кезде орындалды. Эманациялық  зерттеулермен қаланың бас тоғандары, жекелеген құдықтар, өнеркәсіп алаңдары, ұңғымалар мен қалдық қоймалары  қамтылды. Барлығы 44 объекті зерттелді. 2 объектіде радонның концентрациясы фондықтан 6-10 есе артты. Элеватор бас  тоғанында ол 95 эм/л (351,5 Бк/л) дейін  жетті, ҮМЗ қалдық қоймасында фондық құрамы 9 эм/л (33,3 Бк/м3) кезінде 57 эм/л (210 Бк/л). Сараптаманы жүргізген кезде су ағындарының бетіндегі шөгінділердің пайда болу ахуалына баға беру үшін жұмыстар жүргізілді. Шөгінділерден 85 сынама іріктелініп алынды.  Олардың құрамынан радионуклид табылды, соның ішінде Rа-226, құрамындағы РБШК 10 есе және одан да көп, уран – 6 есе.

1992-1993 жылдары “Казгеология”  ПГО құрамына кіретін “Восток”  геологиялық өндірістік кәсіпорнының  геофизикалық партиясымен Өскемен  қаласының негізі 10 бас тоғанында  радонның концентрациясына бір  жолғы өлшеу, Элеватор және  Пионер бас тоғандарының су  құбыры желілерінің екі реперлік  нүктеде радонның ауытқуына мониторингтік  байқаулар жүргізілді. Мониторингтік  байқаулар кезеңінде радонның  концентрациясының 10 есе және  одан да көп ауытқығаны байқалды. Осындай өзгерістерге әсер ететін  факторлар ретінде маусымдық  климаттық жағдайлар мен тектоникалық  қызметтің белсенділігі аталды. Радонның түсуінің негізгі көздері  тектоникалық бұзылу аймақтары  бойынша басым жыныстар болып  табылады, ал кейбір жағдайларда  техногендік радиоактивтік ластанудың  бар екендігі жоққа шығарылмады.

2004 жылы жер асты  суларын біржолғы эманациялық  зерттеу Өскемен қаласының 25 су  пунктінде: Элеватор, Пионер, Октябрь  бас тоғандарында, сондай-ақ саяжайлық  кенттер мен қаланың түрлі  бөліктерінің жекеменшік секторларының  ұңғымаларында жүргізілді. Осының  нәтижесінде радонның 12,5 Бк/л бастап 105 Бк/л дейінгі концентрациясы  анықталды. Су пункттерінен сынама  алумен қатар Октябрь бас тоғанының  әсер ету аймағындағы су құбыры  желісіндегі радон концентрациясының  уақытша ауытқуына бақылау жүргізілді. Араласу деңгейінен артық құрам  (ауыз судағы 60 Бк/л радон үшін) Элеватор (105 Бк/л дейін) және Пионер (65,0 Бк/л дейін) бас тоғандарында  байқалды, сондай-ақ Красин кентіндегі  ұңғымада (103,5 Бк/л дейін). Араласу  деңгейіне жақын радонның маңызы  Октябрь бас тоғанында байқалды, онда ең жоғарғы құрамы 2004 жылы 56,0 Бк/л құрады, ал су құбыры желісіндегі  концентрациясының ауытқуы 25,5 бастап 59,6 Бк/л дейін.

2004 жылғы зерттеулер  көрсеткендей жер асты суларының  жоғары ширек бөлігі Ертіс  және Үлбі өзендерінің жайылмаларындағы  сулы аллювиалды қазіргі шөгінділері  16,8 Бк/л орта маңыздылығы кезінде  негізінен орта есеппен  радонның 12-21 Бк/л концентрациясымен сипатталады. Алайда, Өскеменнің солтүстік-батыс бөлігіндегі горизонтындағы суда радон орта маңыздан 2 және одан да көп, бұны осы ауданның жер асты суларындағы радионуклидтермен түсіндіруге болады. Аталған факті альфа және бета белсенділіктің үлес салмағын анықтау нәтижесімен бірнеше рет дәлелденген болатын. Жер асты суларының аллювиналды горизонтында осындай радиоактивті ластанудың болуы 1954 жылы пайдалануға қосылған “ҮМЗ” АҚ ескі қалдық қоймасының өнеркәсіп қалдықтарының әсер етуінен болды. Осы объектіде негізінен уран қалдықтары, соның ішінде байыту мен уранның закись-окисін алғандағы қалдықтары көмілген, барлығы 840 000 мрадиоактивті қалдық көмілген. Осы қалдық қоймасының құрылысын салған кезде қорғаныс экрандары салынбаған.

2005 жылы Өскемен  қаласының жер асты суларына  жүргізілген эманациялық зерттеу  кезінде негізгі ауыз су бас  тоғандарының (Элеватор, Солтүстік-Атамановка, Октябрь, Аблакетка, Пионер) бесеуінде  радонның (222Rn) деңгейі 8,0 Бк/л бастап 81 Бк/л дейін анықтаған болатын.  Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі  көрсеткендей Элеватор бас тоғанының  жер асты ауыз сулары құрамында  радонның араласу деңгейінің  жоғарылығымен (60 Бк/л) сипатталады. 2005 жылы оның орташа құрамы  байқаудың барлық кезеңінде 36,8-81,0 Бк/л диапазонында 60,7 Бк/л құрады. Радонның құрамының араласу деңгейінен  жоғары болуы 2005 жылғы 15 шілдеде  Солтүстік-Атамановка бас тоғанының  ауыз суында байқалды және  орташа маңыздылығы 62,5 Бк/л кезінде  53,3-76,8 Бк/л диапазонында болды.  Радонның араласу маңызының деңгейіне  жақын болуы Пионер  бас тоғанында (Крылов кусты) сәуір және мамыр айларында байқалды, онда ол 2005 жылғы ең жоғарғы құрамы - 61,0 Бк-л құрады.

Осылайша, Өскемен  қаласының аумағындағы зерттелген бас тоғандардың жалпы санынан  Элеватор бас тоғанының жер асты сулары тектоникалық бұзылған аймақтар бойынша эманациясының негізінде  радон концентрациясының араласу  деңгейінің жоғарлығымен сипатталады. Суды пайдаланушылардың көптігін ескере отырып (Жібек маталар комбинатының ауданы, Сол Жағалау кенті) су құбырлары  желілеріндегі радон белсенділігінің  үлес салмағын азайту әдістерін қарау  қажет. Басқа бас тоғандардың  жер асты суларын қауіпсіз деп  сипаттауға болады.

1991 және 2004 жылдары  зерттелген жекеменшік сектордың  құдықтары мен ұңғымаларының  жалпы санынан 60 Бк/л-дан артық  радон концентрациясы Красин  кентінде ғана тіркелді (102 Бк/л), бұл осы аудандағы жер асты  суларының радондық қауіптілігіне  айғақ бола алады.

Егер радонның ауыз судағы араласу деңгейінен (60 Бк/л) шығатын  болсақ, сондай-ақ оның тербелістерінің  споралығын ескерсек, онда жиіліктің  сенімсіздігі мен бақылаудың ұзақтығы анықтаудың қорытындысында қалай жоғары болса, солай төмен де болуы мүмкін екендігінен нәтиже шығаруға болады. Осыдан келіп, сумен қамтамасыз етуге  пайдаланылатын жер асты суларының  деңгейіне арналған мониторингтік  бақылауды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан әзірлеу қажеттілігі туындайды. Осындай бағдарламаның мақсаты  табиғи және антропогендік фактордың  әсеріндегі жер асты суларының радиациялық  жай-күй туралы қажетті және жеткілікті ақпаратты алу үшін негізделген  тұрғы әзірлеу қажеттілігі, тұрғындарды  қорғау бойынша қазіргі заманғы  шешімдерді қабылдау үшін су пайдалану  көздерінің радиациялық (эманациялық) болжау жасау мүмкіндігі.

Ауыз сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесінің  судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес ауыз судың радиациялық  қауіпсіздігі жалпы альфа және бета белсенділік көрсеткіштері бойынша  нормативтерге сәйкес анықталады, радионуклидтің құрамы егер нормативтердің бірі артқан жағдайда ғана анықталатыны маңызды  факті болып табылады.  Алайда, аталған параметрлер судың сапасының санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері болып табылады және аумақтың радиациялық жай-күйін сипаттайтын тұрғындардың жеке немесе ұжымдық сәулелену дозаларын бағалау үшін пайдалануға болмайды және тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша критерий болып қызмет етеді.

РҚН-99-ге (НРБ) сәйкес, қосылған альфа және бета белсенділіктің үлес қосындысы суды ішу мақсаттарында  пайдаланудағы алдын ала бағалау  көрсеткіштері болып табылады. Суда 3Н, 14С, 1311, 210Рb, 210Ra, 232Th болу мүмкіндігі кезінде осы радионуклидтердің  үлес концентрациясын анықтау міндетті болып табылады. Аталған радионуклидтердің  барлығының ішінен 210 Рb α белсенді радонның (222Rn) 22,3 жылдағы жартылай ыдырау кезеңінің  еншілес өнімі болып табылады және оның судағы құрамы кейбір жағдайда радионуклидтің концентрациясымен  анықталатын болады. Ауыз судағы 210Рb-ның  рұқсат берілген орта жылдық үлес белсенділігі α белсенді – 0,1 Бк/л рұқсат берілген жалпы үлес маңыздылығы кезінде 0,2 Бк/л құрайды.

Осылайша, Өскемен  қаласының аумағында атомды-өнеркәсіпті  кешен кәсіпорындарының орналасқандығын, радон концентрациясының араласу  деңгейі жоғары су көздерінің бар  ескере отырып, Қазақстанның аумағының  жалпы ерекшелігінен, біршама көлемде  көшу үдерісінің тартылған құрамында  табиғи радионуклидтердің фоны жоғары Жер шарының сегменті ретінде  шыға отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін бағалаудың ары қарайғы  алдын алу және радиациялық –  гигиеналық баға беру кезіндегі сараланатын  құрауыштарының спектрін кеңейту қажеттілігі  туындайды.

Ғимараттардың ауасындағы радонды өлшеу.

2004 жылы мектеп  жасына дейінгі балалар мекемелерінің,  мектептердің және жоғарғы оқу  орындарының ғимараттарының атмосфераларының  ауасындағы радонның (Rn222) сәттік эквиваленттік теңсалмақты көлем белсенділігі (ЭТКБ) маңызын мақсатты өлшеу алғашқы рет басталды. Эманациялық зерттеумен ғимараттардың жертөрелерін, бірінші, орта және жоғарғы қабаттарын міндетті түрде өлшеумен 87 объекті қамтылды. Барлығы 254 ғимарат зерттелді, 4662 өлшеу жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 5-тен бастап 2687 Бк/мдейінгі диапазонда радонның ЭТКБ маңызы байқалды. Зерттелген 87 объектінің 53-інде радонның деңгейі 200 Бк/мартық тіркелді (тұрғын және қоғамдық үй-жайлар мен ғимараттардағы ауадағы радонның жылдық орта рұқсат берілген ЭТКБ). Олардың ішінде 34 жағдайда құрамының 400-ден бастап 1500 Бк/мдейін және 2 жағдайда 1500 Бк/м3артқаны байқалды. Көпшілік жағдайда бұлар жұмыс және оқу үдерісінде пайдаланылмайтын, адамдардың болуы шектеулі жертөре бөлмелері, алайда, 6 объектінің жертөресінде радонның концентрациясы 203-ден бастап 878 дейін Бк/мжұмыс ғимараттары бар болды. 13 объектінің бірінші және екінші қабаттарында 200-ден артық Бк/м3радон деңгейі тіркелді, екі жағдайда оның концентрациясы 400 Бк/мқұрады.

2005 жылы атмосфера  ауасындағы радонның (Rn222) ЭТКБ сәттік маңызын зерделеу жалғастырылуда. Эманациалдық зерттеулер Өскемен қаласының аурухана ғимараттарын, жекеменшік сектордың үй-жайларын, сондай-ақ радиоактивті ауытқулардың аумақтарында орналасқан табиғи апаттардың  алдын алу және жою бойынша төтенше жағдайлардың облыстық мемлекеттік инспекциясы мен мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың ғимараттарын қамтыды. Барлық жертөре бөлмелерін, бірінші, екінші және жоғары қабаттарын міндетті түрде өлшеумен 86 объект зерттелді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 5-тен бастап 2349 Бк/мдиапазонындағы радонның  ЭТКБ маңызы атап өтілді. 2005 жылы зерттелген 87 объектінің ішінен ғимараттардағы 31 үй-жайда радонның 200 Бк/мартық деңгейі тіркелді. 2005 жылғы зерттелген ғимараттардың жалпы санының 26-ның жертөрелерінде радонның 200 Бк/мартық деңгейі тіркелді (ең жоғарғысы – 2349 Бк/м3), 8-інде біріші қабаттардағы бөлмелер (ең жоғарғысы – 573 Бк/м3) мен 2 қабат (ең жоғарғысы – 446 Бк/м3).

2005 жылғы зерттеулер  ғимараттардың ауасындағы торонның (Rn220) ЭТКБ сәттік маңызы анықталды. Жұмыстардың қорытындысы көрсеткендей торонның ЭТКБ сәттік маңызын өлшеу көпшілік жағдайда эманометрдің (5 Бк/м3) сезімталдығы деңгейінен төмен болып шықты. Басқа объектілерде торонның және оның еншілес өнімдерінің ыдырау үлесі (ЕӨЫ) радий изотобының теңсалмақты көлем белсендігі 17,7 % орта маңыздылығы кезінде 2,3 бастап 36,6 % дейінгіні құрады.

Информация о работе Радияция проблема