Радияция проблема

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:34, реферат

Краткое описание

Шығыс Қазақстан облысының табиғи радиациялық фоны сағатына 18-22 микрорентген. Радиациялық ахуал радиоактивті заттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардың, Семей ядролық сынақ полигонының тигізетін әсерлерімен, сондай-ақ табиғи факторлармен анықталады.

Файлы: 1 файл

Радиациялық ластану.docx

— 31.38 Кб (Скачать)

Радиациялық ластану


Шығыс Қазақстан  облысының табиғи радиациялық фоны сағатына 18-22 микрорентген. Радиациялық  ахуал радиоактивті заттармен жұмыс  істейтін кәсіпорындардың, Семей ядролық  сынақ полигонының тигізетін  әсерлерімен, сондай-ақ табиғи факторлармен анықталады.

Талдау көрсеткендей Семей ядролық сынақ полигонының  аумағындағы орта радиоактивті деңгей бірқатар компоненттер бойынша радиациялық  нормалардан жоғары, ал, радиоактивті қалдықтарды сақтау жағдайы қазіргі  заман талабына жауап бермейді.

Қ.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімінің деректеріне  сәйкес облыс аумағының шығыс (таулы) бөлігі, Глубокое ауданының солтүстік  бөлігінен,  Зырян ауданының солтүстік-шығыс бөлігінен, Катон-Қарағай мен Күршім әкімшілік аудандарының шығыс бөлігінен, сондай-ақ Зайсан ауданының оңтүстік бөлігінен басқасының барлығы табиғи жоғары радиациялық сәулелену аймағына жатқызылады. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің деректері бойынша облыстың аумағындағы радиациялық сәулеленудің орта маңызы сағатына 6-21 микрорентген шегінде.

Облыстың қоршаған ортаны қорғау басқармасының деректері  бойынша табиғи ластану көзіне радиоактивті ауытқу жатқызылады, ол Жылытау ауылына  жақын жерлердегі жайылымдарда орналасқан, уранның концентрациясы жоғары, алаңы 7 мың ммөлшерінде, жер бетіндегі гамма-сәуле шашуының ең жоғарғы дозасы сағатына 208 микрорентген. Екінші тұрпаттағы табиғи ластану Зырян, Ұлан және Глубокое әкімшілік аудандарындағы радонның ауытқулары болып табылады.

Антропогендік радиоактивті ластану көздеріне бірінші кезекте 18500 шаршы шақырым жерді алып жатыр  Семей ядролық сынақ полигонын  жатқызу керек. Абай және Бесқарағай аудандарының ауыл шаруашылығына тағайындалған  жерлері полигонмен тікелей іргелес  орналасқан.

Казіргі сәтте Ұлттық ядролық орталықтың деректері бойынша  полигонда жер асты ядролық жарылыстары  кезіндегі бөлу өнімдерінің аккумуляциясымен байланысты ластанған аумақтарда қайталама  эффект пайда болуда және олар жер  бетіне грунттық, қар және нөсер  суларымен шығуда. Сондықтан, ядролық  сынақтардың экологиялық зардаптарына баға беруді жүргізген кезде, жер  үстіндегі және оның астындағы радиоактивті заттардың барлығын ескеру қажет. Семей  ядролық сынақ полигонының шекараларының  шегіндегі радиациялық қалыптасу  ахуалы желдің радиоактивті шаңды таратуына  және радионуклидтерді жер үсті және жер асты суларына таратуға негізделген. Техногендік радионуклидтердің  ішінен плутоний көбірек биологиялық  уытты болып саналады.

Радиоактивті заттардың  көп мөлшері Ертіс өзеніне (50 шақырым) тікелей жақын орналасқан жерасты  ядролық жарылыстары болған қуыстарға  шоғырланған. Осы радионуклидтердің жер асты суларымен Ертіс өзенінің бағытына қарай ауысу қаупі бар.

Радиациялық ахуал  бойынша Аягөз, Бородулиха, Күршім, Ұлан, Үржар және Шемонайха әкімшілік  аудандары салыстырмалы қолайсыз аудандар болып табылады.

Қазіргі кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатының радиоактивті ластануына облыстың 17 метеостанциясы (МС) бақылау жүргізуде. Күн сайын  гамма-сәулеленудің экспозияциялық дозасының  қуаттылығына (ЭДҚ) аспаптармен, ал олардың 7-сінде гамма-фонға бақылау жасалады, басқасына атмосферадан түсетін  жауын-шашынның құрамындағы радионуклидтерге талдау жасалады (цезий-137-ге, берилий-7-ге, радий-226-ға, торий-232-ге, калий-40-қа) және бета-белсенділігінің қосындысына  өлшеу жүргізіледі.

ШҚО аумағында гамма-сәулеленудің айлық орта қуаттылық дозасы көп  жылғы байқаулардың нәтижесінде 4-тен  бастап  сағатына 19 микрорентген дейін ауытқиды, демек рұқсат берілген шегінде (25 қосымша).

Облыс бойынша 2006 жылғы  гамма-сәулеленудің жылдық орта қуаттылық  дозасы  сағатына 15 микрорентген құрады.

Радиологиялық зерттеулер.

Мақсатты радиоэкологиялық зерттеулер мен Өскемен қаласының  аумағын радионуклидтермен ластануына баға беру бойынша жұмыс 1990 жылғы  ҚазССРО Министрлер кеңесінің өкімі  бойынша 1989 жылғы 21 мамырда әзірленген “Қазақ ССРО қалалардың радиациялық  экологиясын зерделеу” жалпыодақтың бағдарламасының бөлігі ретінде  басталды. Екінші кезең 2004 жылы қаланың  экологиялық паспортын жасаған  кезде басталды.

Радиоэкологиялық  зерттеулердің құрамында аумақтағы  радиометриялық түсіру, судағы радонның құрамын, альфа және бета белсенділігінің  жалпы үлес көрсеткіштері бойынша  жер асты суларының радиациялық-гигиеналық жай-күйіне баға беру, қоғамдық және тұрғын ғимараттардың ауасындағы радонның ЭРОА сәттік маңызын өлшеу, топырақтағы  радонды өлшеу және топырақтың бетіндегі  радонның ағыс тығыздығын зерделеу енгізілген.

Жүргізілген зерттеулердің  нәтижесінде Өскемен қаласының  тұрғындары табиғи сияқты, техногендік  көздердің де иондалған сәулелерінің радиоактивті әсерлеріне ұшырайтыны зерттеулердің  нәтижесінде анықталды. Қазіргі  кезде Өскемен қаласының тұрғын аймағының аумағындағы көлемі 62 000-нан мартық радиоактивті қалдық бар, олар табиғи байқаулар көрсеткендей сыртқы гамма-ағындарымен ғана әсер етпейді сондай-ақ радиоактивті газдар мен шаң жүктемесінің эманациясының есебінен ішкі сәулеленуді құруға  қабілетті.

Аллювиальды горизонттың  солтүстік-батыс бөлігінің жер  асты сулары радионуклидтермен ластанған. Ластанған аймақта жекеменшік тұрғын үйлер, саяжай кооперативтері, сондай-ақ әуежай мен Опытное Поле кенті ауданында тұратын тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін бас тоған бар.

Элеватор бас  тоғанының, сондай-ақ Красин кентінің жер асты сулары тұрақты түрде  араласу деңгейінен жоғары радонның деңгейімен сипатталады.

Радонның ЭТКБ сәттік маңызын өлшеу кезіндегі алынған  деректер тұрғын және қоғамдық ғимараттардың  ауасында, атмосфераның ауасында, жер  асты суларында, сондай-ақ топырақтың бетіндегі родан ағынының тығыздығы, қаланың аумағының радонның қауіпті  белгілері бар.

1990 жылдың басында  қаланың аумағын радиоэкологиялық  зерттеу кезінде кешенді радиометриялық  әдістер қолданылды: тікұшақ, автомобиль, жүргінші және шпура гамма  түсіру; топырақтың және қардың  құрамындағы уранды анықтаудың  зертханалық әдісі; су мен судың  түбіндегі шөгіндінің табиғи (уран, торий, радий) және жасанды  (стронций-90, цезий-137) радионуклидтерге  арналған сынамаларына талдау  жасалды.

“Волковгеология”  ПГО 1990-1992 жылдары қаланың аумағында 250 шаршы шақырымдағы 1:10000 масштабта  тікұшақпен гамма-түсіруімен зерделеу жүргізді, автомобильді гамма-түсірумен  қаланың ішкі орам және жол желісі бойынша 1158 қума шақырым жүріліп  өтілді.

Алтай ГГЭ 14 шаршы  шақырым алаңда көп қабатты тұрғын құрылысы бар қаланың орталық  бөлігінде 1:2000 масштабына жүргінші гамма-түсіру жүргізді. 1:500 масштабындағы балалар  бақшасы, оқу, медициналық және мемлекеттік  мекемелердің және ішінара жекеменшік сектор зерттелді, ғимараттар – 1:200 және 1:100 масштабында. Барлығы 266 объекті  зерттелді. Жүргізілген радиоэкологиялық зерттеулердің нәтижесінде 137 радиоактивті ауытқу және түрлі көлемдегі ластану  мен экспозициялық рауалы дозасының  қуаттылығы 25-тен бастап сағатына 7000 микрорентген дейін анықталды. Топырақтағы  және грунттағы анықталған радиоактивті ластанудың көпшілігі 0,5-6 метрге дейін  тереңдікте шпурамен және ұңғымамен  элементтік құрамын идентификациялау үшін сынама алумен зерделенді.

Радиомертиялық  ізденістермен қатар радиоактивті ластануларды зарарсыздандыру да жүргізілді.

1991 жылы облСЭС 1990 жылы анықталған радиоактивті  ауытқуларға жұмыстар жүргізді. Бұл Д.Серікбаев атындағы Шығыс  Қазақстан мемлекеттік техникалық  университетінің (бұрынғы құрылыс-жол  институты) және Буров-Мызы (Ақтау  тау-кен байыту комбинатының бұрынғы  қоймаларының аумақтары) көшелерінің  аудандарындағы радиоактивті ластану  ошақтары.

1994-1997 жылдары “Гео-Т”  ЖШС одан кейін “Алтайский  геолог” АҚ Өскемен қаласының  солтүстік өнеркәсіп аймағына  радиоэкологиялық зерттеулер жүргізді, оған жүргінші және шпуралық  гамма-түсіру мен зертханалық  радиометриялық зерттеулер енгізілді.  Жиыны 15 шаршы шақырым аумақ  зерттелді.

1:500 және 1:200 масштабты  жүргінші гамма-түсіру кәсіпорындар, ұйымдар мен жекеменшік сектордың  ғимараттарында және аумақтарында, саябақ, бау-бақша және құла далаларда  1:2000 және 1:1000 масштабында жүргізілді. Осы кезеңдегі радиометриялық  зерттеулермен 255 радиоактивті ауытқу  мен  сағатына 5460 микрорентген дейінгі экспозициялық қуатты дозасымен ластану анықталған. Анықталған ластанулардың бірінде ядролық отынның активтелген және пайдаланылмаған өнімі табылған. Осы кезеңдегі анықталған радиоактивті ластанудың көпшілік бөлігі қаржыландырудың жеткіліксіздігінен зерттелген жоқ.

2000 жылы “Геос”  ЖШС шаруашылық шарттың негізінде  Комсомол аралында, алаңы 0,5 шаршы  шақырымда масштабы 1:1000, 10х10 м желі  бойынша, 2002 жылы Комендантка өзені  тармағының арнасының батыс жағында  масштабы 1:500 5х10 м желі бойынша  жүргінші гамма-түсіруді орындады. ШҚМТУ ауытқу ауданында 2003 жылы 0,015 шаршы шақырым алаңда 5х5 м  желісі бойынша 1:500 масштабының  жүргінші гамма-түсіруін және 5х5м  желісі бойынша  3 метр тереңдікке дейін ұңғыма орнатумен бұрғылау жұмыстарын жүргізілді.

2004-2005 жылдары 1:2000 масштабындағы қоныс және солтүстік  өнеркәсіп аймағының бұрын зерттелмеген  аумақтарында радиометриялық зерттеулерді  жүргізілді (Жібек маталар комбинаты,  Жаңа Согра, Пристань, Промбаза, Аблакетка,  Защита, Тополиная роща, Абай даңғылы  мен солтүстік шекарасы арасындағы  өнеркәсіп аймағының солтүстік  – шығыс бөлігі “Өскемен арматура  зауыты” ААҚ). Қала құрылысы аумағындағы  ірі радиоактивті ауытқуға іргелес  орналасқан аудандарға радиоэкологиялық  қолайсыз қатынастағы ретінде  1:500 масштабында мыналарға гамма-түсіру  жүргізілді (Солнечная-Потанин-Дзержинский  көшелерінің аудандарында, Ленин-Виноградов-30 Гвардияшылар Дивизиясы көшелерінің  аудандарында, Мызы-Буров-Степная-Ушанов  көшелерінің аудандарында, Буров-Новаторов-Пролетарлар  көшелерінің аудандарында, Окябрьский  округі, автополигонның аумағы мен  ШҚМТУ жатақхаларының артындағы  жағажай), Октябрь және Пионер  бас тоғандарының негізі және  оларға іргелес аумақтары, тұрғындардың  жаппай демалатын орындары (Жамбыл  атындағы саябақ, Киров атындағы  саябақ, “Металлург” саябағы, “Сәулетай”  балалардың ойын алаңқайы), сондай-ақ  магистральдар мен Өскемен қаласының  жекеменшік секторының үйлері  мен усадьбаларының аралықтарындағы  көшелер (Гавань кенті, Бабкина  Мельница кенті, Ескі Согра  кенті, Шмелев Лог кенті, Красин  кенті, Сол Жағалау кенті, Нефтебаза-Прохладная, Мирный кенті, КСМ, аэропорт). Жұмыстың  жалпы көлемі 27,8 шаршы шақырымды  құрады. 900 мдейінгі алаңдағы радиометриялық зерттеулердің нәтижесінде сағатына 900 микрорентген дейінгі экспозициялық қуатты дозасымен 20 радиоактивті ауытқу анықталды, олардың үлкен бөлігі топырақ пен грунттың радиоактивті ластануына байланысты.

2005 жылы бұрынғы  зерттеулермен анықталған қоныс  аумағының аймағындағы радиоактивті  ауытқуларға тексеріс жүргізілді. Барлығы 87 объекті тексерілді, оның 47-і радиоактивті ластанған грунттарға  байланысты болды және 40 ауытқу  құрылыс материалдарында, темір  бұйымдар мен  конструкцияларда болды.

2005 жылғы радиометриялық  және тексеріс жұмыстарының нәтижесінде  Өскемен қаласының қоныс аумақтарында  анықталған ауытқулар мен радиоактивті  ластанумен байланысты топырақ  пен грунттарға егжей-тегжейлі  жұмыстар жүргізілді, 1:100 масштабында  шпуралық гамма-түсіру жүргізілді  және альфа-белсендінің жалпы  үлес салмағына сынама алынды. Олардың аумағындағы инженерлік-құрылыс  жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде  осы уақытқа дейін толық шектелген  ауытқуларға шпурадағы гамма-түсіру  мен сынама алу жүргізілген  жоқ.

Сондай-ақ, Өскемен  қаласының қоныс аумақтарындағы грунт пен топырақта анықталған радиоактивті ластануларға 2005 жылы 14 радиациялық-гигиеналық паспорттар жасалды.

1990 жылы жүргізілген  радиоэкологиялық зерттеулердің  нәтижесінде Өскемен қаласы бұрын  жұмыс істеген кәсіпорындардан  қалай ластанса қазіргі кезде  де жұмыс істеп тұрғандарынан  да солай  ластануда. Қаланың аумағындағы негізгі радиоактивті ластаушы көздері болып мыналар табылады:

1. Қоныс аумағының  қазіргі аумағындағы өткен жүзжылдықтың 50-60 жылдары жұмыс істеген “Калбаолово”  бұрынғы тресінің жентектеу фабрикасының  қалдықтары.

2. “ҮМЗ” АҚ уран  және тантал өндірісінің өнеркәсіптік  қалдықтары.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарында анықталған топырақты  және грунтты радиоактивті ластауға байланысты радиоактивті ауытқулардың басым бөлігі аяғына дейін зерделенбеген, радиоактивті ластанудың таралу салдарын бағалауға және алдын алуға мүмкіндік  бермейді.

Өскеменнің қоныс  аймақтарының аумақтарында анықталған радиоактивті ауытқулар, көпшілік жағдайда 1990 жылы зарарсыздандырылған, не болмаса 2005 жылға дейін жүргізілген инженерлік-құрылыс  жұмыстарының нәтижесінде ауыстырылған. Алайда, қалған ауытқушылықтар, сондай-ақ топырақ пен грунттағы қайтадан анықталған радиоактивті ластанулар осындай  алаңдарымен және радиациялылығымен  сипатталады (Өскемен қаласының  қоныс аймағының аумағындағы  радиоактивті қалдықтарды көлемі (РҚК) 62 000-нан артық мқұрайды), осындай ластануларды олардың орналасқан жерлерін ескерумен зарарсыздандыру және қайта өңдеу біршама қаржылай шығынды қажет етеді. Ең ірі  радиоактивті ластану Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ауданында, радиоактивті қалдықтың көлемі 60000 м3.

Информация о работе Радияция проблема