Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 14:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Ертіс су бассейнін зерртеу.Экологиялық жағдайын анықтау. Зерттеу әдістерін меңгеру және зерттелетін нысанның жағжайымен толық танысу.Су эк кожүйесінің құрамымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті:Ертіс бассейнін қалыпты жағдайға әкелу. Су экожүйесін сақтап қалу.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
1.Әдебиетке шолу
1.1. Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану.........................................................4
2. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1 . Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы..........................................................6
2.2 .Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы.................................................10
2.2.1. Судағы балықтар мен жануарлары
2.2.2.Судың құрамындағы ұсақ микроорганизмдер...............................................13
2.2.3. Су өсімдіктері.....................................................................................................13
2.2.4. Қоректік тізбегігің сипаттамасы......................................................................13
3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы.......................................................14
Қорытынды...................................................................................................................19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................................20
Семей қаласындағы Восход кентінен
бастап Мирный кентіне
дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң
жағалауындағы
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ |
Су |
Су қорғау аймағы |
Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара- |
Алаңы, |
Орташа |
Шекарасы- |
Алаңы, |
Орташа | ||
1. |
Семей |
25,40 |
2326,6 |
350- |
25,16 |
345,24 |
Қазақстан
Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына,
«Су қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Їкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы
№ 42 қаулысына, «Шаруашылық-ауыз
суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық
су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық
ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы
№ 506, Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген
нөмірі 2999 бұйрығына,
«Семей қаласындағы Восход кентінен бастап
Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс
өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы
мен су қорғау белдеуінің шекараларын
белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін
ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында,
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ
шыққан болатын. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей
қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный
кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің
оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен
су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы
Восход кентінен бастап Мирный кентіне
дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң
жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа
пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау
белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық
қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы
табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Семей
қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный
кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің
оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен
су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу»
жобасын мемлекеттік жер кадастрында
есепке алу үшін және су қоры мен жер
ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін,
арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға
тапсырсын деген болатын. Қазіргі таңда
біз үшін өзекті мәселе - Ертіс өзені суына
тәуелділігіміз. Ертіс өзені суының қорын
пайдалануда Қазақстанның 17 млрд текше
метр үлесі бар. Бұл ретте Кеңес үкіметі
кезінде Сәтпаев атындағы канал салынған
болатын. Қазір оның 30%-ы ғана қолданыста.
Бұл суды біз ауыл шаруашылығы қажеттілігіне,
ауыз су ретінде пайдаға асырудамыз. Аталған
каналдың құрылысын жалғастырып, Жезқазған
арқылы Сарысу өзенімен қосып, сонау Қызылорда
облысы арқылы Арал теңізіне дейін жеткізуге
болады.
Практикалық маңызы. Автордың зертеулері «Бұқтырма су қоймасындағы балық өнімділігін арттыру және балық қорының рационалды эксплуотациясының биологиялық основасын жасау» аясында жүргізілген.(1973-77жж) .Ал одан кейінгі жылдары, яғни 1978-1980жж, бұл шара Бұқтырма су қоймасының балық қорын су режимінің өзгеру жағдайында пайдалану аясында да өткізілді. Бұл жұмыстың нәтижелері жыл сайын Алтай бөлімшесінің КазҒЗИБШ ң(Өскемен қаласы) есептерінде жарияланып отырады және Бұқтырма су қоймасының балық қорын арттыруда және сол жолжа балықтардың өнімділігін көтеруде қолданылады. 2003-2004 жж Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының фитопланктондарды зерттеу материалдары Алтай филиалының Балық шаруашылығының ғылыми зерттеу Орталығында «Биоалуантүрлілікті сақтау жолдарын жасау және Трансшекаралық бассейндердегі балық ресурсын тұрақты пайдалану туралы экологиялық мониторинг» деген атпен енген болатын .[2],[3]
1998, 2000 және 2003 жж автордың зерттеулері барысында табиғат ресурстарын басқару басқармасының және Ом облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасының тапсырмасымен Омскідегі гидрометерология және мониторинг орталықтарынмен бірігіп, өзен экожүйесінің биомониторингі үшін бақылау пунктері жасалды Биомониторинг тапсырмаларын шешу үшін фитопланктондардың құрылымдық көрсеткіштері туралы бағалау жүргізілді және оларды қолдану туралы рекомендация берілді.Зерттеу материалдары «Ом облысының қоршаған ортасының жағдайы туралы »баяндамасында шыққан. (1998 и 2000 жж.). [1,2]
Қытайлықтар суға аса мұқият екен. Кез келген трансшекаралық өзенді алып қарасақ, Қытай жағында судың топыраққа сіңіп кетуіне жол бермеу үшін жағасы бетонмен немесе таспен қапталған. Бізде жағалаулар табиғи қалпында, қалай болса солай тұр. Су буланғанымен қоймай, жерге де сіңеді. Көктемде қар ери бастағанда қытайлықтар қар суын жинап алады. Еңістерге шағын бөгеттер жасап, суды жинайды, сосын сорғымен қайта сорып, суқоймаларға қосады», – дейді М.Иманжанов.
Шынын айту керек, бізде мұндай шаралардың бірі де қолға алынбайды. Қар суын қойып, жай судың өзіне ие бола алмай отырғанымыз жасырын емес. Қанша судың желге ұшқаны бір Аллаға ғана аян.
Сонымен, Ертісті құтқарудың жолдары қандай? «Казгипроводхоз» суды қорғау және су шаруашылығы институтының жасаған есептеулеріне сүйенсек, Ертіс өзенін сақтау мен қорғау шараларына 111,6 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Ертіс өзенін зерттеуде өазаөстандық зерттеушілер бір бірімен бірлесіп үнемі мониторинг өткізіп отырады.Ол жұмысқа ТЖМ және СЭС мамандары да ат салысады.Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлесіп зерттеу жұмыстарыныңбіршама маңызды нәтижелерінің бірі бұл Повлодарлық «Химпром» зауытынан шыққан ластағыштардан өзенді залалсыздандыру.Біздің Орталықтың мамандары, сол жаққа мониторинг жүргізу үшін барған,сынаппен жүрген. Өндіріс орнының құрылғанында бір жылдың ішінде Ертістің жағалауларында сынаптың орындары пайда болған.Ол қала халқына үлкен зардаптар әкеліп жатыр.Ресей елінің және кейбір арктикалық елдердің араласуынан соң сынаптың жиналуы шоғырланған: терең траншея қазылып,іші сазбен толтырылады. Енді ол жерде үнемі тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. Прогноздардың айтуына қарасақ, таяудағы 50-60 жылда Ертіс өзенінің жағалауындағы халықтарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ, бұл үшін бүкіл Ресейлік және Қазақстандық өндірушілерге грунтты қайта қазып, ол жерден сынапты алып шығу керек . Мамандар үш мемлекетке ортақ су арнасын құтқарудың тағы бір жолын ұсынып отыр. Ол – өзен саласына басқа өзеннің арнасын бұру. Мұндай ұсыныс Кеңес өкіметі кезінде айтылған көрінеді. Алайда айтылған күйі қалған. Аяқастынан құлаған алып империямен бірге әлгі идея да құрдымға кеткен. Дегенмен соңғы кездері ғалымдар өміршеңдігін жоймайтын мәселені қайта көтере бастады. Ертіс өзендері мен оның тармақтарының су ресурстары бүгінгі күні өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық, балық, ауыл шаруашылықтарында кеңінен пайдалануда. Оның сыртында электр энергиясын өндіру, судағы жол қатынасы және бар. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатымен су қоймаларында жыл сайын атқарылып жататын шаралар өз алдына.Жұмыс материалдары және нәтижелері ғылыми практикалық, бүкілресейлік және халықаралық «Орта Азияның және Қазақстанның балық шаруашылығының биологиялық негізі» , «Диатомды балдырлар – қоршаған ортаның және климаттың өзгеруінің индикаторы» (Иркутск, 1993); «XXI ғ. Табиғат және табиғатты пайдалану(Омск, 1999)» , « Ертіс су бассейнінің ресурстарын рационалды пайдалану (Омск, 2004);», «Ертіс өзенінің ластану проблемасы»атты конференцияларда талқыланған.[4,5,6]
Бұқтырма
су қоймасының фитопланктондарын зерртеу
нәтижелері бойынша оның экожүйесі
экологиялық модуляция
\
Қорытынды
Ертіс
өзені бойынша қазір тиісті жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Ертіс өзеніне
Катунь өзенінің бассейніне жататын
Тихий өзенін, Ақ Қаба мен Қара Қаба
бұрылыстарын, Бұқтырма өзеніне Катунь
өзенінің суын қосу керек. Бұдан бөлек,
Омск ауданына суқойма салып, өзен суының
ағысын баяулатып, су деңгейін көтеру
үшін су асты жасанды шоңғалдарын жасауымыз
керек. Енді Ертісті бір құтқарса, халықаралық
Хельсинки конвенциясы құтқарады. Аталған
құжатта әр мемлекет өз аумағы арқылы
өтетін өзеннен өзіне қажетті көлемде
ылғал алуға құқылы, бірақ оған экологиялық
зиян келтірмеуі, шекараның ар жағындағы
мемлекетке зардабын тигізбеуі тиістігі
тайға таңба басқандай көрсетілген.
Сондай – ақ, Ертіс өзені Сібір және Қазақстанның
оңтүстігі мен солтүстігін байланыстырып
тұрған маңызды көлік магистралі. Күні,
түні өзен бойынша орман, мұнай, бидай
тиілген кемелер жылжуда. Өзендегі бағыттау
130 күн жалғасуда..Қорытындылай келе осы
зерттеулердің көмегімен Ертіс өзенінің
жағдайын қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.
Биоалуантүрлілігін сақтап қалу басты
міндет болып отыр.Курстық жұмыста Ертіс
өзенін қорғау шаралары,өзеннің флорасы
мен фаунасы,т.б жазылған. Ертіс өзенінің
адамзатқа пайдасы туралы айтыла келе,
оның керісінше адамзат қолынан зардап
шегіп жатқаны да баяндалады. Сол жолда
өзенді қалпына келтіру әдістері айтылған,Зерреулер
нәтижәсінің арқасында болашақта Ертіс
өзені қалпына келеді деген үміт бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Баженова О.П. Сезонное развитие фитопланктона Бухтарминского водохранилища / О.П. Баженова // Биолог, основы рыбного хоз-ва водоемов Средней Азии и Казахстана. - Фрунзе: Илим, 1978. - С. 23-25.
2. Баженова О.П. «Цветение» воды Бухтарминского водохранилища как первый признак эвтрофирования / О.П. Баженова // Экология. - 1980. -№5.-С. 89-90.
3. Баженова О.П. Доминирующие формы фитопланктона Бухтарминского водохранилища / О.П. Баженова // Биолог, основы рыбного хоз-ва водоемов Средней Азии и Казахстана. - Фрунзе: Илим,1981. - С. 230-232.
4.
Баженова О.П, Материалы по фит
5.Приймаченко А.Д. Современное состояние фитопланктона Енисея и его изменения в результате антропогенного воздействия / А.Д. Приймаченко, О.П. Баженова // Водные ресурсы. - 1990. - № 3. - С. 104-113.
6.
Продукционно-
7. Болшая советская энциклопедия
8.
http://www.ic.omskreg.ru/
9. http://kk.wikipedia.org/wiki
10. http://www.aorda.kz/?p=12948
11.http://www.aikyn.kz/
12.
http://e-priroda.gov.kz/index.
13.
http://www.media-vko.kz/didar/
Информация о работе Ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы