Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 14:32, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Ертіс су бассейнін зерртеу.Экологиялық жағдайын анықтау. Зерттеу әдістерін меңгеру және зерттелетін нысанның жағжайымен толық танысу.Су эк кожүйесінің құрамымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті:Ертіс бассейнін қалыпты жағдайға әкелу. Су экожүйесін сақтап қалу.
Кіріспе........................................................................................................................ 3
1.Әдебиетке шолу
1.1. Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану.........................................................4
2. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1 . Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы..........................................................6
2.2 .Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы.................................................10
2.2.1. Судағы балықтар мен жануарлары
2.2.2.Судың құрамындағы ұсақ микроорганизмдер...............................................13
2.2.3. Су өсімдіктері.....................................................................................................13
2.2.4. Қоректік тізбегігің сипаттамасы......................................................................13
3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы.......................................................14
Қорытынды...................................................................................................................19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................................20
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ЕРТІС СУ БАССЕЙНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Орындаған:
3 курс студенті
Ғылыми жетекші:
Доцент
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.Әдебиетке шолу
1.1.
Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану.....................
2. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1
. Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы......................
2.2
.Ертіс су экожүйесінің құрамы
мен құрылымы..................
2.2.1. Судағы балықтар мен жануарлары
2.2.2.Судың
құрамындағы ұсақ
2.2.3.
Су өсімдіктері...................
2.2.4.
Қоректік тізбегігің
3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
3.1.
Ертіс өзенінің су балансының динамикасы....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Қазақстандағы 8 тұщы су бассейндерінің ең ірісі – Ертіс. Ол Семей-Павлодар аралығында 150-200 метрлік терең жер қыртысында жатыр. Көлемі – 360 мың шаршы шақырым. Осы су бассейні үстімен – Ерке Ертіс Сарыарқаны тіліп өтіп, Объ өзеніне барып қосылады. Ертіс өзені көршілес Монғолия мен Қытайдың Алтайындағы Манг тауынан бастау алып, Зайсан өзеніне келіп құяды. Бұл екі аралықты Қара Ертіс деп атайды, ол шамамен 750-дей шақырым.Өскемен, Семей, Павлодар сияқты 300 мыңнан астам тұрғындары бар ірі мегаполистердің осы су бассейнінде орналасқан 40-қа таяу аудандардың тұтынып жатқан су қорын нақты кім есептеп отыр екен.Ертістің басынан көрші Қытай мемлекеті де ірі өндіріс көзі бар Қарамай елді мекеніне ірі канал салып, Қара Ертістің суының төрттен бір бөлігін. яғни жылына 5 текше километрге дейін тұщы су көлемін бұрып алып жатыр дейді. Міне, осындай ашкөздік көзқарас салдарынан Ертіс суы тартылып барады. Осының әсерінен өзен бойындағы су электростансаларының энергия өндіру қуаты 27,5 пайызға азайып, 1480 млн.кв.сағат кем өндіруде.Бұл мемлекеттік қауіпсіздік жағдайына да әкеп тірейді.Бүгінде су мәселесі тек экономикалық қана емес, сонымен бірге ауқымды экологиялық мәселе болып табылады. Сонымен бірге трансшекаралық су объектілерінің саяси маңызы өз алдына бір әңгіме. Соның бәрін Ертіс өзені бассейнінің қазіргі мысалынан айқын аңғаруға болады. Ертіс бассейніне түсіп отырған экологиялық жүктің уақыт өткен сайын ауырлап бара жатқанын мұндағылар жасырып отырған жоқ. Қалалар мен елді мекендердегі тұрғындар санының уақыт өткен сайын арта түсуі, өнеркәсіптің дамуы өзен суының ластануына әкеп соқтырады. Мұндағы түрлі қоқыс қоймалары, ал олардың саны бүгінде жүзден асып кеткен, Ертіске қатер төндіріп-ақ тұр. Бүгінде жабылып қалған кеніштер де қатер ошағына айналуда.Бұл проблеманы шешпесе ол Ертіс су бассейнінің тартылып, Арал теңізізің жағдайына түсуіне алып келеді. Ол өз кезегінде сол жердің флорасы мен фаунасының жойылуына, өсімдіктер жамылғысының жойылып кетуіне алып келеді.Ертіс өзенінің қауіпке ұшырауы Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендер, қалаларды сумен, энергиямен қамтамасыз етуін тоқтатады. Себебі өзеннің мқлшері азайып кетсе,су қоймаларға су бармай қалады. Сол үшін Ертіс су бассейні тек қана Қазақстанның емес, Ресей, Қытайдың да проблемасы болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ертіс су бассейнін зерртеу.Экологиялық жағдайын анықтау. Зерттеу әдістерін меңгеру және зерттелетін нысанның жағжайымен толық танысу.Су эк кожүйесінің құрамымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті:Ертіс бассейнін қалыпты жағдайға әкелу. Су экожүйесін сақтап қалу.
1.Әдебиетке шолу.
1.1.Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Осы бесжылдықта Ертіс өзенінің суын Ертіс – Қарағанды каналы арқылы Қарағандыға жеткізу арқылы іске асуда. Бұл су егін , бау – бақша,мал суаруға және т.б жағдайларға пайдаланылады. Осы канал құрылысы Теміртау су қоймасына да жеткізіледі. Бұл канал Теміртаудағы комбинатты сумен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, суы ішуге, қаладағы бау – бақшаны суландыруға пайдаланылады. Сонымен қатар көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуык). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты- Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шульба СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады.
Жалпы
Ертіс өзенінде балық шаруашылығы
жақсы дамыған. Соған байланысты
қарапайым халық балық аулау
кәсіпшілігімен айналысады. Сонымен
қатар егін шаруашылығы да қарқынды
даму үстінде.Әсіресе суармалы егістік
алқаптары көп. Ертіс су бассейні аймағында
250 мың гектар суармалы егістік бар. Тағы
айта кетсек Ертіс өзенін су қоймаларға
да пайдалануда. Ертіс өзенінің жағалауында
орналасқан елді мекендер, қалалар Электр
энергиясымен қамтамасыз етілген. Ертіс
өзенін транспорт ретінде де қолданады.
Бірақ осы жағдайлар да өз кезегінде зиянын
тигізеді. Ертіс өзенінің бойындағы халықтар
ертеден жер шаруашылығымен айналысады.
Ол өз кезегінде өзеннің экожүйесіне әсер
етіп, топырақтың эрозиясына алып келеді.
Соның салдарынан елді мекендерде лас
ағынды сулар қолданылады.Қазіргі таңда
Ертіс су бассейнінің суын тазарту және
оның экожүйесін қалпына келтіру басты
міндет болып отыр.Біріккен мемлекеттік
жүйеде өткізілген экологиялық бақылау
мониторингінің нәтижесінде химиялық
көрсеткіштері жағына су нашар болып су
экожүйесінің құртылуына алып келіп жатыр
деген қорытындыға келді. Ертіс экожүйесінің
жағдайы туралы толық көрсеткішті химиялық
және биологиялық мониторинг бере алуы
мүмкін. Биомониторингтің артықшылығысол,
су организмдерінің қауымдастығына тек
қана әртүрлі фаторлар әсер етіп қоймайды,сонымен
қатар судың ластануы да өз кесірін тигізеді.
Балық шаруашылығы, энергетика, су жолдары,
сумен қамту, өзен суының сапасы мен деңгейі
– осының бәрі Ертістің бүгіні мен болашағына
байланысты болып отырған өзекті мәселелер.
Су ресурстары комитеті Ертіс бассейндік
кеңесі инспекциясының бастығы, кеңестің
төрағасы Дәурен Тілеубаев өзен суын пайдалану
барысы жайында хабарлама жасап, өткен
қыста қардың көп болуынан Ертістің суы
артып, қазіргі күні суы азайып кеткен
Бұқтырма су қоймасының деңгейі 40 текше
шақырымға дейін көтерілгенін айтты. Былтыр
оның деңгейі бар-жоғы 29 текше шақырым
болыпты. Бассейндегі су шаруашылығы жағдайының
жақсарғанына қарамастан, оның су ресурстарын
реттеу мен пайдалану, гидротехникалық
құрылғылардың жағдайы, энергетикалық
қауіпсіздік мәселелері үнемі бақылауда
болуды қажет етіп отыр.
Көктемдегі су тасқыны тағы бір үлкен
проблеманы алға тартты, ол – облыстың
су қоймаларының жиналып қалған топан
суды өткізе алмайтындай жағдайда болып
отырғандығы. Олардың көпшілігінің техникалық
жағдайы нашар, иесіз қалғандары да көп.
Сондықтан жергілікті әкімдіктер су қоймаларының
кімнің иелігінде екенін анықтауы тиіс.
Ертіс бассейндік кеңесінің жылына екі
рет өткізіліп келе жатқан кезекті отырысында
облыстық табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының бастығы
В.Чернецкий, «Ұлы Ертіс» су пайдаланушылар
ассоциациясының вице-президенті Н.Рысбай,
Павлодар облыстық табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының,
Зайсан –Ертіс облысаралық балық шаруашылығы
инспекциясының, басқа да қадағалап, реттеуші
органдардың басшылары өзен суының сапасын
арттыру, балық түрлерін сақтап, молайту
тәрізді табиғат қорғау мәселелеріне
кеңінен тоқталды.
Ертіс суының ластануына қаладағы өнеркәсіптік
су қалдықтарының да кері әсері тиіп келеді.
Өскемен қаласындағы өнеркәсіптік суларды
тазартып, жер асты суларын қорғау үшін
қазіргі күні республикалық бюджет есебінен
Халықаралық қайта құру және даму банкісінің
қаражатына экологиялық инвестициялық
жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаға 69 миллион
АҚШ доллары жұмсалмақ.
Ертіс бассейнінің суы 2002 жылдан бері
тартыла бастаған. Бұқтырма су қоймасы
суын пайдалануды реттеу Үкімет бақылауына
алынып, облыстағы су ресурстарын тиімді
пайдаланудың жолдарын қарастыратын жұмыс
тобы құрылып, болашақта Бұлақ, Белокатунь
су электр стансаларын салу, Шүлбі су жолы
шлюзіне қорғаныс құрылғыларын тұрғызу,
облыстағы гидрологиялық желілерді ұлғайту
жолдары қарастырылып, әзірлік шаралары
жүргізілу үстінде. Кеңес отырысында айтылғандай,
атқарылып жатқан табиғат қорғау шараларының
бәрі аймақтағы су шаруашылығы жағдайының
тұрақты болуына өз ықпалын тигізіп отыр.
Бірақ байлығын үш ел бірдей көріп келе
жатқан Ертіс өзенін сақтап, пайдалану
бойынша ҚХР, Ресей Федерациясы мен біздің
елдің арасында проблемаларды бірлесе
шешетін үш жақты келісім әлі күнге дейін
жасалынбай келеді. Ертістің барлық
бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар
және жүк таситын өзен кемелері Қытай
шекарасына дейін барады. Ертістің суын
электр қуатын өндіруге пайдаланады. Ең
ірі СЭС (Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі) Кенді
Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын
береді. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік
маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан,
сазан, табан балық, алабұға, қара балық
ауланады. Жақында көксерке және байқал
түркесі өсіріле бастады. Ертіс өзені
республиканың халық шаруашылығы үшін
маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де
жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс
суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп
жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату
мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс - Қарағанды
каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінді.
Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға
өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп
қалатын біраз ұсак өзендер халықтың және
шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын
қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458
км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс - Қарағанды
каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал арқылы
Ертістен 75 м3/сек су келеді. Каналдың екінші
кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар,
Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз
етуде рөлі зор. Ертістің сол жақ салалары
Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның
солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске
республика шегінен шыққаннан кейін барып
құяды.
Ертіс өзенінде үш ірі ГЭС бар. Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі ГЭС-тері. Бұл үшеуінің жалпы қуаты 1689 МВт.
· Бұқтырма су қоймасы – жобалау ауданы 550000 га (5500 км²);
· Шүлбі су қоймасы – 25500 га (255 км²);
· Өскемен су қоймасы – 37000 га (370 км²);
· ШҚО жергілікті маңызы бар су қоймалары:
. Кеңестер Одағы тұсында Ертіс бойында алып бөгеттер салынып, Бұқтырма мен Өскемен, Шүлбі ГЭС-тері пайдалануға берілді. Павлодардың Ақсу өңірінен Ертіс-Қарағанды каналы тартылды: оның ұзындығы -500 шақырым, тереңдігі -5-6 метр, ені - 40 метр. Осы каналмен 22 су сорғыш стансалар секундына 110 текше метр суды 420 метр биіктікке көтеріп, каналмен Қарағандыға қарай жылына 2260 текше метр су әкелінеді. Ал Бұқтырма, Шүлбі ГЭС-тері маңдарындағы егін шаруашылығы — тек суармалы әдіспен күн көрген ауыл шаруашылығы нысандары
Өскемен су қоймасы. Көлемі 37 шаршы км, ені 0,2 – 1,2 км, ең терең жері 46 метр, мұнда 655 млн текше метр су жиналады, ал оның пайдалы көлемі 68 млн текше метр.Су қоймасы терең, орташа тереңдігі 17 м.Тереңдік плотинаға қарай өсе түседі. Қойма суын жаппай пайдалану жыл сайын наурыз айында басталады да сәуір айының екінші онкүндігінде су деңгейі 4 метрге төмендеген. Мамыр айында 1,8 метрге, ал тамыз қыркүйек айларында 1,7 – 2,2 метрге төмендейді.Қоймада балықтың 22 түрі бар. Егер қойма ұтымды пайдаланылса,одан жылына 140 т астам балық алуға болады.
Бұқтырма су қоймасы. Көлемі 5490шаршы км, ені 40 км.ең терең жері 80 м . Мұнда 49,6 текше метр км су жиналады. Бұл су қоймасы энергетика, балық өндірісі, ауыл шаруашылығы және су транспорты саласында маңызды орын алады. Су қоймасы 1960жылдың сәуір айынан бастап тол бастады. 1962 су қойма жасалды. Қойма суы тұщы, жұмсақ, сәл сілтілі, ол гидрокарбонат класына, кальций тобына жатады. Бұқтырма суы 0,2 – 6 литр тереңдікке дейін мөлдір болып жатады. Суында ерітінді оттегі қажетті мөлшерде, суда көмірқышқылы жоқ, қышқылдануы өте төмен, бір литрде 1,76 – 10 мм оттегі бар, сілтілігі мейлінше төмен. Суында йод, бром, және бор жоқ, ал фтор аз. Балдырлардың 279 түрі кездеседі. Ең көп өсетін балдырлар диатомды.262 түрлі жәндік. өмір сүреді, оның 132 колавроткалар, 77 сабақ мұртты шаяндар, 52 ескек аяқтылар, қалғандары қабыршақты шаяндар. Су қоймада балықтың 36 түрі бар. Су қойманы ұтымды пайдаланса, жыл сайын 20 000 т балық аулауға болады.
2.Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы
Соңғы жылдары жеке орындардағы Ертіс суының сапасы жақсарған: бұл зерттеу институттарының шығарған қорытындысы. Сәйкесінше, жоғарға және экстремалды ластану көлемі азайды,бірақ сынамалар алынған көп жерлерде су ластанудың 4- класына жатады. Яғни ең лас су болып табылады. Ол мемлекеттің барлық аудандарында бірдей.Салыстыру үшін: ластанудың 5−деңгейінің өзі экстремалды жағдайдағы лас су, онда бұл су тіпті су емес, химиялық ерітінді болып табылады Ешкімге де құпия емес, Ертіс өзенінің ластанган өзен екені.Ертіс өзені үнемі экологиялық шиеленісу жағдайында. Басқа сөзбен айтқанда, ол өзіне түсетін ауырпалықты көтере алмайды және өзеннің экожүйесі деградацияға ұшырайды, яғни өз – өзін тазарту қабілетінен тұтастай айырылады. Ертіс өзеніне онға тарта шағын өзендер құяды. Олардың арналарымен көктемгі кездерде күл-қоқыстар үлкен өзенді әбден лайлап, судағы диоксидтер құрамын бірнеше есеге арттырып жіберетін көрінеді. Бұл өзі билік басында отырғандарға беймәлім дүние емес.
Ертіс өзеніне байланысты проблемалармен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, т.б. өкілетті органдар, ең бастысы Үкімет біршама уақыттан бері хабардар. Бірақ соған қарамастан, таң қалдыратыны — экологиялық апат алдында тұрған өзен тағдарына жоғары жақтан жанашырлық жоқ. Өзен арнасына күл-қоқыс, зиянды заттар тастап жатқандарға белгілі бір мөлшерде айыппұл салумен асқынып кеткен дерттің алдын алып, өзенді науқасынан айықтыру мүмкін емес. Оған Үкіметтік деңгейде кешенді бағдарлама қабылдап, Ертісті сақтап қалу жолындағы кезек күттірмейтін шараларды жедел түрде қолға алу, болашақта ұлттық резерват деңгейіне көтеру қажет.
Ертіс су бассейні аймағында 250 мың гектар суармалы егістік бар. Онда 4 миллиондай тұрғындар тұрады. Ғалымдардың зерттеуінше, Ертіс су бассейніндегі тұщы су қоры кейінгі 20 жылда күрт азайып, ондағы мегаполистер Ертіс өзені суын пайдалануды екі есеге арттырған. Шетелдердегі Ертіс өзенінің бөліктері қалай пайдаланылып, қорғалып жатыр? Ол бізге жұмбақ. Бірақ Өскемен, Семей, Павлодар сияқты ірі қалалар төңірегіндегі Ертіс жайы қалай? Нарықтық қатынастар мұнда да ашқарақтық, ашкөздік принципті әкелуі салдарынан жағдайы етпеттеген Ертіс еңсесін көтере алмай келеді. Тек былтырдың өзінде ғана Өскеменде Ертіс астымен өтетін бір дюкер (қоқыс, лас су ағатын тұрба) жарылып, Ертіске орасан зиян келді. Өскеменнің титан, магний, жез, мыс, цемент зауыттары сияқты кәсіпорындарынан әуеге ұшқан зиянды қалдықтар тонналап Ертіске сіңуде. Мәселен, 2005 жылғы мәлімет бойынша Ертіс өзені су бассейніне 3 тонна мыс, 2 тонна кадмий, бірнеше тонна жез, т.б. зиянды қалдықтар сіңіпті. Ал өткен жылы Семей ядролық полигоны аймағынан шыққан тритий өзен суын радиоактивті ауыр металмен улағанын халық жақсы біледі.
Семей қалалық, Өскемендегі санитарлық –эпидемиологиялық мекемелер мен ШҚО-ның табиғат қорғау департаменті бұл мәселе бойынша жыл сайын жорналшылармен кездесулер өткізіп, мәселені жариялап отырады. Табиғатты, Ертіс суын қорғауға байланысты облыстық, Экологияны қорғау департаменті титан, магний, цинк комбинаттарына миллиондаған теңге айыппұл салып, табиғатты қорғау прокуратурасына жөнелтеді. Мәселен, Семей аймағы бойынша өзен суын ластайтын былғары тері АҚ-на төрт миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Әйтсе де бұл мекемеде осы кезеңде де өндірісте пайдаланылған су талапқа сай болмай тұр. Әсіресе көктем және жаңбырлы күндері қала көшелерінен оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлерден жиналған лас суды ағызып әкететін дюкердің жағдайы дабыл көтерерліктей. Тозығы жеткен құбыр бір күні апатты жағдайға тап болса, онда Ертіске тәулігіне 50 мың текше метр лас су құйылады екен. Мемлекет тарапынан бұл күрделі мәселені шешуге 2002-2005 жылы үш млрд. теңгедей қаржы бөлінсе де, түйінді мәселе сол қалпында тұр. Семей қаласының әкімдігі осы істі түбегейлі шешуге еш дәрмен көрсете алмай отыр.
Ертістің суын бақылау Семей өңірінде 13 жерде өткеріледі. 28 су жүретін жүйеге бақылау орнатылған. Өткен жылдарда «Семей су каналы», «Семей былғары мех» комбинаты кәсіпорындарына су бассейнін ластағаны үшін көлемді айыппұлдар салынған.
Ал Семей өңіріндегі қазіргі ең өткір мәселе қаладағы қоқыс-лай су ағатын дюкер екені белгі-лі. Сол дюкердің негізгі желісі Семейдегі жаңа аспалы көпір астындағы су табанымен өтеді. Ол қала шетіндегі Мұқыр ауылды мекеніне барады. Мұнда арнайы тазалаудан өткен су қайтадан Ертіске құйылады. “Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды” демекші, дюкер жыры басталғалы он жыл өтсе де, ол әлі бітер емес. 2003 жылдан бері мемлекет бюджетінен 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінсе де, дюкер құрылымы әлі «Семей су каналы» қазыналық мекемесіне өткізілген жоқ. Соның салдарынан ескі дюкерлер мен басқа құбырлардан (әсіресе көктемдегі) аққан лас су Ертісті тұншықтырып барады. Бұрын Ертісте 20-ға таяу түрлі балық кездессе, қазір оны тізбелеуге бір қолдың саусақтары-ақ жетеді. Педагогикалық институт экологтарының зерттеуі бойынша, Ертіс суында — мыс, жез, қорғасын, хром, т.б. ауыр металдардың құрамы қауіпсіздік деңгейінен жоғары екендігі, ал аммиак 8 есе, басқа сульфаттар 5,7 есе көбейіп кеткендігі анықталған. Соның салдарынан мұнда ақ қайран, шортан, шабақ сияқты балық түрлері ғана кездеседі. Оның өзінде де Ертіс сырын білетін қалалықтар көкбазарларда балық сатып алғанда тек Зайсан мен Бұқтырма, Шар су қоймаларынан ұсталған балықтарды ғана тұтынады. Себебі, Семейден төмен ұсталған балық еті ағзаға өте зиян екендігі дәлелденген.Жетпісінші жылдардың соңында Семей қаласының шетінде орналасқан әскери аэродромның жанармай қоймасынан жер астына сіңген авиа керосиннен қордаланған керосин көлі бүгінгі таңда Қазақстан экологтарын ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. 1997 жылғы зерттеу жұмысы жер астындағы жанар-жағармайдың көлемі алты мың тонна деген қорытынды жасады. Ұзақ жылдар бойы бұл апаттың алдын алу жұмысы қолға алынбаған. Тек 2002 жылы алматылық «Казгидек» фирмасы аталған проблеманы зерттеу мәселесін қолға алған. Бір жылдан кейін астаналық мамандар аталған проблеманы залалсыздандыру жұмысына кірісіп, оны залалсыздандыруға Үкімет тарапынан 36 миллион теңге қаржы жұмсалған болатын. Алайда, жер үстіне тек жүз тоннадай ғана жанармайды шығару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Халықаралық сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, Кеңестік дәуірдегі Семейдегі әскери аэропорттан төгілген авиация жанармайының жер асты суларын ластап, Ертіске жақындағаны жайлы баспасөзде аз жазылып жүрген жоқ. Керосин көлі әлі де жер астын кеулеп, мысықтабандап Ертіске жүз метрдей ғана қалған. Семей өңірі тұрғындары үшін ғана емес, көршілес Ресей үшін де аса қауіпті экологиялық апаттың зардабын қазір қала тұрғындары тартып отыр. Юность елді мекеніндегі Аякөз көшесінің тұрғындарының құдықтан су орнына керосин алып отырғандарына да бірнеше жылдың жүзі болды. Ертіс өзенінің бойында Өскемен титан магний өндіріс орны, Семей цемент зауыты орналасқан. Олардан шыққан ауыр металдар т.б улы заттар өзен суын ластайды. Өскемен,Зырян, Лениногорск қалаларымаңындағы жерлерде қорғасынныңмөлшері 100 ШМК,кадмий, мырыш 8-14 ШМК, мыс 10 ШМК ға жеткен. Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 000т улы химиялық заттар қоршаған ортаға шығады.
Информация о работе Ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы