Ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 14:32, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ертіс су бассейнін зерртеу.Экологиялық жағдайын анықтау. Зерттеу әдістерін меңгеру және зерттелетін нысанның жағжайымен толық танысу.Су эк кожүйесінің құрамымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті:Ертіс бассейнін қалыпты жағдайға әкелу. Су экожүйесін сақтап қалу.

Оглавление

Кіріспе........................................................................................................................ 3
1.Әдебиетке шолу
1.1. Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану.........................................................4
2. Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1 . Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы..........................................................6
2.2 .Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы.................................................10
2.2.1. Судағы балықтар мен жануарлары
2.2.2.Судың құрамындағы ұсақ микроорганизмдер...............................................13
2.2.3. Су өсімдіктері.....................................................................................................13
2.2.4. Қоректік тізбегігің сипаттамасы......................................................................13
3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы.......................................................14
Қорытынды...................................................................................................................19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................................20

Файлы: 1 файл

ЕРТИС салта.docx

— 896.33 Кб (Скачать)

                                1.сурет. Ертіс өзенінің орналасуы

Павлодар облысын, арысы  Ресей мен Қытай сияқты алпауыт  мемлекеттерді байланыстырып жатқан еліміздің күре тамыры Ертістің бүгінгі ахуалы кімді де болса бейжай қалдырмасы анық. Өзен суының шамадан тыс ластануы, деңгейінің жыл санап төмендеп бара жатқандығы, шекарааралық суларды пайдалануға қатысты туындаған проблемаларды бірлесіп шешуге Қытай мемлекеті тарапынан үшжақты келісімге (Қазақстан, Ресей және Қытай) қол қойылмауы бүгінде жағдайды біраз қиындатып тұр.  
«Ертіс өзені бассейнінің өзекті мәселелері» тақырыбында алғашқы болып баяндама жасаған Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитеті Ертіс бассейні инспекциясының бастығы Дәурен Тілеубаев өзен суының сапасы мен мөлшеріне ерекше тоқталды.  
Айта кету керек, Қытаймен су қатынастарын реттеу Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Осы бағытта еліміздің негізгі міндеттері мыналар: өзеннің қажетті су балансын сақтау, трансшекаралық су ағындарының су ресурстарын бірлесіп пайдалануда және қорғауда ортақ ұстанымды әзірлеу, олардың ластануын және сарқылуын болдырмау. Міне, осы міндеттерді біз қатаң сақтауымыз қажет. Бүгінде Қазақстан аумағына Қытайдан 24 трансшекаралық өзен ағып келсе, оның алтауы Ертіс өзенінің бассейніне қарайды.  
Сонымен қатар отырыс барысында Шығыс Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуетін арттырудың келешегі, су ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалану жолдары, су-энергетикалық қауіпсіздік шараларын жүргізу, гидротехникалық құрылғылардың ахуалы, келешектегі Ертіс бассейнін сумен қамтамасыз етудегі проблемалар турасында орамды ойлар ортаға салынып, ұтымды ұсыныстар айтылды.  
«Ертіс өзені бассейніндегі сумен қам-тамасыз ету мәселелері» деген тақырыпта қысқаша баяндама жасаған «Казгипроводхоз институты» өндірістік кооперативінің қызметкері Равиль Вагаповтың сөзіне құлақ ассақ, аспан асты елінде салынған каналдар арқылы Ертіс суының біраз бөлігі ауыл шаруашылық мақсатында кәдеге жаратылмақшы. Ертіс өзенінің жағдайы біздің аймақ үшін үлкен проблема болып табылады... Қытай аумағында су арнасының салынуына байланысты ол жақтан ағып келетін су көлемі қысқару қаупі туындап отыр. Соның салдарынан өзен алабындағы экологиялық жағдай ушығып, Павлодардың сумен жабдықтау жүйесі үшін Ертістің суын пайдалану тіпті мүмкін болмай қалады. Ертісте орын алған жағдайға әсіресе су саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар қатты алаңдаулы. Өзіміздің ғана емес, ресейлік мамандар да кейінгі кездері жиі дабыл қағатын болды. Жақында қос елдің білікті ғалымдары Ертістің тағдырына байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.«Егер осы қалпымен кете беретін болса, енді бір 15-20 жылдан кейін Ертіс кеме жүзе алмайтын өзенге айналуы мүмкін» дейді мамандар. Ал тағы бір 20 жылдан кейін өзен суының қазіргімен салыстырғанда үштен бірі азаяды. Қытайдың жыл өткен сайын Ертіс өзенінен су алу мөлшерінің ұлғаюы жердің құрғауына, шабындықты аймақтардың азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Егер іргедегі көршіміз суды қазіргіден көп алатын болса, судың көлемі азайып, жан-жануарларға қауіп төнеді. Балық өндірісі төмендейді. Өкініштісі сол – аспанасты елі үш елге ортақ өзеннен қанша көлемде су алып жатқанын айтпайды. Жұмған аузын ашпайды. Конвенцияға қол қоюдан да үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ертісті өздерінің ыңғайына қарай пайдалануда. Бізге белгілісі – өзен бойында «Ертіс-Қарамай» атты арна салынған. Өздері техникалық мақсатта дегенімен, біздің білуімізше, бұл нысан суқойма ретінде ауыл шаруашылық мақсатында жұмыс істеуде. 1973 жылдан бері өзен суының сапасына мониторинг жүргізетін Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының маманы Владимир Ушаковтың айтуынша, Ертіс өзенінен әр кезеңде, негізінен, мыс, мырыш, марганец, темір, азот нитриті мен азот аммонийі көп табылатын. Күн сайын өзеннен алынған су жеті ингредиент бойынша (ауыр металдар, синтетикалық заттар және т.б.) тексеріледі.  
 
17 ингредиент бойынша әр он күн сайын, ал 23 ингредиент бойынша жылына бір рет көршілес Қытай мамандарымен ақпарат алмасады. Қазіргі кезде отандық және қытай гидрометеорология мамандары Ертіс өзеніндегі су сапасын тексерудің ортақ тәсілін әзірлеп жатқан жайы бар. Ертіс өзенінің басссейніне 2004 жылы 228 млн. м3/жыл су төгілсе, 2005 жылы 214 млн. м3/жыл су төгілді.

2005 жылдың І жарты жылдығында  өндіріс төгінді суларының жалпы  көлемі 38 527 мын. м3, тұрмыстық –шаруашылық  су төгінділердің жалпы көлемі 31 866 мың м3, аралас су төгінділерінің  жалпы көлемі 37007 мың м3 құрады. Бірінші жарты жылдықтағы болжау  деректері сол деңгейде, жартыжылдық  2-ТП-сушар. түрі бойынша статистикалық  есеп берушілік жоқ.Облысымыздың  жер үсті және жер асты суларының  ластануы- тау-кен өндіру және  металлургия кәсіпорындарының Ертіс  өзенінің су жинау алабының  бассейніне кіретін жер үсті  су ағындыларына жақын орналасқандықтан  болып отыр. Негізгі ластаушы  заттар ауыр металдардың тұздары,  радионуклидтер, мұнай өнімдері, органикалық  заттар болып табылады.Ертіс өзені  бассейнінің ластануының негізгі  көздері - аршынды жыныстардың  құнарсыз үйінділері, тоғандардың  су қорғау аймағында орналасқан  қалдық сақтауыштар. Балық шаруашылық  маңызы бар тоғандар үшін ондаған  және жүздеген шектеулі рауалы  концентрациясын ауыр металдардың,  үйінділер мен қалдық сақтауыштардың  сүзгі мен сусіңгіш суларының  төгінділері құрайды. Көбінесе  бұл үйінділер мен қалдық сақтауыштар  мемлекеттің меншігінде және  «тарихи қарыздар» болып саналады.

 

 

2.2Ертіс  су экожүйесінің құрамы мен  құрылымы

2.2.1. Судағы балықтар, жануарлар.

Ертіс өзенінде бекіре балық (Сібір бекіре балығы мен  карп тәрізді бекіре балық),албырт балық, (ақбалықтар,муксун,Сібір ряпушкасы), карп тәрізділер (аққайран, ақтабан,шабақ,қызылқанат,тарғақ балық,Сібір табаны және алтын табан  және т.б), шортан балықтар(шортан), алабұға тәрізділер (алабұға, көксерке, таутан, нәлім) кездеседі.

      

                                  2.сурет. Бекіре және карп тәрізділер                          

Жоғарғы Ертіс бассейні континентальды суайдындарын бар зоогеографиялық бөлу бойынша  батыс сібір учаскесінің сібір  округі мұзды-теңізді провинциясына  жатады. Қазіргі кезде ихтиофауналық  кешен 22 тұқым және 18 тұқымдасқа жататын  балықтың 26 түрімен берілген. Оның ішінде бағалы сирек түріне, генофондын жойылып  кету қауіпінен сақтауды қажет ететін стрелядь, сібір бекіре балығы, кәдімгі  таймень мен ақбалық-нельма жатады. Бассейн шегінде осы балықтардың  түрінің таралу кеңістігі суретте  көрсетілген.

 

                                    3.сурет. Балықтардың түрінің таралу кеңістігі

Стерлядь, бекіре балық және нельманың ертістегі  популяциясы қазіргі уақытта  тек Ертіс өзеніндегі СЭС-ның  каскадынан төмен жерінде мекен  етеді.1940 жылға дейін сібір бекіре балығы өндірістік статистикада Зайсан өзеніндегі кәсіпшілік нысан ретінде  танылған.1930 жылдары орташа есеппен  жылына 0,7 тонна бекіре ауланған.1940 ж-дан кейінгі мәліметтер өндірістік статистикада жазылмаған, ал 80 ж. бекіре балығы Бұқтырма суқоймасының ихтиофаунасынан  мүлдем жоғалып кетті. Қазір Ертіс өзенінде мүлде сирек кездеседі, брокеньерлермен толық жетілмегендері ауланады. Ал Сібір стерляды керісінше жоғарғы Ертісте кәдімгі түр ретінде кездеседі, бірақ кәсіптікке тыйым салынады. 2001 ж. өзен арнасында бақылау аулау кезінде стрелядь барлық түсімнің 3-тен 6%-ға дейінін құрады. Ақбалық-нельма өзенде Шүлбі СЭС плотинасынан төмен жерде ғана өте сирек кездеседі.

Жоғарғы Ертіс экожүйесіне антропогенді әсер, бір қатар жасанды су тоғандарын құру, балықтардың миграциялық жолдарын платинамен бөгеу, судың өндірістік ағындырмен ластану, ихтиофаунаның  құрамын қайта құру және т.б. бағалы сирек балықтар түрлері суқоймалар ихтиоценоздарынан және Ертіс өзенінен гидротораптар арасынан ығыстырылды. Ақ балық «бұқтырма-зайсан» популяциясы (дұрысы – «зайсан-қараертістік») 1956 жылдан бері өндірістік сатистикадан тіркелмеген (30-ыншы жылдардағы аулаудың орташа көлемі – 26 тонна, 40-ыншы жылдарда – 4 тонна). 80-інші жылдардың аяғында  ақ балықты бірлі-жарым Зайсанда Қара Ертіс сағасында аулаған, кейіңгі  жылдары бір балық болса да ауланды деген мәліметтер жоқ. Таймень  өндірістік статистикада ешқашан тіркелмеген. Кәдімгі таймень қазіргі уақытта  Ертіс өзенінің оң жақ салалары –  Оба, Үлбі, Күршім, Бұқтырма өзендерінде  кездеседі.

Суқоймалардың ихтиофаунасы

Биоөнімнің  басым көлемі суқоймаларда қалыптасады, ал өзендер балық қорын қайта өндіруде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Жоғарғы Ертіс бассейіні толық бір макроэкожүйені құрайды. Сондықтан бассейннің жеке бөліктерінің биоценоздарының байланыстылығы, генофондтардың ауысу жолдары және мүмкіндіктері туралы сұрақ өте маңызды болып табылады. Кестеде бірқатар су қоймаларындағы ихтиофаунаның құрамы берілген және өзендерде биоәралуандылық көп екендігі білінеді. Өзендердегі ихтиоценоздың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді болып келеді, ал су қоймаларына қарағанда жерсіндірілгендер мұнда жергіліктілерден аз басымдыққа ие.

Қолдану түрі

Жалпы

лимит

Балық түрлері, тонна 

шаян

табан

алабұғаь

мөңке

шортан

торта

көксерке

ақ қайран

оңғақ

көкшұбар

тарақ балық

Әуесқойлық спорттық)балық аулау

2,0

0,9

0,4

0,02

0,15

0,28

0,1

0,15

-

-

-

1,0

«ҚазБШҒЗИ» ЖШС Алтай филиалы, ҒЗҮА

0,25

0,08

0,04

0,02

0,02

0,05

0,03

-

0,01

-

-

0,1

Бақылау балық аулау

0,1

0,04

0,01

0,01

0,01

0,01

0,01

-

0,01

   

0,1

Кәсіпшілік балық аулау

15,88

3,68

3,31

2,93

1,5

2,71

1,43

0,05

0,27

   

26,8

Жиыны:

18,23

4,7

3,76

2,98

1,68

3,05

1,57

0,2

0,29

-

-

28,0





Ертіс өзені ШҚО шегінде

 

Ал жануарлар  әлеміне келсек... экономикалық реформалардың  басталуымен және Қазақстанға шекараның  ашылуымен шет ел туристерінің, олжаға қызығушылардың, ағылып келуі байқалды. Олжалық іс жануар әлемін тиімді қолдану  және оның қорғау органынан пайдаланушыға  айналған аңшылардың қоғамдық бірлестіктерін де қызықтырды. Элиталы жануарларды  олжалау құштарлығы күшті, көбінесе орта жастағы, ең бағалы өндірушілердің элиминациялануына әкеледі. Аңшылық  шаруашылықта жақсы генофонд құрып  барады, өсудің құрылымы тұрақсыздануда, ол аңдардың санының азаюына әкеледі.Маралдың көбеюі жойылу қаупінде тұр, олардың  саны тек қана олжалық жолмен ғана емес, сонымен қатар брокеньерлік аңшылықтың әсерінен төмендеп барады, өйткені оның мүйізі ҚХР өте үлкен  сұранысқа ие болып отыр. Жануарлардың негізгі түрлерін тіркеу мәліметтері  бойынша мекен етуге қолайлы  жердегі көптеген аңдар мен құстардың  саны мүмкін мөлшерінен төмен болып  отыр. Сонымен қатар қабандар, еліктер,  қырғауыл

 

2.2.2Судың құрамындағы ұсақ организмдер

Ертіс өзенінде фитопланктондар кездеседі. Оларды зерттеу үшін биоманиторинг  жүргізілген. Фитопланктондар су қоймалардағы органикалық заттарды ғана жасап  қоймай,су қасиетін және су қасиетін қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Фитопланктондарды зерттеу су тазалаудағы процестерді ұғынуға және  су қоймаларға қатысты көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Фитопланктондарың түрлік құрамы,құрылымы және көптігі су обектісінің санитарлық және экологиялық  жағдайын, және қоректік деңгейін бағалауда басты көрсеткіш болып табылады.Биомониторигн нәтижесінде алынған мәліметтер су бассейндерінде табиғатты қорғауға арналған шараларды өткізуге және жоспарлауға қажет. Әсіресе Ертіс сияқты трансшекаралық өзендерде маңызды қасиетке ие.

Зерттеуде мынандай талаптар қойылған:

- Фитопланктондардың түрлік құрылымы мен құрылысын зерттеу;

-Жоғарғы  және  Ортаңғы Ертістің қоректік статусын анықтау

-Сол жердегі фитопланктондардың қалыптасу заңдылықтарын  және бағытын анықтау

- Биомониторинг арқылы Ертістегі фитопланктондарды зерттеу әдістерін жасау және  фитопланктондардың орнын анықтау [1],[2],[5]

2.2.3. Су өсімдіктері

Су ішінде көп тараған балдырлар,кладофора, су қынасы, сонымен қатар тұңғиық су гүлі, т.б өсімдіктер.Су ішінде батып өсетін өсімдіктердің омыртқасыздардың қорегі болуымен қатар, олардың экологиялық маңызы зор. Табан балық пен қара балық осы шалан арасында ұрық шашады.Осы өсімдіктердің ,әсіресе шөппен қоректенетін балықтар мен жас шабақтар үшін сиректеу өскені пайдалы. Аталған өсімдіктердің құрамында «С» витамині болады. Сонымен қоса химиялық элементтер бар.

2.2.4. Қоректік тізбегінің сипаттамасы

Ертіс өзеніндегі қоректік тізбек қарапайым  түрде жүреді. Фитопланктондарды ұсақ балықтар қорек етеді. Оларға шабақ,т.б балықтарды атауға болады. Ал ұсақ балықтарды өз кезегінде ірі балықтар жеп, қоректік тізбекті жалғастырады. Балықтар өмір сүруін тоқтатқанда олардың қаңқаларын судағы микроорганизмдер ыдыратып, органикалық заттарға айналдырады. Осылай қоректік тізбек үздіксіз жүріп отырады.

 

                          1.сурет.  Ертіс суындағы қоректік тізбектің сипаттамасы

 

3.Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау

3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы

«Казгидрометтің» гидрологтары Қара Ертістің ағысының үздіксіз мониторингін жүзеге асыруда. Оның ағысының төмендеуі өткен ғасырдың 90- жылдарында басталған. 2005 жылға дейін ол жылына 1,1–1,8 куб км құраған. Соңғы жылдары (2006–2008) ҚХР территоиясындағы су тұтынудан Қара Ертістің ағысының азаюы жылына 2,5–3,5 куб км ге артқан және осылай Қытайдан Қазақстанға келетін Қара Ертіс өзенінің су ресурстарының жиынтығының  қысқаруы 1998-2008 жылдар аралығында 25 куб км құраған. Яғни, Ертістің  шынайы ағысы 11,0–11,4. Ол  көрсетілген жылдарда  5,5 куб кмге дейін қысқарған Ол біздің территорияға үлкен зиянын тигізеді. Ертіс өзенінің таудан жазықтыққа шыққандағы су ағынының жылдамдығы секундына 933текше м болса, Тобыл ауданының тұсында секундына 2 177текше метрге жетеді.Ал, су мол айларда (маусым)секундына 6 133 текше метр болса,ақпан айында секундына 294метрге дейін төмендейді.

   Жалпы алғанда, Ертістің суының  көлемі жыл өткен сайын таяздап  барады. Түрлі зиянды әрекеттер   өзеннің су балансының төмендеуіне  әкеліп соғуда.

  Зерттеулер нәтижесі бойынша Ертіс су бассейнінің ағысының орташа көлемі барлығы 33,5, сырттан келетіні 9,8,Республика рерриториясында қалыптасқаны 23,7 км3/жылына.

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен  Үлбі өзенінің  
су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Рет  
са-  
ны  
N

Су объекті-  
сі, оның  
учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шека-  
расы-  
ның  
ұзын-  
дығы,  
(шақы-  
рым)

алаңы,  
(га)

орташа  
ені  
(метр)

шекара-  
сының  
ұзынды-  
ғы,  
(шақы-  
рым)

алаңы,  
(га)

орташа  
ені  
(метр)

1.

Өскемен қаласындағы темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі Ертіс өзені (2005 жылғы жоба)

14,35

1325,3

500-2800

29,3

450,0

20-75

2.

Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап Пограничная көшесінің тұстамасындағы жаңа автомобиль көпіріне дейінгі оң жағалауы (2006 жылғы жоба)

12,70

980,01

300-1600

19,38

221,02

10-140

3.

Өскемен қаласының аумағындағы Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулары (2006 жылғы жоба)

19,75

2028,92

160-1600

27,87

592,59

20-380

4.

Глубокое ауданының аумағындағы  Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулары (2006 жылғы жоба)

15,49

1601,5

400-1600

18,83

858,54

30-500

Информация о работе Ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы