Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 01:40, реферат

Краткое описание

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:
1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.
2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру.

Файлы: 1 файл

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

Тақырып бойынша  сұрақтар:  

1. Сендер жаңа  экономикалық саясаттың мәнін  қалай түсінесіңдер?

2. Бұрын артта қалған халықтардың капиталистік емес даму жолы тұжырымдамасы дұрыс па? Түсіндіріңдер.

3. Қазақ жерлерін  Қазақ АКСР құрамына біріктіру  қалай жүргізілді?

4. Елді индустрияландырудың  мәні неде?

5. Қазақстандағы  индустрияландыру ерекшеліктері  қандай?

6. Қазақстандағы  индустрияландыру жолдары туралы  алауыздықтар неде болды? 

7. Ауыл шаруашылығын  ұжымдастыру қарсаңында Қазақстандағы  жағдай қандай еді? 

8. Жаңа экономикалық  саясат қазақ шаруаларына не  берді. 

9. Қазақстандағы  күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болды?

10. Ауыл шаруашылығын  жаппай ұжымдастыру саясатына  шаруалар қарсылығының ауқымы  мен сипаты қандай болды? 

11. «Социализм  тоталитарлық, казармалық сипат  алды» дегенді қалай түсінесіңдер?

12. «Карлаг», «ЧСИР», «Алжир», «Гулаг» деген ұғымының мазмұнын айтып беріңдер.

13. Қазақ АКСР  – ін Одақтас республика етіп  қайта құрудың қазақ халқының  тарихында қандай маңызы болды? 

14. Қазақ КСР  – інің соғыс алдындағы өнеркәсібі  мен ауыл шаруашылығының қалай  дамығанын айтып беріңдер. 
 
 
 

Сыртқы экономиканың ашық жолына көшу Қытай үшін географиялық жағдайын кеңітуге және сыртқы сауданың жүйесін реттеуге мүмкіндік берді. Ондағы маңызды орындардың бірін  инвестициялық несиенің келуі алады. Бұл саясаттың басталуы шетел  инвестицияларының келуімен қатар жүрді. 1979-1995 жылдар аралығында несие туралы 1,2 мың келісім жасалып, 91 млрд АҚШ доллар көлемінде несие алды. Мемлекеттік қордың 40 пайызын құрады. Несиелік саясаттың ашық саясатпен тығыз байланыстығы осы жерден білінеді: несиенің инвесторлық қордан берілуі ұлттық және коммерциялық банктердің қоржынына түсті. Өз алдына банктер алынған несиені ұлттық кіші және орташа өндірістік немесе кәсіпкерлік шаруашылықтың дамуына бөлді. Шетелдік инвесторлар тікелей қытайлық кәсіпкерлерге несие беруде алдымен олар шығаратын өнімге деген ішкі сұранысқа көңіл бөлді. Сұранысқа ие тауарларға: көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың өнімдері кірді. Осы тұрғыда Қытайдың еуропалық несиелерді алу үшін АҚШ-пен қатынастарын реттеу өте маңызды еді. Осылайша, 1990 жылдары АҚШ «ашық есік» саясатын ұстанған Қытай өмірінде тұрақты үшінші орынды иеленіп, елдегі Батыс инвесторларының ең ірісіне айналды. 

Қытай мен АҚШ  арасындағы сауда өсуі 1980 жылдары  байқалды. Осы жылдары Қытай ашық саясат жүргізуге бет алып, АҚШ-пен дипломатиялық катынастар және сауда жасау туралы келісім жасасты.1983 жылы алғаш қытай- американдық сауда-экономикалық жиналысы өтіп, онда екі елдің сауда қатынастарын қадағалайтын комиссия кұру туралы шешім алынды. 1980-1990 жылдар аралығында екі елдің сауда айналымы үлкен қарқынмен жүрді. 

Жалпы АҚШ-тың  сауда-экономикалық жағдайы Қытай  үшін тұрақсыз. Өйткені АҚШ-тың сыртқы саясаты мен басқа елдермен қарым-қатынасында  үнемі болып тұратын түрлі  түйткілді жағдайлар Қытай экономиасы үшін тиімсіз. Егер қытайлықтар АҚШ тарапынан жаңа технологиялар мен ғылыми-даму тәжірибесін пайдаланғысы келсе, АҚШ тек саяси және стратегиялық жағдайын пайдаланғысы келді. АҚШ Қытайдың нарығына тікелей қол жеткізу мақсатында инвесторлық саясатын кеңінен жүргізді. Оның негізінен көңіл бөлген салалары мұнай құбырларын шығару мен мата өндірісі. 

АҚШ тарапынан  жаңа технологиялық өнімдерді Қытайға  тасымалдау шектелген соң, Қытай  мақта, синтетикалық жіптер мен бидай  импортын тоқтатты. Бірақ бұл арадағы  саяси-экономикалық теке-тірестің басты себебі тайвань мәселесі болып қала бермек. Қытайлықтар АҚШ-тың Тайваньға қару сату саясатына осылайша қарсылық көрсетуде. Қарсылықтың қандайлығы сауда көлемінің төмендеуінен көрінеді. 

Еркін экономикалық аудандардың нарыққа көшу жолының  сан түрі белгілі. Оның ішінде жалпыға белгілісі – инвестициялық мүмкіндігі жақсы мемлекеттермен дипломатиялық және сауда-экономикалық келісімдер жасасып, әлемдік нарыққа шығу. Бұл жолдың тиімділігі Қытай тәжірибесінен анық көрінеді. Өз елінің аумағынан шықпай-ақ, халықтың өмір сүру деңгейін он шақты жылдың ішінде көтеру – Қытай елі үшін үлкен жетістік. Осындай мемлекеттер қатарына Жапония да кіреді. Жапония Қытайда басталған реформалар кезеңінде оның жетекші серіктесіне айналды. Қытай үшін Жапониямен сауда-экономикалык қатынастар жүргізу елдің жаңғыруына мол мүмкіндік берді. Қытай жапондардың озық технологияны, капиталды игеру және басқару тәжірибесін үйренуден бастады. Жапония үшін Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші тауар өткізу нарығы болып есептеледі. 

Екі елдің сауда-экономикалық катынастарының даму кезеңі 1970 жылдары басталды. 1972 жылы екі ел арасында алғашқы сауда келісімі жасалды. 1983 жылы екі жақ ұзақ мерзімді сауда жасау туралы келісімге қол қойды. Белгіленген уақыт ішінде екі елдің сауда процесі бір қалыпты болмады: оның көлемінің күрт төмендеуі 1980 жылдары басталып 1990 жылдардың бірінші жартысына дейін жалғасты. Нәтижесінде 1987 жылы Жапония Қытай сауда серіктестіктерінің ішіндігі өз біріншілігін Гонконгқа берді. Қытай өз алдына Жапонияның географиялық сыртқы сауда серіктестігінің екінші орнынан бесіншіге дейін төмендеді. Себебі сол кездегі қытай нарығы автокөлік импортына толы болатын және екі елдің технологиялық дамуы әр келкі еді. Оның үстіне қытайлық экспорттың шектелуі және пайдалы ресурстардың жетіспеуі біріккен кәсіпкерліктің баяу дамуына әкелді. 

1990 жылдар қытай-жапон  қатынастарының дамуындағы шарықтау  кезеңі болды. 1993 жылы Жапония  Қытайдың сауда серіктестіктерінің  арасында бірінші орынға қайта  көтерілді. 1996 жылы екі елдің сауда  айналымы 61,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жапонияға шығаратын Қытай экспортының негізгі түрлері жеңіл өнеркәсіп өнімдері, көлік жасау, шикізат түрлері және электрондық құрылғылар есептеледі. Екі елдің көлік жасауға жұмсалатын өндірістік шығындары тепе-тең бөлінеді. Қытай Жапониядан көлік, құрал-жабдықтар мен қола және түсті металлдар алады. Жапон тауарлары мен өнімдері АҚШ өнімдерімен әлемдік нарықта бәсекелесе алады. Және АҚШ тауарларына қарағада, жапон тауарлары мен өнімдері Қытай нарығында орнықты орын ала білді. Дегенмен қытайлықтар соңғы жылдары жапон көліктеріне шектеу қоюда. Өйткені қытайдың өзінде жеңіл көлік шығаратын зауыттар пайда болды.  

Импорттың үштен  екі бөлігі бірлескен кәсіпорындардың  көмегімен нарыққа шығады. Қытайлық тауардың ең кең тараған түрі мақта-мата өнімі компенсациялық келісімдер негізінде жапондық құрал-жабдықтардың керегіне ауыстырылып отырылады. Екі ел арасындағы сауда қатынастарын кеңінен жолға қоюда шешілмеген мәселелер бар. Солардың қатарына Жапония тарапынан қытай технологиясын дамытуға арналған тауарларға шек қойылуы жатады. 1990 жылдары Қытай үшін жапон тауарларынан түсетін пайда үлесімді болғанымен, екі ел арасындағы сауда қатынастарының төмендеуі жапон валютасы құндылығының жоғалуына байланысты болды. Бұл жапондық тауарлардың қымбаттауына, сөйтіп бәсеке қабілеттілігін жоғалтуына алып келді. Осы себепті жаңа технологиялардың Қытайға келуі тоқтады.  

Жапонияның сауда-экономикалық жетіспеушілігі 1996 жылы 18,6 млрд АҚШ  долларын құрады. Соңғы мәселелер  қытай-жапон саяси-экономикалық қатынастарының дамуына кедергі болды. Дегенмен бұл мәселелерде тіл табысу Қытай мен АҚШ қайшылықтарына қарағанда, жеңілдеу болды. Жапония мен Қытай сауда қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия екі арадағы түсінбеушіліктің жолдарын ойластырып, бүгінде белгілі нәтижелерге де жетіп отыр. 

Екі арадағы  түсініспеушілік негізінен қытай  тарапынан мата мен азық-түліктік өнімдердің жапон нарығына уақтылы  келмеуіне, кейінгі кездері тіптен тоқтап қалуына байланысты болды. Қытайдың бұл тауарларды экспорттауға шек  қоюының себебі, жапон тарапынан кедендік және өзге де кедергілердің болуы. Бұл – кедендегі түрлі шектеулер мен санитарлық нормалардың жиынтығынан тұратын кедергілер. Қытай фабрикаларынан тікелей экспортталатын тауарлардың Жапония нарығына келісімде көрсетілген мерзімге сәйкес әкелінбеуі, Қытайдың үзілді-кесілді наразылығын тудырды. Мәселен, сол жылдары жапондық кеден фармацевтикалық қытай өнімдерін ұзақ тексерістерге алып, нәтижесінде үлкен салық салды. 

Осы тұрғыда  шешімін таппаған мәселенің үлкені – Жапониядан тиісті жаңа техника және технология үлгілерінің Қытайға келмеуі. Жапондық технологиялар өндіруші компаниялар үшін техниканы шетелге экспорттауға мемлекет тарапынан тиым салынбайды. Жапонияның экспортқа шек қоюы «Тосиба кикай» компаниясының озық технологияны Кеңес одағына заңсыз тасымалдауымен басталды. Нәтижесінде, Жапония Қытаймен жасасқан ірі келісімдерінен бас тартып, кедендік агенттіктермен де қатынастары бұзылды. Қазіргі таңда Жапония Қытайда технологиялық тәжірибе мен үлгі көрсетуге талпыныс көрсетпей отыр. Керісінше, Қытай аумағында өз байланыс орталықтарын ашып, техника жинау мен дайын өнімдер жасап, сатуды жоспарлауда. Кейде жапондықтар Қытайдың технологиялық дамудағы әлсіздігін пайдаланып, өздеріне тәуелділігін одан әрі арттыру мақсатында түрлі айла-шарғылар жасайды. Мұндай айлалар әлемдік нарыққа шығу және онда алдыңғы қатарлы орынды сақтауға кепілдік береді. Екі елдің экономикалық ықпалдастығының маңызды бір саласы – несие-қаржы қатынастарының дамуы. Несие беруде Жапония – Қытайдың ірі серіктесі. Қытайдың ауыл шаруашылығының төрттен екі бөлігі жапон несиесі арқылы қаржыландырылып отыр. Бұл несиелік саясат Қытайда мемлекеттік дәрежеде жолға қойылған. Оның ерекшелігі, басқа шетел инвесторлар сияқты валюталық несиелендіру емес, иендік несие беруімен және ұзақ мерзімділігімен айқындалады. Несиелендіру халықаралык қор арқылы өтіп, жеңілдіктер берілді. Жапония шетелдік банктердің көмегімен АСЕАН мемлекеттеріне несие алып берді. Жапонияның бұл саладағы жетістіктерінің қатарында Қытай, АҚШ және Еуропалық одақ (ЕО) мемлекеттерін несиелендіру бар. 

Жалпы алғанда, Қытай Жапонияның экономикалық және саяси даму жетістіктерінің өзіне  қажеттілерін тиімді пайдалана білді. Сауда жасаудың түрлі жолдарын меңгеріп, үйренді. Екі елдің арасындағы экономикалық-сауда  қатынастарының тереңдеуі, Қытайдың әскери жағдайын көтеруге мүмкіндік берді.  

Қытай және Еуропалық  одақ арасында әдеттегі серіктестік  қатынастар сақталған. Ол қатынастардың  жиырма жылдық тарихы бар. 1975 жылы ЕО пен  Қытай дипломатялық келісімге қол  қойды, үш жыл өткен соң сауда келісімі жасалды. Реформалардың бастапқы кезеңінде ЕО пен Қытай арасындағы экономикалық және сауда қатынасары баяу даму сатысында болды. ЕО-ның қиын экономикалық өтпелі кезеңде қытай тауарларына еуропа нарығында сұраныс азайды. Осы жылдары европа елдеріне импорттау Қытай үшін үлкен шығындану кезеңі болды. Сауда-экономикалық келісімдерді реттеу туралы келісімге қол қойылғаннан соң, екі жақты барыс-келіс және экономикалық қатынастар теңелді. Осы келісім аясында сауда және өндірістік байланыстар арнасы кеңіп, жоғарғы дәрежелі қарым-қатынас орныға басталды. Сөйтіп, 1984 жылдан бастап екі жақтың мемлекет басшыларының жыл сайынғы кездесулері дәстүрге айналды. 

1989 жылы Еуропа  және Қытай сауда қатынастарына  ЕО тарапынан шектеулер қойылды. 1990 жылдары шектеулер сатылы түрде жойылғанда, екі жақтың сауда айналымы үлкен қарқынмен дамыды. Біріккен кәсіпкерліктің табысты кезеңі басталып, сауда балансы түзелді. Бүгінгі таңда Еуропа мемлекеттері Қытай тауарлары үшін маңызды нарыққа айналды. Еуропалық мемлекеттер нарықтық сауда пайдасы тұрғысынан тек Жапония, АҚШ және Гонконгқа ғана жол береді. 

Еуропалық Одаққа шығарылатын Қытай экспортының  басты түрі – ауыл шаруашылық және азық-түліктік, мата, аяқ-киім, ойыншық, дәрі-дәрмек өнімдері. Ал ЕО елдерінен  Қытайға негізінен жанармай, шикізат, көлік түрлері мен құрылғылар, кұрал-саймандар сатылады. Осы жылдар ішінде ЕО мемлекеттері Қытай үшін техника, басқару тәжірибесіндегі алдыңғы қатарлы технологиялар шығаратын ірі әріптеске айналды. 1981-1996 жылдар аралығында Қытай мен ЕО арасында технологияларды дамыту және импорт туралы 3,3 мың келісім жасалған. 

ЕО бүгінде  Қытай нарығына кол жеткізу үшін Жапония мен АҚШ-тан келетін  технологиялардан гөрі, жаңа заманга  сай технологиялар импорттауға  дайын. Осы саланы дамыту және бұл  тұрғыдағы ұсыныстар дәйекті несиелік саясат жүргізудің арқасында тұрақты инвестиция салудан айқын көрінеді. Мұның нақты дәлелін Гуанчжоу қаласы тәжірибесінен көруге болады. Онда технологиялар жылдан-жылға жаңарып отырады, инвестиция тоқтаусыз келуде. Бұл еркін экономикалық ауданның қарқынды дамуына жол ашуда. Мұнда жоғарғы технологиялар алып келу жағынан Еуропалық одақ АҚШ, Жапония және Гонконг сияқты ірі қарсыластарының алдын алды. 

ЕО-ның Қытай  Халық Республикасына несие беру саясаты Белгия мемлекетіне жүктелген болатын. Қытайдағы реформалар жылдарында осы мемлекет тарапынан берілген несиенің көлемі 11,9 АҚШ долларын кұрады. Ал ЕО-ның Қытай экономикасын инвестицияландыруға қатысты саласын Ұлыбритания басқарады.Негізгі капитал салудың төмен бөлігіне қарамастан, ЕО үшін еуропалық мемлекеттердің жетекші немесе ірі компаниялары кытай жерінде қызмет жасап, ұзақ мерзімді келісімдерге отыруы маңызды болып табылады. Қытай арқылы ЕО дамыған мемлекеттердің нарығын жол ашады. Осылайша оның әлемдік нарықта алар орны мен ықпалы нығая түспек. 

Еуропа мемлекеттері Қытай елімен технологиялық байланыстарды  күшейту арқылы өз позицияларын нық  сақтап отыр. Сонымен қатар көлік  жасау, химия, электроника өнімдері, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия аймағының  нарығына шығатын энергетика салаларын Қытай аумағында дамыту саясатын жүргізіп отыр. Осы мақсатта жыл сайын ЕО пен Қытай өкілдерінің қатысуымен инвестициялық бірлестік семинарлары өтіп, түрлі салаларда коммерциялық келісімдер жасалады. ЕО мемлекеттерінің Қытайда өкілділігі бар компаниялар қатарында: «БАФС», «Байер», «Сименс», «Фольксваген», «Люфтганза» және т.б. бар. 

Информация о работе Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті