Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 21:37, реферат
Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды.
Орталық Азияның барлық елдерінің арасында экономикалық реформалар жүргізуден Қазақстанның неғұрлым қомақты табыстарға қол жеткізгенін қазір жұрттың бәрі мойындап отыр. Ұлттық валютаның өтімділік дәрежесі, жалақының ставкаларын еркін айқындау, шетел инвестицияларына ашықтық, мемлекеттік меншік пайызы немесе өндірістегі мемлекеттік бақылаудың дәрежесі және қаражаттың бөлінуіне мемлекеттік бақылау дәрежесі салаларындағы жетістіктер Қазақстанға “нарықтық экономикалы ел” мәртебесін берді. Әлем қауымдастығы біздің экономикалық жетістіктерімізге талай рет тәнті болған. Бұл деген жасалған жұмыстарға тоқмейілсу емес. Жыл өткен сайын ел алдына жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы Үкіметке аздап ат шалдырып алудың өзіне мұрсат бермейді. Қазақстан әлемдік даму көшінен қалып қоймай, озған елдермен орайлас, қанатты елдермен қарайлас серпінді серік етпесе болмайды. Қазақстанның жаһандық экономикалық үдерістерге сай дамып, әлемдегі ең озық, ең мықты нәрселердің бәрін бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықта өзіне лайық орнын иемденген ел болуы үшін кез келген экономикалық жағдайға жылдам бейімделуі керек.
Республика экономикасының
жалпы ахуалы бірқалыпты. Үлкен серпіліс
алдында серіппенің жиырылатыны
секілді бізге де барлық күш-жігерді,
ақыл-ой қуатын жедел жинақтап, тастүйін
бекемдікке белді буу қажет.
Қазақ Үкіметі алдағы үш жылдағы негізгі тетіктерді айқындап үлгерді. Бірінші кезекте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімін 8,5 пайыз мөлшерінде қамтамасыз ету. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ІЖӨ-ні екі есе арттырады. Үш жылдағы экономиканың жалпы өсімін 27,7 пайыз деңгейінде ұстау жоспарланып отыр.
Ең басты көрсеткіш бұл емес. Цифрлар қанша өрнек салғанымен, адамның нақты өмірінен ол көрінбесе бәрі бекер сияқты қабылданады. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің өсуі ең басты айқындауыш. 2008 жылы бұл көрсеткіш 5600 АҚШ долларына теңесуі тиіс. Яғни қазіргі деңгейден 1,5 есе жоғары. Бұл Үкіметтің нақты бағдары.
Еңбек өнімділігін арттыру мәселесіне де Үкімет айрықша назар аударып отырғанын айту керек. Ол орта есеппен жыл сайын 8,5 пайыз болмақ. Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі – 5 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 6,7 пайыз мұғдарында болады. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция орташа есеппен алғанда жылына 15,7 пайызға ұлғаюға тиіс. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Жүгенін сыпырып тастап, кең далаға жүйтки жөнелген асау тұлпар тәрізді инфляция бір шарықтап кетсе, жуыр маңайда тоқтам бере қоймайды. Арыны қатты асаудай бой бермей кетеді. Үкімет инфляция деңгейін 2006 жылы 5,7-7,3 пайыз, 2007-2008 жылдары 5-7 пайыз аралығында ұстап отыруды көздеп отыр. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, инфляциялық үдерістердің жалпы ауаны мен беталысы мұқият бақылауға алынған.
Экономика саласындағы
түйткілді мәселелер Парламент депутаттарын
да алаңдата бастаған тәрізді. Соны дер
кезінде аңғарды ма, Мәжілістің кезекті
жалпы отырысына Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Даниал Ахметов өз бастамасымен
қатысып, Мемлекет басшысының 2006 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру барысы туралы хабарлама жасады.
Онда да негізгі әңгіме төркіні инфляция
мәселесіне келіп тіреле бергені жасырын
емес. Премьер-Министр елдегі экономикалық
ахуалдың жағдайын еш бүкпесіз айтып берді.
Бүгінде атқарылып жатқан, алдағы уақытқа
жоспарланған Үкіметтің іс-қимылдары
туралы жан-жақты баяндады.
Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру оңай нәрсе емес. Президент Жолдауында Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда негізгі бағыттар белгіленген-ді. Үкімет соны одан да егжей-тегжейлі нақтылап, етек-жеңін жинастыруы керек-ті. Премьер-Министрдің мәлімдеуіне қарағанда, ортажеделдіктегі келешекке есептелген негізгі бағдарлар толық анықталған. Олардың қатарында әлемдік экономикаға тиімді кірігу, Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру, халықтың ең қорғансыз бөлігін қорғауға бағытталған осы заманғы әлеуметтік саясат, ғылым мен білімнің осы заманғы жүйелерін дамыту, халықтың мәдениеті мен рухани әлеуетін өркендету, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың озық қағидаттары мен стандарттарына көшу, экономиканың теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік, аумақтық даму мәселелері бар. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудан туындайтын негізгі бағыт-бағдарлар түгел қамтылған. Есеп-қисабы қарастырылған. Сақадай сай іспетті.
Үкіметтің іс-қимылында
айтарлықтай үйлесім бар
Премьер-Министрдің айтуынша, инфляцияны реттеу мәселелері Үкіметтің айрықша бақылауында тұрған көрінеді. Бағаның өсуіне байланысты барлық мәселені Үкіметтің арнайы құрған тобы қатаң бақылауға алған. Қазір алдын-ала жасалған талдаулар негізінде инфляцияның белгіленген дәлізден шықпауы үшін істің бәрінің жүйесі анықталып, жүйелі тапсырмалар берілген деседі. Бұл да дәтке қуат.
Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы есебінен болатын баға өсімін терең зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек.
Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға тәуелділігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық Банк мәліметтеріне қарағанда, жеке сектордың сыртқы қарызы 39,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51,3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай. Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктер қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды-солды бере бастағанының астарында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды.
Қазірдің өзінде тұтыну несиелері елеулі түрде өсіп отыр. Ол 2006 жылдың екі айы ішінде халықтың салымдарының өсуінен 4 есе артық болып шықты. Тұтыну несиелерінің бұлайша шарықтай түсуі инфляцияның шапшуына тікелей түрткі болатыны түсінікті.
Мемлекеттік бюджеттің ағымдық шығындарын қысқарту арқылы да инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп-қисапты дұрыс жүргізіп, не керек, не керек еместігін уақтылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізсіз шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004 жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр.
2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қор жаңа схема бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай Ұлттық қор макроэкономикалық реттеуші рөлін атқарады. Мемлекеттік бюджет қаражатын Үкімет ұсынақты түрде жұмсауға көшетін болады. Экономиканың “қызып кетпеуі” үшін осындай түбегейлі шаралар қолға алынған.
Үкімет халықтың
табысының, жалақысының өсуін және
еңбек өнімділігін тұрақты
Инфляциялық үдерістерді
реттеуде антимонополиялық саясаттың
орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті
қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық
бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап
нақты жұмысқа кірісетін
Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.