Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 15:24, реферат
Экономикалық теория - бұл қоғамның шаруашылық негізі мен өндірістің даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Негізгі бөлім
1. Экономика ілімі туралы.
2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері .
3. Ғылымдағы экономикалық еңбектері.
4. ХХ ғасырдан кейінгі экономика.
Қорытынды
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVIXVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ