Инновациялық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 12:06, курсовая работа

Краткое описание

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халық-қа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс. Міне, осы курстық жұмыстың өзектігі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1.1 Кәсіпорындағы инновациялық қызмет, оның мәні, маңызы және жіктелуі....................................................................................................................4
1.2 Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі..................................................................................................................7
2 «УРКЕР КОСМЕТИКС» ПКФ-НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Уркер косметикс» ПКФ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау......................................................................................................................11
2.2 «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау......................................................................................................................16
3 КӘСІПОРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның инновациялық қызметін дамытудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану..........................................................................................18
3.2 Кәсіпорынның инновациялық-стратегиялық қызметін жетілдіру жолдары..................................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................

Файлы: 1 файл

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ 24.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

1 жұмысшыға деген орташа  айлық еңбек ақы мөлшері. Ол 38500 теңге болса, 2008 жылы 41000 теңгеге жетті. Яғни орташа еңбек ақы мөлшері 2500 теңгеге өсті. Бұған кәсіпорындағы ынталандыру жұмыстары әсерін көп тигізді, яғни жұмысты жақсы істеген қызметкерлерге жалақы деңгейін біршама өсірді.

Еңбек өнімділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 7545 болса, есепті жылы 6368-ге дейін төмендеді. Бұл жұмысшылардың көбеюі есебінен болып отыр.

Сату рентабельділігі (таза табыс). 2007 жылы бұл көрсеткіш 14%-ке тең болса, 2008 жылы 19%-ға дейін жоғарылады, Оның басты себебі өткізілген өнімнің өзіндік құнының және сатудан түскен табыстың 2008 жылы төмендеуімен байланысты, демек кәсіпорын қызметінің тиімді екенін көрсетеді.

Сатудың рентабельділігі (жалпы табыс). 2007 жылы бұл көрсеткіш 44.5%  болса, ал 2008 жылы ол 55.2%-ға өсіп отыр, яғни 10.7%-ға дейін жоғарылады.

Өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 15-ке тең болса, есепті жылы 21-ға дейін өсті.Көрсеткіштің мұндай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыс пен кезең шығыстарының 2008 жылы өсіп және таза табыстың өсуін жатқызуға болады.

Өнімнің 1 тг. кеткен шығындар. 2007 жылы 0.94 болса, ал 2008 жылы 0.88-ге тең болды, өнімнің 1 тг.кеткен шығын 2008 жылы 0.06-ға азайды. Себебі, 2008 жылы кезең шығындары көбейіп, өткізілген өнімнің өзіндік құны азайып отыр.

Өнімнің1 тг.кеткен шығындар. 2007 жылы 0.94 болса, ал 2008 жылы 0.88 тең, демек шығындар 0.06-ға азайған.

Өндіріс рентабельділігі. 2007 жылы 12.4%-ға тең болса, ал 2008 жылы 15.6% -ға жоғарылады, демек өндіріс рентабельділігі 3.2%-ға артып отыр. Мұның себебі жұмысшылардың санының артуына байланысты.

 

 

2.2 «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметінің тиімділігін

                                                              талдау

 

     Ғылыми – техникалық потенциал кез –келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуының, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми – техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми – техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми – техникалық және инновациялық саясат ғылыми – техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.

     Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми – техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми – техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми – техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел  технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық    ғылыми – техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.

     Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын дамытуға көмектеседі.

     Кәсіпорындармен жалпы Республиканың инновациялық қызметін дамытуға келсек, мемлекеттің 2003 -2015 жылдарға арналған индустриялық -инновациялық бағдарламасын айтып кетпеуге болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. экономиканың жоғары технологиялық шикізаттық емес

     секторларын қалыптастыру;

2. инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;

3. өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа

    бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;

4. ғылыми – инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

5. шығын кәсіпкерлік субъектілерін инновациялық қызметке тарту;

6. салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды

    қалыптастыру және іске асыру;

7. инновациялық қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз

   ететін нормативтік құқықтық базаны қалаптастыру;

8. неғұрлым перспективті ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;

9. инновациялық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлау;

10. халықарлық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту.

     Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана мемлекетіміздің, кәсіпорындарымыздың инновациялық қызметін дамытуға болады.

     Ал «Уркер косметикс» ПКФ-ның инновациялық қызметіне келсек, кәсіпорында 2008 жылы жаңа технологиялар енгізілген болатын. Осы негізінде тауарлар ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды.

     Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып типін игерген кәсіпорындар,өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады.

     Жоғарыда айтып кеткедей «Уркер косметикс» парфюмерия –косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығарушы кәсіпорын болып табылады. Оның негізгі бизнесі парфюмерлі-косметикалық өнімдерді шығару мен өткізу. «Уркер косметикс» ПКФ-ның басты мақсаты – сапалы өнім шығарып, оны өткізу арқылы жоғары пайда табу. Ол үшін олар өздерін қазіргі заманға сай техникамен технологиясымен қамтамасыз ету керек.

«Уркер косметикс» порфюмерия–косметикалық фабрикасы американдық технология негізінде жұмыс істейді. Осы технологияларды қолдану арқылы кәсіпорын өз жұмысын тоқтатпауға және осы мақсатқа жету үшін, өнімдердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге, нарық экономикасының қатаң талаптарына қарсы тұруға мүмкіншілік алды. Нарықтық қатынастарға көшу кезінде инновациядан бас тартып, ескірген өндірістік әдіс-тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіорындар нарықта нықтап тұра алмайды. Инновациялар айналымды жоғарлатуда шешуші рөл атқарады, бұл кәсіпорын қызметінің нәтижесін жақсартудың бірден – бір жолы. Мысалы, 1588 жылы неміс фирмасы «Байерн»  50% айналымы және 70 % пайдасы соңғы жылдары енгізілген өнімдер мен өндірістік әдіс-тәсілдер арқасында болды.

     «Уркер косметикс» кәсіпорыны жаңа техника мен технологияны енгізу арқылы өнімдерін күннен-күнге көбейтіп, түрлендіріп және сапасын айтарлықтай жақсартып отыр. Бәсекелестік жоғары деңгейде дамыған тек сапалы өнімдер, материалдар мен механизмдер шығару арқылы,  сонымен қатар арзан өндірістік әдістер қолдану арқылы нарықта ұзақ уақыт өмір сүріп отыр.

     Сәтті немесе табысты инновациялық саясат тек қана күрделі қаржының болмауымен шектелмейді. Мүмкіншілігіне кәсіпорын осы қаражаттарды алдына қойған мақсатқа жету үшін тиімді пайдалану керек. Ол үшін нарық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорынның басқа функциялармен байланысын қамтамасыз ету қажет.

     Инновацияларды енгізу арқылы жоғары пайда алуға болады.    «Уркер косметикс» кәсіпорынына 2008 жылы жаңа технологиялар енгізген болатын. Осы негізде тауарлар ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы жоғары пайда алуға мүмкіндік туды. 2007 жылы саметтерде су сабындарды шығару арқылы сату келісімі айына 14 млн.тг ұлғайды.

     Косметикалық өнімдерді өндіру үшін қазіргі заманғы технологиямен батыс елдерінің компьютерлік желілері, автоматтары  қолданылады. Кәсіпорын жұмысын талдау кезінде өнім сату көлемінің өскендігін байқауға болады. Оның себебі осы жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің Van Sell жүйесінен аралас Van Sell жүйесіне және жекелеген аймақтарда Press Sell жүйесін енгізу 30 мөлшерде сауда нүктелері көбейді. Сонымен қатар бұл жүйені енгізгеннен кейін өнімді өткізуде кететін шығындар 19% - дан 16% - төмендеді.

 

 

3 КӘСІПОРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ 

            ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның инновациялық  қызметін дамытудағы шетелдік  озық 

                             тәжірибелерді қолдану

 

   Дамыған елдер тәжірибесі көрсетуінше, экономикалық дамудың негізгі гаранты  –  ғылыми – техникалық  салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80 жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми – техникалық   саясат жүргізе бастады. Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму процесі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, био-инженерлі және басқа да ғылым дәрижелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде.

     Қазіргі күнде барлық елдерде ірі көлемді ғылыми – техникалық   саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпке жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми – техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау. Барлық елдерде ғылыми – техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған, бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік құқық, акт. Үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

     Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстанның ғылыми – техникалық потенциалы қиындықтар мен қақтығыстарға ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап қана ғылым жетістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым,  өндіріс тізбеген дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық. Нарықты экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп, өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.

     Шағын кәсіпкерлік кез – келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез –келген нарықты экономика дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отыр. Егер Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ – та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.

     Бұл кәсіпкерлік сферасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсер етеді. Ол бірқатар артықшылықтарға ие:

  1. шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай   

               экономиканың барлық сферасын қамтиды.

  1. ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізуге

               мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да, күрделі басқару

               пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады.

               Сондай – ақ ірі фирмалар сыртқы орта өзгерістеріне тез икемделіп,

               жауап қайырып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.

3.  шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық

               зерттеу нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке

              жылдамырақ енгізеді.

АҚШ ұлттіқ қорының зерттеулері  бойынша ірі компанияларға қарағанда  шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі 50% инновациялар шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған. Ал өнеркәсіпке енгізу прцесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асыралады.

     Дүниежүзілік тәжірибеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда – инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен.

     Қазір дүниежүзінде 400-ге жуық технопарктер бар, олардың жартысы АҚШ – та орналасқан.

     Еуропа континентінде технопаркті құрылымдар 70 жылдардың басынан дами бастады. Алдымен Ұлыбританияда, онан кейін Францияда, Германияда. Қазір Францияда «техникалық регионалды комплекстерді дамыту» бойынша мемлекеттік қызмет бар. Франциядағы ең ірі технопарктер – «София – Антиполис». Бұл технопаркте 26 өнеркәсіптік кәсіпорын, 14 ғылыми зерттеу ұйымы бар. Жалпы Францияда 50-ге жуық технополистер мен технопарктер бар.

     Жапонияда мемлекеттік программалар негізінде 20-ға жуық технополистер қалыптасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Цуруба. Мұнда 47 зерттеу ұйымы, бүкіл ғалымдардың 40% -і шоғырланған.

     80-жылдардан бастап дамушы елдерде Бразилия, Индия, Қытай мемлекеттерінде технопарктер маңыздылығын түсініп, олардың қызметіне жағдай туғызу бастады.

     Ғылыми – технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты олардың былайша тізбектелуін көрсетуге болады: инкубаторлар, технопарктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.

     Инкубаторлар – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс. Инкубаторларда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес – жоспарын жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау) компьютер, басқа да құрал –жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми - өнеркәсіптік құрылымының негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрижесіне жеткізу.

Информация о работе Инновациялық қызмет