Дағдарыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................4
1. Әлемдік қаржы дағдарысы.................................................................................6
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары.............................................6
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы..................7
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының
ағымдағы жағдайы...........................................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары.................................................................................................10
2.2.Ұлттық бюджетке әсері..................................................................................18
2.3. Банк жүйесіне әсері........................................................................................19 2.4. Инвестицияға әсері.........................................................................................20
3 Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары...............................22
3.1. «Дағдарыстан дамуға». Дағдарыстың Қазақстанға беретін перспективалары...................................................................................................22.
32. Үкіметтің антикризистік бағдарламасы және оның мүмкіндіктері.........23
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27

Файлы: 1 файл

Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі (1).doc

— 186.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары

 

3.1. «Дағдарыстан дамуға».  Дағдарыстың Қазақстанға беретін    перспективалары

 

Медицинада әртүрлі  аурудың деңгейіне қатысты айтылатын “жұқпалы” деген термин бар. Медицина тілімен айтқанда, қазіргі кезде жаһандық рынокты дағдарыс эпидемиясы жайлады. Ал дүние жүзін шырмаған осы эпидемияға қарсы Қазақстанның экономикасы дер уақытында “егілді”. Елбасының стратегиясы мен Үкіметтің нақты іс-әрекеттерінің нәтижесінде “егілген” экономикамыз “жұқпалы дағдарысты” бастан өткеруде мықтылық танытты. Парламентте депутаттардың алдында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: “Қазақстан ғаламдық қаржы дағдарысының бірінші кезеңінен сәтті шықты. Біз дер кезінде әрекет жасадық”, деді.

Біздің экономикамыздың  “денсаулығының” бір белгісі – профицитті бюджет.  Қаржы министрлігінен алынған деректер бойынша, 2008 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке түскен табыстар 2 523 825,1 теңгені құраған, яғни, 100,3 пайызға орындалған. Ғаламдық дағдарыстың бірінші кезеңінен өткен Қазақстан қазір стратегиялық реформаларын одан әрі жалғастыруда. Бюджеттік реформа, салық реформасы талқыға салынып, қабылданды.

 Қазақстандағы экономиканың Президенттік моделі – қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын модель екенін дәлелдеді. Мұндай модель ғаламдық дағдарыстың шырмауығына шырмалған әлемнің көп елдеріне тұрақтылық моделі ретінде үлгі болғаны рас

Елбасының 2009 жылдың 6 наурыз күні жария етілген халыққа дәстүрлі жолдауы - әлемді шарпыған дағдарыс кезінде Қазақстанның қиындықтан шығу жолдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде танылды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикалық ахуалын, әлеуметтік бақуатын саралай келе, кездескен тауқыметтерді бірлесіп шешу арқылы ғана дағдарысқа төтеп беріп, сол негізде жаңа биіктерге қадам басатынымызға сенімділік білдіреді. Осы ретте маңызды міндеттерді шешуге Үкіметтен бастап, әр қазақстандық атсалысуы тиістігін, яғни айналып соғып тұратын дағдарысты басқаруға үйренуіміз керектігін айтады. Жолдауда айтылған бірқатар негізгі мәселелерді қарастыратын болсам, олар экономиканың тұрақты өсуі мен дағдарыстан кезең-кезеңмен шығу шаралар мен ағымдағы мәселелерді тәжірбиелі жолмен шешуге бағытталған.   

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік  берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары  бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасалды. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды. Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшылық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағытталған. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды. 
Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілер-дің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті. Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі. Өздеріңізге белгілі болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр.

Ғаламдық экономикалық дағдарыстың негізгі соққыларын қабылдаған саланың барлығы да Елбасымыздың Жолдауында өз шешімдерін тапты.

 

 

3.2. Үкіметтің антикризистік  бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

 

Қазақстан Үкіметі әлемдік  қаржылық рыноктағы тұрақсыздық  жағдайында еліміздің экономикасының даму қарқыны жеткілікті жоғары деңгейде сақтап қалу сенімімен қойылған мақсаттардың нақты жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін келесідей 5 бағытты орындалуын қадағалауда: қаржылық сектордың тұрақтылығы; жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу; орта және шағын бизнеске демеу; агрошаруашылығын дамыту; инновациялық, индустриалық және инфраструктуралық проектілерді  дамыту. Жоспардың орындалуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының есебінен 10 млрд. долл. қаражат бөлінеді (1,2 трлн. теңге). Сонымен қатар қаржылық секторды тұрақтандыру үшін – 4 млрд. долл.; жылжымайтын мүлік нарығындағы дамыту үшін – 3 млрд. долл.; орта және шағын бизнеске демеу үшін – 1 млрд. долл.; агрошаруашылығын дамыту үшін – 1 млрд. долл.; инновациялық, индустриалық және инфраструктуралық проектілерд дамыту – 1 млрд. долл. қарастырлған.

Қазақстан Республикасының  Президентінің нұсқауымен арнауы стресс белсенділігі Фонды құрылды. Мақсаты  банктерді несиелерге байланысты келеңсіздіктен құтқару және баланс тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл қазақстандық банк жүйесінің  жағдайын жақсарту арқылы  қаржылық қамтылыуды қатайтады. Отандық банктерге мемлекет демеу бере отырып, ішкі экономикадағы кредиттеу көлемін сақтауды алға тарту. Қазкоммерцбанк жасасқан уағдаластыққа сәйкес мемлекеттің көмегін халыққа жеткізуде, яғни ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» бөлген 24 миллиард теңгені және «Даму» қорының шағын және орта бизнесті қаржыландыруға және қайта қаржыландыруға бөлген 16 миллиард теңгені игеруде. Қазкоммерцбанк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының аясында 24 млрд. теңге алды. Аталған бағдарламаның аясында «Самұрық Қазына» ҰӘҚ-ның қаражтын игеру мониторингі келесіні көрсетеді: үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, қайта қаржыландыруға 2 821 өтініш түсті. 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес, қайта қаржыландыруға жалпы сомасы 3 млрд. 91,7 млн. теңгені құрайтын 813 өтініш мақұлданған. 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес, жалпы сомасы 387,59 млн. теңгені құрайтын, 97 қарызгер ақша алды. Бұл мемлекет тарапынан қаржы дағдарысының әсерлерін жеңуге арналған шағын және орта бизнеске  және басқа салаларға жасалған көмек болып табылады.  
1 қаңтарынан 2009 жылдың жаңа Салық кодексі енгізіледі, негізінен салық мөлешерін төмендету мақсатында, бұл экономиканың шикізат саласынан өзгелерге тікелей қатысты. Бірлестік табыс салықтары сатылы түрде 30% дан 20% дейін 2009 жылы, 17,5% - 2010 жылы және 15% дейін - 2011 жылы төмендетіледі деп жоспарлануда.

Антикризистік шаралар  шеңберінде тұрғынүй құрылысы саласындағы  қиындықтарды жеңуге арналған арнай  қаражаттар бөлінуде. Үкімет халлыққа қолайлы тұрғынүй бағасы арқылы ипотека беруді қарастырды. Дағдарыс салдарына қарамастан осы жылы еліміздіе 5,8 млн. кв.метр тұрғынүй салынды.

Сонымен қатар Үкімет басты назарын агрошарушылығын  дамыту саласына да аударып отыр, себебі халықтың 30% осы саламен айналысады. Инвестиция біріншіден, экспортқа бағытталған агрошаруашылықтың ұтымды салаларына тартылады, олар астық және ет, сүт өнімдерін өңдеу, көкеністер өндіру саласын дамыту.  
қаржы дағдарысы жағдайындағы сыртқы әсерлерге қатысты қазақстандық экономика табандылығын байқатуда. Былтырғы жылдың тоғыз айында ҚР ЖІӨ 4% артқанын көрсетті. Жұмыссыздық деңгейі жоғары емес деңгейді ұстауда, яғни 7% асқан жоқ. Тұтыну бағаларын тұрақтандырылды. Инфляция деңгейі 10 ай ішінде 8,8% құрайды, жылдық болжам бойынша 10% артпайды. Қазақстандық банктер ішкі және сыртқы міндеттерін жақсы атқаруда. Банктердегі депозиты соңғы 10 айда 21,8% артқандығын көрсетті, соның ішінде халықтың депозиті 2% құрайды.

Қазақстанның Ұлттық Қорда тұрақты артық алтынвалюталы резервтері бар. Олардың мөлшері 2008 жылдың 1 қарашасындағы есептеумен шамамен 47 млрд. долл. құрайды. Мемлекеттің қарыздың көлемі ЖІӨ 1,5% артқан емес, бюджет дефициті төмен деңгейде 2% жоғарылаған жоқ.

Үкімет әлемдік қаржылық және шикізат нарығындағы жағдайларға бейімдеп, 2009–2011 жылдарға арналған республикалық бюджет проектісін құрды. 2009 жыл бюджеттің табысы  әлемдік бағаның 40 долларов барреліне төмендеуінің барысындағы есептеулерімен анықталады. Кейбір маңыздылыға шамалы бағдарламалардың жүзеге асуын Үкімет тарапынан қаржыландыру кейінгі мерзімдерге шегерілді, бірақ әлеуметтік саланың қаржылары азайтылған жоқ. Республиканың бюджеті 2009-2010 жылына ЖІӨ 3,4-3,5% көлемінде жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ 2,4% дейін төмендетіледі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан теңгенің девальвациялық көрсеткіші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі қаржы дағдарыстың  салдарынан үлкен сабақ алуға  болады. Себебі Ұлы тоқырау жылдарында өндірістің құлдырауы 40 % жағдайда болған, қазір 0,4 % көрсетуде, 100 есе айырмашылықты байқаймыз. Сондықтан да, Қазақстанның бұл қаржы дағдарысынан жаңарған, сенімді және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде шығуына мүмкіндіктер зор. Отандық экономистердің сараптамалары бойынша 2009 жылдың соңына таман экономикада міндетті түрде даму бағыттары басталады. Сол кезде еліміздің инфрақұрылымында орын алып отырған жетімсіздіктер экономиканың өсуіне кедергі болмайды. Дағдарыс кезінде экономиканың нақты салаларына көрсетілген қаржылық көмектің экономикамызды дамытуға және әртараптандыруға тигізетін  көмегі көп.

Қорыта келгенде, ең бастысы, дағдарыс салдарынан әлемдік өндіріс  пен тұтыну көлемі мүлде тоқтап қалған жоқ. Тек олардың өсімінде біршама  төмендеу болды. Болашақта әлемдік  экономиканың сауығуына байланысты шикізатқа және басқа да тұтыну заттарына деген сұраныс артады. Ендеше қазіргі жағдайды аса ушықтырып, үрей туғыза берудің қажеті жоқ.

Менің ойымша, нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз  қаржы құю да қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Үкімет экономиканың ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті. Біріншіден, банктерге мемлекеттік ресурстарға кіруге рұқсат беріліп, олардың шетелдік қарыздарды өсірмеуіне жағдай жасады. Сөйтіп, қазақстандық банктердің беделі мен өтімділігі сақталып қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын мүлік рыногына қан жүгіртті, үлескерлер проблемасын шешуге батыл қадам жасады. Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірінші кезектегі азық-түлік түрлері – астықтың, өсімдік майының, ұнтақталған сүт, т.б. қоры жасалды. Тұтастай алғанда 2007-2008 жылдары экономиканы тұрақтандыруға 540 миллиард теңге қаржы құйылды. Міне, дер кезінде жасалған осындай игі қадамдар Қазақстан экономикасын қатерден сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге оның дамуына мүмкіндік берді.

Дағдарыс кезіндегі мемлекет тарапынан қаржылық көмек алған құрылыс саласы жаңа жұмыс орындарын ашады, шағын және орта бизнеске тапсырыстар береді. Жеке капиталды тарта отырып, жасалған мемлекеттік қаржылық көмек серпінді жобаларды қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Әрине, бұл қаржы отандық экономикамызды тұтастай әртараптандыруға аздық етеді. Дегенмен, бұл мемлекеттік субсидиялар экономикамыздың тұрақтануына игі әсерін тигізіп, ұлттық өндірістің одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы 2009|04|06

  1. Выступление Министра экономики и бюджетного планирования РК Султанова Б.Т. на коллегии МЭБП

     (Астана, 5 февраля 2009 года)

  1. Круглый стол на тему «Антикризисные меры Казахстана и Китая и их влияние на взаимоотношения между двумя странами» (23 декабря 2009 года в Пекине в посольстве Казахстана в КНР).
  2. Олег Игнатов,Кирил Мартынов«2009ж дағдарыс». 14.12.2008ж
  3. «Дағдарыс жайлы толық ақпарат.Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз»
  4. Америка мамандары дағдарысты зерттеді» 20.11.2008 ж  
  5. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ немесе қаржылық дағдарысты  ауыздықтаудың қазақстандық моделі  2008-10-14: Егеменді Қазақстан Авторы: Таңатар ТАБЫНҰЛЫ.
  6. БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ –  ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ТЕТІГІ 2009-04-04: Егеменді Қазақстан Авторы: Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.
  7. Қаржы министрі Болат ЖӘМІШЕВ: 
    ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АРТТЫРУДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДі Мамыр, 2008 жыл (C) 2008, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
  8. Кораткова .Э.М."Антикризисное управление" инфра. Москва 2000г
  9. Ихданов Ж.О.,Орманов Ә.О."Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті  мәселелері".Алматы экономика 2007г
  10. Берденова Ә,Құбаев.Қ.Е,Кәрібай .А.Ш."Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптассуы мен экономиканың даму негіздері" Алматы экономика 2005
  11. Уткин .Э.А."Антикризисное управление" ТАНДЕМ 2006
  12. Банки на развиваюùихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика,2008
  13. Аллахвердян Д.А. Финансово-кредитный механизм развитого социализма- М.: Финансы, 2003
  14. Колесникова В.И, Кроливецкая Л..П. Банковское дело– М.: Финансы и статистика, 2001
  15. Байбулова Д.Б.  Управление финансовой устойчивостью предприятий в   переходной   экономике   (на   примере   Республики   Казахстан).   -

Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2002

  1. Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2003
  2. Жүйриков К.К., Раимов С.Р.  Корпоративные финансы. Учебник. -Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2004
  3. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.  Кәсіпорын  экономикасы:   Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003

 

 

 

Международная торговля — система международных товарно-денежных отношений, складывающаяся из внешней  торговли всех стран мира. Международная  торговля возникла в процессе зарождения мирового рынка в XVI—XVIII веках. Её развитие — один из важных факторов развития мировой экономики Нового времени. 
Термин международная торговля впервые использовал в XII веке итальянский ученый-экономист Антонио Маргаретти, автор экономического трактата «Власть народных масс на Севере Италии». 
Преимущества участия стран в международной торговле:

  • интенсификация воспроизводственного процесса в национальных хозяйствах является следствием усиления специализации, создания возможности для зарождения и развития массового производства, повышения степени загруженности оборудования, роста эффективности внедрения новых технологий;
  • увеличение экспортных поставок влечёт за собой повышение занятости;
  • международная конкуренция вызывает необходимость совершенствования предприятий;
  • экспортная выручка служит источником накопления капитала, направленного на промышленное развитие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Человек должен одеваться  скромно, содержать одежду в чистоте, быть опрятным. Тратить на одежду больше, чем позволяют средства, обременять себя излишней заботой о внешности, могут только щеголи.

Щеголи проявляют себя по-разуму: один холит лицо, лелеет усы и бороду, нежит тело, ступает с важностью — то брови вскинет томно, то пальцами стучит, то локоть в сторону отставит; другой же подчеркнуто небрежен в своем щегольстве и, стараясь прослыть к тому же простецким парнем, как будто нечаянно обронит вскользь про лучшего скакуна и свои богатые наряды — мол, ничего особенного; усердствует, привлекая к себе внимание тех, кто стоит выше него, вызывает зависть в равных себе, а среди низших слывет примером недосягаемой изысканности и роскоши. О нем говорят: «О чем можно тужить, имея такого коня и одеваясь как он?»

Информация о работе Дағдарыс