Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады
Кіріспе......................................................................................................................4
1. Әлемдік қаржы дағдарысы.................................................................................6
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары.............................................6
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы..................7
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының
ағымдағы жағдайы...........................................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары.................................................................................................10
2.2.Ұлттық бюджетке әсері..................................................................................18
2.3. Банк жүйесіне әсері........................................................................................19 2.4. Инвестицияға әсері.........................................................................................20
3 Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары...............................22
3.1. «Дағдарыстан дамуға». Дағдарыстың Қазақстанға беретін перспективалары...................................................................................................22.
32. Үкіметтің антикризистік бағдарламасы және оның мүмкіндіктері.........23
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; үлестік құрылыс проблемасын шешу жөніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін орындауына; Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне.
Осынау сындарлы кезеңде
әлемде санаулы мемлекеттердің
ғана өз экономикасын қолдауға
қаржылық мүмкіндігі бар.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. Солардың бірі өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді. Ең алдымен “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистральдік газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, “Еуропаға жол” бағдарламасы негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті.
Өткен жылы әлемдік қаржы
дағдарысының Қазақстан
Былтыр елімізде концессия
институтын дамыту ісі қолға
алынып, осыған қатысты қабылданған
заңдық актілерге өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мөлдірлікті қамтамасыз ете алады. Өткен жылы “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңның да маңыздылығы орасан екенін атап өту қажет. Бұдан басқа “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Ұлттық әл-ауқат қоры туралы” заң жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны серпін беретіні айдан анық.
Қазіргі жаһандық қаржы
Әлемдегі дамыған
Ал жалпы әлемде орын алған дағдарыстың әсерін азайту мен оған қарсы төтеп беру мақсатында Елбасының Үкіметке арнайы жауапкершілік жүктегеніне, бүгінде осы бағытта тиісті іс-шаралар атқарылып жатқандығын айрықша айтуға болады. Мысалы, еліміздегі коммерциялық банктердің тоқыраудан аман қалуына былтырғы жылы мемлекеттік қордан бөлінген қаржы өз септігін тигізді. Қазақстандықтардың дағдарыстан қатты зардап шекпеуі – Президенттің ел ішіндегі және сыртқы елдермен жүргізген сарабдал саясатының зор жемісі..
Экономика – алдымен жаңадан өндіріс орындарын ашып, тауар шығару. Ал экономиканы дамыту – ол жаңа технологияны ендірген өндіріс орындарын ашып, бәсекеге қабілетті тауарлар шығару болып табылады. Бұл – аксиома. Сондықтан, дағдарыс кезінің өзінде-ақ алдағы болашақты ойлай отырып, еліміздің экономикасын индустрияландыру мен әртараптандыру жұмыстарын одан әрі жүйелендіре түсу міндеті алға қойылды. Нанотехнология мен ақпараттық жүйелерді өндіріске енгізуіміз қажет. Отандық өндірістерді дамыта отырып, қандай өнім болсын, өзімізде өндіруді қолға алуымывз керек.
Елімізде 2003 жылы қабылданған индустриялық даму стратегиясы бойынша жиыны 12 трлн. 73,5 млрд. теңгеге немесе 80,5 млрд. АҚШ долларына бағаланатын 392 жобаны іске қосу мәселесі алға қойылып отыр. Бағдарламаның бірінші кезегі (2003-2005 жылдары) жалпы дайындық жұмыстарын қамтыса, қазіргі уақытта жобаларды белсенді түрде іске қосу мерзімі өтіп жатыр. Осыған орай Елбасы Үкіметке осы мәселелерді жүйелендіре отырып, нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырған. Осыған орай елімізде жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар үш топқа бөлініп қарастырылуда. Соның бірінші тобына Индустрия және сауда министрлігінің қадағалауымен жүзеге асырылатын 215 жоба жатқызылған. Бұл жобалардың жалпы құны 30,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жобалар толық жүзеге асқанда елімізде 41 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Екінші топта Ауыл шаруашылығы министрлігінің, “ҚазАгро” холдингінің қадағалауымен жүзеге асатын 132 жоба бар. Олардың жалпы құны 86,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда 5,5 мың жұмыс орны құрылуы тиіс. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы өңдеу ісіне ерекше мән беріліп отырғандықтан бұл жобалар да маңызды болып табылады. Осы аталған жобалардың ішінде бірінші топ бойынша 124 жоба, екінші топ бойынша 84 жоба 2009 жылы жүзеге асуы тиіс. Екінші топтағы жобалардың арасынан агроөнеркәсіп кешеніндегі 11 бағыт бойынша жүзеге асатын жаңа технологияларды игеру, осы бағыттағы кәсіпорындарды іске қосу ісіне ерекше мән беріледі. Мемлекет тарапынан бөлінетін ресурстар алдымен “КазАгро” холдингіне түседі. Кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерге бағытталады. Содан кейін тауар өндірушілер оны шағын шаруашылықтарға береді. Осыған орай, ірі тауар өндірушінің шағын шаруашылықтар есебінен үлесі артады. Демек, аталған мәселе бойынша тәртіп ретке келтірілсе болғаны. Жобалардың үшінші тобына “30 корпоративтік көшбасшы” бағдарламасы бойынша жүзеге асатын 45 серпінді жоба жатқызылған. Мұның 2007 жылы біреуі, 2008 жылы алтауы жүзеге асқан болатын. Ал биылғы жылы 12 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл жобалардың барлығы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қадағалауына тапсырылған. Мәселен, құрылыс жұмыстары қызып тұрған кезде кәсіпкерлердің көпшілігінің назары кірпіш, цемент зауыттарын тұрғызу ісіне ауып, іс алдын ала жүйеленбегендіктен кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша Ақтөбе облысынан 3 кірпіш зауытын, Қостанайдан 3 цемент зауытын, Жамбылдан 3 цемент зауытын тұрғызу жоспарланған болатын. Құрылыс бәсеңдеген қазіргі жағдайда осының барлығын тұрғызған жағдайда кәсіпкерлердің қаржысы өзін-өзі ақтамауы да мүмкін. Индустриялық-инновациялық жобаларды алдын ала жүйелеу ісі, міне, осы үшін де қажет.
Дағдарыстан шығудың да, тұрақты
дамудың да өзекті мәселесі
– экономиканы әртараптандыру. Осыны
көздеген индустриялық-
Халықаралық валюта қоры 2009
жылы әлемдік экономикадағы
Жағдайдың ауырлығына сәйкес көптеген елдер өздерінің 2009 жылға арналған бюджет кірістері мен шығыстарын қайтадан қарастыру үстінде. Енді осындай қадамға Қазақстан да баруға мәжбүр болып отыр. Өйткені, бюджетте белгіленген бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігі нақты болуы тиіс. Осы ретте 2009 жылы әлемдік экономиканың баяулайтынына және әлемдік тауар рыноктарындағы тұтынудың қысқара түсетіндігіне байланысты қазақстандық экспорттың негізгі түрлерінің (мұнай мен металл) бағасы өспейді деген болжам жасалынып отыр. Атап айтқанда, мұнайдың бағасы 2009 жылы 1 баррелі 40 АҚШ доллары деңгейінде, 2010-2013 жылдары 50 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжануда. Ал металдың әлемдік бағасы 2009 жылы орта есеппен алғанда 30-40 пайызға дейін төмендейтін болады. Металл бағасының өсуі 2010-2013 жылдары 8-10 пайыз деңгейінде күтіледі.
Осы жағдайға орай
Осындай жаңа болжамдарға
сәйкес бюджеттің