Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады
Кіріспе......................................................................................................................4
1. Әлемдік қаржы дағдарысы.................................................................................6
1.1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары.............................................6
1.2. Қаржы дағдарысы туралы әлем экономистерінің сараптамасы..................7
2. Әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасының
ағымдағы жағдайы...........................................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасының ұлттық өндірістерінің даму
проблемалары.................................................................................................10
2.2.Ұлттық бюджетке әсері..................................................................................18
2.3. Банк жүйесіне әсері........................................................................................19 2.4. Инвестицияға әсері.........................................................................................20
3 Қазақстанның дағдарыс әсеріне қарсы күрес шаралары...............................22
3.1. «Дағдарыстан дамуға». Дағдарыстың Қазақстанға беретін перспективалары...................................................................................................22.
32. Үкіметтің антикризистік бағдарламасы және оның мүмкіндіктері.........23
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Мұнай бағасының 2008 жылдың тамызындағы өзінің шарықтау мәнінен шындап және көрер көзге ұзаққа құлағаны айқын болған өткен жылдың күзінде бюджеттің шапшаң түрде қайта қаралғанын еске түсіруге болады. Мәселен, көршілес Ресейде дәл осы кезде 2009 жылдың бюджетін, сол кездің өзінде баға 50 доллардан аспай тұрса да, мұнай баррелінің 95 долларлық мөлшерін басшылыққа ала отырып бекітті.
Мұнай бағасының құлдырауына сәйкес бізде жалпы өте шапшаң іс-әрекеттер жасалды. Өткен жылдың соңында мұнай өндірушілермен арада 2008 жыл бойына әңгіме болып келген мұнай экспортына баж салығы батыл түрде алынып тасталды. Ал Ресейде аталмыш салықты төмендеткенмен ол өте баяу болды, нәтижесінде мұнай компаниялары мұнайды өздеріне шығын келтіре отырып сатуға мәжбүр болды, ал ол мұнай өндірісін стагнацияға соқтырды. Сонымен бірге бізде тоқ жылдары 2009 жылға жоспарланған салықтарды төмендету ісінен бас тарту болған жоқ. Соның нәтижесінде бүгінде бізде әлемдегі ең бір либералды салық жүйесі қалыптасты. Ал көршілеріміз Ресейде дағдарыс өсіп отырған жағдайда керісінше 2010 жылдан бастап әлеуметтік салықты көтеру мәселесін талқылай бастады.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, ел экспортының 65%-ын құрайтын минералдық шикізат – мұнай және мұнай өнімдері, 8% – қара металл, 6% -мыс және оның өнімдері, 4% – неорганикалық химия өнімдері, құнды және сирек кездесетін металдар, одан кейінгі кен, шлак барлығы – 3%, цинк және цинк өнімдері әрқайсысы 3%-дан құрайды. Қалған 9 пайызы басқа заттар. Бұлардың барлығы шикізат күйінде шығады. Соңғы бір жылда мұнайдың бағасы 4 есеге жуық, металл 2 есеге (мыс пен цинк 3 есеге), басқа тауар түрлерінің бағасы да 1-3 есеге төмендеді. Шикізат сататын, оның ішінде негізінен мұнай сататын ОПЕК-ке мүше елдердің ішінде Норвегиядан басқалары дамушы елдер. Ресей де соның ішінде. Мысалы, мұнай шикізаты Иран мемлекеті бюджеті түсімінің 85%-ын құраса, оның Қазақстандағы үлесі – 45%. 90-шы жылдардағы бір баррель мұнайдың құны 15-18 доллар болғанда Иран экономикасы терең дағдарысқа ұшыраса, Қазақстанның мұнай экспортындағы үлесі 10 пайыздан төмен болғандықтан, ол дағдарыс бізді айналып өтті. Қазіргі дағдарыс басқаша болып отыр. Оның негізгі себебінің бірі – экономиканың мұнай шикізатына тәуелділігінде. 2009 жылы мұнай және мұнай өнімдерінің құны 25-50 долларды құрап, 2008 жылғыдан 2-3 есе кем болады деп болжануда. Ондай жағдайда көптеген кен орындары жұмысын тоқтатып, мұнайдың экспорттық көлемі азаяды.
Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы ең алдымен өндіріс ошақтары өркендеген өңірлерге ауыр соғып тұрғанын ағымдағы жағдайдан байқаймыз. Еліміздің түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдеріне әлімдік нарықта сұраныстың күрт төмендеуі салдарынан темір мен мыс өндіретін “Арселор Миттал Теміртау” және “Қазақмыс” компаниялары жұмыс уақытын, жұмысшыларды қысқарту, өнім көлемін азайту сияқты амалсыз шараларды қолдануда. Қысқаша сараптама жасап кететін болсақ, 2009 жылдың қаңтар айында өнеркәсіп өнімі көлемі 26,7 пайызға төмендесе, құрылыс жұмыстары 36,7 пайызға қысқарды. Бұған дейін Теміртаудағы металлургиялық комбинатта прокаттың айына 301 мың тоннасына тапсырыс жасалып келсе, қазір 246 мың тоннаға дейін азайған. Екінші бір алып – “Қазақмыс” корпорациясы да қиын жағдайды бастан кешіруде. Мыстың бір тоннасына бағаның 5 мың долларға дейін құлдырауы, үлкен қиындықтарды туғызуда. Осындай себептерге байланысты болжам бойынша алдағы уақыттарда 15 мың жұмыс орнының қысқару қаупі бар. Қазақстандық өндірісорындарының тауарына сыртқы және ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуі өнеркәсіптердің тауарды өндіру көлемін 2,6 пайызға азайуына әкелді. Әлемдік баға барлық шикізат бағасына әсер етті деп те айтуға болмайды. Мысалы, орташа темір рудасының бағасы 2008 жылдың қарашасында 140,6 долл. болды, ал 2006 жылы 77,4 долл./т бағаланған болатын. Уран концентраттың әлемдік баға ортасын табуға көмектесті, 2007 жылы — 99,2 долл. болса, ал 2008 жылдың қарашасында 50,5 долл. керісінше 2006 — 47,9 долл. бағаланған болатын. Арматуралы сталь, катанкінің әлемдік бағаға сәйкес рекодты көрсеткішкпен төмендеді, дегенмен, 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда жоғары. Түсті метталлдар көп шығындалды. Алғашында алюминий бағасы 2008 жылдың желтоқсанында 1 525 долл./т құраса, керісінше 2 570 долл. болып 2006 жылы бағаланған, ал медь сәйкесінше 3 232 және 6 722 долл./т, цинк — 1 082 және 3 275 долл./т.
Тас көмірдің бағасы 2008 жылдың қарашасында қыркүйекпен салыстырғанда 60 % төмендеді. Бірақ 2006 жылдың бағасымен салыстырғанда өте жөғары болатын, 92,25 долл./т және 49,09 долл. сәйкесінше. Табиғи газдың бағасы жоғарғы деңгейде сақталды — 576,7 долл./мың. куб.м.Минералды тыңатқыштар бағасы өз деңгейін ұстап тұр. Фосфаттың бағасы 20 % төмендеді, бірақ бұған дейін он есе жоғары болғанын білеміз. 2008 жылдың қарашасында фосфаттың шартты бағасы 350 дол./т ал 44,2 долл./т болып 2006 жылы сатылды, суперфосфат — 915 долл./т және 201,6 долл./т бағаланған сәйкесінше.
Републикамыздың өндіріс саласында негізгі потенциалы құрылған, бұл ішкі нарыққа арнап металлөнімдерінің көлемін арттыру. Яғни мұнай және газ трубалары, арматуралар. Металлөнімдерін дамыту арқылы, экспорт деңгейін жоғарлатуға және бәсекелестік қаблетін арттыруға мүмкіндіктерді жоғарлатамыз.
2.2.Ұлттық бюджетке әсері
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Себебі, үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақстандық экспорт бойынша энергетикалық және минералды ресурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануы.
Тұтастай республика
бойынша үстіміздегі жылға
2008 жылдың қорытындысы
бойынша есептерді нақтылау
2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297,4 миллиард теңгеге арттыру көзделуде.
Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, республикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:
- өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге;
- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне байланысты әлеуметтік төлем шығыстарын индекстеу – 11,2 миллиард теңге;
- үздік студенттерді оқудың ақылы нысанынан мемлекеттік білім грантына ауыстыруды қамтамасыз ету – 3,2 миллиард теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық сектордағы проблемалық мәселелерді және басқаларын шешу 79 миллиард теңге болды.
Тұтастай, бюджеттің кіріс бөлігінде жоғарыда аталған шығындарды және шығыс бөлігіндегі қосымша қажеттерді ескере отырып, өтемақы үшін жалпы қажетті сома 668,5 миллиард теңгені құрады.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес, аталған қажеттерді жабудың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі кепілді трансфертке қосымша үстіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлттық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт болып табылады.
Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жария еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стратегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына жинақталған және 3,3 триллион теңге құраған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюджеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмылдыруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республикалық бюджет тапшылығы түзетілген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенциялардың мөлшерін бекітілген көлемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қатынастар туралы екі, үш жылдық заңды қабылдау арқылы сақталды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.
2.3. Банк жүйесіне әсері
Банк – бүгінгі таңдағы қаржы ресурстарына кәсіби негізде айналысатын институт. Сондықтан олар өз тәуекелін жан-жақты ойластырады. Қазір еліміздің екінші деңгейдегі банктерінің шетелдерден алған қарыздарын қайтаруға толық мүмкіндіктері бар. Үстіміздегі жылғы қазан айының соңына дейінгі деректер бойынша банктердің сыртқы қарызы 42 миллиард доллардан 36,27 миллиард долларға дейін азайды. 2009 жылы банктер сыртқы 10,6 миллиард доллар көлеміндегі қаржыны қайтаруға тиіс. Бұл ретте банк активтерінің сапасы ерекше рөл ойнайды. Оған рейтинг агенттіктері де ерекше мән береді. Сондықтан Үкімет банк активтерінің сапасын көтеруге ерекше мән беріп отыр.
Ішкі қаржылық дағдарыстың туындауына қауіп немесе себептер жоқ, өйткені іргелі факторлар өзгерген жоқ. Ұлттық Банктің алтынвалюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерінің тиісінше өсуімен дәйектеледі. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайызы). Дағдарыс банк жүйесіне әсер етпей қоймады, себебі банктердің табысы 2008 жылдың тоғыз айы ішінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе азайды. Қор жиынтығының қысқара түскеніне қарамастан, банктер экономиканы кредиттеуді жалғастыруда. Несие беру бюросы (ПКБ) ҚР Халық Банкі анықтамалары бойынша, Қазақстанның несие жүйесінде халықтың экономикалық белсенділігінің 42 % қатысуда (3 455 мың адам). Банктерге қарызгерлер басым қатарын құрылысшылар құрайды — 52,1 млрд. теңге (2007 жылы — 7,8 млрд.), тамақ өнеркәсіптері — 6,2 млрд., металлургия — 3,9 млрд., ауыл шаруашылығы — төрт млрд. теңге. Қазақстанның банктік секторы өзгеріп отырған жағдайға дер кезінде және тиісінше назар аудара білді. Заем алушыларға талап күшейтілді, несие портфелінің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар қолға алынды. Үкімет және Ұлттық Банк тәуекелдікті дер кезінде бағалайды. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тұрақтандыру шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабілетін ұсынады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым негізінде қаражат бөледі. 2007 жылдың аяғына дейін 1 млрд. АҚШ доллары, ал 2008 жылы – 3 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлінетін болады. Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінеді:
- біріншіден, ипотекалық
рыноктың тұрақтылығын
- екіншіден, өздері үшін қолайлы жағдайды қарастыра отырып, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыруды жалғастыруға;
- үшіншіден, экономиканы
әртараптандыру үшін маңызды
мәні бар перспективалы
Қаржылық көмектің банктерге берілуін, кейбір сарапшылар бұл қаржы экономиканың нақты салаларына жетпестен бұрын екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздарын жабуға кетеді дейді. Осы ретте ақша қазақстандық банктерге көмек көрсету үшін емес, ал экономиканың нақты секторына бөлінетін болады. Банктер осы қаражатты пайдалануда қаржылық делдал болады. Кейбір банктер мемлекет меншігіне алынады дегенді де естідік, дегенмен де қаржы саласына көрсетіліп отырған көмектің механизмі мемлекеттің банк капиталына толықтай ықпал жасауына мүмкіндік бермейді. Бұл уақытша шара болып табылады. Жағдай дұрысталғаннан кейін мемлекет қолындағы акцияларды банктер қайтадан сатып алады. Сонымен қоса екінші деңгейдегі банктер мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмекті алмауға да ерікті.
Мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі қағидаттары тең қаржыландыру, мемлекет пен бизнестің әріптестігі, тәуекелділікті барабар бөлу және жауапкершілік болып табылады.
2.4. Инвестицияға әсері
Дағдарыс барысындағы
экономикалық деңгейді тұрақтандырып
қалу үшін еліміздегі шетелдік инвестиция көздерінің
санын азайтып алмау маңызды болып табылады.
Қазақстан экономикасы инвестиция үшін
жеткілікті ішкі резервтерге негізделген.
Ал барлық өңдеуші ссектор қазір инвестицияға
зәру. Сондықтан оны пайдалану тиімдірек
болар еді. Мен «Ұлттық қорды қалай құру
керек» деген мәселені екі бөлікке бөлу
қажет. Біріншісі – оны қалай құру, екіншісі
– оны қалай пайдалану керек деген. Экономистер,
Ұлттық қордағы қаржыны бірнеше бөлікке
бөлуді ұсынған болатын. Біріншісі – тұрақтылықты
(мұнайдың әлемдік бағасы төмендеген жағдайда)
қамтамасыз ететін Ұлттық қор, мұнда ЖІӨ-нің
10-12 пайызын осында сақтау, қалған қаржыны
екі бөлікке бөлу керек. Оның екіншісі
– таза инвестициялық (инвестициялық
жобаларды қаржыландыру үшін, мысалы мұнай
химиясы өндірістерін салу үшін инвестор
іздеп жатырмыз, автомобиль жолдарын салуға,
т.б.). [1]Сыртқы қаржылық ресурстарға қол
жетімділік жағдайында кәсіпорындар мен
халықтың депозитінің артуы экономиканы
кредиттеудің маңызды көздері бола алады.
Инфляциялық үдерістерді төмендету үшін
Ұлттық Банк ұстамды-қатаң қаржылық-кредиттік
саясат жүргізуді жалғастырады, ал Үкімет
орнықты фискалдық саясатты қамтамасыз
етеді. Үкімет экономикадағы, еліміздегі
инвестициялық климатты жақсартуға және
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға
бағытталған жүйелі реформаларды жалғастырады.
Электр энергетикасы, теміржол және автомобиль
көлігі, телекоммуникация мен байланыс
инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше көңіл
бөлетін болады. Бұл шаралар экономиканың
өнімділігін арттыруға және толықтай
алғанда оны әртараптандыруға қызмет
етеді. 2008 жылы инвестиция көлемінің
өсімінің негізгі капиталы 4,6% құрады.
Бүтіндей сыртқы айналым 2008 жылы 109,1 млрд.
долл. құрады. Дәстүрлі түрде Ұлттық қорға
есептеліп келген шикізаттық сектордың
табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды
жүзеге асыруға жұмсау. Тұтастай алғанда
бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған
трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард
теңгені құрайды.
Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда
тұрақтылыққа деген сенімділік береді.
Қаражаттың басқа бір көзі - бұл бюджеттің
барлық шығындық баптары бойынша қатаң
үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі.
Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық
бюджет шығындарын оңтайландыруды және
апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік
қаражаттың жұмсалуын жіті бақылануда.
Барлық басым емес шығындар - әкімшілік,
инвестициялық және басқа шығындар - нөлге
теңестірілуде.