Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:23, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдарын еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................3

1.Инвестиция және оның теориялары................................................7

1.1 Инвестиция ұғымы және олардың жіктелу.........................................7

1.2 Инвестицияның мәні мен қызметі.................................................10
.
2 Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары............................................................................................14

2.1 Қазақстандағы инвестициялық саясат................................................16
2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары........................................................................................20

2.3 Қазақстан мұнайын шет елге шығару...........................................22

2.4 Сирек кездесетін металдарды шетке шығару мәселесі..............26

Қорытынды.............................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................31

Файлы: 1 файл

курс.Қазақстандағы капиталды шетелге шығару мәселелері.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

Ресми деректерге сүйенсек, көмірсутегі қорының көлемі жағынан алғанда Қазақстанда 4,8 миллиард тоннаға жуық мұнай бар екен. Яғни, бұл әлемдік мұнай қорының 3 пайызына тең. Өткен жылы тапсырылған мұнайдың 88 пайызы экспортталған. Халықаралық нарықтағы мұнай мен газды өндіру көлемі тұрғысынан қарасақ, Қазақстан жер шарында 18 орынды иемденеді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін 75 миллион тонна көмірсутекті өндіру көзделуде. Ал, 2020 жылы аталған көрсеткіш екі есеге дейін көбейтілмек.

-Кейбір мәлеметтерге сүйенер болсақ, Қазақстанның өз еншісінде 18 пайыз ғана мұнай қалыпты. Жалпы мұнай мәселесіне байланысты пәлендей пікір айта қою өте қиын. Тек болжамдар ғана жасалады. Себебі, мұнай саласында жариялылық жоқ. Бір ғана Қытайдың өзінде сатылған мұнай ошақтарын көріп-білу мүмкін емес. Ал, қаншасы оффшорлық зонаға кетті, сатылған акциялар мен өндірілген және экспортталған мұнайдың есебі мемлекетке қанша пайда әкелді – мұның бәрі бізге құпия. Мәселен, шетелдерде бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы дерлік сайрап тұрады.

Еуропаның Венгрия, Исландия сияқты елдері мұнайын өздері игеріп отыр. Ал, біз әлі 1991 жылдардағы жағдайдан алысқа кете алған жоқпыз. Дұрыс-ақ, ол кезде мұнай өндіруге мүмкіндігіміз болмады. Мұнайды шетелдік инвесторлардың қол астына беру әлдеқайда тиімді болғаны рас. Алайда, одан бері жағдай түзелді емес пе? 2000 жылдардан бері қарай мұнай өңдеу мен өндіруді өз қолымызға алуымыз керек еді. Қазақстан мұнайын игеріп жатқан инвестор табысының мемлекетке беретін пайызы халықаралық стандарттарға сай келмейді. Бұл өз алдына жеке мәселе. («Түркістан» газеті, №41, 15 қазан, 2009 жыл. Дос Көшім).

Таяуда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутат Марал Итеғұлов:

-Қазақстан қазыналы кен орындарын игеру үшін шетелдік инвестицияны тартып келді және тарта да бермек, бұл – дау тудырмас жайт. Бар болғаны Қазақстанның мүддесіне сай ынтымақтастық құру ісін жетілдіре беру керек. Бірақ, Қытайдың Қазақстанның маңызды стратегиялық саласына ештеңеге қарамай, барған сайын белсенді сұғынуы біздің ұлттық мүддеміз тұрғысынан дұрыс па? Мұның астарында әлдебір саясат жатқандай. Біз неге үлес бөліспей-ақ тұрба-құбырларды заем шартында тұрғызбаймыз?! Бүкіл елімізді басып өтетін стратегиялық жобаларды жалғыз бір шетелдік мемлекетке бере салғандығымызға жол болсын? – деді. («Айқын» газеті, №75, 29 сәуір 2009 ж.).

Ашығын айту қажет, қазақ мұнайының қаны жерге тимейтін кезең әлі алда. Әлемдік нарықта «қара алтын» бағасының әртүрлі толқуларын басынан өткеріп тұрғанына қарамастан мұнай кеніштеріне қызығушылық барған сайын арта түсуде. Байқап қарасақ, біздер соңғы кездері шығыстағы көршімізге көбірек бет бұрып бара жатқандаймыз.

Иә, халық қалаулылары кеш те болса, Қытайдан қауіптене бастады. Ата-бабаларымыз «қара қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей болады» деген сөз қалдырыпты арттарына. Шіркін, бабаларымыз не деген көреген еді.

 

 

 

2.4 Сирек кездесетін металдарды шетке шығару мәселесі

 

    Бүгіндері Қазақстанның сирек кездесетін металдарына деген сұраныс артып отыр. Өйткені биыл күзде осы салада өктемдік танытушы Қытай бұл тауардың экспортына тыйым салған. Соған сәйкес әлемдегі автокөлік және басқа да өндірістерде табиғатқа залал келтірмеу мақсатындағы технологияда қолданатын сирек металды тұтынушылар алаңдаушылық білдіріп, осы нарықты зерттеуде Қазақстанды анықтап, бізге бет бұра бастады.

Таяуда жапонның «Тошиба» фирмасы мен «Қазатомпром» компаниясы бериллий және тантал секілді сирек кездесетін металдарды, сондай-ақ жер бетінде сирек кездесетін элементтер – диспрозия және неодимді игеретін өзара кен байыту өнеркәсібін құру туралы хаттамаға қол қойды.

Қазір әлемдік нарықта сирек кездесетін металға деген сұраныс күннен-күнге артып барады. Өйткені бүгінгі күнде өндірісте табиғатқа зияны жоқ және энергия қуатын үнемдеуші сирек металдар қолданысы кеңінен қанат жаюда. Жапон тарапы мұндай қадамға неге барып отырғанын осылайша түсіндіреді. Әрі осы сала тиімділігін алдын ала болжаған жапондардың өздері іштей Қазақстанның сирек металын тұтынуда өзара бәсекеге түсуде. Себебі «Тошибаға» дейін «Қазатомпром» компаниясы «Сумитомо» фирмасымен осындай бір келісімшартқа отырған еді.

Биыл күзде сирек кездесетін элементтерді саудалаушы Қытай аталған өнім экспортына тыйым салған. Осыған қатты алаңдаушылық білдірген жапондықтар мұны Үкімет отырысында талқыға салған. Ал Жапония демократиялық партиясының бір ұраны осы салаға арналған. «Сирек кездесетін металдарды экспорттаушы елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға қол жеткізу!». Демек, Қазақстан Жапонияның дипломатиялық жақсы қарым-қатынас орнатуға талпынып отырған елдердің қатарына жатары анық. Олар Қазақстанмен шектеліп отырған жоқ. Жапония Оңтүстік Африка елдерімен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде бірқатар келісімшарттарға отырған. Мұның бәрі айналып келгенде, Токионың сирек кездесетін металды өндіруде Пекинге мықты бәсекелестік танытуды көздеп отырғанын байқатады. Міне, біздің аймақ төңірегіндегі геосаяси және геоэкономикалық мүдделер осылайша қақтығысып жатқан жайы бар. Біз бұдан ұтамыз ба, әлде ұтыламыз ба? Мәселен, бір «Сумитомо» фирмасының өзі Қазақстаннан жыл сайын сирек кездесетін металдың 14 түрін өндіріп, үш мың тоннасын әлемдік нарыққа шығармақшы. Оған тағы басқа жапон фирмаларының есебін қосыңыз. Сырттан қарасаңыз, қолымыздағы барды дүние қылып жарата алмай отырған Қазақстанның бұл осал тұсын өзгелер ұтымды пайдаланып жатқанын анық байқауға болады.

Әрине, бұған экономикалық жағынан қарасақ, белгілі бір деңгейде ел экономикасы үшін тиімділік бар шығар. Алайда сирек кездесетін металдар деп аты айтып тұрғандай, осындай айырықша қор байлығымызды шетелдіктердің игеруіне бермей, болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдыруға болмас па еді? Қазақстанның басқа да табиғи байлығымен алға жылжуына, қарқын алып дамуына мүмкіндіктер жеткілікті емес пе? Өйткені сирек кездесетін металдар ғарыш, электроника және өзге де ғаламдық дамуды жеделдетуші салаларда қолданылады. Сондықтан оның бүгіннен гөрі ертеңгі ұрпаққа берері мол. Жапонның «Тошиба» фирмасымен «Қазатомпром» компаниясы таяуда сирек металдарды өндірумен айналысатын бірлескен кәсіпорын құруға қатысты ниеттестік хаттамасына қол қойды. Аталған кәсіпорын бериллий мен тантал тәрізді сирек кездесетін металдарды, сонымен қатар, диспрозий әрі неодим тәрізді сирек жер элементтерін өндірумен айналысатын болады, деп хабарлайды «Neurope» сайты.

Онлайн-басылым Жапония үкіметі шенеунігінің өз елі үшін аталған элементтерді жеткізуді қамтамасыз ету төтенше маңызды мұрат болып табылатыны жөніндегі сөзін келтірген. Диспрозий мен неодимнің магниттік қасиеттері оларды қуатты да жеңіл қозғалтқыштарды өндіруде қолдануға мүмкіндік береді. Электроқозғалтқыштың қуаты мен салмағының жеңілдігі пайдалануға оңтайлы әрі үнемді электркөлігі құралдарын жасау ісінде маңызды техникалық сипаттама болып саналады. Мұндай көлік санатына электромобилдер де енеді.

«Тошиба» фирмасының өкілдері дүниежүзілік нарықта сирек металдарға деген сұраныстың өсіп отырғанын тілге тиек етеді. Себебі, дейді олар, аталған элементтер қоршаған ортаға қауіпсіз әрі энергияны үнемдеп жұмсайтын әртүрлі өнім түрін өндіруде көптеп қолданыла бастады.

Бұдан бұрынырақ баспасөзде «Қазатомпром» жапонның тағы бір фирмасы «Сумитомомен» сирек металдарды жеткізіп беру жөніндегі келісімге қол қойғаны туралы ақпарат жарияланған еді. «Файненшл таймс» басылымының хабарлауына қарағанда, сирек жер элементтерін жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты жапон компанияларының қарқынды белсенділігіне мұрындық болып отырған Жапония үкіметі екен.

Газет қазан айында әлем бойынша сирек жер элементтерін өндіру саласында үстемдікке ие болып отырған Қытайдың кейбір аталған элементтер түрін экспорттауға тыйым салуы мүмкін екендігі туралы сыбыстардың тарап кеткені жөнінде жазады. Бұл жайт халықаралық кәсіпкерлік қауымдастық ішінде аталған материалдардың келешектегі жеткізілімін қамтамасыз етуге байланысты алаңдаушылықты күшейтіп жіберген.

Бүгінгі күні әртүрлі электроникалық тауар өндіру үшін қажетті сирек металдардың көптеген түрі, мәселен тантал, дүниежүзілік нарыққа шектеулі мөлшерде жеткізіліп беріп отыр. Осындай өнім өндіретін басты фирманың бірі «Тошиба» жартылай өткізгіштерді өндіру үшін қажет осы бір шикізатты ұзақ мерзім аясында сенімді негізде жеткізіп отыруды қамтамасыз етіп алуға ұмтылуда.

Аталған шикізат түрінің келешекте әлемдік нарықта орын алуы мүмкін тапшылығы Жапония үкіметін күнібұрын қатты алаңдатуда, деп атап көрсетеді басылым. Жапония Демократиялық партиясының биылғы жылғы сайлауалды манифестінің басты ұранының бірі мынадай болған екен: «Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы сирек металдар жеткізілімін қамтамасыз ету және экспорттаушы елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты дамыту». Осыған байланысты Қазақстан Жапонияның дипломатиялық мүдделерінің басты нысанының біріне айналды, деп түсіндіреді «Файненшл таймс».

«Тойота» компаниясының саудамен айналысатын бөлімшесі болып табылатын «Тойота тцушо» фирмасы Үндістан мен Вьетнамда сирек металдарды өндіру әрі оны Жапонияға жеткізумен айналысатын бизнесті ұйымдастырып жатыр. Сонымен қатар, Жапония үкіметі Оңтүстік Африкадағы бірқатар елдермен осы мемлекеттер аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім-шартқа қол қойған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:

- реформалаудың бірінші кезеңі-инвестициялық жекешелендіру   қорының   (ИЖҚ)   қалыптасуына   және   капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.

- екінші  кезең -  жекешелендіру  процестерінің  белсенді жүруін   және   акциялардың   мемлекеттік   пакеттерінің   80%-ға  дейіні шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта     төлемдердің     төленбеуі     және      отандық     тауар өндірушілердің  банкротқа  ұшырауы  проблемалары   қат-қабат жүріп отырды.

- үшінші кезең-жекешелендіру процесінде республикалық нарықта     шетелдік     банктердің     рөлін     "тереңірек"     өтті; нәтижесінде инвестициялық саясаттың аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай,  керісінше дәстүрлі  салалар  экспортын  кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.

Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.

Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда.

Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.

Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.

Қазақстанның өңделген тауарлар экспорты негізінен алыс шет елдерге бағытталады, негізгі жеткізу аймағы — Еуропа (2004–2007 жылдарыы өңделген өнімдер экспортының жалпы көлеміндегі Еуропа үлесі орташа есеппен жылына 42,6% болды). 2004–2007 жылдарғы Ресей үлесі орташа есеппен жылына 15,1% болды, көрсетілген кезеңдегі Азия елдерінің үлесі орташамен — 39,76% болса, басқа елдер үлесі орташа есеппен — 2,6% болды.

2004–2006 жылдары Еуропа елдерінің экспорт динамикасы тұрақсыз болды. Әсіресе Германия мен Италияға катодтар мен рафинадталған өңделмеген мыс катодтар секцияларын жеткізудің азаюы салдарынан 2007 жылы экспорт көлемі құлдырай бастады.

.

Қазір Қазақстанның экспорттық потенциалы  көбіне шикізатқа негізделген. Экспортқа шығарылатын тауарлар: жағар май, металлургия, химия комплексінің өнімдері. Қазақстан экспортының негізгі бөлігі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесінде (35%), сонымен қатар түсті металл (17%), қара металл (16%), рудалар (12%) мен дәнді дақылдар (9%) маңызды орын алады. Импортталатын тауарлар: машиналар, құрылғылар, көліктер, приборлар мен авоматттар, химиялық өнім, минералды жағар май, азық-түлік, тұтынушы тауарлары. Қазақстан экспорт-импортының құрылымы жылдан жылға диверсификацияланып келеді. Алайда,  ТМД  және Балтық елдері сияқты дәстүрлі серіктестермен сауда-саттық әлі де көп. Экспорттың 59 % мен импорттың 63% солардың үлесінде. Негізгі сауда серігі – Ресей. Алыс шетелден Германия, Түркия, Швейцария, Чехия, Италия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты елдермен сауда қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.

2009 жылы жалпы ішкі өнім құрылымында өндірістік тауар  43,8 пайызды құрады. Оның 11 пайызы өңдеу,  ал қалғаны тау-кен өнеркәсібінің тауарлары болды. Ал 1993-2009 жылдары    ел экономикасына 108 миллиард доллар тіке инвестициялар салынды.   Оның құрылымында  геологиялық барлау мен іздеу 34,6 пайыз, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру - 31,6 пайызды, өңдеу өнеркәсібі - 9,4 пайызды құрады. Қазақстанның шикізаттық экспортының үлесі былтыр 11,2 миллиард доллар болды.   Бұл елдің жалпы экспортының 26 пайызы. Экспорттың қалған 74 пайызы мұнай мен минералдық шикізат. Экономикалық өсім шикізат тауарлары экспорты мен олардың өндірілуіне тәуелді. Осыған орай Қазақстан алдындағы  ең негізгі басым міндет - экономиканы әртаратандыру және оның шикізат экспортына тәуелділігін азайту болып отыр. Кеден одағының құрылуы мен нарықтың кеңейуі ең алдымен біздің экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Информация о работе Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері