Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:23, курсовая работа
Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдарын еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.
Кіріспе.....................................................................................................3
1.Инвестиция және оның теориялары................................................7
1.1 Инвестиция ұғымы және олардың жіктелу.........................................7
1.2 Инвестицияның мәні мен қызметі.................................................10
.
2 Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы инвестициялық саясат................................................16
2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары........................................................................................20
2.3 Қазақстан мұнайын шет елге шығару...........................................22
2.4 Сирек кездесетін металдарды шетке шығару мәселесі..............26
Қорытынды.............................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................31
Пайлық инвестициялык қорлардың қызметі әлемдік практикада кеңінен таратылуда және ұжымдық инвестициялаудыц ыңғайлы нысанын білдіреді. Салымшы қаражатын пайлық инвестициялық қорға инвестициялай отырып осы қордың ережелеріне сәйкес басқарушы компания шығаратын пай, яғни атаулы бағалы қағаздар сатып алады. Басқарушы компания салымшылардың біріктірілген қаражатын пайда алу мақсатында әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Салымшы сатып алған пай енгізілген қаражат шегінде оның пайлық инвестициялық қордан пайда алуға қатысуын болжамдайды.
Пайлық инвестициялық қорлар ашық және жабык, болып бөлінеді.
Ашык инвестициялық қордың пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайлардың барлығын немесе бір бөлігін сатып алуды талап етуге құқылы. Пай ұстаушыға тиесілі барлық пайды сатып алу сенімгерлік басқару шартының тоқтатылуын білдіреді.
Жабық инвестициялық қордың пай ұстаушысы инвестициялық қордың қызметін тоқтату жағдайларын қоспағанда, басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайлардың барлығын немесе бір бөлігін сатып алуды талап етуге құқылы.
Пайшылар алатын кірістің мөлшері инвестициялық қорлардың пайларын инвестициялау мақсатына тікелей қатысты. Бұл салада әлемдік практикадағы инвестициялық қорларға мақсаттары бойынша бір мағыналы сипаттама берудің үлгілері күрделі екендігін көрсетеді, оның үстіне инвестициялық мақ-саттардың мынадай бірнеше негізгі ірі кластары бөліп көрсетіледі:
1) капиталды қоргау - инвестициялаудың осы бағыттары ең алдымен бар қаражатты сақтау қызықтыратын инвесторлар үшін қолайлы. Алынған кірістілік тұрақты коммерциялық банктерде депозиттердің ставкалар деңгейінен төмен болмауы тиіс. Инвестициялардың негізгі объектілері мемлекеттік бағалы қағаздар (негізінен қысқа мерзімді) және бірінші класты эмитенттердің вексельдері болады;
2) консервативтік портфель - инвестициялық портфельді қалыптастыру принцип-тері көбінесе «Капиталды қорғау» страте-гияларына ұқсас инвестициялаудың осы түрлерін қолданатын инвесторларға арналған. Бұл бірінші кезекте портфельдің негізі ретінде мемлекеттік облигацияларға және вексельдерге қатысты. Сонымен қатар, инвестициялаудың осы түрі ірі кәсіпорындардың акцияларын (кемінде портфельдің 20%) сатып алуды болжамдайды. Осы портфельдің негізгі мақсаты капиталдың сатып алу қабілетін және қалыпты тәуекелді сақтай отырып тұрақты кіріс алу болып табылады.
3) қалыпты портфель - осы стратегия акциялар мен борыштық құралдар арасындағы базалық арақатынастарды таңдаудың болуын болжамдайды. Осындай стратегия үшін неғұрлым оңтайлы арақатынастар 50:50. Портфельдің негізгі мақсаты капиталдың сатып алу қабілетінің сақталуын және ұзақ мерзімді өсімге қол жеткізу болып табылады;
4) агрессивті өсім портфелі - ірі кәсіп-орындардың неғұрлым өтімді акциялары осы үлгідегі инвестициялық портфельдің негізі болып табылады. Алайда неғұрлым перспективалық акциялар деп аталатын, «көгілдір фишкалар» санына кірмейтін акциялардың өсімін белсенді пайдалану (20% лимит шеңберінде) толық негізделген болуы тиіс. Облигациялар және вексельдер акциялар рыногында колайлы конъюнктура болмаған кезде капиталды сақтау құралдары ретінде пайдаланылады;
5) ұзақ мерзімді өсім портфелі - осы стратегияны қанағаттандыратын инвестициялаудың барлық түрлері, олар рынок жете бағаламаған бағалы қағаздарды іздеумен және сатып алумен байланысты. Осыған орай, сірә, осы сияқты инвестицияларда әлуетті жоғары түсіммен қатар жоғары тәуекелдер де бар. Кәсіпорындардың неғұрлым өтімді акциялары; жете бағаланбаған «екінші эшелондағы акциялар» және мемлекеттік бағалы қағаздар (акцияларға уақытша инвестицияланбаған қаражатты орналастыру үшін) инвестициялар объектісі болып табылады. Пайлық инвестициялық қорлар қызметінің басты мәселелерінің бірі пайлардың баға белгілеу механизмін белгілеу болып табылады. Инвестициялық қорлардың пайларының бағасын қалыптастыру олардың операциялық құрылымымен белгіленуі тиіс.
Атап айтқанда, ашық үлгідегі қор пайының құны қордың таза активтерінің құнының айналыстағы пайлардың санына қатына-сынан шығара отырып, жүйелі түрде белгіленуі тиіс. Пайлар пай құны негізінде есептелінген баға бойынша сатылуы және сатып алынуы тиіс, осыған орай баға құнмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сату (орналастыру) бағасы үстеме мөлшеріне арналған құннан асып кетуі мүмкін. Инвестордан пайды сатып алу (өтемін төлеп алу) бағасы жеңілдік мөлшеріне пайдың кұнынан төмен болуы тиіс. Үстеме және жеңілдіктер сатып алу және өтемін төлеп алу процесін ұйымдастыруға арналған шығынын жабу үшін пайдалануы тиіс. Үстемелер мен жеңілдіктерді пайдаланбайтын қорларда (бұл мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдарды жүзеге асыратын қорлар) пайлар олардың құнына тең баға бойынша сатылуы және өтемін төлеп алынуы мүмкін.
Егер ашық инвестициялық қорлардың пайларды сатып алудың күн сайынғы кезеңдігі белгіленетін болса, онда олар үшін қосымша шығындармен қайталама рынок делдалдар мен биржалардың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті түрде кымбат болып табылады. Мұндай жағдайларда ашық қорлар пайларының қайталама рынокта айналысы тиімсіз болады.
Жабық қор пайларының бағасы рыноктағы сұраныспен және ұсыныспен белгіленуі тиіс. Мұндай баға белгілеу көп жағдайда пай құнының есептік мөлшеріне қатысты болады. Алайда әдеттегідей, пайдың рыноктық бағасы мен оның құны арасында қандай да бір айырмашылықтар болады. Егер пайдың рыноктық бағасы оның құнынан жоғары болса, онда сыйақы бар айтады. Егер пайдың рыноктық бағасы оның құнынан төмен болса, онда пай дисконтпен бірге сатылады. Әдетте, пай сыйақымен бірге сатылатын болса бұл инвесторлардың қордың инвестициялық саясаты жөніндегі оң пікірге және инвесторларға арналған тиісті кірістерге әсер етеді.
Осы санаттағы қорлар үшін пайлардың қайталама айналысы біздің ойымызша қажет болып табылады. Біріншіден, жабық қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алуға міндетті емес, себебі пайшылар үшін мұндай қорлар қордың сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өздерінің пайларын сату мүмкіндігін беруі тиіс. Екіншіден, кайталама айналыс жабық қорлар пайларының бағаларын рыноктық белгілеу механизм ретінде қажет.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта инвестициялық қорлар пайларының қызмет етуінің барлық әзірленіп жатқан механизмдері талқылану сатысында тұр. Осы мақалада ұжымдық инвес-тициялаудың осы түрін дамытудың кейбір негізгі бағыттарын автордың пікірімен беруге талаптанды. «Инвестициялық қорлар туралы» Заңының жобасына қатысты Ұлттық Банк тарапынан оны әзірлеуді аяқтау 2003 жылғы үшінші тоқсанға болжамдалып отыр, осыдан кейін заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына беріледі.
2.1 Қазақстандағы инвестициялық саясат
Қазақстан капиталының сыртқы рыноктағы имиджін нығайтуға, әсіресе мемлекеттік инвестицияларың ұтымды және тиімді пайдалануға қомақты үлес қосады деп көзделуде Инвестициялық саясаттың[1] қоғамға енуі объективті саяси құбылыс. Инновациялық дамудың жаңа бір сапасы больш табылатын инвестициялық саясат жаһанданудын басты нышаны. XXI ғасыр қоғамымыздың түбегейлі қайта құрылуын талап етті. Ірі өзгерістер мен қайта құрылулар қоғамның бар саласын қамтыды. Соның бірі инвестициялық саясаттың өмірге енуі. Инвестицияға теориялық тұрғыдан берілген анықтамаға сүйенсек жалпы алғанда "инвестиция" ұғымы мүліктік құндылық нмесе мүліктік иелік дегенді білдіреді. Оған: акша, құнды қағаздар, бағалы мүліктер және құқықтық иеліктер жатады. Сонымен қатар оған банктік салымдар, пай, акциялар технологиялар, машина, құрал жабдықтар, интеллектуалдық құндылықтар да кіреді. Инвестицияның тағы бір анықтамасы пайда көру мақсатында қойылған кіріс көзін (источник доходов) немссе құнды қағазды, ақшаны өсім арқылы пайдалану. Батыс ғалымдарының зерттеулері бойынша инвестиция ұғымының көптеген анықтамалары бар. Әр салада қолданылуына қарай инвсстицияға синонимдер сияқты әр түрлі анықтамалар берілген. Бірақ олардың жалпы мазмұны ортақ бір ұгымды түсіндіреді. Кәсіпкерлік қызметтегі мүлік түрін табыс табу мақсатында екінші бір адамға белгілі бір мерзімде иеленуге уақытша жалға беру. Батыс экономистері инвестицияны тікелей мемлекеттік саясатпен байланыстырады және бұл процесс инвестициялық қызмет арқылы ғана жүзеге асырылады - дейді. Біздің елімізде де бұл саясат мемлекет саясатынан тыс қарастырылмайды. Қазақстан Республикасының "инвестициялық заңында" қоғамдағы инвестициялық карым-қатынас толық қамтылған. Онда ипвестицияның құқықтық және экономикалық негіздері, инвесторларды қорғау толық қарастырылған. Бұл зан бойынша: инаестиция мүлік түрі кәсіпкерлік қызмстке пайдаланатын жеке түлғаның мүлікке құқықтық иелігі. Оған: жер, жылжымайтын мүлік, кәсіпорын, зауыт, фабрика, ғимараттар жатады деп көрсеткен. Қоғамдағы кез-келген саясат сияқты инвестициялық саясатта тікелей мемлекеттік саясатпен тығыз байланыста дамиды. Тарихи тәжірибеге сүйенсек дамыған елдердің біразы қоғамға инвестициялық саясатты енгізу арқылы, және оны мемлекет тарапынан қолдау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Инвестициялық саясат экономикалық реттеу мақсатында инвестициялық белсейділікті нығайту үшін жүргізілетін шаралардың комплексті жиынтығы. Инвестициялық саясат қоғамда тиімді әлеумеггік төжірибелерге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстанда инвсстицияның Конституцияға сәйкес заңдық негізі жасақталынып оған сәйкестендірілген бағдарламасы бар.
Қазіргі танда мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілуде, датациялар бюджсттік судалар беріліп жатыр. Осы шараларды жүргізу тәртібімен ережесі дұрыс жолға қойылмай отыр. Мұның өзі қоғамдағы инвестициялық саясаттың дамуын тежеуде. Инвестиция табиғи ресурстарды пайдалануға жекешелендіруде антимонополиялық саясатта қолданылады. Инвестициялық жобаларды өндірісте пайдалануда көп пайызын жеке инвесторлар құрайды. Қазақстан жағдайыида инвестициялық саясаттың басты бағыты шет елдік инвестицияны ұлттық экономиканың өрістеуіне жүмылдыру болуы тиіс. Қоғамдағы осы саясатқа байланысты іс-шаралардың барлығында түгелдей инвестиңиялық қызмет арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық қызметке жеке тұлға немесе занды тұлға қатысады. Кәсіпкерлікті жандандыру үшін өзінің мүліктік иелігі арқылы кез келген заңды тұлға кіріс көзін кәбейту мақсатында бұл қызметке қатыса алады. Сонымен қатар бұл қызметке тікелей өз капиталын әрі қарай көбейтуге ұмтылған кәсіпорын да мүше бола алады. Инвестициялық қызметтің басты элементтерінің бірі инвестициялық жоба және инвестициялық ресурстар болып табылады.
Инвестициялық жоба дегеніміз өндірісті өркендету мен жандандыру мақсатында инвестицияны пайдаланудың қыр-сырын қарастыратын іс-шаралардың жиынтығы. Жоба ең басты бағдарламалық құжаттардың бірі. Инвестициялық саясатты дамытудың негізгі көзі инвестициялық қызмет. Сонымен қатар бұл қызмет саласында инвестицияны таратуда практикалық іс-қимылдардың рөлі зор. Инвестициялық қызметінде объектісі жаңа құрылған және модернизацияланған қорлар (фонд) халық шаруашылығына қатысты ғылыми-техникалық өнім, жеке меншік иеліктер, бағалы қағаздар, интеллектуалдық жобалардың авторлары бола алады. Инвестициялық қызмст субъектісі болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушылар, заңды тұлғалар, банк биржалар т.б. қатысушылар, яғни инновациялық процеске тікелей қатысты адамдар саналады. Инвестициялық саясат мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі. Кез-келген ел өз экономикасын дамытуда осы саясат арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етеді. Шет ел инвестициялары арқылы сол елдін экономикалық даму деңгейін білуге болады. Инвестициялық саясат ішкі әлеуметтік саясатпен бірге халықаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарымен де тікелей байланысты. Қазіргі кезенде Қазақстан кен ауқымды шикізат көзімен дүниежүзіне белгілі елдердің бірі. Осыған байланысты шет ел инвесторларының Қазақстанға ерекше қызығушылықпен қарап отырғаны бәрімізге белгілі. Инвестиция саяси-экономикалық категория ретінде қоғамда көптеген маңызды функцияларды атқарады, қоғамдағы жұмыссыздықтың азаюына, кедейліктің төмендеуіне, өндірістің модернизациялануына тікелей әсер етеді, және ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуіне отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына түрткі болады .
Сондай-ақ азаматтық қоғам құруға, мәдениет пен денсаулық салаларының дамуына, ғылым мен білімнің өркендеуіне, т.б. қоғамның саяси-әлеуметтік саласының алға жылжуына өзіндік үлесін қосады. Инвестициялық саясатты жетілдіру тек қазіргі экономикалық тұрғыдан ғана емес саяси тұрғыдан да маңызды. Себебі, экономиканы көтеру мен дамыту тікслей осы саясатқа байланысты. Өндірістік потенциалдың, техникалық деңгейінің өсуі Отандық өнімнің бәсекеде қабілетті болуы тікелей осы саясат арқылы жүзеге асырылады. Өркениетті елдер тәжірибесінен білеміз ел экономикасының көтерілуі ішкі саясатта ғана емес халықаралық дүниежүзілік саясатқа да үлкен әсер етеді. Сондықтанда инвестициялық саясат та қоғамдағы ең маңызды саяси жүйедегі ең күшті экономикалық категориялардың бірі. Қазіргі кезеңде инвестицияны тиімді пайдалану Қазақстанның экономикасымен саяси жүйесінід дамуын біршама жоғары денгейге көтереді деп болжам жасалуда. Ол үшін қогамда бұл саяси үрдісті енгізумен дамытудың ұзақта нақты бағдарламасы қажет. Инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуы оны тікелей ғылыми теориялық зсрттеумен байланысты. Ең алдымен инвестиция туралы ғылыми негізделген тұжырымдама қалыптасып, оны сауатты түрде жүзеге асыру мен таратудың тетіктерін нақтылау.Экономикалық саяси, құқықтық тарихи, әлеуметтік және психологиялық тұүрғыдан жан-жақты қарастырылған кешенді түрде зерттелген ғылыми және қолданыстық маңызын ашып көрсететін іргелі зерттеулерді бір ортаға топтастырған жөн. Осы, мәселемен тікелей айналысатын орталық құру негізгі міндет. Мемлекетгік органдар осы ғылыми-зертгеулерге қолдау көрсстіп оларды қаржыландыруды назардан тыс қалдырмауы керек. Сонда ғана инвестициялық қызметгің белсенділігі артады. Инвестициялық саясаттың қоғамға енуі күрделі құбылыс оны дамыту табиғаты да алуан түрлі. Бүған банктік депозиттер жатады.
Қаржылық инвестицияға әртүрлі қаржы құралдары (активтер, акция, банк депозиттері кіреді). Бұл инвестицияларды қоржынжы инвестициялар деп атайды. Мемлекеттік инвестиция тікелей бюджет арқылы қаржылаыдырылады Инвестициялар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Инвестициялық саясаттың жүргізілуінің қоғам үшін ғылыми практикалық маңызы зор. Инвестициялық процесс қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылатын бұл процес қоғам үшін, адам мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңында көрсетілгенде бұл процесс тікелей ел Конституциясы негізінде құқықтық тұрғыда қарастырылған. Инвестицияның қоғамға енуі мен таратылуының жолдары дамытудың құқыктық тәртібі көрсетілген. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау мақсатында елімізде бұл саясаттың орнығуы мен тұрақталуы үшін барлық қолайлы жағдай туғызу мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар еліміз; инвестициялық саясатты жүргізудін нақты бағдарламасы да бар. Бағдарлама өндірісте жаңа технологиялардың енгізілуіне, жұмыс орнының көбеюіне аса назар аударылған. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялы ахуал құрылған. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері елге 26 млр.долларға таяу шетел инвестициялары тартылған. Осы саясатты қолдай отырып, үкіметтің іші инвестиция өсімін қамтамасыз етуіне де көп көңіл бөлген жөн. Қоғам инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін бақылау жүйесі жұмыс істейді. бұл әрине дүрыс. Оны әрі қарай жандандыру үшін бұл жүйеге жетекші ғылымдарды тарту керек. Инвестицияны ең алдымен әлеуметтік мәселерді шешу мақсатында пайдалану басты назарда болғаны абзал. Экономика үшін басым салалар инвестициялық қорларды қайта бөлу тетігін жетілдіру арқылы зейнетақын көбейту қоғамдағы еңбекке жарамсыз адамдарды қорғау, балабақша салу, т.б мәселелерді шешуге тиімді пайдалана білген жөн. Қазақстан 2030 стратегиялы бағдарламасы бойынша.
Информация о работе Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері