Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:23, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция саласындағы нарықтық өзгерістердің ұзақ мерзімге арналған бағыттарын белгілейтін инвестициялық стратегияның басты жолдарын еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетіп берді. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі инвестициялық саясаттың басымдық таңдаулары мен күрделі қаржыны пайдаланудың мәселелері, оның тиімділігі туралы мәселелер Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жан-жақты талданған.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................3

1.Инвестиция және оның теориялары................................................7

1.1 Инвестиция ұғымы және олардың жіктелу.........................................7

1.2 Инвестицияның мәні мен қызметі.................................................10
.
2 Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары............................................................................................14

2.1 Қазақстандағы инвестициялық саясат................................................16
2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары........................................................................................20

2.3 Қазақстан мұнайын шет елге шығару...........................................22

2.4 Сирек кездесетін металдарды шетке шығару мәселесі..............26

Қорытынды.............................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................31

Файлы: 1 файл

курс.Қазақстандағы капиталды шетелге шығару мәселелері.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

... Біздің экономикалық өрлеу стратегиялық нарықтық экономикаға және шет ел инвестицияларын тартуға негізделген. Осы стратегиялық бағдарламаға сүйенген жаңа қабылданған "Инвестициялар туралы" [2]заңның негізінде елімізде инвестициялық саясат қалыптасты. Оны дамыту мен жетілдіруге күш салу әрбір қазақстандық азаматтың абыройлы міндеті. Бұл саясаттың негізгі мазмұны әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды білім беруде денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі кезендегі мықты экономиканы қалыптастыру бағытындағы жүргізіліп отырган инвестициялы саясаттың болашағы зор. Себебі дәл осы саясатты жүргізу арқылы әлемнің көптеген елдері экономикалық дағдарыстан шыққан. Ол елдер Жапония, Корея, Индонезия, Тайвань. Инвестициялық саясатты дамыту арқылы өз мумкіндіктерімізді пайдала отырып және шет елдермен тұрақты қарым-қатынас орната аламыз.

 

 

2.2 Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру

жолдары      

 

Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

-         ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;

-         өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;

-         ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;

-         өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;

-         кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;

-         ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.

Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор – инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған, мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері, баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге жөнелтілуде.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда инновациялық қызметтің қажетті инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық жаңалық ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады.  Сол себепті жаңа технологияны ойлап табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.

Жоғарыда айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:

-         заңнамалық актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі өзгерістерге ұшырауы;

-         инвестициялық жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;

-         инвестициялық жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы; бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың тиімділігін төмендетіп жіберді.

Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

-         салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;

-         Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;

-         отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;

-         «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;

-         инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;

-         инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;

-         инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып  түзетулер енгізу;

-         инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

2.3 Қазақстан мұнайын шет елге шығару

 

       Өткен жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарына 12,3 миллион тонна мұнай жеткізіліп, қайта өңделді. Бұл саладағы өсім 2,1 пайызды құрады. Ал, биылғы жылы мұнай өңдеу 12,5 миллион тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ы бірінші кезекте Қашаған және Теңіз кен орындарында өндірілетін қазақ мұнайының өсіп келе жатқан көлемдерін Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесінің немесе Әзірбайжан Республикасының аумағында орналасқан басқа мұнай тасымалдау жүйелерінің көмегімен Халықаралық нарықтарға экспортқа шығаруға арналған Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін (ҚКТЖ) құру бойынша жұмыс жүргізуде. ҚКТЖ Ескене-Құрық мұнай құбырын және Транскаспий жүйесінен тұрады. Оның бастапқы сатыдағы өткізу қабілеті жылына 23 миллион тонна, келесі жылдардан бастап 35-56 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Ал, алып құбырды іске қосу Қашағанда коммерциялық өндірудің басталуына орай, 2012-2013 жылдары деп белгіленуде.

Соңғы кездері біздің мұнайымыз шекара асып барады деп жиі айтыла бастады. Мәселен, Израиль соңғы кездері Қазақстанға жылы қабақты жиі танытатын болып жүр. Әрине, әлемдік саяси сахнада салмағы басым елдердің қатарына ұмтылған Израиль дипломатиялық қатынастарды нығайтуға мүдделі екендігі белгілі. «АҚШ пен Батыс, Қытай мен Ресей т.б. мемлекеттердің көзін қызықтырған көмірсутегілер мәселесі еврейлер елінің қазақтар жерінен Каспийлік мұнай мен газды тасымалдауды, дәлірек айтқанда, азиялық-тынықмұхиттық аймаққа жеткізетін Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығын да тартылатын құбырға операторлық міндетті бөліскісі келеді. Бұл қызметтің қаншалықты пайдалы әрі экономикалық-қаржылық тұрғыда тиімді екенін түсіндіру – артық. Сонымен қатар, еврейлер Қытай, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда қатынасын жасауда Қазақстанның транзиттік-транспорттық потенциалына иек артуға мүдделі». («Түркістан» газеті.№41, 15 қазан, 2009 жыл.)

«Қалған көлге бақа айғыр» демекші, еліміз КСРО кезіндегіідей шикізат жеткізуші болып қала бере ме? Еліміздегі жалпы экспорттың 70 пайызын шикізат құраса, оның 60 пайыздан астамы мұнайдың еншісінде екен. Қазақ мұнайына қызығушылар жыртылып айырылады. Әсіресе, қытайлықтардың тәбеті тіпті сұмдық. Жақында, «Синьхуа» ақпарат агенттігі қытайлық China Investment Corporation (CIC) компаниясы «Қазмұнайгаздағы» үлесін кеңейткені жөнінде мәлімет берді. Ал, аталмыш компания JSC KazMunaiGas Exploration Production мемлекеттік энергетикалық компаниясының қол астында. Рас, Қытайлардың бұған көз салуының сыры біріншіден, елдегі жетекші мұнай өндіретін компания әрі мұнай өңдейтін ірі Павлодар мұнай химия зауытының 58 пайыздық акциясы да осы басшылықтың иелігінде. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-ы елдегі 36 мұнай орнынан өнім өндіруге лицензиясы тағы бар. Яғни, бұрын-соңды сатылған акциясын қоса есептегенде СІС «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ-ның 11 пайызына иелік ететін болды. Дәлірек айтқанда, жалпы сомасы 939 миллион долларға бағаланған үлес Қытайдың қанжығасын майлапғалы тұр.

Иә, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кен орындары шетелдіктерге сатыла бастады. «Өзіміз өз, көйлегіміз боз» болып, шетелдіктерге мұнай сатқанға мәз болып отырмыз. Батыс Қазақстандағы мұнай кеніштері акциясының басым бөлегі осы күні қытайлықтардың еншісінде. Айталық, 1997 жылы «СNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ңың 60 пайыздық акциясы 325 миллион теңгеге сатылса, күні бүгін 85 пайыздық акцияларын алақандарына ұстауда. Өйткені 2003 жылы 25 пайыздық акциясын 150 миллион долларға сатып алған еді. Қытайлықтардың қанжығасына байланған ірі компаниялардың бірі Petro Khazakhstan. Екі кәсіпорыннан Kumkol Resources және ШНОС-тан тұрады. Біріншісі – мұнай өндірумен, екіншісі – оны өңдеумен айналысады. Кейіннен Қазақстан қытайлықтардан компанияның 33 пайыздық үлесін 1,4 миллиард долларға қайта сатып алды. Алайда компаниядағы бақылау әлі қытайлықтардың қолында. Қытайлықтардың қазақ мұнайын сатып алуға деген сұмдық тәбеті 2005 жылы да көрінді. Осы жылдың күзінде «Торғай Петролеум» және «ҚазГерМұнайдың» 50 пайызын сатып алды. Айта берсе, мұндай саудаласулар жетіп артылады. Тіпті, жылына 150-200 мың тонна мұнай өндіретін қытайлық шағын компаниялар қаншама?

Айта кету керек, қазіргі таңда халықаралық нарықта қытайлық инвесторлардың белсенділігі күн өткен сайын арта түсуде. Аспан асты елі қазақстандық экономикаға, әсіресе, мұнай мен газға инвестиция құюға тым белсенді болып алды. Әрине, бұл қытайлардың ішкі нартықтағы энергетикалық қорлар тапшылығын жоюға ұмтылған әрекеттерден туып отыр. Мәселен, 2003 жылы салынған 448,8 шақырымға созылған Кеңқияқ-Атырау құбыры бүгіндері 12 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдай алады. Ал, 2006 жылы пайдалануға берілген Атасу-Алашаңқай құбыры арқылы жыл сайын 6 миллион тонна мұнай Қытайға экспортталады екен. Оны былай қойғанда, үстіміздегі жылдың аяғында 10 миллион тонна мұнай тасымалдайтын Кеңқияқ-Құмкөл құбыры салынып бітпек. Қазақстан-Қытай мұнай құбыры Қызылорда мен Ақтөбе облыстарындағы кен орындарынан мұнайды тасымалдайды. Келешекте Батыс Қазақстан облысы мен Каспий теңізіне тиесілі мұнайды да тасымалдау жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Анкарадағы ресми кездесуінен кейін қазақтың мұнайы мен газын Еуропаға түріктер арқылы тасымалдау да сөз бола бастады. Әсіресе, Самсун-Жейхан мұнай құбырының құрылысына Қазақстан да қатысатын болды.

«Жауың тышқан болса, арыстан деп қара» дейді халық нақылы. Олай болса, шекара асып бара жатқан қазақ мұнайы осы бастан ойлануды қажет етеді. Бас басына би болып, әділетсіздік пен заңсыздық арқылы байығандар енді аяқтарын тарта түсу керек қой деп ойлаймыз. Кезінде су тегінге сатып алған мұнай кеніштерін мемлекетке кері қайтаратын кез жетті. «Қашаған мұнай кеніші акциясының 100 пайызын 100 миллион долларға сатып, кейін оның 16 пайыздық акциясын 3 миллиард долларға сатып алу, немесе Құмкөл мұнай кеніші мен ШОНОС-ты 180 миллион долларға сатып, оны қытайлықтармен бірігіп, қайтадан 4 миллиард 180 миллион долларға сатып алу сияқты алаяқтық операцияларға тосқауыл қою керек. Кім осыдан пайда көрді? Шетелдіктер иелігіндегі стратегиялық нысандарды «ұлттандыру» (национализациялау) кезек күттірмейтін мәселе. Қазақстанға салған азын-аулақ инвестициясын 1000 есе қайтарып алған шетелдіктер мен басқа олигархтардың жетегінде кете беруді тоқтату қажет.» («Алтын ғасыр» газеті, І.Байжанов, 03.04.2009 ж.)

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толып отыр. Осы ретте Араб елдері қазақтарға үлгі болу керек қой деп ойлаймыз. Мәселен, Араб елдеріндегі барлық мұнай кеніштері мен зауыттары трансконтинентальдық танкерлерге шейін 100 пайыз мемлекет қарауында екен. Ал, жаһандық дағдарыспен алысып жатқан АҚШ-та экономиканың – 34 пайызы, Францияда – 45 пайызы, Ұлыбританияда - 53 пайызы, Германияда 56 пайызы, ал экономикасы қарыштап дамып келе жатқан көршіміз Қытайда 96 пайызы мемлекет қарамағында болып шықты. Нарықтық экономикаға көшіп, қарық болдық деген біздің республикамызда экономиканың 4 пайызы ғана мемлекет қарамағында болуы еріксіз бас шайқатады.

Информация о работе Қазақстандық капиталды шетелге шығарудың мәселелері