АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың теориялық негіздері............................................
1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні................................5
1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері...............................................................................................11
1.3Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару» және «жергілікті өзін-өзі басқару» категориялары
2 АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері....................
2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың ерекшеліктері..............................................................................................15
АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын талдау.............................................................................................................17

АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі,территориялдық бөлініс
пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз жақтары.........................................
3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері................................




ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

Файлы: 1 файл

курсовая мун мен.docx

— 253.71 Кб (Скачать)

2 АҚШ-тың  ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 АҚШ-тың  жергілікті  жерлердегі  территориялық басқарудың  ерекшеліктері

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка  – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың  км2. Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон  қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан  ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

АҚШ аумағының басым көпшілігі  Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа  дейінгі ендік бағытта созылып  жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан.

АҚШ муниципалды өзін өзі басқару  мен штат басқару жүйесі әкімшілік  территориалды бөліну негізінде  жүзеге асады.Әр бір штатта муниципалды  басқару жүйесі әр түрлі.Штаттардың көбісі графстваларға бөлінген.АҚШ-та 3 мыңнан астам графство бар.Оларды тұрғындар графвство кеңесінде  таңдайды.Сонымен қоса,тәртіпті қадағалайтын –шериф,штат уәкілеті-прокурор мен атторнейді,қазынашыны таңдайды.Кеңес басқармасының бұл және басқа да лауазымды тұлғалардың қадағалауымен жергілікті муниципалды шенеуліктер қызмет атқарады.Кеңес қаржыландыру жөніндегі сұрақтарды даму бағдарламаларын анықтайды.Қалалар графстводан бөлектенген және өзінің жергілікті өзін өзі басқару жүйесі бар болуымен сипатталады.АҚШ-та қалалық муниципалды өзін өзі басқарудың 3 түрі бар.Көптеген қалаларда кеңес-басқарушы жүйесі қолданылады.Тұрғындарды кеңес таңдайды,кеңес мэрды таңдайды,,ал мэр кеңесте уәкілетті және ол басқарушылық жұмыстармен айналыспайды.Басқарушылық қызметті арнайы контракт бойынша жалданатын маман шенеулік -менеджер жүзеге асырады.Графстволар тауна мен ауншип болып бөлінеді.

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. АҚШ көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.

Табиғат ресурстарын тауарға  айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар  жұмысшылар саны, ең бастысы олардың  өркендеуі, экономика сергектігін  анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің  тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты  күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропаданкөшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.

АҚШ-тың федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен  реттеп отырады. Экономикалық реттеулер  тікелей немесе жанама түрде бағаларды  қадағалауға бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.

АҚШ территориясы-АҚШ үкіметінің басқаруындағы тәуелсіз дербес территория.АҚШ  территориясы инкорпорирлық және  инкорпорирлықсыз,ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып бөлінеді.

- инкорпорирлық территория- АҚШ конгрессінің АҚШ территориясында орнатылған мемлекет конституциясының жұмыс істеуі.Бұндай территория АҚШ-ң ажырамас бөлігі әрі ФҚШ құрамынан бөлек шығып кете алмайды.

-инкорпорирлықсыз территория- инкорпорирлық территория түсінігіне керісінше анықтамаға ие,яғни мұндай территория АҚШ құрамына енбеуі мүмкін,бірақ АҚШ-ң иелігіне кіруі мүмкін.АҚШ конституциясы бұл территорияларда шектеулі түрінде жүзеге асырылады.

-ұйымдасқан территория-Жергілікті  үкімет органдарын АҚШ конгрессі  орналастырған территория.

-ұйымдаспаған территория-АҚШ  үкіметінің өкілеттігіндегі территория.

Инкорпорирлық ұйымдасқан территория-штат құқығына ие болудың алдында басқару формасының өтпелі кезеңі.АҚШ-ң көп штаттары осындай территориядан қалыптасқан болатын.Мысалы:Орегон,Монтана,Айдохо,Вашингтон т.с.с.

Инкорпорирлық ұйымдаспаған территория-АҚШ территориалдық сулары

мұтиттан 12мильден астам ,ашық теңіздегі АҚШ туының астындағы  кемелер

инкорпорирлықсыз  ұйымдасқан территория-Гуам,Солтүстік Мариандық аралдары,Пуэрто Рико,Американдық Виргиндық аралдары.

инкорпорирлықсыз  ұйымдаспаған территория-Американдық Самоа,формальды ұйымдаспаған,өзін өзі басқару жүйесі  мен конституциясы жоқ территория,Уэйк аралы,Атолл Мидуэй,Атолл Джонстон,Бейкер аралы,Хауленд аралы,Джарвис аралы,Кингмен,Навасса аралы.Сонымен қоса мұндай территорияға АҚШ –пен басқа мемлекеттерден жалға алынған территориялық аймақтар.Мысалы:әскери мақсаттар үшін.

АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:

  • Заң шығарушы: АҚШ Парламенті – Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
  • Атқарушы: АҚШ Президенті – мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
  • Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар

АҚШ-да екі бас партия бар:

Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.

Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.

Әкімшілік құрылысы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Штаттар

Айдахо (ID)

Айова (IA)

Алабама (AL)

Аляска (AK)

Аризона (AZ)

Арканзас (AR)

Вайоминг (WY)

Вашингтон (WA)

Вермонт (VT)

Вирджиния (VA)


Висконсин (WI)

Гавай (HI)

Делавер (DE)

Джорджиа (GA)

Батыс Вирджиния (WV)

Иллиноис (IL)

Индиана (IN)

Калифорния (CA)

Канзас (KZ)

Кентукки (KY)


Колорадо (CO)

Коннектикут (CT)

Луизиана (LA)

Массачусетс (MA)

Миннесота (MN)

Миссисипи (MS)

Миссури (MD)

Мичиган (MI)

Монтана (MT)

Мэн (ME)


Мэрилэнд (MD)

Небраска (NE)

Невада (NV)

Нью-Гэмпшир (NH)

Нью-Джерси (NJ)

Нью-Йорк (NY)

Нью-Мексико (NM)

Огайо (OH)

Оклахома (OK)

Орегон (OR)


Пенсильвания (PA)

Род-Айленд (RI)

Солтүстік Дакота (ND)

Солтүстік Каролина (NC)

Теннесси (TN)

Техас (TX)

Флорида (FL)

Оңтүстік Дакота (SD)

Оңтүстік Каролина (SC)

Юта (UT)



 

Кесте 1

 

2.2 АҚШ-та муниципалды  менеджменттің ұйымдастырылу барысын

талдау

 

 

АҚШ муниципалды өзін өзі басқару  мен штат басқару жүйесі әкімшілік  территориалды бөліну негізінде  жүзеге асады.Әр бір штатта муниципалды  басқару жүйесі әр түрлі.Штаттардың көбісі графстваларға бөлінген.АҚШ-та 3 мыңнан астам графство бар.Оларды тұрғындар графвство кеңесінде  таңдайды.Сонымен қоса,тәртіпті қадағалайтын –шериф,штат уәкілеті-прокурор мен  атторнейді,қазынашыны таңдайды.Кеңес  басқармасының бұл және басқа  да лауазымды тұлғалардың қадағалауымен  жергілікті муниципалды шенеуліктер  қызмет атқарады.Кеңес қаржыландыру жөніндегі сұрақтарды даму бағдарламаларын  анықтайды.Қалалар графстводан бөлектенген  және өзінің жергілікті өзін өзі басқару  жүйесі бар болуымен сипатталады.АҚШ-та қалалық муниципалды өзін өзі  басқарудың 3 түрі бар.Көптеген қалаларда  кеңес-басқарушы жүйесі қолданылады.Тұрғындарды  кеңес таңдайды,кеңес мэрды таңдайды,,ал мэр кеңесте уәкілетті және ол басқарушылық жұмыстармен айналыспайды.Басқарушылық қызметті арнайы контракт бойынша жалданатын маман шенеулік -менеджер жүзеге асырады.Графстволар  тауна мен ауншип болып бөлінеді.

Елу штат жер көлемі, халқының саны, ауа райы, экономикасы, тарихы мен мүддесі жағынан бір-бірінен  өзгеше. Тиісінше олардың үкіметі  де саяси, экономикалқ және әлеуметтік мәселелерді барлық кезде бірдей бірыңғай нұсқада шешпейді, сол себепті  де оларды «демократияның лабораториялары» деп атап жүр. Алайда, олардың саяси  құрылысы бір. Әр штатта өздерінің сенаты мен өкілдер палатасы басшылық ететін республикалық басқару формасы  бар. (Бұл басқару формасы Небраска штатында ғана жоқ, мұнда 49 «сенатордан» тұратын бір ғана заң шығару палатасы бар). Барлық штатттың атқарушы өкіметі  бар, оны губернатор мен тәуелсіз сот жүйесі басқарады. Әр штаттың  өз конституциясы бар; Сонымен бірге  олардың федералдық заңды орындауға  және басқа штаттардағы заңға  қайшы келетін заңдарды қабылдамауға міндетті (егер, мысалы ерлі-зайыптылар өз штатының заңы бойынша ажырасқан  болса, олар қалған барлық штаттарда  да ажырасқандар деп саналады). Тиісінше қалалык және муниципалдық өкіметтер  өз штаттарының конституциясына  қайшы келетін заңдар мен қаулыларды қабылдамауға тиіс.

Конституция федералдық үкіметтің  өкілеттігін шектейді, бірақ оның қазіргі заңдық пайымдаулары бұл  өкiлеттіктердің аясын кеңейтеді. Қалған барлық билiк қызметтері автоматты  түрде штаттар мен жергілікті огандарға беріледі. Бұл федералдық үкімет пен штаттар арасындағы кұқықтық қызметтерді шектеу жолындағы күресі еш уақытта тоқтамай келе жатқанын көрсетедi. Американдықтардың әбден  күшейген орталық өкіметке дағдылы  сенімсіздігі бұл көп жылдар бойы келе жатқан күресте билікке таласушы жақтардың мүмкіндіктерін шамамен  тең деңгейге жеткізді. АҚШ-тағы штаттар  мен жергілікті билік органдары, әдетте, басқа елдердегi орталық  үкіметке тиесілі құқықтарға да ие.

Мысалы, кез келген деңгейдегі білім беру мәселелелерi Штаттардың құзырына жатады. Жергілікті өкіметтер  мемлекеттік орта білім берумен  байланысты барлық істі өзі шешеді: мектеп әкімшілігіне бақылау жасайды, мектеп кеңестері мүшелерінің сайлауын ұйымдастырады, ал жергілікті салық  салудан түскен қаржы көбіне мектеп оқуын қаржыландыруға жұмсалады. Осылайша, әрбір жекелеген мектеп жүйесі мұғалімдерді өздері жалдайды, ұстайды және жұмыстан шығарады. Оқу жүйесі штат белгілеген ережелерді кең ауқымда алып, өздерінің  ережелерін жасайды.

Нақ сол сияқты жалпы ұлттық полиция да жоқ, ал ФБР федералдық мәні бар шектеулі қылмыстар жөніндегі  істерді, мысалы, балаларды ұрлау  жөніндегі істерді ғана жүргізеді. Әр штаттың өз полициясы және өз қылмыстық заңдары бар. Штаттар  сондай-ақ некеге тұру және некені бұзу туралы, жол ережесі және жүргізуші  құқын алу тәртібі туралы заңдарды, алкоголь ішімдіктерін сату мен пайдалану  туралы және сайлауларды өткізу туралы заңдарды қабылдайды. Тиісінше, әр қаланың  өзінің полициясы бар және кадрларды  іріктеу, даярлау, оның жұмысын бақылау  мен ұйымдастыру мәселелерімен  муниципалитет айналысады. Ол елдің  президентіне немесе штаттың губернаторына  тікелей бағынбайды. Округтік полиция  басқармасын көбіне «шерифтер департаменті»  деп атайды. Шерифтерді, әдетте сайлайды, ал штаттар мен қалалардың полиция  бастығын тағайындайды.

Қоғамдык өмірдің басқа  да көптеген салалары қалалар мен  поселкелердің кұзырына жатады. Бүл  дүкендердің жүмыс істеу уакыттары, жолдар мен көшелерді жөндеу, қала құрылысына бақылау орнату және т. б. жұмыстар. Бір муниципалдық округте  мына журнал порнографиялық журнал, оны  сатуға тыйым салу керек деген  шешім жасалуы мүмкін, ал жергілікті мектеп кенесі нендей бір кітап мектеп кітапханасында тұрмасын деп шешім  жасай алады (кейіннен сот муниципалитетке  немесе мектеп кеңсесіне олардың  тыйым салуға құқықтары жоқ екенін көрсете алады).

Алайда, бірнеше километр ғана қашық орналасқан басқа поселкеде  аталған журналды да, кітапты да пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін. Қинофильмдерге де нақ осындай көзқарастар  болады.

Көптеген штаттар және кейбір қалалар өзінің табыс салығын  белгілейді. Көптеген қалалар мен  графтіктердің қару алып жүруге қатысты  өз заңдары бар. Қөптеген аэропорттар, соның ішінде халықаралық аэропорттар  қаланың немесе округтің иелігінде, оларды сол қала мен округ басқарады  және оларға бағынатын аэропорт полициясын ұстайды. Қорыта айтқанда, басқа елдерде  ұлттық үкіметтің қүзырына жататын  өткір мәселелер Америкада штаттар  мен муниципалитеттер деңгейінде шешіледі. Олардың ішінде, атап айтқанда, наркотиктерді  пайдалану, өлім жазасын қолдану, аборт  және гомосексуализм туралы заңдар бар.

Информация о работе АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері