АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың теориялық негіздері............................................
1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні................................5
1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері...............................................................................................11
1.3Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару» және «жергілікті өзін-өзі басқару» категориялары
2 АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері....................
2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың ерекшеліктері..............................................................................................15
АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын талдау.............................................................................................................17

АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі,территориялдық бөлініс
пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз жақтары.........................................
3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері................................




ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

Файлы: 1 файл

курсовая мун мен.docx

— 253.71 Кб (Скачать)

Территориялық басқарудың жаңа мағынасы ойлаудың жаңа деңгейі мен масштабын талап етеді. Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды жасау барысында келесідей мамандардың қызметі маңызды, яғни оларға аймақ үшін перспективті, профилді салалар мен кәсіпорындарды анықтайтындар, және осы анықталған саланың өз территориясына қызықтыра ала алатындығы мен аймақтың бәсекелестікке жарамдығын анықтайтын мамандар жатады. Сонымен қатар шектеулі ресурстарды қандай бағыттарға шығындалатынын анықтау керек, ол перспективтік салалардың жоғары санының негізінде аймақтын жақсы қырларын аша түседі. Стратегиялық даму жоспарын жасау және оны әркез түзетіп отырумен байланысты жұмыс өте ауқымды және қиын екендігін  осы ретте айта кеткен дұрыс.

Реформалау мәселелерімен  оның әлеуметтік ортасын, қызметтегі әлеуметтік стандарттардың қамтылуын, экологиялық  нормативтерді  тәжірибелік тұрғыдан шешудің ауыртпалылық орталығы нақты  осы жергілікті, аймақты деңгейге көшірілген.  Реформалау үрдістері мен экономиканың дамуының қаншалықты жоғары болғандығы жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсуіне тікелей қатысты болады. Аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуымен, орталықтан басқаруға деген бағытпен, байланысты территориялық шаруашылық қазіргі уақытта өзінің толыққанды дамымағанын көрсетті.

 

         1.3 Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару» және «жергілікті өзін-өзі басқару» категориялары

 

Территориялық басқару жүйесі мынадый түсініктермен ұштасады, яғни «жергілікті басқару», «жергілікті  мемлекеттік басқару», «муниципалды менеджмент».

Дәстүрлі демократиясы бар  мемлекеттер жергілікті өзің-өзі  басқарудың даусыз қадір-қасиеттерін  мойындап, оған билік құрылымында  ерекше орын бөлген. Тұрғындармен аса  тығыз байланысты болатын жергілікті өзің-өзі басқару органдарына  локалды сипаттағы жалпы барлық туындағын мәселелерді шешу жүктелген  болатын, яғни, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, құрылыс, қызмет ету орталарының  дамуы, экология және т.б.

Сонымен, жергілікті өзің-өзі  басқару дегеніміз, ол тұрғындар  мен жергілікті маңызды мәселелерді  өздігімен шешуге үйлескен сол жерлердегі биліктің ұйымдасуын айтады. Жалпы  оның мағынасы мынада, жекеленген әр азамат жергілікті биліктін ірге тасы болуға құқылы, ол өз өмірінде жолығатын мәселерді өздігімен шешіп, оның қорытындысына өзі жауап береді.

Көптеген елдерде  жергілікті ұжымдар мемлекет тарапынан  қандай да бір тікелей әсер етуге  ұшырайды. Оларда жергілікті өзің-өзі  басқару жүйесі  тіпті болмайды, немесе, керісінше, мемлекеттік құрылымдармен  паралелді түрде қызмет етіп, олардың  бақылауына ұшырайды. Бұл жерде айтылып  жатқаны: жергілікті деңгейдегі мемлекеттік  басқару немесе жергілікті мемлекеттік  басқару. Осы жергілікті өзің-өзі  басқарудың қарама-қайшылығы. Дәл осы  үлгі жергілікті территориялық бірліктегі орталықтандырылған билік пен жоғарғы  территориялық деңгейлі әкімшілікпен басқарылатын басқарушылық қызметті көрсетеді, ал олар жоғары билікпен бекітілетін әкімшілік органдары арқылы өтеді. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқаруға қарағанда жергілікті өзің-өзі басқару жергілікті территориялық бірліктегі тұрғындармен іске асады, яғни жергілікті ұжымдармен немесе тандалған органдармен.

Ең көп дискуссия тудыратын  мәселелердің бірі қоғам мен мемлекетті басқару жүйесіндегі жергілікті өзің-өзі басқарудың өзіндік еркіндігінде болып отыр. Сондықтан, жергілікті өзің-өзі  басқару институты барлық елдерде  өз бетінше дамитындығына қарамастан, оның мемлекеттен, мемлекеттік басқару  органдарының жүйесінен бөліп алу  туралы айту, әсіресе, жаңа қалыптасқан  реформалардың бастапқы деңгейінде тиімсіз екені белгілі болады. Негізінен, жергілікті өзің-өзі басқару, тіпті дамыған демократиялық  қоғамдарда, мемлекеттің тұтас атқарушылық  бөлімдерінің қызметін атқарады, және оларға анықталған жүктемелер көлемі бекітілген, сол жүктемелер үшін ол қоғамның алдында ғана емес, мемлекеттің  алдында да жауапты болады. Осыдан Президент пен Үкіметтің тұтас  атқарушылық бөлімдерге жергілікті өзің-өзі басқару органдарын тіркеуге, әр түрлі деңгейлердегі биліктің қарым-қатынастарындағы қарама-қайшылықтар  мен келіспеушіліктерді алып тастауға деген талпыныс түсінікті болады.

Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару  мен жергілікті деңгейдегі мемлекеттік  басқару түсініктерін бір бірінен  алшақтатады. Басқалары муниципалды  басқаруды муниципалды құрылымдардың  атқарушылық-бөлу органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі басқару жүйесінің құраушы  элементі түрінде қарастырады.

Толық анықтамаларды Ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде кездестіруге болады (Гладышев А. Г., Иванов В. Н., Мельников  С. Б., Патрушев В. И.) Олардың айтуынша, кейбір «муниципалды басқару- лар» жергілікті өзің-өзі басқаруларға қарағанда  өз масштабы бойынша кең болады,  және оларға жататындар:

а) жергілікті деңгейдегі мемлекеттік  басқару, яғни мемлекеттік биліктің федералдық және аймақтық органдары, олар қаржы, салық салу, жер мәселелері және халықтың жұмыспен қамтылу сияқты тағы да басқа салаларда мемлекеттік  саясат қызметтердің ретін іске асырады;

б) жергілікті басқару халықтық билік үлгісі ретінде;

в) жергілікті өзің-өзі басқару  органдары арасында, тұрғындар мен  жеке капитал арасында муниципалдық қалыптасудың әлеуметтік-экономикалық дамулармен қамту мақсатында, әріптестік қатынастарды жақсарту бойынша муниципалды  менеджменттің қызметтер жүйесі ретінде.

Осындай көз қарастың негізінде, кез-келген мемлекеттің мемлекеттік  құрылымында нақты бір өзіңдік  деңгейі бар муниципалдық басқарудың белгілі бір түрлері болады деп  тұжырымдауға болады. Жергілікті билік  органдарының қызметіндегі өзіңдік  басқарудың деңгейі көп жағдайларда  орталық құрылымдардың жергілікті басқаруда жоғарыдан тағайындалатындығына байланысты болады. 

Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында қалыптаса  бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі күнге дейін  аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің  ғылыми мектебі тәжірибе қажеттіліктерінен  шегінгенде қалыптасады, оның академиялық  курсы өте баяу және үздік-үздік  болуда.

Муниципалды менеджменттің  әдістемелік негізі келесідей:

1) ортақ ғылымдық білімдер  — тарих, философия, дүние тану;

2) ортақ және арнайы  менеджменттің теория, соның ішінде  басқарудың гуманизация және  экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму, дағдарыс, тұрақты  даму циклдері;

3) территориялық әлеуметтік-экономикалық  ұйымдардың арнайы теориялары, соның  ішінде экономикалық-географиялық  мектептер, кенттену және қайта  кенттену концепциялары, территориялық  кешенділік, адамдардың бейімделушілігінің  әлеуметтік теориялары, және т.б.  бұл пәндер бір-бірін толықтыра,  ортақтай отыра қызмет етуде. 

Муниципалды менеджменте  келесідей зерттеу әдістері пайдаланылады.

Нормативтік әдіс, ол жергілікті ерекшеліктерді ескеретін нормалар мен нормативтердің жүйелерінің  муниципалдық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары мен маңызды  білімдерін негіздейді. 

Баланстық әдіс территориялық  құрылымдар мен ішкі аймақтық кешендерді қосымшалайтын салалар арасындағы дұрыс қарым-қатынастарды тандауға мүмкіндік береді. Баланстар тиімді ішкі аймақтық және сыртқы аймақтық байланыстарды  жасау үшін және де қаланың немесе ауылдық аймақтың территориясында  орналасқан жекеленген кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан орналастыруға  қызмет етеді,  

Жүйелік талдау әдісі –  деңгейлілік қағидасын пайдаланылатын жан-жақты талдау түрі, яғни ол мақсаттардан, амалдардан, гипотезалардан басталып, өндірісті орналастырудың оптимум  нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты  зерттеумен жалғасады.

Өндіргіш күштерді орналастыру  мен аймақтардың шаруашылығының дамуының мәселелері өте қиындап  кеткендіктен және салалық және территориялық  байланыстар қиын басқарылатын болғандықтан экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Экономикалық-математикалық әдісті қолдану аз уақыт ішінде үлкен  көлемді мәліметтерді өндеп, қойылған мақсаттарға сай қолайлы шешімді  тандауға мүмкіндік береді. 

Статистикалық әдісті индекстерді  талқылап, корреляциялық талдаулар  жүргізілу үшін қолданылады.

Сонемен қатар, муниципалды  менеджментте өзіңдік спецификалық басқару әдістері қолданылады.

Ұйымдастырушылық әдістер  – белгілі бір мақсаттарға  қол жеткізу үшін ұйымдастырушылық қарым-қатынастарға (бөліп қарайтын, тәртіптік) әсер ету жүйесі.

Экономикалық әдістер  – нақты экономикалық шарттарды  құру жолдарына әсер ету тәсілдері (қаржы тетіктері, болжамдары, экономикалық қызығушылықтар мен шаруашылық есептер).

Әлеуметтік-психологиялық  – психологиялық білімдеріне  негізделген , қызмет етушінің өз мінезіне тәуелді болатын әсер ету тәсілдері.

Қалалар мен аудандарда қоғамда  жиі кездесетін барлық негізгі байланыстар  мен қарым-қатынастар түрі территориялық  ерекшеліктерге иеленіп, нақтыланып келеді. Сондықтан да муниципалды менеджменттің  қағидаларын ғылыми негіздеу және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану бір ғана мағынада болады.

Муниципалдық менеджменттің  қағидалары әр қилы. Олардың жүйесінде  ортақ және специфиалық қағидаларды  бөліп қарастыруға болады.

Қоғамдық ұйымдардың барлық орталарында, соның ішінде муниципалдық менеджментте қызмет ететін ортақ қағидалардың ішінде жүйелілік, ғылымдылық, тұрақты  даму, әлеуметтік-экономикалық әсерлілік  және т.б. айтуға болады.

Спецификалық (жеке) қағидалар  муниципалды менеджменттің объектілері  мен субъектілерінің ерекшеліктеріне  негізделген. Оларға келесілері жатады.

Демократизм қағидасы аймақтық масштабтағы шешімдерді қабылдауға тұрғындардың белсенді қатысуын көздейді. Жүргізілетін іс-әрекеттер хандық негізде  болады, яғни қоғамды муниципалитеттің істеріне еліктіріп, қоғамдық бірлестіктердің  аймақ территориясында өмір сүруіне  жауапкершіліктерді жүктеп, басқарылатын аймақтарды бекіту болып саналады. 

Субсидиарлық қағидасы билік  органдарының арасындағы басқарушылық қызметтерді бөліп беру үрдісімен  сипатталады. Қағиданың қызметі  билік қызметтерін атқарудағы тұрақты  реттілікті және осы органдардың  халық алдындағы жауапкершіліктерін бөліп беру тәртібін анықтайды.

Децентрализация қағидасы жекеленген территориялардың сәйкесінше осы территорияларға  қаржылық басқарылу қызметінің ретін  көрсету тәртібін білдіреді. Осы  қағиданың арқасында территоиялардың  құқықтары мен міндеттерін кеңейту  жолдарымен тұтастылық шарттарын қамтамасыз етіп отырады.

Кешенділік қағидасы бұл  қалалардың немесе аудандардың келесідей  өмершендік құрылуды көздейді, яғни ондай  жағдайда тұрғындар тек қана өдіріс факторы ретінде ғана емес, сонымен  қатар, басты мақсат экономиканы  дамыту болғандықтан тәжірибелік менеджменттің  технологиялары мен барлық құрылымдарының әлеуметтік бағдаршысы ретінде болу керек. 

Муниципалды менеджменттегі целеполагания қағидасы үрдістердің  қорытындыларға қарай дннамикалық  түрде бағытталып, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. түрлерді құрайды.

Қағидалар тек формалары  бойынша өзгеріссіз сияқты болып  көрінеді. Ал оның мағынасы динамикалық  түрде болады, яғни мемлекеттің, оның аймақтарының және де муниципалдық құрылымдарының даму шарттарына сәйкес келеді.

Муниципалды менеджмент келесідей  қызметтер атқарады:

- қалалар мен аудандардың  әлеуметтік-экономикалық дамуының  болжамдарын, сценарийларын, бағдарламалары  мен жоспарларын талдау, бағалау  және жасау;

- муниципалдық құрылымдар  мен, олардың тылыми-техникалық  және интелектуалды орталарының  еңбек потенциалын пайдалану  және көбейту;

- әлеуметтік және өндірістік  инфрақұрылымдардың дамуы және  қолдануы;

- тұрғындарға қызмет көрсету  бойынша бәсекелестіктерді жою,  соның ішінде муниципалдық құрылымдармен;

- жергілікті бюджетті  толтыру және оны тиімді пайдалану;

- бюджеттік емес ресурстарға  қол жеткізу;

- муниципалды меншікті  алу және оны меншіктеу, сонымен  қатар оны тиімді пайдалану;

- нарықты ортаның, оның  инфрақұрылымдары мен кәсіпкерлікті  дамытуға жағдай жасау; 

- муниципалдық құрылымдар  мен экономикалық белсенді қоғамның  экономикасына демографиялық жүктелу  мен жұмыспен қамтуды іске  асыру, жаңа жұмыс орындарын  ұйымдастыру;

- басқа қалалар және  аудандармен экономикалық және  өндірістік байланыстарды жақсарту  және бекіту;

- жергілікті биліктің  коммерциялық банктермен, инвестиционерлермен,  сақтандыру және тағы да басқа  құрылымдармен, соның ішінде басқа  қалаларда немесе шет елде  орналасқандарымен әсерлесуі.

Қазіргі таңда Қазақстанда  іске асырылатын экономикалық реформалар басқарудың териториялық аспектісіне  көңіл бөлуді күшейтуге объективті түрде септігін тигізуде.

Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі болғандықтан қазіргі заман  шарттарында өте маңызды болады, алайда біздің елімізде жергілікті деңгейде басқарудың демократизмі мен белсенділігін  басып тастайтын басқарудың командалық - әкімшілік жүйесі әлі күнге дейін  жүргізілуде.  Өзінің аяқ басып  тік тұруындағы кезеңінде, басқарудың жаңа түрі - муниципалды менеджмент — экономикалық дағдарысқа байланысты және Қазақстан Республикасындағы  заңнамалық актіледрің біршамасының жоқтығына  байланысты үлкен қиындықтарға ұшырауды. Бұл жүйенің мақсатты болуы әлемнің  көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың бекінуімен дәлелденеді.

Информация о работе АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері