АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың теориялық негіздері............................................
1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні................................5
1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері...............................................................................................11
1.3Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару» және «жергілікті өзін-өзі басқару» категориялары
2 АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері....................
2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың ерекшеліктері..............................................................................................15
АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын талдау.............................................................................................................17

АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі,территориялдық бөлініс
пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз жақтары.........................................
3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері................................




ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

Файлы: 1 файл

курсовая мун мен.docx

— 253.71 Кб (Скачать)

Қазтұтынуодағы Қарағанды  Экономикалық Университет

 

 

 

 

 

 

 

Бейсембекова А.

 

 

 

АҚШ территориалды  басқару және АҚШ-ғы муниципалды

менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтері

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

Қазтұтынуодағы Қарағанды  Экономикалық Университет

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы:  «АҚШ территориалды басқару және АҚШ-ғы муниципалды

менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтері»

 

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Орындаған                                             Бейсембекова А.

        ГМУ-41қ топ студенті

 

 

       Ғылыми жетекші

       аға оқытушы, магистр                                             Мусатаева А.А.

 

 

 

Қарағанды 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................

 

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың теориялық негіздері............................................

1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні................................5

1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және

ерекшеліктері...............................................................................................11

1.3Территориялық басқару  жүйесі. «Жергілікті басқару» және  «жергілікті өзін-өзі басқару»  категориялары

2 АҚШ-тың  территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері....................

2.1 АҚШ-тың  жергілікті жерлердегі  территориялық басқарудың ерекшеліктері..............................................................................................15

    1. АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын талдау.............................................................................................................17

 

  1. АҚШ менеджментіндегі стратегиялық  ерекшелігі,территориялдық бөлініс

пен басқарудың жағымды әрі  жағымсыз жақтары.........................................

3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері................................

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат — конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы  өкіметiтің Федералдық құрылысын  бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың  әрқайсысына басқалар жөніндегі  өкілеттік билігін («баланстар мен  шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция  олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Америка  Құрама штатының басқару жүйесінің  талдау және муниципалды менеджментінің негізгі типтерін анықтау.

 Конституция бойынша  АҚШ-та жоғары билік президентке  де (атқарушы өкіметтің басшысы), конгреске де (заң шығарушы билік), Жоғарғы сотқа да (сот билігi  қандай да бір саяси топтар  мен партияларға да (басқа көптеген  елдерден өзгешелігі) берілмейді. Бұл  билiк конституцияның рухы мен  мәніне сәйкес, онда айтылған  «біз халықпыз» дейтіндерге берілген.

Сөйтіп, американдықтар тұңғыш рет, саяси бостандық пен барлығына  тең құқықтарға ие болды, бұл  артықшылықтар  басқа елдерде ат төбеліндей асыл тектілердің ғана үлесіне тиді.                                        Американдықтар өздерінің өкілдері арқылы заңдар қабылдай отырып, өз мүдделері үшін өз істерінің қамын өздері ойлады. Әрине, олар өз қателерін де өздері жасады.

«Құқықтар туралы Билль» деген  атпен белгілі болған конституцияға  алғаш енгізілген он түзету американдықтардың  негізгі құқықтары деп саналған құқықтарды бекітті. Бұл құкықтардың  ішінде — ар-ождан, сөз және баспасөз бостандығы, бейбіт жиындар өткізу және үкiметтің әрекетіне шағым жасау  құқықтары бар. Басқа құқықтар азаматтарды  негізсіз тінтуден, тұтқындаудан, жеке мүлікті  алып қоюдан қорғауды,  заң  талаптарын, сақтауды қамтамасыз етеді. Америкада өкілдер соты, яғни өз азаматтарымен бірге сот ісіне араласу құқы бар.

Американдықтар өз конституциясын мақтаныш етеді. Оны дінді қандай құрмет тұтса, сондай дерлік құрмет тұтады: Мұндай құрметтің негізі аталған мұраттар, құқықтар мен бостандықтар оларға ат төбеліндей билеуші таптың тартқан сыйлары емес деген сенімде жатқан еді. Бұл құқықтар мен бостандықтарды, түптеп келгенде, табиғи, әрбір американдықтың мызғымас құқықтары, олар сол үшін күресіп, жеңіп алды. Оларды ешкім де үкімет те, сот та, заң да тартып ала алмайды.

Конституция негізінде құрылған федералдық үкімет пен штаттардың өкіметі  халыққа қызмет етуді және азшылықтың емес, көпшіліктің еркін орындайтындай  етіп құрылды. Американдықтар нені қаламайды, ол — біреуге «қызметші» болу. Олар, керісінше, үкімет өздеріне қызмет етуге тиіс, саяси қайраткер мен чиновниктер ха-лықтың қызметшілері ғана деп санайды. Осындай көзқарас бүгінде американдықтардың арасында берік сақталып қалған.

Соңғы екі жүз жылдықта американ конституциясының ықпалы Құрама Штаттардан тыс жерге де тарады. Кейбір елдер басқару формасын Америка  мысалы бойынша тандап алды. Бір  атап айтатын нәрсе, Американ революциясының батыры Лафайет Америкадан қайтып оралғаннан кейін Француздың «Құқықтар декларациясының» жобасын жасады. БҰҰ-ның хартиясы да қалайда революциялық құжат ретінде  танылған АҚШ конституциясымен мазмұндас.

 

1    ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ    МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКО-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

      

1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні

Социологиялық сөздік анықтамасына сүйенсек – «ағылш. Territory;нем. Territorium » жер аумағы,ішкі немесе сыртқы су жағалауымен,сонымен қоса әуе кеңестігімен ,көлемі бойынша шектелген  жер ауқымы.Ал кейбір елдерде,мемлекеттерде ерекше әкімшілік аймақтар,яғни дәлірек айтсақ ерекше әкімшілік бірлік.Жалпы бұл терминді қарастырғанда-жер шарындағы сыртқы белгілі бір шекаралармен шектелген бөлігі.Территория деп-ең біріншіден жер ауқымына мемлекеттің заңдары мен әкімшілік бірлігі тараланатын әкімшілік аймақ бөлінісі.Гидденс бойынша (1985) -танылған басқаруды менсінген,сол территорияның басқару органдарының  бақылауындағы географиялық аймақ.Қазіргі замандағы ұлттық мемлекеттердің территориалдық бөлінісі нақты әрі қатаң шекаралармен белгіленген,басқаруға көнетін кеңістік.Территория-өкімет басқаратын құқықтық мемлекет,халықпен қоныстанған аумақ.Территория-бұл мемлекеттің ,мемлекет болып қалыптасудың басты бірден бір маңызды көрсеткіші,белгісі.

Алғаш халықтың жер бетін  қоныстануын-бастапқы саты деп қарастырамыз.Сол  кездегі өмір сүру және аман қалудың  басты тәсілі бір жірден екінші жерге  көшіп табиғи ресурстарды пайдалана  отырып аман қалу.Сол кездерден бастап-ақ көшіп қону барысында көш барысын  қадағалап бақылайтын ,әрі көшу барысын  басқаратын белгілі бір басқару  жүйесі пайда болды.Кейіннен отырықшылыққа  көшкеннен кейін әр тайпаның өзінің нақты аумағы белгіленді,яғни қоныстанатын территориясы пайда болды.Бұл мемлекеттің құрылуындағы басты итермелегіш фактор ретінде танылды.

Мемлекеттің өзінің белгіленген  территориясында өкіметпен территориялдық басқару анықталады,бұл басқару,өкіметтің  ең жоғары рангтағы ықпалды орган.Мемлекеттік  территория құрылымы келесідей анықтамалардан құрылады:

-жер-сумен қапталмаған  ,мемлекет шекарасынан шықпайтын  жер бетінің бөлігі

-ішкі және территориалдық  сулар

-әуе кеңістігі-тропосфера,стратосфера,иносфера

-недр жер қойнауы- жер  бетінен төмен орналасқан ,су  асты жететін тубіне дейін  орналасқан жер қыртысының бөлігі

-космос,елшілік

Бүгін жер бетіндегі барлық дерлік аумақтар мемлекет араларында бөлініп алынған.Мемлекет территориясына жатпайды:ашық мұхиттар,көлдер,космос кеңістігі ,ай мен басқа аспан  денелерін қоса алғанда және антарктида материгі.

 

 

Қазіргі таңда басқа бір  мемлекеттерді зорлап басып алу ,территориясына заңсыз басып кіру,немесе өзге мемлекеттердің территориясын  өз мақсатында не заңсыс пайдалану  халықаралық құқықпен рұқсат етілмеген.Халықаралық  құқық бойынша мемлекеттің өз шекарасын территориясын өзгерту  тек келесі белгілі бір жағдайларға  байланысты жүзеге асырылады:

-ұлт пен халықтың қайта  таңдалуы барысында мемлекеттің  шекаралық территориясының қағидаларға  байланысты өзгерілуі

-мемлекеттер арасында  айырбас , алып сату не болмаса  өз келісімімен өзгертілуі

Қала территориясы-қалалық  шекарамен шектелген территория.

Жергілікті өзін өзі басқарудың территориясы-қалалық, шағын аудандар мен аұмақтардың,қалашықтардың ,басқа да жерлердің муниципалды білім берудің территорисы.

Қоғамдық өзін өзі басқару-қоғамдық өзін өзі басқару жүйесі бар әрі  қалыптасқан қала,аумақ,жерлердің  білім беру муниципалитеті бар формалық жүйе. Территориалды басқару-бұл аймақ,аудан,территория сипатындағы әлеуметтік экономикалық  көрсетілімдерге ие аумақтың жергілікті муниципалды органдары тұрғысынан басқарылуы. [Энциклопедического словаря Брокгауза и Ефрона (1890—1907)].

 

1.2 Муниципалды  менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және

ерекшеліктері

 Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі ретінде нарықтық қатынастардағы дамудың қазіргі заманғы шарттарына мақсатталған, себебі, Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтарда демократизм мен әрекеттерді басып тастайтын басқарудың командалық-әкімшілік жүйесі қалыптасып қалған.

Басқарудың жаңа түрі – муниципалды менеджмент  өзінің алғашқы кезеңдерінде біршама  қиындықтарға ұшырады. Басқарудың бұл  жүйесінің мақсаттылығы әлемнің  көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың құрылуымен және де экономикалық әсерлілігі мен пайдалылығымен дәлелденіп отыр. 

Жоғары мектептің алдына мынадай мақсат қойылды, яғни болашақ  мамандарға шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін үйретумен қатар өзіңдік  табиғи-экономикалық, тарихи және ұлттық ерекшеліктері бар муниципалды  құрылымдарда, нақтырақ айтсақ, қалаларда, аудандарда, ауыл аймақтары мен басқа тұрғылықты мекендердегі басқарудың жаңа әдістерінің қағидалары мен үлгілерін игеру болып отыр.

Осындай жағдайларда  ғылыми білім салаларының ішінде муниципалды менеджменттің алар орны бөлек, болашақ мамандарда теориялық  білімдер мен тәжірибелік біліктіліктерді  қалыптастыру мақсатында басқару жүйесін  түсіне білген дұрыс, бұл алынған  білімдер нақты бір территориядағы экономикалық үрдістерді талдауға және жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі бағыттарында ғылыми зерттеулердің  әдістерімен пайдалануға көмектеседі.

Мемлекеттегі басқару  үрдісін ұйымдастыруға қатысты  мәселелер оның территориялық құрылымымен  тығыз байланысты, себебі билік органдарының қызмет етуі мемлекет территориясы бөлінетін  территориялық бірліктер шегінде  жүзеге асады.

Соңғы уақыттарда мемлекеттер  жаңа қалыптасқан талаптарға сай  территориялық басқарудың қағидаларын, орны мен мағынасын өзгертуде. Шет  ел әдебиеттеріне сүйенетін болсақ, бұл құбылыс 70 жылдардың соңына қарай  жақсы дами бастады. Жүргізілетін реформалардың  мағынасы, мемлекеттік билікті қайта  орталықтандырудың және территориялық  басқару органдарының жауапкершілігін  жоғарылатудың, сонымен қатар оларға тиісілі аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуының қоғамдық басқарылуының негізгі тенденцияларын көрсетеді.

Қалалар, ірі және күрделі  әлеуметтік-экономикалық және территориялық  құрылыс болғаннан кейін, олар қалалық  билік органдарынан көп жұмыс  істеуді талап етеді. Олардың  бақылауында келесілер болады: инфра  құрылым объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету орталары, тұрғын үй-коммуналдық  және жол шаруашылығы, мемлекеттік  білім беру мекемелері, полиция (милиция), өрт күзеті, сонымен қатар қоршаған ортанын ластануын, атмосфераның радиологиялық  жағдайын және қалдықтарды тастауды бақылап отыру орталары және т.б. Сонымен қоса бұл объектілер басқа  да территориялық құрылымдарға тән, оларда басқару органдары әр түрлі  амалдардың көп санын шешуге тырысады. Осындай жағдайларда басқару  қызметтерінің санының өсуі ғана емес (американдық мамандардың деректеріне  сүйенсек ХХ ғасырдың бірінші жартысында ірі қалаларда ол екі есе өскен), сонымен олардың орындалу қорытындыларына  деген жауапкершіліктің жоғарылауына байланысты олардың мағынасы да қиындай  түсетіндігі байқалады.

Информация о работе АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері