Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - бұл тауар өндірісіне тән тарихи категория. Ақша пайда болғанға дейін табиғи айырбас жүрді. Алғашқы қауымдастық арасындағы қоғамдық еңбек сенімінің айырбасы кездейсоқ сипатта болды. Тауарлық айырбастың дамуы алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Тауар айырбасының ұзақ мерзімді дамуы нәтижесінде барлық тауарлардан ерекше тауар ақша бөлінеді.

Файлы: 1 файл

Ақша распечатка.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

 Ақшаның айырбас  құнының дербес формасы ретінде  пайдалану тауарларды тікелей  өткізумен тікелей байланысты  емес. Ақшаны бұл формада қолдану  жағдайлары олар несие беру, бюджеттің  кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды  өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ғалым-экономисттердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келеді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал енді үшінші біреулер, алтынның жалпы демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

2 Ақша жүйесін  талдау

 

2.1. Несие ақшалары және  олардың түрлері.

 

Несие ақшалары – сатып  алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды  өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.

Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

Банктің кассасынан қолма – қол  ақша беру мен қарыз берудің арасындағы байланыс және банкке қолма – қол  ақшаның түсуі мен қарыз берешегін  өтеудің арасындағы байланыс әрбір  жеке қарыз операциялардың: қарызды  беру мен оны өтеу және банктің  кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің  ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың  жылдықта Васионда пайда болған.

Қазіргі несие ақшаларының эволциясы: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары болып есептеледі.

Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда  халықаралық сауда, кейін ішкі сауда  айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған  тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.

Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы  кәсіпорынға сатып алған тауар  үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

Аударым векселін көптеген субъектілер пайдалануы мүмкін: вексель  беруші, вексель иемденуші және төлеуші. Вексель беруші ол вексельді толтырушы  және ұсынушы жақ. Вексель иемденуші  ол векселде көрсетілген соманы алуға  құқы бар вексель ұстаушы. Жай  вексель бойынша төлеуші вексель берушінің өзі болса, ал аударым вексельі бойынша төлеуші үшінші жақ.

Вексель бойынша төлем  авальмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Онда аваль бойынша есептелесін деген  белгі вексельдің бет жағына, немесе авлонжеге жазылады. Авальберуші  төлем төлеу жауапкершілігін өзіне алады.

Несие ақшаларының келесі түрі – банкнота. Ол ХYІІ ғ.  шегінде  пайда болған. Коммерциялық вексельдің айналым шегі банкнота шыға румен  ұзартылды. Банкнота әр мемлекеттің  орталық банкі шығарған және оны  иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.

Банкнотаның негізгі  коммерциялық вексель болғанымен онда өзгешеліктері бар. Олар бір бірінен  несие беруші, кепілдігі және мерзімі  бойынша ажыратылады:

  • вексель бойынша несие беруші сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота бойынша Орталық банк;
  • вексельді  айналысқа  жеке  кәсіпкер  түсіретіндіктен  вексельдің   жеке кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан, ол қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді.
  • Банкте сақталған бүкіл өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып саналады;
  • Вексель мерзімді төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі шектелмеген міндеттеме.

Несие ақшаларының келесі түрі чек. Чек банкке ақша салу және қолма қол ақшасыз есеп айырысу  барысында пайда болды. Чек дегеніміз оған айырысу барысында шотынан қолма қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкім. Чекпен есеп айырысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек ж. Ұлыбританияда қолданылған.

Чек, біріншіден, банктегі ағымдағы шоттан қолма қол ақша алғанда; екіншіден, тауар сатып алғанда  және қарызды кезеңде; үшіншіден, қолма  қол ақшасыз есеп айырысқанда  айналыс және төлем құралдары  ретінде жүреді.

Чектің белгілі бір формасы болады, яғни ол кітапша түрінде шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айырысу чектері кездеседі. Ақшалы чек: иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және иесі оны ұсынушы кісі; яғни ұсынушы чегі болып екіге бөлінеді. Аұшалы чек пен банктен қолма – қол ақша алады. Есеп айырысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып алынған чектің парақтары сатылып шыққан тауарлар үшін немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысқанда қолма – қол ақшаның орнына қолданылады. Чектен есеп айырысу, әсіресе, бір банктің клиенті арасында аралайды. Әр түрлі банктердің клиенттері өзара есеп айырысқан жағдайда тек орталық банкке толтырылады.

 

2.2 Банкноталар мен қағаз ақшалар айналыс жүйесі және оның сипаттамасы.

 

Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз өзгерді. Себебі металл ақша жүйесінде қолма – қол ақшасыз айналым ақша айналысының аз ғана бөлігін құраған. Ал 30 – жылдарда әлемдік алтынға айырбасталмайтын несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етеді. Ол ең алдымен қоғамдық еңбектің үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындары үнемі қысқартылған, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын; енді үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.

Қазіргі қағаз – несие  ақшалары жүйесіне тән өзгерістер мыналар:

  • алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорына құйылуы (қор негізінен, банктерде сақталады);
  • банктердің несиелік операцияларының негізін қолма қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің шығарылуы;
  • қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша айналысының қысқаша (әлемдік экономикада бұл екі айналамның орта арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
  • мемлекет тарпынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.

Қазақстан Республикасында  қолма қол ақша шығарумен оны айналысқа түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банктерге баокнота және тиындарды қолма қол ақшасыз есептер арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

Ақша айналымын ретттейтін мемлекеттік орган – орталық  банк, яғни айналыстағы ақша массасын реттейтін орталық банктің ақша –несие саясаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

 

3.1 Қазақстандағы ақша реформалары.

 

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі  себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.

1992 ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом  шығарды.

1992 ж. шілдесінде Ресей  Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен   күнбе-күн   екі   жақты   төлем   есебін   жүргізу туралы талап қойды.  Қолма-қол ақшасыз өзара есеп  айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.

Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен  нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс. Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.

1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.

1993ж. 15 мамырында Минскіде  рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда койылған міндет:

ТМД елдерінің  іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл   ең   маңыздысы    —   рубль   зонасынан   шығатын   мемлекеттер айналымнан   шығарылған   КСРО-ның   банкнотасын   толық   көлемінде оларды   жою   үшін   Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.

Бұл міндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түркменстан, Әзірбайджан, Армения, Молдова тастап шықты.

Сол кезде  аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993 ж үлгіде рубль  шығарып,   оны  өз  жерінде  Қиыр  Шығыстан  енгізе  бастады.

Сол кезде рубль зонасында  үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.

Информация о работе Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері