Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - бұл тауар өндірісіне тән тарихи категория. Ақша пайда болғанға дейін табиғи айырбас жүрді. Алғашқы қауымдастық арасындағы қоғамдық еңбек сенімінің айырбасы кездейсоқ сипатта болды. Тауарлық айырбастың дамуы алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Тауар айырбасының ұзақ мерзімді дамуы нәтижесінде барлық тауарлардан ерекше тауар ақша бөлінеді.

Файлы: 1 файл

Ақша распечатка.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

Халықаралық еңбек бөлінісінің  дамуы. Шаруашылық байланыстарының  интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:

  • Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
  • Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді;
  • Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.

Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып  қайталауда.

Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие  қатынастарында жоғарғы үлесті салмағы  бар.

Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие  беруге мүмкіндігі бар.

Ақшаның айналымының  тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, сонын ішінде: мыстан, күмістен, алтын жасалғандар жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған монета түріндегі формасы. Бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында  құнның қағаздай белгілерінің пайда  болуының мынадай объективтік қажеттіліктері болған:

  • Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары Бірінші  Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады.

Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты құннан, яғни олардың  өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:

  • Құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюмини т.б. монеталар;
  • Құнның қағаздан жасалған белгілері.

Ақша өзінің даму эволюциясында  мынадай сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондық ақша

Металл ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған  металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.

Монета –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды.  Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда  Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Макендонский болды.

Айналымға сәйкестірілген, стандартты монаталардың еңгізілуі  ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қыметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады.

Монаталарды құю, эмиссиясы  ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық «emissio» сөзінен аударғанда «шығару» мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы –бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның ролі тарихи тұрғыдан алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан беріледі. Алтын жалпы балама ролін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғарғы  құны бар, яғни басқа металдармен  салыстырғанда, оны өндіру  үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтының негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан саналады.

Құнның қағаздан жасалған белгілері екіге бөлінеді. Қағаз  ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар-бұл нағыз  ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс  монеталардың орынбасары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктермен байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері төмендегідей:

  • Металл ақшалардың тасмалдап, алып жүру қолайсыздығы;
  • Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарына жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында төленуі;
  • Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • Эммисиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Қағаз ақшалар тапшылығын жабу үшін шығарылатын және металға  ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек  қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста  ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан  тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне айналысқа басты артық қағаз ақшалардың шығарылуын эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады. Мұнын барлығы бағаның өсуіне әкеліп соқтырады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зйнетақыны, жірдемақыны өсіріп отырады. Халық тұтынатын тауарлардың бағасы өспейінше баға өсе береді. Баға-жалақы-баға... деген тіздек айнала береді. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы экономикаға тән нәрсе.

Қағаз ақшалар толық  құнсыз болып келеді. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем  құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін  сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ қағазға айналады. Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы  бар, әр түрлі купюра мен бағамен қағаз ақшаларын шығарады. Қағаз ақшалардың кемшіліктері  де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік қағаздар пайда болады.

Қағаз ақшалар сатып  алу және төлем құралдары ретінде  мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың  элементтері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қар несиелік ақшалар әрекет

 

1.3 Ақшаның  қажеттілігі және экономикалық  маңызы

 

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ  XVI ғасырдың басында (1516ж) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескерілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмтылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».

ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Мұндай ойлар Ресейде  де айтылды. Қазан революциясынан кейін (1917), азамат соғысы жылдарында ақшаның  құнсыздануы байқала бастаған кезде  ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты.

Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды  жоя отырып, біз қоғамдық дамудың  ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта  оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, бар және де бола береді.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ  тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша – жалпыға  бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың  құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып  отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен, оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеп соғады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде.

Алтын өндіру қиын және капиталды  көп қажет етеді. Сонымен, 1кг алтын  алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта  өңдеу қажет.

Алтынды ең көп өндіретін  Оңтүстік Африка Республикасында алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астарлаында жұмыс істейді. Бұдан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3 өндірілсе, ал қазір 1/3 ғана өндіріледі.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық  қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуімен көрініс табады:

  • жалпыға бірдей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға бірдей айырбасталу  формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық  құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар  екендігін көрсетеді. Социализм  жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану мен бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Информация о работе Ақша қызметтерінің теоретикалық негіздері