Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 04:54, курсовая работа

Краткое описание

Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.

Оглавление

Кіріспе.

I-бөлім. Ақша қаржаттары.
1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары.
1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.
1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары
1.4. Кассадағы ұлттық және шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар.
1.5. Есеп айырысу шотындағы ақшалар.

II-бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.
2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі.
2.2. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі.
2.3. Кассадағы қолға берілетін ақша есебі.
2.4. Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.

III-бөлім. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Ақша қаржаттары.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

                       1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.

 

              Теңгедей және шетелдік валютамен жүзеге асырылатын жолдағы ақша аударымдарын есепке алу 411 «Жол үстіндегі ақша аударымдары» шотында жүргізіледі.

              Бұл шотта куәсіпорынның есеп айырысу немесе басқа шоттарына қосып қою үшін, банк кассасына байланыс бөлімшелеріне енгізілген, бірақ есеп беру айының соңына дейін белгіленген мақсатта есепке қосылмаған ақша қаражаттары көрсетіледі.

              Түскен қаржыны 411 шот бойынша есепке алу үшін банк, байланыс бөлімшесі квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемелерінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.

              411 шотын пайдаланудың нәтижесінде кәсіпорынның есеп айырысу шоттарының жазбаларында тепе-теңдікке қол жеткізіледі.

              411 шоты бойынша жасалған операцияларды есепке алу әрбір есеп айырысу төлем құжаттары бойынша тізімдемелерді немесе машинограммадажүргізіледі.Бухгалтерия жол үстіндегі аударылған ақшалардың бланкілердің есеп айырысу және басқа да шоттарында дер кезінде есепке алынуына қатаң бақылау жургізуге міндетті.

              Құнды қағаздарға – акциялар, облигациялар және вексельдер жатады.

              Акция – (actio – лат.) – акционерлік қоғамдардың айналыс мерзімі белгіленбей шығаратын бағалы қағаздары. Акция акционерлік қоғам капиталына үлесті қатысуды және иеленуді куаландырады, акционерлік девиденд түрінде акционерлік қоғам пайдасының бөлігін алуға, қоғам істерін басқаруға, қатысуға құқық, сондай-ақ ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бөлігіне құқық береді.

Қоғамның жарғысында жай (қарапайым) акциялардан басқа дивидендтердің кепілдік берілген мөлшерін алуға құқық беретін, бірақ оның басқаруға қатысу құқығынан айыратын артықшылықты акцияларды шығару көзделуі мүмкін. Акциялардың есебі «Қаржылық инвестициялар» шағын бөлімінің 401 шотында жүргізіледі. Олардың есепке алу әдістемесі №8 БЕС «Қаржылық инвестициялардың есебінде» айқындалған.

              Облигациялар – (obligatio – лат. – «міндеттеме») капиталға және одан түсетін табысқа арналған бағалы қағаз болып табылатын акциядан өзгеше түрде ұсынушыға арналған борышқорлық бағалы қағаз. Облигация иеленушісінің оны сатып алуға ақша жұмсағанын осы ақшаны эмитент белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс екнін қуаттайды. Мұндай орнын толтыру өтеу деп аталады. Атаулы құнын қайтарумен қатар эмитент тіркелген пайыз не ұтыс түрінде табыс төлейді не оған қосымша купондардың ақысын төлейді.Облигациялар биржада сатуға және сатып алуға, яғни баға белгілеуге жарамды. Қаржы инвестициялары ретінде есептеледі.

              Вексель – (whechsel – неміс- «айырбас») – бағалы қағаздың түрі. Ақшалай борышты алуға құқықты растайтын сөзсіз және талассыз борыштық құжат. Халықаралық саудада және дамушы елдердің ішкі шаруашылық айналымында вексель есеп айырысудың кепілдің және несие берудің аса маңызды бір құрамы ретінде пайдланылады. Вексель жай және аударма болып екіге бөлінед.

Жай вексель (соло вексель) – талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген соманы вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель берушінің вексельмен қамтылған алдын ала берілген міндеттемесі және осы берілген міндеттемесі басқа талқылануға жатпайды.

Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтын міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұрыққа» ұқсайды.

Вексель ұстаушы өзінің регресс құқықтарын индосанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті адамдарға қарсы: төлем мерзімі келгнде; егер төлем жасалмаса, тіпті төлем мерзімінен бұрын:

1)     акцептен толық неесе ішінара бас тартылса;

2)     төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептелмегеніне қармастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды тоқттқан жағдайда және оны сот анықтамағанда немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесі болмаған жағдайда;

3)     вексель беруші акцептіге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда іске асыра алады.

Вексель бойынша акцепт пен төлем үшін жауапты адамдарға регрестік талап вексель бойынша, төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы керек.

              Акцепт немесе төлемнен бас тарту фактісін куәландыратын актімен растайды.

Вексель беруші аударма векселінің мәтінінде көрсеткен қарсылық білдірген кезде,онда ол төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.

              Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасалмауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.

              Вексель беруші, индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол қойылған «шығынсыз айналым», «қарсылықсыз» деген немесе басқадай мағыналас сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан босата алады.

Бірақ вексель беруші енгізген сөзге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірсе, онда қрсылық білдіруге байланысты шығындар оның өзіне жатқызылады. Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық бойынша қажет шығындар, өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар векель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндеттіболып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың барлығына, әрайсысына, жеке-жеке және барлығына бірдей талап  қоюға құқылы.

Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардыі барлығында осындай құқығы болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары.

             

              Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың №9 «Шетелдік валютдағы операцияларды есепке алу» - деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі. 

1.Бұл стандарттың мақсаты субъект жасаған шетелдік валютадағы операцияларды және субъектінің қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды көрсету әдістемесін айқындау болып табылады.

2. Стандарт мыналарды қарастырмайды:

-         шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақша қаражаты тасқынын айырбастау нәтижесінде пайда болған ақша қаражаты тасқынын ақша қаражатының  қозғалысы туралы есепке енгізу;

-         қызметін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын субъект бөлімшелерінің қаржы есептерін субъектінің қаржы есептеріне енгізу мақсатында оны бір валютдан басқа валютаға аудару.

3. Осы стандарт субъектінің қаржы есебін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан, яғни, қазақстандық теңгеден басқа валютаға аудару мақсатында оны қайта қарауды көздемейді.

4. Бөлімшелер – бұл субъектінің филиалдары, өкілдіктері, оның еншілес және бағынышты заңды тұлғаларға немесе бірлескен кәсіпорындарды, соның ішінде шетелдік, яғни Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызмет атқаратын бөлімшелер.

5. Шетелдік валюта – бұл қаржы есептемелерін жасау кезінде пайдаланылатын субъектінің есептік валютасынан, яғни қазақстандық теңгеден өзгеше валюта.

6. Бағам – бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, екі ел валютасының қайта есептеуге арналған ара қатынасы.

7. Бағамдық айырма – бұл бағам өзгеоген кезде шетелдік валюта бірлігінің бірдей мөлшерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептемесінде есепті валютамен көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.

8. Есепті мерзімнің аяқталу кезіндегі бағам – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің есепті мерзімнің соңғы күніне белгіленген шетелдік валютаға қатысты теңгенің бағамы.

9. Ақша баптары – бұл қолда бар аша қаражатын, сондай-ақ белгілі бір сомада алуға немесе төленуге тиіс активтер мен міндеттемелерді көрсететін баптар.

10.Ақша емес баптар – бұл қаржы есептерінің ақша баптары болып табылмайтын баптары. Негізгі қаржы, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, меншікті капитал ақша емес баптарға жатады.

11.Бірлескен кәсіпорындарға, еншілес және бағынышты заңды тұлғаларға нетто-инвестициялар – бұл осы бөлімшелердің таза активтеріндегі субъектісінің үлесі.

12.Хедж, хеджилеу – субъектінің бағамдық айырмадан туындайтын ықтимал шығындардан өзін сақтандыруға мүмкіндік алатын, болуы мүмкін шығындарды жабу ниетімен шетелдік валютадағы форвардтық, фьюгерстік және басқа келісім-шпрт бойынша активтер мен міндеттемелер сатып алу түріндегі қорғану ретіндегі мәміле.

13. Шетелдік валютадағы операция дегеніміз субъект мынадай істер атқарған кездегі шетелдік валютамен жасалған мәмілелер:

а) шетелдік валютаға мүлңк сатып алады немесе сатады;

б) төленуге немесе алуға тиісті сомалар шетелдік валютамен белгіленген несиелерді алады немесе береді;

в) активтерді шетелдік валютаға ауыстырып, басқа жолмен сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттемелер алады немесе осы міндеттемелер бойынша есеп айырысады.

14. Шетелдік валютадағы операциялар бухгалтерлік есепке алудағы бастапқы көрсету кезінде операция жасалған мерзімдегі бағам бойынша қайта есептеу жолымен Қазақстан теңгесімен бағаланады.

15. Әрбір есептік мерзімде:

а) ақша баптары, оның ішінде шетелдік валютадағы дебеттік және кредиттік қарыздар есепті мерзімнің аяқталу кезіндегі бағамды пайдалану арқылы теңгемен көрсетіледі;

б) ақша емес баптар, оның ішінде шетелдік валютамен бастапқы құны бойынша бағаланған меншікті капитал, негізгі қорлар, материалдық емес ктивтер операция жасалған мерзімдегі бағамды қолдану арқылы көрсетіледі.

 

         Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алудың әдістемелік

                                                 ұсынымдары.

 

1.Бухгалтерлік есепке алудың бұл стандарты барлық субъектілер үшін шетелдік валютадағы операцияларды және қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды бухгалтерлік есепке алуда көрсету әдістемесін бетгілейді.

2. Бұл стандарт шетелдік валютадағы мүлік құны мен міндеттемені теңгеге қайта есептеуден тұратын шетелдік валютадағы операцияларды бухгалтер есепке алудың ерекшеліктерін реттейді.

4. Шаруашылық операцияларын бағалау және қаржы есебін жасау, ұсыну ұлттық валюта – қазақстандық теңгемен жүргізілетіні ескеріліп, бұл стандарт субъектінің қаржы есебін осы валютаны басқа валютаға ауыстыру мақсатында қайта қарамайды.

5. Шетелдік валютада жургізілген операциялар бойынша бухгалтерлік есеп алудағы жабалар бухгалтерлік есепке алу шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бағам бойынша қайта есептелген қазақстандық теңгеде көрсетілуі тиіс. Бұл орайда шетелдік валютадағы операция бухгалтерлік есепке алуда бастапқы көрсету үшін операция жасалған күндегі бағамды қолдану арқылы  бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  ІІ – бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.

 

2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі.

Информация о работе Ақша қаражаттары