Ақша қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 04:54, курсовая работа

Краткое описание

Халық шауашылығы есептерің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады.

Оглавление

Кіріспе.

I-бөлім. Ақша қаржаттары.
1.1. Ақша қаражаттарың сипаттамасы, есеп айырысу нысандары.
1.2. Жолдағы ақша және құнды қағаздар.
1.3. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттары
1.4. Кассадағы ұлттық және шетелдік валютамен қолға берілетін ақшалар.
1.5. Есеп айырысу шотындағы ақшалар.

II-бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.
2.1. Жолдағы аударымның және құнды қағаздардың есебі.
2.2. Валюталық шоттағы және банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі.
2.3. Кассадағы қолға берілетін ақша есебі.
2.4. Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.

III-бөлім. Қорытынды.

Файлы: 1 файл

Ақша қаржаттары.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

              12. Нетто-негізде, сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі слмаларды қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы:

а) инвестицияларды сатып алу жән сату;

б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар.

              13. Еншілес және басқа да ұйымдарды сатып алу мен сатудан түскен ақша қаражатының қозғалысы бөлек көрсетіліп, мыналар ашып көрсетілетін инвестициялық қызмет ретінде сыныпталады:

а) сатып алу мен сатудың жалпы құны;

б) ақша қаражатымен төленген сатып алудың немесе сатып алудың жалпы құнының бір бөлігі;

в) сатып алынған немесе сатылған ұйымға тиесілі ақша қаражатының сомасы;

г) әрбір негізгі санат бойынша ақша қаражатының өзгеше, сатып алынған немесе сатылған активтер мен міндеттемелерлің сомасы.

              14. Шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алынған ақша қаражатының қозғалысы операция жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін айырбас бағаны қолданылып, Қазақстан Республикасының валютасыменкөрсетіледі.

              15. Төтенше жағдайлардан алынатын ақша қаражатының қозғалысы операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен алынғандай болып осы жағдайлардың сипатына қарай сыныпталады және жеке ашып көрсетіледі.

              16. Алынған және төленген проценттер мен девидендтерден түсетін ақша қаражатының  қозғалысын жеке ашып көрсетіп, операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы ретінде, бір есепті кезеңнен екіншісіне дейін дәйекті түрде сыныптау керек.

              17. Егер табыс салығын төлеу нәтижесінде пайда болатын ақша қаражатының айналымы қаржы және инвестициялық қызметтің нәтижесі ретінде айқындалмайтын болса, ол жеке ашып көрсетіліп, операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының қозғалысы ретінде жіктелуге тиіс.

              18. Ақша қаражатын пайдалануды қажет етпейтін инвестициялық және қаржы қызметі түсіндірме жазбахатта жеке ашып көрсетіледі және ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке қосылмайды.

              19. Ұйым ақша қаражатының қалдықтарын пайдалану жөніндегі кез келген шектеулердә ашып көрсетуі тиіс.

              20. Осы Бухгалтерлік есепке алу стандарты 1997 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді.

                         Қаржылық есеп беруді жасау жөніндегі әдістемелік                                                                               ұсынымдар.

    1.Субъектінің қаржылық есебі:

1)     бухгалтерлік баланстан;

2)     қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептен;

3)     вқша аражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады.

2.      Осы әдістемелік ұсынымдар субъектінің, сондай-ақ санақтық бақылау мақсаттары үшін әзірленген, олардың мақсаттары мен жазбаларына сәйкес банктің ұсынымына, егер мұндай есеп беруде әдістемелік ұсынымдардың қолданылуы қажет болмайтын жағдайда қолданылмайды.

3.      Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен түрлері, қаржылық және шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептер, сондай-ақ ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есептер бір есептік мезгілден екінші мезгілдің жағдайына қарай қолданылады.

4.      Бірінші есептік кезеңді құрайтын есептемеден басқа, қаржылық есепкерлік жөніндегі әрбір көрсеткіш оның алдындағы кезеңге байланысты ақпараттар бойынша келтіруге тиіс.

5.      Қаржылық есеп Қазақстан Республикасының валютасы бойынша құрылуға тиіс және оның өлшемі мың теңгемен саналады.

6.      Қаржылық есепке оның дер кезінде орындалуына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.

7.      Қаржылық есепті бір жылдық субъектінің есепті мерзімі болып 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады, жаңадан құрылған субъект үшін сол жылғы 31 желтоқсанға дейін заңды тұлғалардың құзыретін алған күннен басталады. Субъект есепке алынғанға немесе ол заңды тұлғаның мәртебесін алғанға дейін жасалған операциялар бірінші есептік жылдың қаржы есебіне енеді. Жеке меншік иелері басқа мерзімді тағайындай алады, бірақ жылына кем дегенде бір рет есеп беріледі және оның мерзімі жылдық қаржылық есептен кейінгі 30 сәуірге белгіленеді.

8.      Қаржылық есеп беру уақытын құру үшін есеп беретін кезеңнің соңғы қүнтізхбелік күні алынады.

9.      Заңды тұлғаның қаржылық есебі пайдаланушылардың мүддесіне сәйкес жариялануға ашық болып табылады. Жылдық қаржылық есептің дұрыстығы заңды тұлға немесе жеке аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық шешіммен расталады.

10. Қаржылық есептің үлгісінтолтыру кезінде: қалыптасқан тәртіпке байланысты тіркелген тиісті құрылтайшы құжаттарымен қоса қаржылық есеп беретін субъектінің атауы; тұрған жері, субъектінің мекен-жайы; саласы; субъектісінің айналысытын қызмет түрі көрсетіледі; қаржа есеп беруг тиісті мемлекеттік заңды тұлғаның қарамағындағы мемлекеттік мүлікті басқару органы; меншікті құқықтық ұйымдастыру түрі.

 

            Ақшалай қаржаттардың қозғалысы туралы есептің мазмұны.

 

18. Ақшалай қражаттардың қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты  ақпараттар беру болып табылады:

1)     ағымдағы есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғалардан түсетін және талап етіп алынатын ақшалай қаржылар туралы;

2)     есеп беру кезеңі бойынша заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.

19. Ақшалай қаражаттар – кассада және банк шоттарында тұрған қолма-қол ақша.

20. Ақшалай қаражаттар қозғалысы – түсетіе және талап етіп алынатын ақшалай қаражаттар.

21. Ақшалай қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің заңды тұлғалардан түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражатының негізгі көздерін көрсетеді.

 

  Ақша қаржыларының операциялық қызметке байланысты қозғалысын анықтау.

22. Операциялық қызмет – заңды тұлғаның табысты алуы бойынша және басқа да қызметтері бойынша инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын негізгі қызметі.

23. Операциялық қызметке байланысты ақша қаржыларының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістер арқылы заңды тұлға анықтайды: 

1)     тікелей әдіс – ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын қай қызметке жататынын үйренуге негізделген.

2)     жанама әдіс – таза табыс немесе шығын ағымдағы активтер мен міндеттерге, ақшалай емес операцияларды өзгертуге, сондай-ақ өткен кезеңмен салыстырғанда инвестициялық және қаржылық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарға түзетулер енгізетін әдіс.

 

  Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау.

24. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді тарту мен сату, өтеген несиелерді беру мен алу болып табылады.

Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақшақаражаттары қозғалысы:

1)     Ақша қаражаттарының түсуі:

-         материалдық емес активтерді, негізгі қаржылар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді өткізуден;

-         қаржылық инвестицияларды өткізуден;

-         басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;

-         басқа да түсімдер.

2)     Ақша қаражаттарын алу:

-         материалды емес активтерді, негізгі қаржылар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді тарту;

-         қаржылық инвестицияларды тарту;

-         басқа да заңды тұлғаларға несие беру;

-         басқа да төлемдер болып табылады.

 

25. Қаржылық қызмет – жеке ақша қаражаттарының қозғалысының мысалы:

1)     ақша қаражаттарының түсуі:

-         акцияларды және басқа да құнды қағаздарды шығарудан;

-         банктік несиелерді алу;

-         басқа да түсімдер.

          2)ақша қаражаттарын алу:

-         банктік несиелерді өтеу;

-         жеке акцияларды тарту;

-         дивидендтерді төлеу;

-         басқа да төлемдер болып табылады.

26. Заңды тұлғалар инвестициялық және қаржылық сипаттағы түрлі ақшалай емес операцияларды жүзеге асыра алады – ұзақ мерзімді несиелер есебінен негізгі қаражатты алу, шығару әсерінен несиелік борыштарды өтеу және несие алушыларға қосымша акцияларды жіберу және т.б.

27. Заңды тұлғалар ақша қаражатының қозғалысы нетто-негізде ашылуы мүмкін жағдайда, арнайы жағдайларды есептмегенде, инвестициялық және қаржылық қызметтерден ақша қаражатының түсуі мен төлемінің негізгі түрлерін бөлек ашады.

28. Нетто-негізде ашылған операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысына мыналар қатысуы мүмкін:

1)     ақша қаражатын қабылдау және банктік днпозиттерді төлеу;

2)     өзінің клиенттері үшін инвестициялық компанияларды ұстайтын қорлар;

3)     жеке меншік иелері атынан алынатын және олар төлейтін жалдық төлемдер;

4)     инвестицияларды тарату және сату;

5)     өтеу мерзімі үш айдан аспайтын басқа да қысқа мерзімді займдар.

 

Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем талап тапсырмалары, көлік пен темір жол саласымен есеп айырысу жөніндегі талаптар.

              Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушының арасындағы шартпен айқындалады.

              Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.

              Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы

Банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды.

              Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі деректемелері көрсетіледі:

-         төлем тапсырмасының нөмірі;

-         төлем тапсырмасының жазылған күні;

-         жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;

-         жіберуші мен бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады; біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;

-         бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

-         банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекн-жайы көрсетіледі;

-         бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

-         жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды – филиаларалық айналымдарының коды;

-         төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш симвлодан тұрады;

-         бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

-         валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

 

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс.Чек кітапшасыныан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.

Мерзімі өткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты екті беруші банкке қайтарылады.

             

Вексельдер арқылы есеп айырысу.  Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанында белгіленген төлем құжаты.

Вексель: құжат мәтініне енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір аша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; кімге не кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді бенрген тұлғаның қолы қойылады.

Информация о работе Ақша қаражаттары